EPG

«Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа»

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты кітабы – қазақ халқының ғасырлар бойы тәуелсіздікке ұмтылған арманын жүзеге асырған қазіргі Қазақстанның негізін қалаушының естеліктері. Бұрынғы президент өзінің жастық шағын, Кеңес дәуіріндегі және егеменді Қазақстан кезеңіндегі саяси қызметін және биліктің мұрагеріне ауысуын еске алады. Ол жеке өзі қатысқан тарихи оқиғаларды егжей-тегжейлі баяндайды. Бұл мемлекеттің жойылуы мен құрылуы, көпұлтты елде тәуелсіз саясат жүргізу және оның бірлігін сақтау туралы шынайы әңгіме. Автор билікті кім және не үшін алатынын және миллиондаған адамдардың тағдыры үшін жауапты екенін түсіндіреді. Сонымен қатар, ол алғаш рет отбасылық өмірінің қыр-сырын ашық айтады.

Онлайн оқу

ЕЛДІК ЕМТИХАНЫ

Индустрияландыру игілігі

Қазақстан жауапты таңдау жасап, бәсекеге меншіктің сан алуан пішіндерін дамытуға негізделген экономиканың әлеуметтік бағдарын әу бастан айқындап алды. Алайда мақсатты жариялау бар да, елді сапалық жағынан өзге ахуалға көшіру бар.

Өткен өзгерістердің басты қорытындыларына баға бергенде, дау жоқ, мынаны мойындау керек: біз нарық тетігін іске қосып, сұраным мен ұсыным бағаны реттейтін, тауар тасқынын, бәсеке табиғатын, инвестициялық ағыстарды анықтайтын ахуалды жасай алдық.

Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып салық реформасын жүргізді. 1995 жылы-ақ президенттің заңдық күші бар «Салық және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы» жарлығы жарияланды. Соған сәйкес, салықтар саны үш еседен астам қысқартылды. Салық қызметінің жұмысы қағидатты түрде өзге сипатқа ауысты. Салықтар мемлекеттік бюджетті толықтыру әдісі ғана емес, инвестициялық- өндірістік қызметті ынталандыру құралы деп те қарастырыла бастады. Ел экономикасын индустрияландыру жолына көшіру ғана келе- шектің кемел кепілі екеніне 2008 жылы басталған әлемдік қаржы- экономикалық дағдарысы көзімізді жеткізе түсті. Бұл дағдарыс бізді түпкілікті стратегиямызды айқындауға итермелеуімен де пайда кел- тірді. Айналасы бір жыл ішінде экспорттық әлеуетіміз әлсіреп сала берді. Мұнай бағасы 4 есе, металдар бағасы 2 есе түсіп кетті. Теңге бағамы құлдырай жөнелді. Былайша қарағанда, жерінің асты да, үсті де қазынаға толы Қазақстанға дағдарыс қатты әсер етпейтіндей көрінетін. Иә, еліміз кейбір қазба байлықтарының абсолютті қорла- ры бойынша да, олардың өндіруі бойынша да жан басына шаққанда әлемде бірінші орын алады. Бүгінде Қазақстан вольфрам, ванадий кендерінің қоры бойынша әлемде бірінші, хромы бар кендер бо- йынша екінші (23 пайыз), марганец бойынша үшінші орын алады. Қазақстанға әлемдегі уран қорының 25, қорғасынның 19, мырыштың 13, мыс пен темірдің 10 пайызы тиесілі. Алайда қандай қазба бай- лық болсын, игеруге, өндіруге, өңдеуге, пайдалануға байланысты бағаланады. Қорғасын күйіндегі қорғасынның, мырыш күйіндегі мы- рыштың шикізат ретіндегіден басқа құны шамалы. Кеңестік кезеңде бізді тек шикізаттық шылау ретінде ұстағаны белгілі. Енді ол кезеңге оралу жоқ. Қанша жерден Қазақстан экономикасының локомотиві болғанымен, мұнай мен газдың да түбінде бір таусылатыны талас- сыз. Сондықтан мен экономикалық жиын-жиналыстарда, үкіметтің кеңейтілген отырыстарында, парламент палаталарының бірлескен
 отырыстарында «Біз мұнайы мен газы жоқ ел сияқты өмір сүруге үйренуіміз керек» деген ойды талай айтқанмын.
Біз «білім — ғылым — инновациялар» үштігі билеген постиндус- триялық әлемге қарай жылжып келеміз. БҰҰ жанындағы халықара- лық ұйымдар, жетекші еуропалық көшбасшылар, көптеген белгілі экономистер мен саясаткерлер қазірдің өзінде Үшінші индустриялық революция тұжырымдамасын қабылдап үлгерді. Бұл тұжырымда- маны белгілі америкалық ғалым Джереми Рифкин дәл түсіндіріп берді: алғашқы революция бу қозғалтқышын ойлап шығарумен байланысты болса, екіншісі — электр және тұңғыш байланыс құрал- дарын ойлап шығарумен, үшіншісі цифрландырумен бірге басталды. Таяудағы жылдарда интернет технологиялар мен қайталама көздер Үшінші индустриялық революция үшін жаңа инфрақұрылым құру мақсатында бірігіп кететінін көріп отырмыз.
Барша әлемдегі жаһандану халықаралық және өңірлік экономикалық интеграциямен, әртүрлі мемлекеттер мен өңірлердің бір-біріне тәуелділігінің артуымен, әлемдік сауда ауқымының өзгеруімен, ішкі және сыртқы нарықтар арасындағы шекаралардың жойылуымен және жаңа нарықтардың пайда болуымен қатарласа жүретіні белгілі. Алайда бүгінгі жаһандану тіпті әлемдегі барынша ілгерілеген мемлекеттердің өзіне де тұрақты даму мен экономикалық өркендеу кепілдігін бере алмайды.

Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысы экономиканың өсу қарқынына ықпал етті, бірақ біздің дамуымызды тоқтатқан жоқ. Жинақталған экономикалық әлеует сол үш жылдың аса қиын дағда- рыстық шайқасында бізге тұрлаулылықты қамтамасыз етті.
Біз еліміздің қаржы жүйесін қорғап, жүйе құраушы банктерді сақтап қалдық. Шағын және орта бизнесті қиыншылықта қалдыр- мадық. Агроөнеркәсіптік кешенге бұрын-соңды болмаған көмек көрсеттік. Мемлекет үлестік құрылысты аяқтау жөніндегі барлық шығындарды өз мойнына алды. Мұндай қадам сирек жасалады. Шындығында, үй құрылысына ақша саламын, пәтер аламын деп жүріп алаяқтарға алданып қалған үлескерлерге бүкіл әлемде «Бұл сіздің өз проблемаңыз» дейді де қояды. Былайша қарағанда, бұл қиындыққа мемлекеттің қандай қатысы бар? Бірақ біз олай ете ал- мадық. Азаматтарымызға көмектесуге бел будық.
Біз сондай сын сағатта асып-саспадық, жұмысты жүйелі жүргізіп, рецессияға жол бермедік. Өйткені не істеу керегін білдік және мұны жедел істедік. Дағдарыс басталғаннан кейінгі келесі жылда, яғни 2009 жылы экономиканың артуы 1,1 пайызды, өнеркәсіпте 1,7 пайызды құрады. Біз оң өсу қарқыны бар елдердің «серіппелі тобына» қосылдық. Міне, сол тұста менің тапсырмам бойынша Үкімет Жедел индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын және Елді индустрияландырудың егжей-тегжейлі картасын әзірледі. Жұртшылық дағдарыс атаулының қай-қайсысын да шамадан тыс ауыртпашылық деп біледі.
«Дағдарыс» ұғымының өзі әдетте «тығырыққа тірелу», «ауыр жағдай» дегендей нақтылы әлеуметтік әсермен байланысты екендігінен де солай. Бірақ мен үшін, өмір тәжірибемді ескере келгенде, дағдарыс атаулы шешім қабылдайтын кез жетті дегенді білдіретін.
Айтқандай, дағдарыс, яғни «кризис» сөзі грек тілінен дәл осылайша, «шешім» деп аударылады екен. Кез келген дағдарысты жағдай әлеуметтік ортада қалыптасқан нақты ахуалды ғана айқындайды. Дағдарыс деген «апатты» да, «түйіні табылмайтын- дай» да болмайды, оны солай сезіну қоғамда әсіре әсершілдік белең алғанда ғана бой көрсетпек. Мұндайда «ел жарқабаққа жақын қалды»,
«апаттың ауылы алыс емес» деген сыңайдағы үрей ұшырарлықтай қыздырманың қызыл сөзіне желігудің жөні жоқ. Көкейге қонымды басқармашылық көзқарастың ғана жөні бар. Қоғамның өзі жағдайды қаншалықты қиын санаса — соншалықты қиын. Сондықтан кез келген дағдарысты шығанға шығара шиеленістірудің қажеті шамалы, өйткені дағдарыс атаулының түпкі мәні адамдардың тіршілік болмысына және өмірлік мүдделеріне сай келетіндей жаңа шешім қабылдауға тіреледі. Қандай дағдарыстың да тұсында ең алдымен қайтсек алға басамыз дегенді ойлау керек.
Қазақстан экономикалық берекесіздіктің шырмауығына шыр- малғандай болған сол ең бір қиын жылдарда да біз халықты өз бо- лашағымыз өз қолымызда деген ойға ұйытуға ұмтылдық. Бәріміз бірлесе жүріп, қиындық атаулыны еңсереміз дегенге елді сендіруге тырыстық. Біздің болашағымыз, Қазақстанның болашағы тек өзіміздің қолымызда екенін ұғындырдық. Береке басы бірлік екенін байып- таттық. Табанды жұмыс істесек және, ең бастысы, өзімізге, өзіміздің ортақ мақсатымызға сенсек, онда бәрін де еңсеретінімізді, бәріне де төтеп беретінімізді пайымдаттық.
Біз құр қиял қумайтынбыз. Тұтыну нарығын қалыпқа келтіру, экономиканың шикізаттық сипатын бірте-бірте жою және ин- фрақұрылымды дамыту үшін ірі қадамдар жасау, болашақта жаңа индустриялы елдердің қатарына қосылу міндетін алға қойдық. Бұл үшін бізге жаңа стратегия керек еді. Оны «Қазақстан — 2030» деп атадық.
Ұзақ мерзімді стратегияны талдап-жасау жөніндегі шешімді мен 1995 жылдың аяғында қабылдадым. 1996 жылдың сәуірінде Президент аппаратында Жоғары экономикалық кеңес (ЖЭК) құрылды. Сөйтіп, жұмыс басталып кетті. Мен кеңес мүшелерінің басын жиі-жиі қосып отырдым. Жинап, ойға түйген тезистерімді айтып шығамын, біраз уақыттан кейін олар соны қағазға түсіріп, Стратегияның сөз сапта- уына келтіріп, маған ұсынады. Одан әрі қарай мәтінді жетілдіру, тереңдету жұмысы қайтадан басталады.
Стратегияны халыққа жария етудің жайы да маңызды еді. Оның ба- сымдықтарын жұртшылықтың жақсы түсінуі үшін олардың қысқа да нұсқа болғаны жөн. Басымдықтар тым көбейіп кетсе, қызығушылық төмендеп қалар еді немесе оларға көпшіліктің көңілі тола қоймайтын еді. Сөйтіп, басымдықтардың санын жеті санымен шектеуге тоқтал- дық. Жеті қазақ үшін қасиетті сан ғой. Олар мыналар: 1. Ұлттық қауіпсіздік. 2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы. 3. Ше- тел инвестициялары мен ішкі сақтық қордың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу. 4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты. 5. Энергетикалық ресурстар. 6. Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс. 7. Кәсіби мемлекет. Осы ұзақ мерзімді басымдықтар мемлекет пен азаматта- рымыздың күш-жігерін жұмылдыру үшін қызмет етуге, еліміздің бюджеті мен кадр саясатын қалыптастыру кезінде өлшемдер негізіне алынуға тиіс деп белгіледік.
Бұл бізге не үшін қажет еді? Менің ойымша, біздің әрқайсымызда ендігі жерде тек бүгінгі күннің қамымен, ағымдағы міндеттерді то- лассыз шешумен ғана өмір сүруге болмайтынын терең түсіну сезімі пісіп-жетілді. Стратегияда біз сол кезде басымыздан кешіп отырған қиын жағдайлар бізді күш-қуатымыз бен үмітімізден айырмауы керектігін айттық. Ол кезеңнің міндеттерінен өзге біздің буынның келер ұрпақтар алдында орасан зор жүк арқалайтынын: әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері ал- дындағы жауапкершілігі барын күнделікті есте ұстауы тиіс екенімізді ескерттік.
Біз өз балаларымыз бен немерелеріміздің сонау алыс болашақта, қазіргі біздің жасымызға жеткенде қандай күйде болғанын қалаймыз? Олар бақуатты өмір сүре ме, қарындары тоқ, дендері сау, білімді де білікті бола ма? Жақсы әрі азат қоғамда өмір сүре ме? Бір-бірімен тату-тәтті бола ма? Өз қауіпсіздігі мен балаларының қауіпсіздігі үшін алаңсыз бола алар ма, көшеде емін-еркін жүріп, өз дүниемүлкі үшін қауіптенбес болар ма? Біз оларға қуатты мемлекетті- гімізді және өзіміздің алыс-жақын көршілерімізбен достық қарым- қатынасымызды мұра етіп қалдыра аламыз ба?
Осынау қарапайым, бірақ маңызды сұрақтарға жауап іздедік.
 Экономика — елдік емтиханы. Біз сол емтиханды жақсы тапсы- руға тырыстық. Қатаң да қарқынды реформаларды жүргізе отырып, Қазақстан әлеуметтік-экономикалық салада елеулі нәтижеге жетті. Реформаны қолға алған кездегі жағдайы онша жақсы болмағандықтан да, Қазақстан тәжірибесінің мән-маңызы қазіргі кезде арта түседі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы кедергілерді санап шығу-
дың өзіне талай уақыт кетер еді.
Ол кезде ешкімде де жоспарлы экономикадан нарықтық эконо- микаға өтудің дайын теориясы, әсіресе стратегиясы болмады, мұның тиімді тәжірибесінің үлгілері де жоқ еді. Кеңес адамдарының бірнеше буыны ғұмыр кешкен империялық коммунизмнен мына заманға қалай өткен жөн? «Қорқыныш патшалығынан» еркіндік пен демо- кратияға көшудің қандай жолы бар? «Темір шымылдықтан» әлемдік қоғамдастықпен өзара әрекет етуге қалай ауысу керек? Мемлекетті орталықтанған аппарат арқылы басқарудан қоғамның өзін-өзін басқаруына өтудің жайы қалай? Бұлар оңай сұрақтар емес.
Бірінші кезеңде біз жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға көшуді жүзеге асырсақ, стратегиялық жоспарлаудың екінші кезеңін- де макроэкономикалық тұрақтануды қамтамасыз ету, заңнамалық базаны, қаржы жүйесін, әлеуметтік саланы және елдің өндірістік секторын жетілдіру негізгі міндет болды. Үшінші кезеңнің міндеті — агроиндустриялы елден индустриялы және постиндустриялы мемле- кетке көшу, дамушы елдер қатарынан дамыған елдер деңгейіне өту. Үдемелі және орнықты даму мақсатында «Қазақстан-2030» Стратегиясы ұзақ мерзімді стратегиялық басымдықтарды және оларды жүйелі жүзеге асырудың тетіктерін айқындады. Әлемде постиндустриялы қоғамның қалыптасуы әлі де аяқтала қойған жоқ. Осынау үрдісте Қазақстанның суырыла алға шығып, индустриялық тұрғыдан дамыған елдердің қатарына қосылуына мүмкіндігі бар. Ол үшін біз екі міндетті жүзеге асыруға — қатары қалың орта тапты қалыптас- тыру арқылы барынша бай және кедей азаматтардың арасындағы алшақтықты азайтуға және жаңа экономиканы құруға кірісуіміз
керек. Ал жаңа экономика — ең алдымен индустрияландыру.
«Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы» жалпыұлттық дамудың жол нұсқаушысына айналды. Бұл бағдарлама халықтың өзіне деген сенімін арттырды, өз тағдыры үшін жауапкершілікті өз қолына алуға көмектесті, мемлекеттен садақа дәметпеуді үйретті.
Ол кезде «стратегия» деген сөз талайдың құлағына түрпідей тиетін. 1997 жылы еліміз індеткен дағдарыстан жаңа-жаңа шыға бастаған-ды, алайда Оңтүстік-Шығыс Азия мен Ресейдегі қаржы дағдарысы енді-ен- ді белең ала берген еді. Оған қоса осы кезде әлемдік экономиканың бүкіл тарихындағы мұнайдың бағасы ең бір төмендеген тұсына тап келіп, бізді артқа қарай лақтырды да жіберді. Алайда біз үміт үзіп, торығуға түспедік. Біздің салымыз суға кетпеді, біз толқынға қарсы жүздік, ақыр аяғында табысқа жеттік.
Қазақстан мұнай долларларынсыз өмір сүруді үйренуге немесе, басқаша айтқанда, «мұнай инесіне» бой алдырып қалмауы тиіс. Әсіресе өндіріс арқылы түспеген ақшаны әлеуметтік салаға жөнсіз жұмсауға әуестіктен, жалақыны беталды көтере беруден сақтану керек, «әлдеқандай күн болады» деп жинақтай жүру қажет-ақ. 2000 жылы құрылған Ұлттық қор, міне, дәл осындай мақсатты көздеді. Мұндай қор құру жөнінде ой маған 1997 жылы, «Қазақстан — 2030» Стратегиясы жасалып жатқанда келген еді. Ол кезде көптеген халық- аралық кеңесшілер, отандық басқарушылар мен экономистер үшін бұл ақылға сыйымсыз нәрседей көрінген-ді. Оның үстіне, бұл идея жария етілгеннен кейін мұнай бағасы опырылып түсіп, бұл Ресейдегі 1998 жылғы тамыз дағдарысына соқтырды. Соның салдарынан біз Ұлттық қор құру мәселесіне тек 2000 жылы ғана қайта орала алдық. 2011 жылғы 28 қаңтарда жария етілген «Болашақтың іргесін бірге қалайық!» атты Қазақстан халқына Жолдауымда экономиканың үдемелі индустрияландыру бағдарламасын дамыта келіп, жедел- детілген әлеуметтік жаңғырту идеясын ұсындым. Бұл арқылы же- дел индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту есебінен экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізу мақсаты алға қойылды. Жалпы алғанда, экономиканы технологиямен жабдықтандырып, оны инновациялық дамудың арнасына бағыттау, сапалы жаңа өн- діріс орындары мен ғылыми орталықтар ашу, адам мүмкіншілі- гінің сапасын көтеру сияқты ұлан-ғайыр міндеттер белгіленді. 2010 жылы аталған мемлекеттік бағдарламаның 2010–2014 жыл- дарға белгіленген бірінші индустриялық бесжылдық жоспары басталды, сөйтіп экономиканы әртараптандырудың сипаты ретіндегі өте белсенді өнеркәсіптік саясат жүргізілді. Бағдарлама экономикалық дағдарыс туындатқан қатерлерге қайтарылған жауап болып шықты, өнеркәсіп секторының одан әрі дамуына негіз қалап берді. Оны орын- дау барысында даму институттарының жүйесі жасалды, бірқатар қажетті нормативті құқықтық актілер қабылданды, жекелеген тетік- тер пысықталып, инфрақұрылымдық шектеулер алынып тасталды. Жаңа айтқанымдай, бағдарламаны жүзеге асырудың өзекті тетігі Қазақстанның индустрияландыру картасы болды, оған ел экономикасы үшін елеулі жобалардың бәрі енгізілді. Бірінші бесжылдықтың тұсында да, одан кейін де олардың көбін мен тікелей өзім барып немесе телекөпір арқылы ашып бердім.
Қазақстанның индустрияландыру картасы аясында өнімнің 500-ден астам жаңа түрі шығарыла бастады. Мысалы, мәшине құрылысында «Тұлпар Тальго» ЖШС ТМД кеңістігінде болмаған жолаушы вагонда- рын шығаруды игерді, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ локомо- тивтер, «Электровоз құрастыру зауыты» электровоздар, «Промашкомплект» ЖШС бағыттамалық бұрмаларды, айқыштарды, тұтас таптамалы доңғалақтарды, «СарыАрқаАвтопром» ЖШС ұсақ түйінді құрастыру әдісімен Nomad, JAC, IVECO, HYUNDAI, Chevrolet Niva модельдерінің Ssang Yong маркалы автомобильдерін, «КАМАЗ-Ин- жиниринг» АҚ «КАМАЗ» маркалы жүктасығыштарды, жүкті өзі түсірушілерді және арнаулы техниканы, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ электрлі трансформаторларды, «Карлскрона» ЖШС сорғы жабдықтарын және ілмекті арматураны, «Maker» ЖШС тау-кен рудасының жабдықтарын шығаруды игерді.
Алғашқы бесжылдық мықты өнеркәсіптік кәсіпкерліктің арқаулық негізін жасау жөніндегі міндетті орындады. Елдің одан әрі қарай индустрияландырылуына заңнамалық негіз жасалды. Іс жүзінде өнеркәсіпке қажетті инфрақұрылым жасау мәселесі толықтай дерлік шешілді.
Бизнеске тиісті бағдарламалар, сондай-ақ жеңілдетілген кредиттер мен лизинг, инновациялық, экспорттық гранттар, сервистік қолдау және басқа да тетіктер арқылы демеу жасалды.
Индустрияландырудың екінші кезеңінің аясында экспорттық тауарлар жасау және Қазақстанның әлемдік нарықтарға шығуын қамта- масыз ету үшін өңдеуші секторға трансұлттық корпорацияларды тарту жөнінде іс-шаралар атқарылды.
Тұтастай алғанда индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру жылдарында құны 8 триллион теңгелік 1300 жоба іске қосылып, 120 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны жасалды. Өңдеуші сектордың өнеркәсіпке қосатын үлесі 2010 жылғы 31,8 пайыздан 2018 жылдың аяғында 36 пайызға жетті, оның ІЖӨ-дегі үлесі 11,9 пайызды құрады. Бұл табыстар отандық экономиканың беріктік қорын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Индустрияландыру ісінде министр Ә. Исекешевтің жемісті жұмысын атап өтуге тиіспін.
Постиндустриялық әлемнің белсенді бөлігі болу — аса жоғары міндет.
Жаңа индустрияландыру — тәуелсіздіктің сенімді қозғалтқышы. Бүгінде бізде электрониканың, мәшине жасаудың, авиация құрылы- сының, локомотивтер мен вагондар өндірісінің, құрылыс индустрия- сының жаңа салалары мен елімізде бұрын ешқашан болмаған басқа да салалар құрылуда. Бүгінгі Қазақстан — экономикалық қуаты жағынан
ТМД-дағы екінші ел. ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығында эко- номикалық өсім қарқыны бойынша Қазақстан әлемнің ең серпінді экономикалары арасында үшінші сатыға көтерілді.
Біздің мақсатымыз — адам, оның мүдделері, тағдыры, білім алуы, еңбекке орналасуы, сапалы тұрғын үй. Инновациялар негізіндегі индустрияландыру біздің қоғамымыздың жаңа құнды бағдарына айналды.

Біз ұлттық экономиканы жоспарлы түрде әртараптандыруда- мыз. Үдемелі индустрияландыру бағдарламасында он жыл ішінде экономикамыздың бет-бейнеcін өзгертіп, оны шикізаттың әлемдік бағаларының ауытқуына тәуелсіз ету міндетін қойдым.
Өмір индустриялық саясатқа түзету енгізу қажеттігін де көрсетті. Біз индустрияландырудың ағымдағы басымдықтарын оңтайланды- рып, «өндірістің қатып-семген салаларынан» бас тартуымыз керек екен. Бізге үдемелі индустриялық-инновациялық саясат жүргізу үшін басымдық берілген салалардың санын шектеу қажет болып шықты. Өйтпегенде бұл ресурстардың желге ұшуы мен нақты нәтижелердің жоғалуына соқтыратынына көз жетті.
Индустрияландыру саясаты нақты нәтижеге жеткізді — Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кірді. «Қазақстан — 2030» стратегиясындағы басты мақсат мерзімінен бұрын орындалды. Бұл — тарихи жетістік.
2012 жылы мен «Қазақстан-2050» стратегиясын ұсындым. Біздің алдымызға жаңа мақсат — ең дамыған елдердің отыздығына ену мақсаты қойылды. Ұлттық экономикамыз инновациялық индустрия- ландыру жолына түсті. Бұл жолда мемлекет Үшінші индустриялық революция нәтижесінде пайда болатын секторларды ескере отырып, ұлттық компаниялар арқылы болашақтың экономикасын дамытуды ынталандыруы тиіс.
Экономика — саяси тәуелсіздіктің негізі. Егер елді реформалау жөнінде жасалған алғашқы қадамдарымыз іс жүзінде тек сол кезеңдегі «посткеңестік» бейберекеттіктен аман қалу жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар болса, ал кейін жүргізілген реформалар стратегия мен айқын жоспарлардың шеңберіне сыйғызылған және болашақтағы нақты нәтижеге бағытталған.

Жаңа экономиканы құру — қиын да тәуекелді міндет. Оны шешу кезінде біз «2003–2015 жылдарға арналған Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму стратегиясына» арқа сүйедік. Оның бірінші кезеңін жүзеге асыру отандық экономиканың құрылы- мы мен өсу динамикасын түбегейлі өзгертуге мүмкіндік берді. Стратегия мақсатына жету біздің экономиканың табиғи ресурстардың әлемдік бағасының конъюнктурасына тәуелді болу проблемасын шешті, диверсификациялау арқылы экономиканың шикізат бағы- тынан бас тартуына жағдай туғызды, сервистік-технологиялық эко- номикаға көшу үшін негіз қалады.
Әлемдік пандемия жағдайында да Қазақстан экономикасының өсу динамикасын сақтап қалғаны қуантады. Индустрияландыруды жалғастыру, тереңдету керек. Біз әлі де өзіміз шығара алатын талай нәрсені сырттан әкелеміз. Шикізатты емес, дайын өнімді экспорттау көбірек табыс түсіреді.

Пікір қалдыру үшін сізге логин қажет немесе өтіңіз
Синопсис
1/9

Листайте главы с удобством

Можете переключаться между главами книги в любое время. Насладитесь плавным переходом к интересующим вас частям текста!
Далее Завершить обучение
2/9

Настройте шрифт под себя

Изменяйте размер шрифта, чтобы чтение было комфортным для ваших глаз. Настройте отображение текста так, как вам удобно.
Далее Завершить обучение
3/9

Читайте синопсис

Не знаете, с чего начать? Ознакомьтесь с кратким содержанием книги, чтобы быстро понять основные идеи.
Далее Завершить обучение
4/9

Исследуйте содержание книги

Посмотрите все главы и подглавы в удобном навигационном меню. Найдите интересующие вас разделы одним кликом.
Далее Завершить обучение
5/9

Сохраняйте закладки

Добавляйте закладки, чтобы не потерять важные моменты. Вернитесь к нужному месту в книге в любой момент.
Далее Завершить обучение
6/9

Открывайте мини-справочник

Кликайте на «Мини-справочник» для доступа к дополнительной информации. Нажмите на текст, и модальное окно откроет полезные материалы.
Далее Завершить обучение
7/9

Просматривайте таймлайн событий

Интерактивный таймлайн поможет вам увидеть ключевые события книги. Кликните, чтобы открыть окно с подробной информацией.
Далее Завершить обучение
8/9

Наслаждайтесь цитатами

Ищите вдохновение? В разделе цитат собраны самые яркие мысли и высказывания.
Далее Завершить обучение
9/9

Делайте записи в блокноте

Зарегистрируйтесь и получите доступ к личному блокноту. Записывайте свои идеи, заметки и важные мысли прямо во время чтения
Завершить обучение
AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу