EPG

«Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа»

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты кітабы – қазақ халқының ғасырлар бойы тәуелсіздікке ұмтылған арманын жүзеге асырған қазіргі Қазақстанның негізін қалаушының естеліктері. Бұрынғы президент өзінің жастық шағын, Кеңес дәуіріндегі және егеменді Қазақстан кезеңіндегі саяси қызметін және биліктің мұрагеріне ауысуын еске алады. Ол жеке өзі қатысқан тарихи оқиғаларды егжей-тегжейлі баяндайды. Бұл мемлекеттің жойылуы мен құрылуы, көпұлтты елде тәуелсіз саясат жүргізу және оның бірлігін сақтау туралы шынайы әңгіме. Автор билікті кім және не үшін алатынын және миллиондаған адамдардың тағдыры үшін жауапты екенін түсіндіреді. Сонымен қатар, ол алғаш рет отбасылық өмірінің қыр-сырын ашық айтады.

Онлайн оқу

СОҚПАҚСЫЗ СЫРТҚЫ САЯСАТ

Кеңістікті кеңейту

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті ұйымдастыруға он жыл жұмсалса, біз ұсынған тағы бір ірі бастама- ның — Еуразиялық экономикалық одақ құру бастамасының жүзе- ге асуына дәл жиырма жыл кетті. Бұл көптеген елдердің мүддесін қозғайтын ұсыныстардың өте кеңінен, ұзақ талқыланатынын, ең бастысы — мұндай идеялардың өміршеңдігіне көз жеткізуге уақыт сыны қажет болатынын көрсетеді.
Еуразиялық экономикалық одақ идеясын алайық. «Еуразия»,
«еуразияшылдық» деген ұғымдарды пайымдаудан бастайын. Біз адамзат тұрақты өмір сүретін материктер бесеу дейміз: Азия, Еуропа, Африка, Америка, Австралия. Ал таза геологиялық, географиялық тұрғыдан қарасақ, Азия мен Еуропа жеке-жеке материктер болып саналмайды. Азия мен Еуропа мыңдаған жылдар бойы бір-бірімен тығыз байланыспай, дербес өмір сүріп келгендіктен, тарихи, саяси, діни себептер ажыратқандықтан әрі жер көлемінің өте үлкендігіне байланысты шартты түрде екі материк ретінде айтылады. Әйтпесе, Еуропа мен Азия бір құрлықта орналасқан. Еуразияны дүниенің екі бөлігінен — Еуропа мен Азиядан құралатын Жер шарының ең үлкен материгі деп білуіміз керек. Алайда ресейлік еуразияшылар — Савицкий, Трубецкой, Бердяев, тағы басқалар Еуразия ұғымына тек географиялық мағына берген жоқ. Олар Еуразия деп сол кезде Ресей империясы алып жатқан территорияны атады. Ресейді Еуропа да емес, Азия да емес, өзінше «ортадағы материк» деп санады. Империяның тұтастығы үшін «еуропалық Ресей», «азиялық Ресей» ұғымдары жоқ, ортақ Ресей — Еуразия бар деді. Бұл — Еуразия ұғымының сол кездегі пайымдалуы. Ағылшынның Хэлфорд Макиндер деген ғалымының кімде-кім Шығыс Еуропаны өз бақылауында ұстаса, сол Хартлендте, яғни Еуразияның солтүстік-шығыс беткейінде, алып құрлықта үстем болады, кімде-кім сол жерде үстем болса, бүкіл әлемде үстемдігін орната алады деп жазғаны бар екен. Бұл сөз Еуразия аумағының стратегиялық тұрғыдағы аса маңыздылығын көрсетеді. Одан бері де тағы бір ғасырдай уақыт өтті. Сол уақыт ішінде бұрынғы Ресей империясының орнында Кеңес Одағы деген мемлекет орнады, оның құрамындағы он бес республика бір-бірімен соншалықты тығыз қо- йындасып, электр желілеріне дейін, темір жолдарына дейін, автокөлік магистральдарына дейін мидай араласып кеткен біртұтас экономика құрды. Жаңағы он бес республикада адамдардың мінез-құлқында, психологиясында ұқсас жайлар көбейді. Тәуелсіздік келісімен бар- лық елдер бет-бетімен кетті. Ортақ базарымыздан айырылдық. Бір елдегі тауар бір елге өтпей, қоймаларға жинала бастады, ақыры кәсіпорындар, зауыттар, фабрикалар банкрот болды. Жүз мыңдаған адам жұмыссыз қалды. Өкінішке қарай, КСРО-ның қирандысының орнына құрылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы уақыттың объек- тивті талаптарына толық сай келмеді, халықтар зәру күйде отырған интеграцияны қамтамасыз ете алмады.
Мен 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде сөйлеген сөзімде тәуелсіз елдер арасындағы қарым-қатынастың сапалық жаңа деңгейіне ауысуы қажет екенін, мұның пісіп-жетілгенін айттым. Кеше ғана Одақтан зорға құтылғандай күйде отырған елдердің ха- лықтары «Одақ» сөзінен шошынатынын біліп, бірден-ақ әлемде Еуропалық Одақ бар екенін, ойдағыдай өмір сүріп жатқанын қоса айттым. Оларға құруға болатын одақты бізге неге құруға болмайды? Еуразиялық одақтың ең алдымен біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыруға тиіс екенін мен сол МГУ-дегі сөзімде-ақ басын аша көрсеткенмін. Расында да, ойлап отырсақ, мемлекеттілік тарихы сан ғасырларға кететін Еуропа елдерінің өзі бірігіп жатыр, ал біз болсақ күннен-күнге бір-бірімізден алшақтап бара жатырмыз дегенмін. Мәселе бірқатар саяси лидерлерде империяның қайта оралуынан қорқыныш бар екенінде еді. Бірақ бұл сол кездің өзінде мүмкін нәрсе болмайтын. Ал қазір тіпті мүмкін емес.
 Бұл жоба Қазақстанның өзінде де бірден қызу қолдау таба қой- ған жоқ. Біреулер интеграцияны жақтады, біреулер интеграцияны негізінен жақтай тұра, оны белгілі бір мөлшерде шектеуді ұсынды, біреулер интеграциялық үдерістер қазір қажет емес деп санады. Өзбекстан президенті Ислам Каримов пен Түрікменстан президенті Сапармұрад Ниязов та менің ұсынысымды қолдаған жоқ. Рой Медведев былай деп жазған: «Н. Назарбаевтың ММУ-дегі сөзі өз кезінде ресейлік және халықаралық баспасөз бетінде қызба-қызу талқылан- ды. Көптеген ғалымдар мен қоғам қайраткерлері оның ұсынысын белсенді қолдады. Алайда, ТМД елдерінің белді саясаткерлері ол ұсыныстарды ескермей қоя салуға бейім тұрды немесе ашықтан- ашық теріс көзқарас танытты. Айталық, Еуразиялық жоба туралы Өзбекстан президенті Ислам Каримов едәуір сыни тұрғыда пікір білдірді. «Еуразия идеясында қандай жаңалық бар? — деді ол «Неза- висимая газетаға» берген сұхбатында. — Тағы да айтамын: қосымша қондырмалы саяси құрылымдар құрып, сол құрылымдарда тиісін- ше орын алу. Дөрекілеу, қатқыл айтып отырмын, бірақ шындығы осы» («Независимая газета». 1994, 21 маусым). Бұл баға әділетсіз еді әрі жобаның мақсатын бұрмалап көрсететін. Нұрсұлтан Назарбаев ешқандай да саяси қондырма құрылымдар құруды ұсынған жоқ. Ол ТМД елдерінің мемлекеттік және ұлттық егемендігін сақтауды табанды түрде жақтады. Әңгіме экономикалық ынтымақтастықты әлдеқайда тығыз ету және қауіпсіздік саласында ынтымақтасу жа- йында болып еді…».
Өзбекстан, Түрікменстан басшылары мұндай мәселелердің бәрі кейінірек қарастырылуы керек деп санады. Менің достарым бұл үдерістің сатыластықпен, эволюциялық жолмен жүретінін, біраз уақытқа созылатынын ескермеді ғой деймін. Кейіннен көп нәрсе өзгерді. Он шақты жыл бойы Қазақстанның интеграциялық баста- маларын қолдамай келген Өзбекстанның өзі 2005 жылдың аяғында Еуразия экономикалық қоғамдастығына қосылу ниеті бар екенін мәлімдеп, бірнеше айдан кейін, 2006 жылдың басында ЕурАзЭҚ-ке байқаушы болып қосылды. 2016 жылы сайланған ел президенті Шавкат Мирзиёев алғашқы күндерден-ақ бауырлас елдермен байланысты бекіте түсу саясатын жүргізіп келе жатқанын разылықпен айтамын. Шынында да, мұндай одақтар тәуелсіздікке тікелей қауіп төн- діреді деу жөнсіз. Еуропалық Одаққа қанша ел біріккен? Шекаралары ашық. Көлікпен зулап келе жатқаныңда көрші елдің жеріне кіргеніңді байқамай да қаласың. Ақшасы тұрмақ, банкі тұрмақ, парламентіне дейін ортақ. Солар, немене, тәуелсіздігінен айырылып па екен? Қайта
өркендеп, дамып келе жатқан жоқ па?
1994 жылы қазан айында Мәскеуде өткен ТМД елдері басшыла- рының саммитінде Қазақстанның ұсынысын қаперге алумен шекте- лу, ондағы негізгі идеяларды ТМД-ның интеграциялық үдерістерін тереңдету барысында пайдалану жөнінде шешім қабылданғанда қуандым дей алмаймын. Сонша өкінген де жоқпын. Өйткені мен бұл идеяның жүзеге асуы ұзақ жылдарға созылатынын анық білетінмін. Мысалы, Еуропалық Одақ қалай құрылған? 1950 жылы көмір мен бо- лат жөнінде француз-герман бірлестігін құру жөнінде декларацияға қол қойылған. Одан жеті жыл өткенде Еуропа экономикалық одағы құрылған. Одан кейін тұтас ширек ғасыр, яғни 25 жыл өткенде барып Еуропалық Одақ құру туралы Маастрихт шартына қол қойылған. Сонда бұл идеяның басталуынан түйінделуіне дейінгі уақыт аралығы бас-аяғы 42 жылға созылған болып шығады.
Менің ұсынысыма тым сақтықпен қарау кәдімгі «Негізі дұрыс қой, сонда да қалай шығатынын қайдан білейік» деген сияқты ой қисы- нынан еді. Екінші жағынан, белгілі бір тұлғалар тарапынан идеяның авторлығына қызғанышпен қарау да атымен болмады дей алмаймын. Еуразиялық одақ идеясы ТМД-ны түбегейлі реформалау қажетті- гінен туындаған еді. Достастық шеңберінде біз біртұтас мемлекеттің ыдырауынан кейін туындаған көптеген күрделі мәселелердің шешімін таба алдық. Біздің ынтымақтастық күш жинап, кері қайтпас сипат алды. Ең бастысы мынада: елдеріміздің халықтары Достастыққа сенді, өйткені ол қантөгіс жанжалдарға жол бермеудің тиімді тетігіне ай- налып, біздің бәрімізді «Югославия сценарийінен» сақтай алды. Со- нымен бірге, біз оның салған беттен сансыз қағаздарға тұншыққанын да көрдік. Көбіне-көп нақты өмірдің қажеттерінен қол үзген сансыз құжаттар мен қарарларды өндірумен айналысатын ебедейсіз әрі бюрократтық бірлестікке айналды. Қабылданған жүздеген бірлескен
құжаттардың бірлі-жарымы ғана іске асатын болды.
Интеграция деген КСРО заманына қайта оралу емес. Интеграция — ең алдымен экономикалық прагматизм. Мысалы, еліміздің халқы шамамен 20 миллион адам. Шүкір, өсіп жатырмыз. 25 миллионға барамыз. 30 миллионға барамыз бір кезде. Бірақ мына жаһанданған әлемде оның өзі өте тар нарық саналады. Біз өз халқымыздың қа- жетін ғана қанағаттандыратын экономикамен алысқа бара алмаймыз. Бізге міндетті түрде сыртқы нарықтар керек. Сол нарықтардың ең үлкені — 150 миллион адамдық Ресей нарығы немесе одан да кең ТМД нарығы. Өкінішке қарай, қазірше біздің тауарларымыз Еуропа- ның, Американың нарығының талабына толық жауап бере алмайды, Қытайдың нарығы онсыз да толып тұр. Ал Ресей нарығы, Беларусь нарығы, басқа да көршілес нарықтар біздің тауарларға ыңғайлы, біздің нарық та олар үшін өтімді. Сондықтан мен Еуразиялық эко- номикалық одақ құру жөніндегі жұмысты жылдар бойы жүйелі түрде алға жылжытумен болдым. Алдымен Кеден одағы құрылды. event:2000-10-sssr-evrazes" class="notice-pjax">Одан кейін Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құрылды. Одан кейін, 2014 жылы, яғни идея ортаға салынғаннан соң 20 жыл өткенде Еуразиялық экономикалық одақ құрылды. ЕАЭО құру жөніндегі Шартқа Астанада қол қойылуының символдық мәні бар. Өйткені Қазақстан бұл идеяны ұсынып қана қойған жоқ, Қазақстан осы жыл- дардың өн бойында дәйім бұрынғы кеңестік кеңістіктегі басты инте- гратор ретінде көрініп келді. Кез келген ірі шаруа аяқастынан керемет нәтижелер бере қоймайды. Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа құрылған тұсына Батыс әлемі мен Ресей арасындағы күрделі шиеленістер, түрліше «санкциялық соғыстар» тап келді, сондықтан бұл экономикалық одақтың әлеуеті қазірше толық ашылмай тұр. Бірақ мемлекеттеріміздің алдынан байтақ та байсын нарық ашып беретінінің өзі оның болашағы жарқын екенін көрсетеді.
О бастан-ақ маған бұл жобаның өзіміз талайдан көз жазып қалған ізгілікке, жалпыадамзаттық құндылықтарға бағытталуы маңызды, тіпті бір есептен басымырақ та болып көрінді. Неге десеңіз, біздің бәріміздің сан ғасырлық ортақ тарихымыз бар, бірлесе өмір сүру дәстүріміз бар, ортақ тағдырымыз бар. Халықтарымыздың бәрі бір- бірімен, қазақша айтқанда, «ішек-қарны араласып» кеткен. Оның үстіне жұрттың бәрі әлемде интеграциялық бірлесу үдерісі жүріп жатқанын, айталық, Еуропалық Одаққа біріккен елдердің өркендеп тұрғанын әрі ешқайсының да саяси егемендігінен айырылмағанын көріп отыр. Әрине, біз Еуразиялық экономикалық одақ құруға біртіндеп, саты- лап келдік. Мысалы, әуелдегі Еуразиялық экономикалық қоғамдас- тықтың басты жетістігі — Беларусь, Қазақстан және Ресей арасындағы Кеден одағын құру туралы келісімнің жасалғандығы. Бара-бара оған Қырғызстан мен Армения қосылды. Айтқандай, бұл елдер кейіннен Еуразиялық экономикалық одаққа да қосылды. Өйткені олар бұл арада ескі саяси құрылымдарды емес, бұрынғы КСРО-ны қалпына келтіруді емес, ұлттық мемлекеттердің экономикасы ықпалдастық арқауы бола алатынын басшылыққа алып отырғанымызға көз жет- кізді.

Негізінде өмір тәжірибесі өткен тарих та, тіпті тіл мен діннің бірлігі де, қуатты этностық диаспоралар да нағыз ықпалдастық үшін аздық ететінін көрсетіп беріп отыр. Бір діндегі, бір тілді арабтардың ара-дара жүргені осы сөзімнің дәлелі. Кірігудің нақты басты мүддесі экономикалық мүдде болғанда ғана ол баянды.

ЕҚЫҰ-ға табысты төрағалық етуіміздің де, Саммитін ойдағыдай өткізуіміздің де, АӨСШК-нің бастамашысы болып, он жылдың ішінде оны құруға қол жеткізуіміздің де, Еуразия экономикалық одағы аясында ортақ базарымызды байтақ етуіміздің де мәні үлкен, әри- не. Сонымен бірге, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы сыртқы саясатының ең басты жетістігі басқада.
Ең жақсы сыртқы саясат — ішкі саясаттың жарасымды жалғасы. Елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылыққа сыртқы саяси жағдай жасаудың тетігіне, ұлттық қауіпсіздіктің бір кепіліне айналса, елдің экономикалық, әлеуметтік, зияткерлік және мәдени дамуының, іштей реформалануының қо- лайлы сыртқы жағдайларын қамтамасыз етсе, міне, ең жақсы сыртқы саясат — сол.
Әншейін ана елмен де татумыз, мына елмен де татумыз дегенді ғана сезінуден келер пайда шамалы. Сондықтан да мен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап сыртқы саясаттың, былайша айтқанда, «экономикалануына» қатты назар аудардым. Бұл отандық дипломатияның жаңа белеске, саяси прагматизмді басты қағидат етіп ұстанатын белеске аяқ басуы екенін елшілерге ерекше ескерт- тім. Ол үшін біздің дипломаттарымыз мына әлемде жүріп жатқан күрделі үдерістерден барынша экономикалық артықшылық таба білуге, халықаралық қарым-қатынастардан біздің еліміз үшін пайда- лы үрдістерді көре білуге тиіс болды. Елшілердің қызметіне берілетін бағалар қатарына сол елден тартылған инвестиция көлемі де қосылды. Елдің өз ішіндегі «Алдымен — экономика, одан кейін сая- сат» қағидатын біз белгілі бір дәрежеде халықаралық қарым- қатынастарымызда да қолдандық. Президенттің жанындағы Шетел инвесторлары кеңесін сол үшін құрдым. Менің халықаралық сапар- ларым барысындағы негізгі мәселелердің бірі Қазақстанға инвести- циялау мәселесі болып келгені сондықтан. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан экономикасына құйылған шетелдік төте инвестициялар- дың көлемі 400 миллиард доллардан астам соманы құрады. Бұл іс жалғасып жатты. Тек бір ғана 2020 жылдың өзінде (бұл коронавирус індеті басталып, алыс-беріс азайған кез) елімізге 17,1 миллиард тіке инвестиция келген, соның көмегімен шетел қатысатын құны 1,6 мил- лиард долларлық 41 инвестициялық жоба іске қосылған, жаңадан 7 мыңнан астам жұмыс орны құрылған. Сырттан құйылған қаржы- ның 90 пайызы Еуроодақ елдерінің, АҚШ-тың, Ресейдің, Қытайдың, Оңтүстік Кореяның, Түркияның, Біріккен Араб Әмірліктерінің, басқа да белді елдердің үлесіне тиеді. Инвестициялар бізге неге келеді? Себебі, инвесторлар бізге сенеді. Әлемде бізді сыйлайды. Мықты экономикасы бар, халықаралық қоғамдастықта лайықты орны бар, уәдесіне берік, шетел инвесторларына тиісті жағдай жасай алатын, қаржының қайтарым беретініне кепілдік ете алатын мемлекет деп сыйлайды. Біз бұл мәртебені бағалаймыз.
Тәуелсіз мемлекетімізді батыстық демократия қағидаттарына не- гіздеп, алдыңғы қатарлы азиялық мемлекеттердің тәжірибесін және еліміздегі көптілді, көпдінді қоғамның ерекшеліктерін ескере отырып құруды әуелден ойластырған едік. Сол ойымызды орындауға сыртқы саясатымызды орайластыра алдық. Қазақстанның мемлекеттілігі мен тәуелсіздігін нығайтуға әлемдік қауымдастықпен ықпалдастықты кү- шейтуді құрал етіп қолдана білдік. Халықаралық бедел — салиқалы сыртқы саясат пен дәйекті ішкі дамудың жиынтығы. Біз соған қол жеткіздік.
Осы орайда тұңғыш сыртқы істер министрі Т. Сүлейменовтің, осы қызметті ұзақ жылдар бойы атқарған Қ. Тоқаевтың, Е. Ыдырысовтың сіңірген еңбегін атап өтуге тиіспін, олар маған тиімді сыртқы саясат қалыптастыруға көмектесті.
Бұл жылдар ішінде демократия деген сөз өте жиі қолданылатын болды. Оны батыс елдері, әсіресе АҚШ жағы аузынан тастамайтын, бізді демократияға үйретуден шаршамайтын. Мен реті келгенде былай дейтінмін: «Иә, біз демократия жолына түстік. Жаңа бастап жатырмыз. Сіздер осы жолмен ғасырлар бойы жүріп келесіздер. Біз жолдың басындамыз. Өзіміздің дәстүріміз, мәдениетіміз, төл тарихымыз бар. Дініміз басқа. Мұның бәрін ескермеуге болмайды. Америка соншалықты діннен, соншалықты тілден құралған ел. Қан- дай қиыншылықтарды бастан кешкенін білеміз. Бар болғаны осыдан елу жылдай ғана бұрын ақ нәсілділер мен қара нәсілділер бөлек- бөлек автобусқа мініп келген ел бізді қалай үйретеді»… Осындай сөзді мен АҚШ-тың да, Еуропаның да саяси лауазымды адамдарына айтып келгенмін. Тыңдайды, жағдайымызды түсінгендей болады, бірақ баяғыны қайтадан бастайды. Саясаттың құлдары. Бұл жөнін- де Сингапур басшысы Ли Куан Ю өте нақты жауап берген. «Кейбір жағдайларды есептемегенде, демократия дамушы елдерге бірде-бір жақсы үкімет алып келген емес… Азиялықтар үшін пайдалы нәрсе америкалықтар мен еуропалықтар үшін міндетті түрде пайдалы болып шыға бермейді. Батыстың тұрғындары жеке тұлғаның бостан- дығы мен айрықша құқықтылығын бағалайды. Азиялық, қытайлық мәдениеттің үлгісі бойынша мен еңбексүйгіш және тиімді үкіметті бағалаймын» деген еді ол.
Қазақстанның сыртқы саясатының басым мақсаты — мемлекет шекарасының өн бойында өзіндік бір сенім мен тату көршілік белдеуін құру.

Пікір қалдыру үшін сізге логин қажет немесе өтіңіз
Синопсис
1/9

Листайте главы с удобством

Можете переключаться между главами книги в любое время. Насладитесь плавным переходом к интересующим вас частям текста!
Далее Завершить обучение
2/9

Настройте шрифт под себя

Изменяйте размер шрифта, чтобы чтение было комфортным для ваших глаз. Настройте отображение текста так, как вам удобно.
Далее Завершить обучение
3/9

Читайте синопсис

Не знаете, с чего начать? Ознакомьтесь с кратким содержанием книги, чтобы быстро понять основные идеи.
Далее Завершить обучение
4/9

Исследуйте содержание книги

Посмотрите все главы и подглавы в удобном навигационном меню. Найдите интересующие вас разделы одним кликом.
Далее Завершить обучение
5/9

Сохраняйте закладки

Добавляйте закладки, чтобы не потерять важные моменты. Вернитесь к нужному месту в книге в любой момент.
Далее Завершить обучение
6/9

Открывайте мини-справочник

Кликайте на «Мини-справочник» для доступа к дополнительной информации. Нажмите на текст, и модальное окно откроет полезные материалы.
Далее Завершить обучение
7/9

Просматривайте таймлайн событий

Интерактивный таймлайн поможет вам увидеть ключевые события книги. Кликните, чтобы открыть окно с подробной информацией.
Далее Завершить обучение
8/9

Наслаждайтесь цитатами

Ищите вдохновение? В разделе цитат собраны самые яркие мысли и высказывания.
Далее Завершить обучение
9/9

Делайте записи в блокноте

Зарегистрируйтесь и получите доступ к личному блокноту. Записывайте свои идеи, заметки и важные мысли прямо во время чтения
Завершить обучение
AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу