Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты кітабы – қазақ халқының ғасырлар бойы тәуелсіздікке ұмтылған арманын жүзеге асырған қазіргі Қазақстанның негізін қалаушының естеліктері. Бұрынғы президент өзінің жастық шағын, Кеңес дәуіріндегі және егеменді Қазақстан кезеңіндегі саяси қызметін және биліктің мұрагеріне ауысуын еске алады. Ол жеке өзі қатысқан тарихи оқиғаларды егжей-тегжейлі баяндайды. Бұл мемлекеттің жойылуы мен құрылуы, көпұлтты елде тәуелсіз саясат жүргізу және оның бірлігін сақтау туралы шынайы әңгіме. Автор билікті кім және не үшін алатынын және миллиондаған адамдардың тағдыры үшін жауапты екенін түсіндіреді. Сонымен қатар, ол алғаш рет отбасылық өмірінің қыр-сырын ашық айтады.
1991 жылдың сәуір айында менен Италияның «Ля Стампа» басылы- мы сұхбат алып, «1993 жылы, президенттік мандаты біткенге дейін Горбачев билікті қолдан шығарып алмай ма?» деген сұрақ қойған. Ол сұраққа бұл оның өзіне байланысты екенін, оның мүмкіндігі биыл тарылып тұр деп ойлайтынымды айтқанмын. Егер ол шешуші бет- бұрыс жасаса, өкімет билігін қолына нық ұстап, тұрғындар көңілінен шығатын бағдарламаны ұсынса, істі жүргізе бастаса, жеңіске жетер де, ал олай етпеген жағдайда 1991 жыл ол үшін соңғы жыл болуы ғажап емес деп жауап қайтарғанмын. Айтқаным айдай келді. Бірақ бұл менің көріпкелдігімнен емес. Оқиғалардың даму барысына талдау жасай отырып, сол кездегі үдерістерді ой елегінен өткізіп барып айтқаным. Одақтық биліктің елдегі қоғамдық-саяси ахуалды бақылаудан ай- рылып қалғаны 1991 жылдың басында көкірегінде көзі бар әр адамға бадырайып көрініп тұрған еді. Вильнюсте қан төгілгеннен кейін ел жұртшылығы да, Батыс әлемі де Михаил Сергеевичтің не дейтінін күтті. Ел президенті парламентте өзінің ол оқиғадан «хабарсыз» қалғанын мәлімдеді… Мұны сол күндері Балтық бойына тез жетіп, бір сұхбат- тан кейін бір сұхбат бере бастаған Ельцин жақсы пайдаланып кетті. 1991 жылы Кеңес Одағының ғана емес, бүкіл әлемнің тағдырына әсер еткен аса маңызды оқиғалар орын алды. Жылдың басынан-ақ жайсыз хабарлар жан-жақтан жетіп жатты. Бір жағынан, әкімшіл- әміршіл жүйенің қирап бітуімен, екінші жағынан, нарықтық қатынас- тардың жоқтығынан өндірістегі дағдарыс тіпті тереңдей түсті. Баға- ның бәрін белгілеп, бекітіп қойғаннан кейін дүкендердегі тауардың тапшылығы бұрынғы күйінде тұрды. Базардағы, кооперациядағы баға аспандай берді. Колхоздар мен совхоздар мемлекетке астық сатуға мүдделі болмауға айналды. Содан барып шетелден астық сатып алуға бөлінетін валютаның көлемі тіпті көбейіп кетті. Қырсыққанда қымыран іриді дегендей, дәл сол жылы әлемдегі мұнай
бағасы да күрт түсті.
Басқасы аздай, сол кезде «заңдар соғысы» деген де шықты. Өзге республикаларды былай қойғанда, РСФСР-дің өзінде КСРО заңда- рына қайшы келетін заңдар қабылдана бастады. Ресейдегілер бір заң бойынша зейнеткерлердің бәріне жоғары төлем белгіледі. Ол ақшаның қайдан табылатыны ескерілген жоқ. Жаңағы шешімнің КСРО-ның басқа республикаларындағы халыққа қалай әсер ететіні қаперге алынған жоқ. Қалай әсер ететіні белгілі — «Әне, Ресейде өзінің зейнеткерлеріне көп зейнетақы белгілеп жатыр. Біздің олардан неміз кем?» дейтіндер шығады. Ресейдің жоғарылатылған зейнетақыны таба алмай титықтап тұрғанын, ол ақшаны өзге салалардан жұлмалауға мәжбүр етілгенін мына жақта бәріміз көріп отырдық. Көзге ұратын қиғаштықтарды амалдың жоғынан айттық та.
КСРО халық депутаттарының IV съезінде былай дегенмін: «Демократияландыру туралы әсем сөздердің сірнесіне қақалған еліміздің ырзық іздеп, Еуропаның бай «дастарқандарына» телміре бастауына мәжбүр еткен саясатпен келісе алмаймын.
Жәбір шегіп, қорлық көрген халық мынаны сұрауға хақылы: біздегі мәшине жасау саласын жаңғырту жөніндегі уәденің және сонша- лықты кеңінен жарнамаланған конверсияның жемісі қайда? Ғылыми- техникалық прогрестің өз кезінде белгіленген бағдарламасының нақты нәтижелері қайда? Қаулы арқылы бөлінген және ұқсату өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын дамытуға жұмсалады дейтін 77 миллиард сом қайда? Біз қайта құруды бастаған осы практикалық қадамдар әбден дұрыс болатын. Алайда ізгі ниеттер, құмға сіңгендей, саяси көпірме сөздің астында қалды.
Бүгінгі таңда қорғаныс кәсіпорындарының таңдаулы инженерлері, ең білікті жұмысшылары қарапайым кәстрөлдерді қалай шығарамыз деп бас қатыруда. КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Батыстағы қарапайым халық тұтынатын бұйымдар көрмесін әзірлегенін айт- сам, мемлекеттің үлкен құпиясын ашпаспын деп ойлаймын! Көрме шынында да көз тартады. Мемлекет қауіпсіздігі органдары осындай істермен шұғылдана бастаған болса, бізге Министрлер Кеңесінің аппараты не үшін керек? Бұл туралы айту ұят әрі жанға батады». Елімізде ұлтаралық қатынастардың барған сайын шиеленісуі басталған игі өзгерістерге төніп отырған тағы бір нақты қауіп екені анық болатын. Қазақстанда осы келеңсіз үрдістердің алдын алуға, оларға қарсы әрекет етуге қаншалықты уақыт, күш-жігер жұмсалды десеңізші. Бұл арадағы қиындық бізге осы саладағы іске әсер негізінен сырттан жасалғандығында еді. Солженицын деген сәуегей шығып, Ресейді қалай көркейтпек ойы барын айтты да, ұлттарды бір-бірі- не айдап салып тынды. Әлгі жазушы қазақтар мал бағып барған жерінің бәрін өзінің жері санай берген деп те сандалды, республи- каның теріскей облыстары Ресейге тиесілі еді деп те сандырақтады. Ермактың басқыншылық жорықтарына, яғни он алтыншы ғасырға дейін орыс адамының аяғы Орал тауынан бері аттап басып көрме- генін ойына да алған жоқ. Осының бәрі 1990 жылы, яғни Компартия орнында тұрған, баспасөзге партиялық бақылау алына қоймаған, цензура жойылмаған кезде басылды. Бұдан басшылық атымен ха-
барсыз болды дегенге мен тіпті де сенбеймін.
Бірқатар аймақтарда аса шетін шиеленісті сақтау әлдебіреулер- ге өте тиімді, әлдебіреулер осы үдерістерді саналы түрде немесе, жұмсартып айтқанда, алысты болжай алмайтынына байланысты қоздырып отыр деген сенім де қалыптаса бастағандай еді. Мәскеу саясаткерлерінің біразы казактардың қолтығына су бүркуден де кетәрі болған жоқ. Олар Қазақстанның батысындағы, солтүстігіндегі, шығы- сындағы кейбір облыстарда тапа-тал түсте қайқы қылыш салаңдатып жүретінді шығарды. Сондықтан да, М. С. Горбачевтің қатысуымен 1991 жылғы 30 мамырда Алматыда өткен республикалық актив жиналы- сында театр толы жұрттың алдында: «Михаил Сергеевич, айтыңыз- шы, Сіздің орынбасарыңыз, ел вице-президенті Янаевтың казактар өкілдерін қабылдауын қалай бағалау жөн? Әңгіме не жайында өткені бізге беймәлім, бірақ оның өзі Орал облысында жікшілдік қозға- лыстардың жаңа толқынына себеп болды. Ал оған жауап ретінде жергілікті халықтың тиісті қимылы өршіді. Халықтарды осылайша қақтығыстыру кімге тиімді екенін мен білмеймін, бірақ ол көпұлтты Қазақстанға, сондай-ақ бүкіл елімізге зиян келтіретініне сенемін.
…Казактардың жекелеген бөлімдерінің құрылуы туралы әңгімелер де бізді алаңдататынын жасырмаймын. Олар кімнен қорғанбақшы? Бәлкім, бұрынғы патшалық империяның аз ұлттарының есіне қа- русыз көшпенділерді отарлау кезеңін салғысы келетін болар? Сол кезеңдегі алдауды, кемсітуді және қаталдықты халық осы уақытқа дейін ұмытқан жоқ. Жалпы алғанда, кейбіреулердің нақты уақыт пен кеңістік туралы ұғымы өзгерген-ау деген әсер қалыптасып отыр» деп айтуыма тура келген.
Горбачев Кеңес Одағының бұрынғы қалпында тұра алмайтынын ақыры толық түсінбей-ақ қойған сияқты. Бұл үшін әкімшілік және жоспарлы экономика қажет еді. Олар күйреді. Басқасын былай қой- ғанда, КСРО-дай алып елді бір орталықтан басқару ендігі жерде мүмкін еместігі анық болатын. Мен жаңарған Одақтың ендігі жер- де федерация күйінде қала алмайтынын әу бастан-ақ ескерткен- мін. «Өтіп кеткен уақыттың соңынан қууымыз жететін шығар» деп КСРО Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс сессиясында да сөйлегенмін.
«Ешкімнің де қиялға берілмеуі керек екенін атап көрсеткім келеді. Қа- зақстан ешқашан да бірде-бір аймақтың «айыл-тартпасы» болмайды, ешқашан да оның «кіші інісі» болмайды» деп те басын ашып айтқан- мын. Ал Горбачев тіпті Украина өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін де бұрынғы Одақты реформалау керек, орталық пен республикалар арасында жаңаша қарым-қатынас орнату керек деуін қоймады. Кеңес Одағы ең әрі барғанда конфедерация түрінде ғана сақтала алатын еді. Горбачев конфедерация идеясын да қолдамай, ақыр аяғында федерациядан да айрылды. 1990 жылдың аяғына қарай жаңа одақ құруға тек 4 республика — Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан дайын тұрды. Мен Горбачевке: «Осылай біріксек, бізді қолдайсыз ба, кейін ол одаққа кімдердің қосылатынын көре жатармыз» дедім. Михаил Сергеевич тіпті көнбей қойды. Ол «Республикалардың бәрін де ұстап қаламыз, бәлкім, Балтық бойындағылар да әлі райынан қайтар» дегенді айтты. Ново-Огареводағы келіссөз солай басталған еді. Бұл да Горбачевтің саяси реализмінің әлсіздігін көрсетеді.
Жыл басынан-ақ одақтық басшылық Балтық бойындағы респуб- ликаларға байланысты тізеге салу, күшке басу әдісін қолдануға көшті. Литвада тікелей президенттік билік енгізуге әрекет жасалды. Бұл үшін республика компартиясының ішінен іріткі туғызудан да тартынған жоқ Мәскеу. Ақыр аяғында Вильнюске әскер кіргізіліп, атышулы «Альфаның» көмегімен сондағы Баспасөз үйі мен телеор- талық басып алынды. Халық өзі сайлаған Жоғарғы Кеңесті қорғауға шықты. Адамдар құрбан болды. Мұнымен де қоймай, мұндай күш көрсету біраз күннен кейін Ригада қайталанды. Онда да қан төгіл- ді. Осы оқиғалар Горбачевтің беделін қатты құлдыратып жіберді. Соның алдында ғана, 1990 жылы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын алған адамның бетпердесі сыпырылды. Оның сөз жүзінде ғана демократ екенін енді Батыс біржолата білді. Қазақта «қасықтап жинағанды шелектеп төгу» деген сөз бар емес пе, дәл соның өзі болды да қойды. Батыс елдері КСРО басшылығын жай ғана айыптаған жоқ, өздерінің қаржылық көмек беру жөніндегі уағдаластықтарын да қайта қарай бастады. Миллиардтаған долларлық несиелер елге келмей қалды. Онсыз да Одаққа арқанмен сүйресең де көнбейін деп тұрған Балтық бойындағы үш республика Вильнюс пен Ригадағы оқиғалардан кейін әбден ішін тартып алды. Ресейге өз еркімен қосылған делінетін, алдымен Ресей империясының құрамында, одан кейін Кеңес Одағының құрамында, барлығы 260 жыл өмір сүріп жатқан, халқының жартысынан астамын өзге ұлт өкілдері құрап отырған Қазақстанның өзінің берекесі кете бастаған Одаққа орай екіойлы болып отырғанда содан жарты ғасыр ғана бұрын, Екінші дүниежүзілік соғыстың алдында КСРО-ға күштеп қосылған ол республикалардың енді беті бері қарамайтынын түсіну қиын емес еді. Амал не, Горбачев оны да түсінбеді. Немесе түсінгісі келмеді. Мұның ақыры республикалардың дербестікке ұмтылу талабын күшейте түсті. Парламенттердің бірінен кейін бірі мемлекеттік егемендік туралы декларациялар қабылдай бастады. Бірінен кейін бірі республика президенттерін сайлай бастады. Қазақстан да солай етті.
Республикаларда президент институтын енгізу жалпыодақтық құрылымдарды көзсіз көшіріп алу емес еді. Атқарушы биліктің жұ- мылдырушы бастауларын, қазіргі күллі мемлекет тетігінің тепе-тең және тиімді қызметін өмір қисынының өзі талап етті. Қазақ КСР-нің ұлттық мемлекеттігін, саяси егемендігін нығайту, оны кеңестік социа- листік федерация шеңберіндегі жаңа, нақты мазмұнмен байыту, КСР Одағы мен республиканың өкілеттіктерін неғұрлым айқын межелеу жөніндегі шараларды қабылдау президент билігінің назарында тұрады деп нық сендік.
Өмірде абсолютті егемендік те, абсолютті еркіндік те, абсолютті демократия да болмайды. Әлемдегі мемлекеттердің бәрі бір-біріне тәуелді, бірінен-бірі ақша алып, бір-бірімен сауда жасайды, сондықтан реттегіш тетіктерді қолданады. Эйфорияға салынудың қажеті жоқ. Мына дүниеде бәрі де өзара байланысты. Оның үстіне Қазақстанның бөлекше бітімін де ескеру керек. Экономиканың өзіндік сипатына, республиканың геосаяси жағдайына, полиэтностық құрамына бай- ланысты қазақстандықтар одақтық мемлекеттің аясындағы біртұтас экономикалық, әлеуметтік және өмірлік кеңістіктің жойылуын өзге өңірдегі тұрғындардан өткірлеу сезінетінін ойламау мүмкін емес еді. Ол кезде Қазақстан тұрғылықты халқы көпшілік емес жалғыз рес- публика екенін ұмытпаған жөн. Оның үстіне біз жаңа Одақтық Шарт- ты Мемлекеттік егемендік туралы декларацияны нақты мазмұнмен то- лықтырудың жақсы жолы деп білдік. Ең бастысы — Одақ сақталмаса, жетпіс жылдан астам уақыт бойы қалыптасқан шаруашылық байла- ныстарының үзіліп тынатыны, негізінен шикізат өндіруге бейімделген Қазақстан экономикасының тығырыққа тірелетіні анық болатын. Дәл солай екеніне кейіннен көзіміз жетті де. Сондықтан да біз мүмкін- дігінше орталық пен республикалардың жаңаша қарым-қатынасын қалыптастыруға күш салдық. КСРО-ның қирауы көп қақтығыстарға әкелетінін, экономикаға кері әсер ететінін біліп, алдымен конфедера- ция құрып, тәуелсіздікке содан кейін барсақ деп ойладық. Бір шектен бір шекке шығандап, конфедерацияға да, біртұтас мемлекетке де үміт артып, шөре-шөре жүруді қою керек деп санадық. Федерация керек, бірақ ол жаңа, осы заманғы қағидаттар негізінде құрылғаны жөн дедік. Әсіресе, Орта Азия мен Қазақстанның жағдайы нашар еді. Әлемдік нарықта сұранысқа ие минералдық ресурстарға бай біздің республикамыз әлеуметтік дамуда қатты артта қалып, экологиялық дағдарыс шегінде тұрған. КСРО халық депутаттарының І съезінде
«ыдыс-аяқ дүкеніне кіріп кеткен піл сияқты дөкір әрекеттерімен
министрліктер Аралдың түбіне жетіп тынды» дегенмін. Өзім құрмет тұтатын Николай Иванович Рыжковты да қатты сынға алғанмын сонда. Горбачевтің үзіліс кезінде маған келіп: «Нұрсұлтан, бұл не істегенің? Енді мен Рыжковты Үкімет төрағалығына қалай ұсынамын? Құлатып жіберуі мүмкін…» дегені бар. «Ол іске өзім көмектесемін» дедім де, Рыжковтың кандидатурасы дауысқа салынатын кезде сөз сұрап, «Сын іске жәрдемдесу үшін айтылады, сын айтылған сайын адамдардан бас тарта берсек, талай нәрсені бүлдіреміз, сондықтан Үкіметтің жұмысына салиқалы баға бергеніміз жөн болады» дедім. Рыжков Үкімет төрағалығына сайланды. Өкінішке қарай, ол қайта құру барысында өзін қалыптастырған жүйенің ықпалынан шыға ал- май-ақ қойды. Үкімет басшысы кезімде Мәскеуде әріптестерімізбен кездескенде әзіл-шынын араластырып, Николай Иванович респуб- ликаларға «Уралмаштың» цехтарындай қарайды дейтінбіз. Бұрын ол сол ірі кәсіпорынды — Урал мәшине жасау зауытын басқарған. Рыжковтың нарыққа көшуге батылдығы жетіспеді немесе бұрынғы жүйеге бейімделген адам ретінде содан басқа дұрыс жол жоқ деп ойлады. Ақыры 1990 жылғы желтоқсан айында Жоғарғы Кеңес де- путаттарының талап етуімен Н. И. Рыжков орнынан кетуге мәжбүр етілді. Менің кандидатурамның КСРО Үкіметінің басшысы қызметіне қаралатыны, міне, сол кезде.
Негізінде, нарықтан қорқасоқтайтындай жөніміз де бар еді. Біз бұрынғы социалистік елдердегі жағдайды көріп отырдық. Поль- шаны алайық. Онда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы үш жылы ішінде өндіріс 40 пайызға құлдырады, ұлттық кіріс 25 пайызға қысқарды, жұмыссыздар қатары 2,5 миллионға жетіп, еңбекке жа- рамды халықтың 13 пайызынан асып кетті, халықтың кірісі үштен бір есе азайды. Осының бәріне диалектикалық тұрғыдан, яғни болмай қоймайтын қиындық ретінде қарау керек еді, тәуекел ету керек еді. КСРО басшылығына сол тәуекел жетіспеді.
Басшының беделін елі көтереді. Желтоқсан оқиғасынан кейінгі сұмдық сынақта біздің халқымыз өзінің бойындағы бар жақсы қасиеттерін танытты. Республика жұрты татулығын сақтап қалды. Жаңа шаруашылық қарым-қатынастарын орнатуда да біз басқа өңірлерден гөрі икемділік таныта білдік. Нарыққа көшудің алғышарттары пайда болды. Кадрларымыздың дайындығы да жалпы алғанда көңілдегі- дей екені көрінді. Одақтық алқалы жиындарда, съездер мен сессия- ларда Қазақстанның үні жарқын шыға бастады. Тек Қазақстанның емес, басқа республикалардың мұң-мұқтажын да қозғап отырдым. Осындай-осындай жағдайлардан ұлтаралық татулықты басқа басқа- лардың бәрінен берік ұстап, жаңа экономиканың белгілері өзгелер- ден көбірек көрініп отырған республиканың басшысына бөлегірек назар аударылды ғой деп ойлаймын. Оның үстіне мен әр уақытта экономикалық ынтымақтастықтың қажет екенін, интеграция заман талабы екенін, қалыптасқан адами қатынастарды сақтау қажет екенін де айтып жүрдім.
Саяси дағдарыс күшейген үстіне күшейе берді. Одақтық билік- тің әлсіздігі Горбачевті елді сақтаудың жолын референдум арқылы шешуге итермеледі. Бүкілхалықтық референдумға «КСРО-ны тең құқықты егемен республикалардың жаңарған федерациясы түрінде сақтауды жақтайсыз ба?» деген тұрғыда сұрақ шығарылды. Орасан қиыншылықты басынан кешіп жатқан ел енді Одақ ыдыраса қайтеміз деп қорықты. Ел халқы наурызда өткен ол референдумда, әрине, Одақты сақтауды жақтады. Неге «әрине» деп айтып отырмын? Олай дейтінім, басқарудың авторитарлық пішініне құрылған елде кон- серватизм басым болады. Адамдар қалыпты жайдың өзгермегенін қалап тұрады. Сонымен бірге, КСРО-ға кірген республикалардың халқы бірлікті, ортақ Отанды сақтауды жақтағаны да анық. Әйтсе де, Горбачев осы референдумды өткізу арқылы ұтты ма, ұтылды ма деген сұрақ қойсақ, мен негізінен ұтылды дер едім. Неге? Себебі, РСФСР-дің Жоғарғы Кеңесі сол референдумға «Сіз бүкілхалықтық дауыс беру жолымен РСФСР президенті қызметі енгізілуін қажет деп санайсыз ба?» деген ыңғайдағы тағы бір сұрақ қосуға қол жеткізді. Ресейдегі референдумға қатысушылардың басым бөлігі бұған қол- дау білдірді. Горбачев билігіне Ресей басшылығы тарапынан орасан мықты соққы жасалды. Одан кейін Ресейде президент сайлауы өтті. Ельцин жеңіске жетті. Сайлау алдында елді аралау кезінде Ельцин болашақта Ресейдің одақтық құрылымдардың бәрінен, одақтық ми- нистрліктердің бәрінен бас тартатынын мәлімдеді. Ельцин одақтық деңгейге тек Қорғаныс, Қатынас жолдары және Атом энергетикасы министрліктерін ғана қалдыруға келісетінін айтты. Жалпы, Ресейдің халықаралық қатынастар субъектісі ретіндегі тәуелсіздігін жақтады. 1990 жылғы 12 маусымда (КСРО ол кезде әлі тірі) Ресей өз тәуелсіздігін жариялады. Кімнен? Б. Ельциннің ойында өз басы М. Горбачевтен тәуелсіз болғысы келді. Осыны баз біреулер пайдаланды.
Ас бөлмеде жұбайлар ұрыса берсе, жанұя ажырайды. Компанияда
менеджерлер таласса, ол банкрот болады. Ал мемлекет басшылығы (элита) таласқа түссе, мемлекет ыдырайды. Құриды. Юлий Цезарьды өлтіргендер кейіннен қатесін білді, опық жеді. Сөйтіп, Ежелгі Рим әлсіреп, жойылу жолына түсті.
Көктем, жаз бойы жаңа Одақтық Шарттың төңірегінде дау-дамай қызып жатты. Сәуірде Ново-Огаревода тоғыз республика басшы- сының КСРО президентімен кездесуі өтті. Республикалар нақты құқықтар мен өкілеттіктер талап етті, орталық болса биліктің бар тетіктерін өз қолында қалдыруға жанталасты. Ақырында елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуалды тұрақтандыру жөнін- дегі шаралар туралы ортақ хаттамаға қол қоюмен тарадық. Онда Одақтың жаңа Конституциясын талдап-жасау жөнінде айтылды. Әйтсе де, ол кезде Кеңес Одағының енді қандай мемлекет болатыны жөнінде ортақ бір тұжырымға келген жоқпыз.
Одақтық шартқа қатысты мәселелерге одақтық республикалардың құрамындағы автономиялардың да араластырылуын (А. Лукьяновтың ұсынысы бойынша) Горбачевтің республикалар позициясын әлсіре- ту амалы деп қарайтындар дұрысын айтты ғой деймін. Кейіннен мұның зардабы көп болды. Әсіресе, Ресей үшін. Автономиялардың мәртебесін республикалар деңгейіне теңестіру арқылы ендігі жерде федерациялық республиканың өз ішінде егемендік үшін күрес бастал- ды. Оның аяғы неге соқтырғаны баршаға белгілі. Шешенстандағы соғысты айтудың өзі жеткілікті.
Одақты сақтау, жаңа мәртебесін айқындау, құрылымын анықтау мәселелерінде Горбачев пен Ельциннің ұстанымдарын жақындату жөнінде талай әрекет еткенмін дедім ғой. Сондай бір кездесуіміз шілденің аяғында өтті. Леонид Млечин «Назарбаев. Групповой портрет с президентом» деген кітабында 1991 жылдың 3 қаңтарында ел Үкіметінің жаңа басшысы жөнінде әңгіме қозғалғанын, Евгений Примаков пен Вадим Бакатин ол қызметке менің кандидатурамды ұсынғанын жазады да, «Ол кезде мәселе кейінге қалдырылған еді. Әйтсе де, шілде айында шешім қабылданды» дейді.
Ол қандай шешім дейсіз ғой? Куәгерлерді сөйлетіп көрейін.
Алдымен Горбачевті тыңдап алайық. Біз осы кітапта бірнеше рет жүгініп үлгерген «Жизнь и реформы» атты қос томдық мемуарында ол былай жазады: «Шілденің дәл аяғында, мен демалысқа кетердің алдында Ново-Огаревода Ельцинмен және Назарбаевпен кездестім. Әңгіме Одақтық Шартқа қол қойылғаннан кейін қандай қадамдар жасайтынымыз жөнінде болды. Шарттың республикалар үшін де, Одақ үшін де жасайтын мүмкіндіктерін барынша пайдалануға келістік. Кадрлар туралы әңгіме қозғалды. Әрине, алдымен Егемен мемлекеттер одағының Президенті туралы сөз етілді. Ельцин бұл қызметке Горбачевті ұсынды. Пікір алысу барысында Назарбаевты Кабинет басшылығына қою жөнінде ұсыныс туды. Ол егер одақтық Кабинеттің дербес жұмыс істеу мүмкіндігі болса, бұл жауапкер- шілікті өз мойнына алатынын айтты. Атқарушы биліктің жоғарғы эшелонын едәуір жаңарту — премьердің орынбасарларын, әсіресе, түйінді министрліктердің басшыларын ауыстыру қажеттігі туралы да айтылды. Язов пен Крючковтың зейнетке шығуы керектігі жөнінде мәселе қозғалды. Әлі есімде, Ельцин біртүрлі тынышы кетіп отырды: тап жанында біреу тың тыңдап тұрғандай. Тынышы кеткені сондай, ол тіпті бірнеше рет дәлізге шығып, жан-жағына қарағыштап та келді». Иә, Ельциннің кездесу кезінде жүрегі бір жамандықты сезгендей болғаны есімде. Борис Николаевич өзінің күдігін айтқанда Горбачев:
«Ты что, Борис? Да брось ты» деп тыйып тастаған еді. КСРО-дай елдің президенті өзі ұйымдастырып отырған құпия кездесудің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды деп кім ойлаған? Горбачевтің өзі де Ельцин- нің әлгі қаупіне қатты шамданып қалды. «Осындайды қалай ойлай аласыздар? Мен — Кеңес Одағының президентімін» деп кесіп айтты. Содан кейін-ақ ашық әңгімемізді жалғастыра бердік. Айтқандай, кейін, 2017 жылы шыққан «Остаюсь оптимистом» атты кітабында Михаил Сергеевич сол әңгімені тағы келтірген: «Назарбаев туралы әңгіме көтерілді, оны одақтық премьер етпек болдық. Назарбаев: егер бұл нақты жұмыс болса ғана деді…». Солай дегенім рас. Оны жоғарыда айтқанмын.
Бұл кездесудің құпия түрде өткені түсінікті. Біз күні бойы, одан кейін түннің бір уағына дейін көп мәселені талқыладық. Ельцин кадр- лық өзгерістер жөнінде нақты ұсыныстар жасады. Ол президентке егер сіз жаңарған федерацияға үміт артсаңыз, республикалар ондай федерацияға айналаңыздағы жексұрын тұлғалардың кейбіреуінен құтылсаңыз ғана кіреді деді. МҚК төрағасы Крючков, ал Қорғаныс министрі Язов болып қала берсе, Одақтың жаңарғанына кім сенеді дегенді де айтты. Мен өз тарапымнан Ішкі істер министрі Пуго мен Мемлекеттік телерадио комитетінің төрағасы Кравченконы міндетті түрде ауыстыру керек дегенді қостым. Янаевтан қандай вице-президент шықпақшы деп те айттым. Горбачев Крючков пен Пугоны ауыстыруға бірден-ақ уәде берді. Пікір алысу барысында сол кездегі премьер- министр Валентин Павловты ауыстыру керектігіне үшеуіміз де келістік. Мынандай жоспар жасалды. Одақтық шартқа қол қойылғаннан кейін іске батыл кірісуге бекіндік. Жаңа Конституция қабылдануын күтіп жатпай-ақ ел президенті сайлауын өткізуге, жаңа парламент,
жаңа үкімет құруға уағдаластық. Алайда…
Түбінде Ельциннің күдігі дұрысқа шықты. Оны кейін білдік.
Енді Ельцинді тыңдайық. Борис Николаевич премьер туралы әңгіменің қалай қозғалғаны жайында былай жазады: «Горбачев
«Ол қызметке кімді лайық көресіздер?» деп сұрады. Мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты ұсындым. Горбачев әуелі таңданып қалды, одан кейін осы нұсқаны тез бағалады да, келісетінін айтты. «Басқа кандидатураларды 20 тамыздан кейін талқылаймыз» деп әңгімені бітірді. Ол кездесу солай өткен, менің ойымша, біз үшеуіміз уағдаласқан жайларды жүзеге асырғанда көп нәрсе басқаша болар еді. Тарихтың тіпті басқаша жолмен жүріп кетуі мүмкін еді. Арада біраз уақыт өткеннен кейін мен КСРО Президентінің, Ресей Президентінің және Қазақстан басшысы әңгімесінің қағазға түсірілген нұсқасын өз көзіммен көрдім». Сөйтсек… біздің не айтқанымыздың бәрін Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті жазып алып жатыпты. Оның бір дәлелі — сол әңгіменің жазбасын Ельциннің өз көзімен көргені. Одан да өткен дәлелі — сол әңгімеде қызметтерінен ауыстыру жоспар- ланған адамдардың бәрі дерлік жиырма күннен кейін ұйымдасты- рылған Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет (ГКЧП) дегеннің құрамына кіргені…
Ново-Огареводағы сол түнде Горбачев пен Ельцинге Кабинет басқа- руға келісім бергеніммен, кейін ол ойымыздың жүзеге аспағанына іштей қуанғаным рас. Ашығын айтсақ, сол тұста маған ұсынылған биік лауазымды қызметтердің бәрі де шынтуайтында баянсыз бо- латын. Баянсыз дейтінім — сол кездің өзінде қайта құру идеясының толықтай күйреп біткені кеудесінде сәулесі бар әр адамға-ақ айқын еді. Елдегі жағдай жақсару тұрмақ, бұрынғыдан да нашарлай түскенін әркім көріп отырды. Мемлекеттің ыдырауға түсу қаупі де айқындала бастады. Ең қиыны, ең қатерлісі осы еді.
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу