EPG

«Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа»

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты кітабы – қазақ халқының ғасырлар бойы тәуелсіздікке ұмтылған арманын жүзеге асырған қазіргі Қазақстанның негізін қалаушының естеліктері. Бұрынғы президент өзінің жастық шағын, Кеңес дәуіріндегі және егеменді Қазақстан кезеңіндегі саяси қызметін және биліктің мұрагеріне ауысуын еске алады. Ол жеке өзі қатысқан тарихи оқиғаларды егжей-тегжейлі баяндайды. Бұл мемлекеттің жойылуы мен құрылуы, көпұлтты елде тәуелсіз саясат жүргізу және оның бірлігін сақтау туралы шынайы әңгіме. Автор билікті кім және не үшін алатынын және миллиондаған адамдардың тағдыры үшін жауапты екенін түсіндіреді. Сонымен қатар, ол алғаш рет отбасылық өмірінің қыр-сырын ашық айтады.

Онлайн оқу

ҰШҚАН ҰЯ

Үшқоңыр

Өз өмірім жайындағы ғұмырбаяндық кітабымның кіріспеден ке- йінгі алғашқы тарауын «Ұшқан ұя» деп атап отырмын. Бұл қазақтың жанына өте жақын ұғым. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді халық мақалы. Киіз үй тіккенде маңдайшаға уық шаншитын ұялар жасайды. Тіршілігіне шүкіршілік етсе, «Мал қолда, жан ұяда» деп сөйлейді. Туған жерді, өскен елді де аялай сөйлеп, ұшқан ұяға балайды. Әрбір адам секілді, менің де мына жұмыр жердің бетіндегі ең ардақты мекенім өзімнің ұшқан ұям — ата-бабам өскен орта, туған отбасым. Әңгімені де осыдан таратайын.
Мен 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қаскелең ауданын- дағы Шамалған деген ауылда, таулы өлкеде дүниеге келгенмін. Өмір жолым шопанның киіз үйінен басталған. Тіпті жасым беске толғанға дейін мені төмендегі ауылға анда-санда ғана түсіреді екен.
Әр адамның шыққан тегі, өскен ортасы туралы айтқанда оның туған жері туралы да міндетті түрде әңгімеленетіні әбден-ақ қисынды. Өзімнің балалық шағым жайындағы сөздің де өмірге келген өңірім жөнінде айтудан басталғаны орынды болатын сияқты. Өйткені кез келген адам ең алдымен табиғат перзенті. Адамның қалыптасуына климат пен ландшафт қатар қатысатыны ғылыми негізде әлдеқашан дәлелденген.

Менің туған жерім — тау, ал жігіт, азаматтыққа жеткен жерім — дала. Таудың биіктігі мен даланың кеңдігі ақыл-ойыма да, мінезіме де қатар әсер еткен сияқты десем, артық айттыға балана қоймас. Мен алдымен өзім өскен өлкенің жер бедеріне, табиғат сұлулығына қарыздармын деп білемін.

«Жер жаннаты — Жетісу» деп бекерге айтылмаған ғой. Шығысында Жоңғар Алатауымен, батысында Қаратау жоталарымен шектесіп жа- татын бұл өлкеге жеті су жайылған. Жердің атын Жетісу дегізген сол өзендердің құрамына қайсылары кіретінін әркім әртүрлі айтады. Бір ғалымдар Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал, Көксу дейді, бір ғалымдар Басқан мен Сарқанның орнына Аягөз бен Ілені қояды, анығын атау қиын. Тегінде, жеті санын қасиетті санайтын біздің қазақ жеті су деп қасиетті өзендер деген мағынада қойған шығар. Қалай болғанда да, бұл жерде су қоры мол. Сулы жер — нулы жер. Тау басы сыңсыған орман, тау етегі жасыл жайлау.
Сол асыл аймақтың айшығы айрықша бір тұсы — Үшқоңыр жай- лауы. «Әркімге өзінің туған жері — Мысыр шаһары» дегендей, әрине, мен үшін мына жердің бетінде Алатаудай тау да, Үшқоңырдай жай- лау да болмақ емес. Құдайдың бір жарата салған жері. «Үшқоңыр Алатаудың қойнауында, Әкемнің ізі қалған жайлауында. Қасқасу гүр- гүр тасып, гүлі еркелеп, Арқары жайылатын аймағында» дейтінім бар менің сөзіме жазылған «Үшқоңыр» деген әнде. Әр жылдарда берген сұхбаттарымды қарап отырсам, солардың бірінде: «Көптеген елдерді араладым… бірақ бәрі өзім туып-өскен қазағымның жеріне, Алатау- дың бір бөктеріне жамбастай жығылған Үшқоңыр төбесіне жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен…» деппін. Сұлулығы бөлекше Үшқоңырдың сипатына талай адам тамсанған.
Солардың бірі — қазақтың ұлы қаламгері Мұхтар Әуезов. Мұхаңның 1948 жылы жазған «Үшқоңыр жайлауында» деген очеркі «Таудың жалтыр, ашық күні қуанта шықты. Биіктен қарағанда көкжиек шексіз боп кеңейіп, жырақтаған. Аспанда шаңқылдаған қыран ғана жүреді дегендей биікте отырмыз. Әуе таза, дүние жым-жырт. Биіктеген сайын үнсіз, мол сабырлы, кең тыныштық бар. Табиғат даналық танытады. Зор биіктің бәрінің басы ұзақ тыныштыққа шомып тұрса керек. Тегі, үлкен атаулының бәрі айғайсыз, дырдусыз болғандай. Өз күшін та- нығанға да, танымағанға да бір қалыпты тыныш қана, елеусіз қарай- тын тәрізді. Бұл өлке Үшқоңыр жайлауы аталады. Биікте Үшқоңыр, Екінар, Түлкілі сай. Баурайда: үш сала боп ағатын шың бұлақтар бар. Төскейлерде: Сәт жайлау, Қасқасу деген кең қоныстар, мол өрістер бар. Жайлай отырып, пішен шабатын мол шалғындар және бар. Ол Үлкен Дегерес, Кіші Дегерес аталады. Жанама, Қаратау, Ақшоқыдай қырғызға қарай асатын асулар бар. Қырғыз бен қазақ арасына ортақ жайлау Еңсу, Жасылкөл де жақын. Мынау биік жайлау, салқын бел- де отырса да, бізбен әңгімелескен колхозшылар Жасылкөлді өзгеше мадақтайды» деп басталады. Үшқоңырдың жанындағы сайлардан өткенде әрі қарай Қарасаз, Үлкенсаз, Кішісаз, Ботасаз, Құлансаз де- ген сияқты неше түрлі жайлаулар жалғасып кете береді. «Құдайдың құдіретін көрем десең, тауға бар» дейді. Өте әдемі жерлер. Көрсең көз тоймайды. Қасқасу, Қарғалы, Ұзынағаш, Қарақыстақ, Қастек, Жиренайғыр, Ырғайты деген өзендер, Қарақия, Ақтасты, Сарыжазық, Суықтөбе деген таулар талай-талай оқиғаларға куә болған жерлер. Баяғы жоңғар шапқыншылығы кезінде Шамалғанның тұсында талай шайқастар болған.

Пікір қалдыру үшін сізге логин қажет немесе өтіңіз
Синопсис
1/9

Листайте главы с удобством

Можете переключаться между главами книги в любое время. Насладитесь плавным переходом к интересующим вас частям текста!
Далее Завершить обучение
2/9

Настройте шрифт под себя

Изменяйте размер шрифта, чтобы чтение было комфортным для ваших глаз. Настройте отображение текста так, как вам удобно.
Далее Завершить обучение
3/9

Читайте синопсис

Не знаете, с чего начать? Ознакомьтесь с кратким содержанием книги, чтобы быстро понять основные идеи.
Далее Завершить обучение
4/9

Исследуйте содержание книги

Посмотрите все главы и подглавы в удобном навигационном меню. Найдите интересующие вас разделы одним кликом.
Далее Завершить обучение
5/9

Сохраняйте закладки

Добавляйте закладки, чтобы не потерять важные моменты. Вернитесь к нужному месту в книге в любой момент.
Далее Завершить обучение
6/9

Открывайте мини-справочник

Кликайте на «Мини-справочник» для доступа к дополнительной информации. Нажмите на текст, и модальное окно откроет полезные материалы.
Далее Завершить обучение
7/9

Просматривайте таймлайн событий

Интерактивный таймлайн поможет вам увидеть ключевые события книги. Кликните, чтобы открыть окно с подробной информацией.
Далее Завершить обучение
8/9

Наслаждайтесь цитатами

Ищите вдохновение? В разделе цитат собраны самые яркие мысли и высказывания.
Далее Завершить обучение
9/9

Делайте записи в блокноте

Зарегистрируйтесь и получите доступ к личному блокноту. Записывайте свои идеи, заметки и важные мысли прямо во время чтения
Завершить обучение
AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу