Николай Григорьевич Давыдов 1928 жылы 16 маусымда РСФКР-нің Владимир губерниясы Юрьев уезінің Кузьмадино ауылында (қазіргі Ресейдің Владимир облысы Юрьев-поляк ауданына қарасты ауыл) дүниеге келген.
1948 жылы түсті металдар мен қорытпаларды өңдеу бойынша Колчугинск техникумын, 1965 жылы КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Орталық Комитеті) бітірді.
1950 жылдан бастап – комсомол, партия және кеңес қызметтерін атқарды.
1960-1969 жылдары – Қазақстан Коммунистік партиясы (КП) Жезқазған қалалық комитетінің бірінші хатшысы.
1969-1973 жылдары – Қазақстан КП Теміртау қалалық комитетінің бірінші хатшысы.
1973-1975 жылдары — Қарағанды облыстық халықтық бақылау комитетінің төрағасы. 1975-1977 жылдары — Қарағанды облыстық Кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары, кейіннен – Қазақстан КП Шымкент облыстық комитетінің екінші хатшысы. 1982-1988 жылдары – Қазақстан КП Жезқазған облыстық комитетінің бірінші хатшысы. КОКП ОК мүшелігіне кандидат (1986—1989), Қазақ КСР-ден 11-ші шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар кеңесінің депутаты.
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу