
Ғани Мұратбаев
Дереккөз: E-history.kz
Ғани Мұратбаев 1902 жылы 3 маусымда Қызылорда облысының Қазалы қаласында болыс басқарушысының отбасында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылды.
1919 жылы Ташкентте (Қазіргі Өзбекстанның астанасы) мұғалімдер курстарында оқып жүргенде Коммунистік Жастар одағына кірді.
Верныйда (қазіргі уақытта – Алматы) мұғалімдерге арналған курстарда жұмыс істеді, Комсомол жұмысымен айналысты, панасыздықпен күресті, кедей отбасылардан шыққан балаларға көмектесті. Түркістан комсомол ұйымын құруды белсенді түрде насихаттады. 1920 жылы Түркістан комсомолының Орталық Комитетінің мүшесі болып сайланды және қазақ жастары арасындағы жұмыс бөлімінің басшысы болып бекітілді.
1921 жылдың көктемінде Ғани Мұратбаевтың бастамасымен өлкедегі алғашқы жастар газеті – «Жас алаш» құрылды, оның редакторы өзі болды. Қазақ мәдениетін сақтаудың маңыздылығын жақсы түсініп, ғалым этнограф
А. Диваевқа көмектесті, комсомолдарды фольклор жинауға үгіттеді. Ғани Мұратбаевтың айтуынша, А.В. Затаевичтің «Қырғыз халқының 1000 әні» жинағында әлі күнге дейін танымал «Дудар-ай» әні жазылған.
1921 жылы Түркістан комсомолының III съезінде Түркістан өлкесі Комсомол ОК бірінші хатшысы болып сайланды, Хорезм және Бұхара Кеңестік республикаларының комсомол ұйымдарына көмек көрсету жөніндегі комиссияны басқарды (Орта Азиядағы мемлекеттік құрылымдар. 1924 жылы бұл республикалардың аумақтары Өзбек КСР, Түрікмен КСР және РСФСР Қарақалпақ АҚ арасында бөлінді). Хорезм Республикасының Қызыл Еңбек орденімен марапатталған. 1924 жылы ол Мәскеуге келді, онда оған Коммунистік Жастар интернационалы төрағасының орынбасары және шығыс бөлімін басқару ұсынылды.
Өкпе ауруына шалдығып, оның өршуіне байланысты қызметінде жалғастыруға қиын болды. Емдеу әрекеттері де нәтиже бермеді, 1925 жылы 15 сәуірде Ғани Мұратбаев Мәскеуде 23 жасқа толмай қайтыс болды.
Ғани Мұратбаевтың көзі тірісінде 1925 жылы 4 ақпанда Қазақ АССР астанасын Орынбордан Ақ-Мешітке (қазіргі – Қызылорда) көшіру туралы қаулы қабылданды. Қазақстанның астанасын көшіру оның аңсаған арманы болатын.
Ғани Мұратбаевтың қысқа өмірі туралы ақындар Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Жұбан Молдағалиев, Жарылқасын Боранбаев әндерін арнады. 1971 жылы «Қазақфильм» киностудиясында «Бауырым» атты өмірбаяндық фильм түсірілді. Ғани Мұратбаевтың есімімен Алматы, Қызылорда, Астана, Ақтөбе және басқа да көшелер атанды. 1985 жылы Алматыда Ғани Мұратбаевқа ескерткіш орнатылды (мүсіншілер Т. С. Досмағамбетов, О. Г. Прокопьева).

Алматыдағы Ғани Мұратбаевтың ескерткіші
Дереккөз: VISITALMATY. Almaty Tourism Bureau
Дереккөздер:
Qazaqstan tarihy (https://e-history.kz/ru/news/show/4597)
Караван Медиа порталы (https://www.caravan.kz/gazeta/gani-muratbaev-chto-upustili-biografy-65780/)
Кызылординские вести. Аңызға айналған ғұмыр
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу