EPG

«Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа»

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты кітабы – қазақ халқының ғасырлар бойы тәуелсіздікке ұмтылған арманын жүзеге асырған қазіргі Қазақстанның негізін қалаушының естеліктері. Бұрынғы президент өзінің жастық шағын, Кеңес дәуіріндегі және егеменді Қазақстан кезеңіндегі саяси қызметін және биліктің мұрагеріне ауысуын еске алады. Ол жеке өзі қатысқан тарихи оқиғаларды егжей-тегжейлі баяндайды. Бұл мемлекеттің жойылуы мен құрылуы, көпұлтты елде тәуелсіз саясат жүргізу және оның бірлігін сақтау туралы шынайы әңгіме. Автор билікті кім және не үшін алатынын және миллиондаған адамдардың тағдыры үшін жауапты екенін түсіндіреді. Сонымен қатар, ол алғаш рет отбасылық өмірінің қыр-сырын ашық айтады.

Онлайн оқу

БИЛІК БАСПАЛДАҚТАРЫ

Сенім

Қарағанды обкомының хатшысы ретіндегі алғашқы кездегі жұмы- сымда Теміртауда жүргенде КОКП Орталық Комитетімен, одақтық үкіметпен қарым-қатынас жасау тәжірибесі маған көп көмектесті. Жаңа қызмет орнына келгеннен кейін таңдау жасауым керек болды: алдағы кезде қалай өмір сүріп, қалай әрекет ету жөн? Рас, партия қайраткерлерінің бірнеше буынының өкілдері баяғыдан бері таптау- рын еткен және сынап көрген бір жол бар да еді. Ол жолмен жүрсең, өкімет билігі сатыларында өз жағдайыңды нығайта түсуің, сырт көзге байқала бермейтін ерекше заңдары бар күрделі иерархиялық басқару жүйесінде қолыңнан келген тәсілді түгел қолданып, тас қамалдай берік өз тобыңды құруың керек болады. Бірақ

комбинатта істеген жылдары менің миыма басқаша бір қарапайым қағида сіңген еді. Ол мынау: егер сенің шынымен адамдардың игілігі үшін жұмыс істегің келсе, онда сол адамдардың өздеріне арқа сүйеу керек.
Осы қағиданы бұлжытпай орындауға біржола бел будым. Арқада арқа сүйер берік тірегім болды да. Ол Қарағанды металлур- гия комбинатының ұжымы еді. Бәлкім, металлургтердің өзіме деген ықыласын асырып айтып та отырған шығармын, дегенмен, қажет жерінде олардың мені қолдайтынына кәміл сендім. Шамасы, бұлай сенуім қалай дегенде де негізсіз емес еді. Мысалы, мұны содан бір жыл бұрын металлургтер өзімді тікелей жасырын жабық дауыспен партия съезіне делегат етіп сайлағанда да байқауыма тура келген.
Ең қиыны, тегінде, шахтерлердің сеніміне кіру болды-ау деймін. Қанша дегенмен, олар мен үшін жаңа мамандық иелері ғой. Шах- терлер өздерін мойындата алған адамдарды ғана мойындайды. Ең болмаса ашық пікірлесе алатындай дәрежеде мойындасын десең, онда шахтаға түс, лаваға кір. Мен солай еттім. Өйткені шахтердің табиғатын, мінез-құлқын түсіне алмаған адам олар үшін ешкім емес екенін бірден бағамдадым.Қарағанды көмір бассейнінде ол кезде 26 жерасты шахтасы бар еді. Метан газының мөлшері жағынан олармен, шамасы, тек ағылшын шахталары ғана теңесе алатын шығар: әр тонна көмірге 19 текше метрден келеді. Көмір қабаттарының күрделі құрылымы жарылыс қаупін ұдайы тудырады, одан төбенің опырылып құлау қаупі де кем емес. Осы шахталардың бәрін де көріп шығу үшін жарты жыл уақы- тым кетті. Күлкілі оқиғаларға да ұшырадым, қиын жағдайларға да тап болдым. Бір рет менен бірнеше метр жерде төбенің опырылып түскені бар. Әйтеуір, аман қалдық. Тап жанымыздағы адамдарды көз алдымызда басып қалған жағдайлар да кездесті. Забойға түскен шахтер ауысым біткенде міндетті түрде сыртқа аман-есен шығады деп ешкім кепілдік ете алмайтын.
Істің жағдайына тереңірек қанығып, егжей-тегжейлі танысқан соң көмір бассейніндегі проблемалардың ұсақ-түйегіне дейін металлур- гия комбинатындағы өзіме таныс қырсық атаулымен егіз қозыдай ұқсас екеніне көзім жетті. Мұнда да барлық мәселе күрделі қаржы мен қорды бөлудің орталықтандырылуына барып тіреледі екен. Тұрғын үй мәселесі де «мемлекеттік жоғары мүдденің» көлеңкесінде қалып қойған. «Шығынды аз жұмсап, өнімді көп өндірейік» дейтін бұрыннан белгілі қағида ақыр аяғында мынаған әкеп соқтырған: жер астындағы көмірді қазып алудың жаңа аймақтары игерілмеген, оның есесіне, сөздің тура мағынасында, қаланың астын үңги берген. Жер қыртысы шөккен, су құбырлары үзілген, жолдар опырылып түскен, үйлер, ғимараттар құлаған. Басқа да проблемалар жеткілікті. Тағы да Орталыққа жүгінуге бекіндім.
Шахтерлердің жағдайын жақсарту жөнінде көлемді құжат да- йындап, тиісті тәртіп бойынша жолдадық, барлық ұсыныстарымызды дәлелді айтуға тырыстық. Мәскеу біздің ойымызды қолдады. Хат- шылыққа келген алғашқы жылымның аяғында-ақ одақтық үкімет- тің қаулысы шықты. Тұрғын үйлерді көптеп салуға, коммуналдық шаруашылықты жақсартуға, жылу-электр орталығын кеңейтуге мүмкіндік ашылды. Сол тұста 22 мың бала балабақшаға барғаны есімде.
Жақсы өмірдің басты кепілі еңбек десек, жақсы еңбек етудің бір кепілі — спорт. Денсаулық мықты болмайынша, қандай еңбегің де өнбейді. Ой еңбегіне де денсаулық керек.
Соны ескеріп, Теміртауда жеңіл атлетика манежін, «Металлург» стадионын, «Жастар» жүзу бассейнін, санаторий-профилакторий салдыртқанбыз. Ол кезде мұн- дай спорттық нысандар республиканың өзге қалаларында сирек еді. Абырой болғанда, одақтық үкіметтің қаулысы қабылданып қана қойған жоқ, онда көзделген құрылыстың бәріне тиісті қаржы да бөлінді. Еңбегім еленіп, ел арасында беделім артты. Қарағандыға келгеніме жарты жыл жаңа толған кезде мені облыстық партия комитетінің екінші хатшысы етіп сайлады. Бұл жұмыс сипаты жағынан бұрынғы қызметтің жалғасы сияқты, бірақ ауқымы жағынан, әрине, анағұрлым үлкен. Облыстың өнер- кәсіп орындары бір жылда 4 миллиард сомның өнімін шығаратын. Түсті металлургия, химия және мұнай-химия салалары да мен үшін бірте-бірте ашыла бастады. Мен барған бетте-ақ басшы партия қыз- меткерлерінің жұмысшы тап өкілдерімен, еңбек адамымен лайық- ты пікірлесуі жетіспей жататынын байқадым. Облыстық партия активінде қауіпсіздік техникасы мәселесі жөнінде арнайы сөйлеп, Гостехнадзордың анықтаған фактілерінің бәрін жайып салғанмын. 1978 жылдың 20 ақпаны әлі есімде. Ол күні «Сокурская» шахтасында алапат авария болып, 73 шахтер жер астында көз жұмған еді. Бұл жолы қатаңдық көрсетуге тура келді, шахтаның директорын да, бас инженерін де жұмыстарынан алып, партия қатарынан шығарып, сотқа бергенбіз. Олай етпесе де болмады. Еңбек адамына тиісті жағдай жасамаудың арты қашан да қиын жағдайларға соқтырады. Облыстық ауқымдағы жұмыс маған көп нәрсені бадырайта көр- сетіп берді. Орталық та, республика да алдымен металл мен көмірді ғана сұрайтындықтан, Теміртауда да, Қарағандыда да әйелдердің қоғамдық өндіріске тартылуы тіпті мардымсыз екен. Жақсылап есептеп кеп жіберсек, Қарағанды мен Теміртауда еңбекке жарамды тұрғындардың ішінен 50 мың адам жұмысқа тартылмаған болып шықты. Одақтық министрге хат жазып, облыста жеңіл өнеркәсіп орындарын ашуға мүмкіндік алдық. Осының бәріне негізінен жұмыс- шы ортасынан өскенімнің, еңбек адамының психологиясын, еңбектің қиындығын, қадір-қасиетін жақсы білетінімнің, ең бастысы — өзімді аямағанымның, еңбекқорлығымның арқасында қол жетті деп сенім- мен айта аламын. Бұрын біздің Қарағанды облысында жұмыс істе- ген, кейін Ресейдің Омбы облысының губернаторы болған Леонид Полежаев өзінің кітабында «Назарбаев партияның бесігінде өскен жоқ» деп жазыпты. Онысы рас. Жастық кешуінің ең бір сырлы сәттерін Теміртауда, Қарағандыда сезіндім дей аламын. Кейіннен ел басқарудың ең қиын сынақтары- ның бірінен де мен осында, Қарағанды жерінде өттім. 1989 жылдың шілдесінде шахтерлер жаппай ереуілге шыққанда кәдімгідей қиын жағдай қалыптасты. Мен ол күндері Мәскеуде едім. Республика ком- партиясының басшысы қызметіне кіріскеніме әлі ай да толған жоқ. Билік тізгіндерінің бәрі Кремльдің қолында тұрған кез. Горбачевпен, Рыжковпен, басқа да лауазымды адамдармен алдын ала сөйлесіп, жуық арада шешуге болатын мәселелер жөнінде ақылдасып, бірден Қарағандыға ұшып келдім. Әуежайдан митинг өтіп жатқан орта- лық алаңға тіке тарттым. «Құрметті шахтерлер! Құрметті жерлес- терім!» деп бастадым сөзімді. Бір сағатқа жуық сөйледім. Алаңдағы 15 мыңдай адам тыныштық сақтап тыңдады. Ішкі жағдайды ашық айттым, ереуілден шахтерлердің өздерінің қандай зиян шегіп жатқа- нын да ашып айттым. Шахтерлер сөзге тоқтады. Обкомның бірінші хатшысы Локотуниннің шахтерлер талабы бойынша қызметінен босатылатынын, олардың «Қарағандыкөмір» бірлестігінің басшысын орнынан алу жөніндегі талабымен де келісу мүмкін екенін хабарла- дым. Артынша Мәскеуден мен шақыртқан одақтық министр де, басқа жауапты адамдар да келді. Оларға: «Сіздер Қазақстанды тек шикізат қорының көзі деп қарайсыздар. Саясаттарыңызды өзгертпесеңіздер болмайды» деп кесіп айттым. Әр екі сағаттан кейін аз ғана үзіліс жасап, түні бойы жұмыс істедік. Шахтерлер де таңға дейін алаңнан кеткен жоқ. Митингілерін жалғастырып жатты. Таңғы сағат 6-дан 15 минут өткенде мінберге қайта көтерілдім. Қабылданған шешім- дерді баяндадым. Ақыр аяғында кеншілер біздің жұмысымызды қол- дайтындарын білдіріп, бізге үміт артумен тарады. 30 сағатқа созылған ереуілді тыныш тарату, ең бастысы — шахтерлердің көкейге қонымды талаптарын қанағаттандырудың жолдарын табу, жекелеген талап- тардың орынсыздығын дәлелдеу оңайға түскен жоқ. Шахтерлердің проблемалары сол кездегі жалпы елдегі жағдайға байланысты еді. Өндіріс орындары тоқтай бастады. Көмірге деген сұраныс азайды, сондықтан кеншілердің табысы күрт төмендеді. Жағдайға азық-түлік жетіспеушілігі де әсер етті.
Бұл оқиға бізге көп ой салды. Проблеманың қаншалықты тамыры тереңде жатқанын барынша байыптылықпен түсінуге мүмкіндік берді. Кейіннен, тәуелсіздіктің алғашқы белесінде, комбинат ұжымы бірнеше ай бойы жалақысыз отырып қалған шарасыз күндерде, қолда бар мүмкіндіктердің бәрін саралай келіп, шетелдіктер көмегіне арқа сүйеуге тура келеді деген тоқтам жасадық. Содан бергі жылдарда комбинаттың тұрақты дамуы қамтамасыз етілгені бүгінде баршаға белгілі. Шетелдік инвесторға арқа сүйеу Арқадағы алыпты аман алып қалудың жалғыз дұрыс жолы болғанын уақыттың өзі көрсетіп берді. Қарағанды жұрты да, республика басшылығы да, Мәскеудегі ор- талық та облыстық партия комитетінің хатшысы, екінші хатшысы қызметтеріндегі жұмысымды жоғары бағалады. Екі жарым жылдан кейін мен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің өнеркәсіп мәселелері бойынша хатшысы болып сайландым. Алматыға көшіп келгенге дейінгі өмірімнің он жеті жылы ата- анамның жанында өтсе, жиырма бір жылы Украина мен Арқада өткен екен. Сонда жүргенде Қарағанды политехника институтының филиалын — Карметкомбинат жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірдім, КОКП Орталық Комитеті жанындағы үш жылдық Жоғары партия мектебінің де дипломын алдым. Мұнда менің мі- незім қалыптасты. Дүниетанымым айқындалды. Ненің не екенін де, кімнің кім екенін де, шындап айтқанда, осы жерде біле бастадық. Өмір мектебінің сол сынақтарының бәрінен де мені жастайымнан еңбекке баулынып өскенім алып шықты.
Өмір болған соң оның асуы да, сайы да, әртүрлі бұрылыстары мен бұлтарыстары да болады, барлық жерде бірдей түп-түгел дұрыс шешім қабылдай беру де қиын. Бірақ өмірде ешқашан адастырмайтын, ешқашан қателестірмейтін, әрқашан абыройға бөлейтін бір жол бар. Ол жол — еңбек жолы. Еңбектің адам өміріндегі, қоғам өміріндегі алар орнын қалпына келтіру жолы. Біз осы жолмен жүруге тиіспіз. Мен өз басым өмір бойы еңбекті ту етіп ұстап келе жатқан адам ретінде халықты да осы жолға шақырамын. Заманды өзгертетін де, қоғамды өзгертетін де, адамды өзгертетін де — тек еңбек, еңбек және еңбек қана. Тағы да айтамын: біз үшін еңбек — шешуші ұлттық фактор. Қандай ұлт бола алатынымызды қалай жұмыс істейтініміз айқындайды. Еңселі елдікке еңбек, тек еңбек қана жеткізеді.
Ойымды қорытып айтсам, мен Магнитканы, Теміртауды, ондағы адамдардың тағдырын өз тағдырымнан бөлек қарай алмаймын. Азамат ретіндегі алтын бесігім — Теміртау, мемлекеттік қайраткер ретінде қалыпқа құйған қазынам — Қарағанды дейтінім сондықтан. Өмірімде Теміртау мен Қарағанды болмағанда, Арқа елінің арқа- ландырар сенімі болмағанда, мен Президент бола алмас едім деген ойымды осы тұста тағы бір қайталап айтқым келеді.
Алдымда — Алматы.

Пікір қалдыру үшін сізге логин қажет немесе өтіңіз
Синопсис
1/9

Листайте главы с удобством

Можете переключаться между главами книги в любое время. Насладитесь плавным переходом к интересующим вас частям текста!
Далее Завершить обучение
2/9

Настройте шрифт под себя

Изменяйте размер шрифта, чтобы чтение было комфортным для ваших глаз. Настройте отображение текста так, как вам удобно.
Далее Завершить обучение
3/9

Читайте синопсис

Не знаете, с чего начать? Ознакомьтесь с кратким содержанием книги, чтобы быстро понять основные идеи.
Далее Завершить обучение
4/9

Исследуйте содержание книги

Посмотрите все главы и подглавы в удобном навигационном меню. Найдите интересующие вас разделы одним кликом.
Далее Завершить обучение
5/9

Сохраняйте закладки

Добавляйте закладки, чтобы не потерять важные моменты. Вернитесь к нужному месту в книге в любой момент.
Далее Завершить обучение
6/9

Открывайте мини-справочник

Кликайте на «Мини-справочник» для доступа к дополнительной информации. Нажмите на текст, и модальное окно откроет полезные материалы.
Далее Завершить обучение
7/9

Просматривайте таймлайн событий

Интерактивный таймлайн поможет вам увидеть ключевые события книги. Кликните, чтобы открыть окно с подробной информацией.
Далее Завершить обучение
8/9

Наслаждайтесь цитатами

Ищите вдохновение? В разделе цитат собраны самые яркие мысли и высказывания.
Далее Завершить обучение
9/9

Делайте записи в блокноте

Зарегистрируйтесь и получите доступ к личному блокноту. Записывайте свои идеи, заметки и важные мысли прямо во время чтения
Завершить обучение
AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу