
Эдуард Колмановский
Дереккөз: Сетевое издание «Глагол. Иркутское обозрение»
Эдуард Савельевич Колмановский 1923 жылы 9 қаңтарда КСРО-ның (қазіргі Беларуссия) Могилев қаласында дүниеге келген.
1936-1941 жылдары Мәскеудегі Гнесин атындағы музыкалық мектепте және музыкалық училищеде оқыды. 1945 жылы Мәскеу консерваториясын ұстазы Виссарион Шебалиннің композиция сыныбы бойынша бітірді.
1947-1952 жылдары ол Бүкілодақтық радионың жауапты музыкалық хабар тарату редакторы қызметін атқарды.
Константин Ваншенкиннің өлеңіне жазылған Эдуард Колмановскийдің «Мен сені жақсы көремін, өмір!» (1958) әні көпшілікке танымал болды. 1961 жылы Эдуард Колмановскийдің әйгілі әндерінің тағы бірі – Евгений Евтушенконың өлеңіне жазылған «Хотят ли русские войны» әні, бұл әнді сол кезде алғаш рет Марк Бернес шырқады.
Композитор жалпы 200-ден астам ән жазды.
Композитор ретінде «Одердегі көктем» (1967), «Денискиндік әңгімелер» (1970), «Сізді Таймыр шақырады» (1970), «Мен – 11 – 17» (1970), «Үлкен өзгеріс» (1972-1973), «Мәскеудегі үш күн» (1974) және «Отбасылық жағдайлар бойынша» (1977) көркем фильмдерімен жұмыс істеуге қатысты. Эдуард Колмановскийдің музыкасына жазылған әндерді әр жылдары Иосиф Кобзон, Эдуард Хиль, Майя Кристалинская, Валентина Толкунова және басқа да танымал әртістер орындаған. Композитор барлығы 200-ден астам әнге музыка жазған.
Ол — РСФСР-дің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1974). КСРО халық әртісі (1991). Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984).
Эдуард Колмановский 1994 жылы 27 шілдеде дүниеден озды. Ол Мәскеудің Введенский зиратында жерленген.
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу