
Леонид Млечин
Дереккөз: Российская газета
Леонид Михайлович Млечин 1957 жылы Мәскеуде жазушы отбасында дүниеге келді.
М.В.Ломоносов атындағы ММУ журналистика факультетінің Халықаралық бөлімін бітірді. 1979-93 жылдары «Новое время»(«Жаңа уақыт») апталығында, «Известия» газетінде жұмыс істеді. 1994 жылдың қазан айынан бастап «РТР» телеарнасында «Де-факто», «Мир без границ» («Шекарасыз әлем») халықаралық бағдарламаларын жүргізді.
1996-97 жылдары - Бүкілресейлік мемлекеттік телевизиялық және радиохабар тарату компаниясының (ВГТРК), одан кейін – «ТВ Центр» телеарнасының саяси шолушысы. «Особая папка», сонымен қатар тарихтың «ақтаңдақ беттері» туралы апталық бағдарламаларын жүргізді.
2014 жылдың қараша айынан бастап-«Ресей қоғамдық телевизиясы» (ОТР) телеарнасының тарихи — публицистикалық бағдарламалар дирекциясының (2021 жылдан бастап-қоғамдық-саяси хабар тарату дирекциясының) директоры. «Пять минут для размышлений» «Вспомнить все» деректі циклі, "Россия-1" телеарнасындағы «Загадка судьбы» ток-шоу бағдарламаоарының жүргізушісі. Қазіргі уақытта ОТР - ға Леонид Млечиннің «Вспомнить все» бағдарламасы-тарихи оқиғалар мен олардың өзара байланысы мен өзара әсеріндегі қазіргі заманның авторлық талдауы шығады.
2017 жылдың күзінен бастап YouTube-те «Леонид Млечиннің тарихы» атты бейне арнаны, сондай-ақ аттас Telegram арнасын жүргізеді. Материалдарда, атап айтқанда, Қазақстанның саяси өміріндегі оқиғаларды талдайды, өзіндік, кейде екіұшты бағалар береді.
100 - ге жуық тарихи және өмірбаяндық , соның ішінде -Кеңес кезеңінің басшылары мен қазіргі саяси көшбасшылары туралы кітаптардың авторы.

Леонид Млечиннің кітабы: «Назарбаев. Групповой портрет с президентом»
Дереккөз: MoscowBooks
2010 жылы Леонид Млечиннің «Назарбаев. Президентпен топтық портрет» кітабы басылып шықты. Кітап Кеңес Одағының ыдырауы және тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы кезіндегі Н.Назарбаевтың қызметіне арналған.

Леонид Млечиннің «Назарбаев. Между медведем и драконом» атты кітабы
Дереккөз: Лабиринт
2015 жылы «Амфора» баспасында Леонид Млечиннің Қазақстанның Тұңғыш Президенті туралы «Назарбаев. Между медведем и драконом» атты екінші кітабы жарық көрді. Автор кітабында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды қуатты, тез дамып келе жатқан державаға қалай айналдыра алғанын сипаттап берді.
2023 жылы « Молодая Гвардия» баспасы Л.Млечиннің «Трагический январь. Президент Токаев и извлечение уроков» деген кітабы 2022 жылдың қаңтар айындағы Қазақстандағы қайғылы оқиғаларға арналған.
2017 жылдың қазан айында Леонид Млечиннің «Вспомнить все» авторлық телевизиялық циклінде ОТР телеарнасында «Назарбаев. Между медведем и драконом» атты Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильмі шықты.
Леонид Млечиннің фильмі: «Нурсултан Назарбаев. Между медведем и драконом»
Дереккөз: ОТР
Леонид Млечин Нұрсұлтан Назарбаев туралы: «Ол Қазақстанның үнін әр түрлі саяси алыптар тыңдайтындай етіп жасады. Бұл қазіргі тарихта керемет құбылыс. Менің ойымша, бұл құбылыстың көптеген факторлары болды. Бірақ, ең бастысы, Назарбаев табиғи түрде догмалардан, барлық алалаушылықтар мен жалған сенімдерден бос. Бұл әлемге өте ашық адам. Біз Қазақстанның осы саяси алпауыттардың арасынан өз орнын табуы және барлығымен: Америка Құрама Штаттарымен, Ресеймен және Қытаймен тіл табысуы қаншалықты қиын болғаны туралы өзімізге есеп бермейміз. Ал Назарбаев барлық қиындықтарға төтеп беріп тіл табыса алды» (ұлттық жаңалықтар қызметіне берген сұхбатынан, 2016 жылғы 23 қараша).
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу