
Марк Фрадкин
Дереккөз: https://m-fradkin.narod.ru/
Марк Григорьевич Фрадкин 1914 жылы 4 мамырда Витебск қаласында дүниеге келген. 1934 жылы Ленинградқа келіп, театр институтының екінші курсына түсті. Сол жерде оның алғашқы композиторлық бастамалары басталды.
1939 жылы Фрадкин әскерге шақырылып, онда көркемөнерпаздар ансамблін ұйымдастырды. Соғыс кезінде Киев әскери округінің ансамбліне дирижерлік етті. 1944 жылы Фрадкин Композиторлар одағына қабылданып, Мәскеуде жұмыс істей бастады.
Ол кинофильмдерге («В добрый час!», 1956; «Добровольцы», 1958; «Простая история», 1960; «Если ты прав...», 1963 және т.б.) және халық арасында кеңінен танымал болған «А годы летят», «Случайный вальс», «За того парня», «Там, за облаками», «Морзянка», «Увезу тебя я в тундру», «Песня о любви», «Прощайте, голуби», «Течёт Волга» сияқты әндердің авторы.
1979 жылы мәдениет және өнер саласында КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Шығармашылық жылдарында Марк Фрадкин 100-ден астам ән жазды, оның ішінде қырықтан астам кинофильмге музыка шығарды. Фрадкиннің әндерін кеңестік эстраданың жетекші әртістері орындады. Ол

Асқар Құрбанғалиев «Случайный вальс» әнін орындайды (муз. М.Фрадкиндікі, сөзі: Е.Долматовскийдікі)
«Менің өмірбаяным»(1974) кітабының авторы.
1990 жылы 4 сәуірде Мәскеуде қайтыс болды. Мәскеудегі Новодевичье зиратында жерленген.
Дереккөздер:
Kino-teatr.ru
Bigenc.ru
Фрадкин М. Моя биография. М. 1974-164 б.
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу