EPG

«Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа»

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты кітабы – қазақ халқының ғасырлар бойы тәуелсіздікке ұмтылған арманын жүзеге асырған қазіргі Қазақстанның негізін қалаушының естеліктері. Бұрынғы президент өзінің жастық шағын, Кеңес дәуіріндегі және егеменді Қазақстан кезеңіндегі саяси қызметін және биліктің мұрагеріне ауысуын еске алады. Ол жеке өзі қатысқан тарихи оқиғаларды егжей-тегжейлі баяндайды. Бұл мемлекеттің жойылуы мен құрылуы, көпұлтты елде тәуелсіз саясат жүргізу және оның бірлігін сақтау туралы шынайы әңгіме. Автор билікті кім және не үшін алатынын және миллиондаған адамдардың тағдыры үшін жауапты екенін түсіндіреді. Сонымен қатар, ол алғаш рет отбасылық өмірінің қыр-сырын ашық айтады.

Онлайн оқу

МЕМУАР МҰРАТЫ

Жауапкершілік жүгі

Адамның саяси лауазымы биік болған сайын оның жауапкершілігі де жоғарылай түсетіні талассыз. Сондықтан саясаткер үшін өз кітабында келтірілетін әр деректің дәйектілігі, дәлдігі маңызды, ал бұған құжаттарға құнтты қарау арқылы ғана қол жеткізе аласың. Қаласа да, қаламаса да, мемлекет басқарған тұлғаның мемуары сол мемлекеттің тарихнамасын құрастыруға әсер етпей қоймайды. Жалпы, тарихты халық жасайтыны басы ашық жай. Сонымен бірге, тарихқа халықты басқарған тұлғалардың нақты ықпалы болатыны тағы талассыз.
Бұған мысалды жүз-жүздеп келтіре беру қиын емес. Елдің географиялық орналасу жағдайы мен экономикалық дамуының ерекшеліктері, өткендегі тәжірибенің өзгешелігі мен ақыр аяғы адамдардың мента- литеті — осының бәрі реформа нәтижелеріне және түпкі қорытын- дыларға объективті әсер етеді. Алайда, менің пікірімше, объективті себептер әрдайым айқындаушы болып табылмайды, өте көптеген жағдайлар осы елдер басшыларының субъективті сапасына тәуелді. Міне, сондықтан біздің мемлекетті құруға кіріскенде, мен олар бастан өткерген табыстар мен сәтсіздіктердің сырын білу үшін көптеген мем- лекеттердің негізін салушы тұлғалардың өмірбаянына көңіл қойып таныстым. Бұл тұрғыдан Махатма Гандидің «Моя жизнь. Моя вера», Наполеон Бонапарттың «Мысли узника Святой Елены», Франклин Рузвельттің «Беседы у камина», Шарль де Голльдің «Битва за Европу», Маргарет Тэтчердің «Автобиография», Ли Куан Юдің «Сингапурское чудо», «Из третьего мира — в первый», Махатхир Мохамадтың «Доктор своей страны», Шимон Перестің «Робким мечтам здесь не место», Билл Клинтонның «Моя жизнь», Эдуард Шеварднадзенің «Когда рухнул железный занавес», Герхард Шрёдердің «Решения. Моя жизнь в политике», Михаил Горбачевтің «Жизнь и реформы», Борис Ельциннің «Президентский марафон», Владимир Путиннің «От первого лица», Нельсон Манделаның «Долгая дорога к свободе» сияқты кітаптарын, Генри Форд, Бенджамин Франклин, Джон Рокфеллер еңбектерін оқырман ретінде разылықпен атай аламын. Басқа да кітаптар баршылық.
Өз елдерінің тарихында аса көрнекті рөл атқарған тұлғалар өне- гесі жетерлік. Олар Түркияның тұңғыш президенті Кемал Ататүрік, америкалық 31-президент Франклин Делано Рузвельт, «қытайлық реформалардың әкесі» Дэн Сяопин, Малайзияның бұрынғы премьер- министрі Махатхир Мохамад — бұл қатарды әрі қарай жалғастыра беруге болады. Сондай тұлғалардың арасындағы мен үшін орны бөлек үш адам — Мұстафа Кемал Ататүрік, Шарль де Голль мен Ли Куан Ю туралы кейінірек жеке тоқталмақ ойым бар. Екінші жағынан, өткеннің оқиғалары жайында ой толғағанда ресми мәліметтермен шектеліп қалу да жөнсіз. Өйткені бұл кітаптың сипаты менің бұған дейінгі еңбектерімнен өзгешелеу болуы тиіс екенін тарау басында айтып та өттім. Тарихшы немесе жазушы алға қоятын міндетті мен алға қоя алмаймын. «Бұл кітап — менің көзіммен қарағандағы Малай- зия тарихы. Бұл кітап сонымен бірге менің өмірімнің де тарихы» — Махатхир Мохамадтың осы сөзін мен де айтсам болады. Бұл кітапта мен туған Қазақстанымның жаңа тарихын баян етуге тырысамын, осы істе менің маңдайыма бұйырған тағдырымды әңгімелеймін. Соның өзінде де өзім қатысқан, басы-қасында жүрген оқиғаларды суреттеп өтумен шектелу жөнсіз деп білемін. Қандай кітап болсын, оған қойы- лар басты талаптың бірі — оқуға қызғылықтылығы. Хал-қадерімше оқырманды тараудан тарауға тартып отыруға ұмтыламын. Оның қалай шығарын көре жатармыз. Негізінде, менің өмірімде тағылым алар жай да, оқыс оқиға да, тағдыр тартысы да, шым-шытырық ши- еленіс те жетіп артылады… Мұның солай екеніне осы кітапты оқып шыққан адам көз жеткізе алады.
Мемлекет басшысы ретіндегі қызметім мені алуан-алуан адамдар-
мен араластырды, сан түрлі сапарларға алып шықты. Аты әлемге әйгілі қайраткерлермен де, аса қуатты елдердің басшыларымен де талай рет кездестім, сағаттап сұхбат құрдым. Осы жолда тілдескен кездерім көп, елімнің мүддесін қорғап, табандылық, қажыр-қайрат танытып, тірескен кездерім де аз емес. Қазақстан тәуелсіздігін нығайту жөніндегі әрбір қадам маңызды да елеулі болды. Сондай тұлғалар- мен кездесулер жайындағы әңгіме де әсерлі әрі пайдалы шығады деп шамалаймын. Михаил Суслов, Дінмұхамед Қонаев, Маргарет Тэтчер, Цзян Цзэминь, Ху Цзиньтао, Си Цзиньпин, Шимон Перес, Ясир Арафат, Михаил Горбачев, Борис Ельцин, Владимир Путин, Виктор Черномырдин, әкелі-балалы Буштар, Ганс Дитрих Геншер, Гельмут Коль, Жак Ширак, Франсуа Миттеран, Джеймс Бейкер, Альберт Гор, Иоанн Павел ІІ, Хуан Карлос I, Фахд ибн Абдул-Азиз Әл Сауд, Заид ибн Сұлтан Әл-Нахайян, Билл Клинтон, Барак Обама, Дональд Трамп, Тұрғыт Өзал, Режеп Тайып Ердоған, Сильвио Берлускони, Эдуард Шеварднадзе, Гейдар Әлиев, Александр Лукашенко тәрізді ірі лауазым иелерімен, Юрий Гагарин, Галина Уланова, Зураб Церетели, Пласидо Доминго, Шыңғыс Айтматов, Бибігүл Төлегенова, Әбіш Кекілбаев, Асанәлі Әшімов, Сәбит Оразбаев сынды әр саланың саңлақтарымен жолықтырған өмір жолыма дән разымын. Осы арада аталған, аталмай кеткен адамдар жайында да естеліктеріммен бөлісіп отырамын. Оларды мемлекет басшысы, саяси қайраткер, мәдениет жұлдызы ретінде ғана емес, кәдімгі ет пен сүйектен жаралған адам ретінде де қарастыру оқырманға қызғылықты болар деп білемін. Жалпы, әлемнің 71 елін аралаған кезде, жалпы саны 534 рет шетел сапарына шыққанда көрген-білгендерімнің кейбірін шет-жағалап айтудың да өз тағылымы табылатыны талассыз.
Мемуар жазу тек тікелей өзіңнің көрген-білгеніңмен шектелу де- ген сөз емес. Туған еліңнің тағдыры туралы толғанғанда отаныңның арғы-бергідегі тарихы, соған ықпал жасаған оқиғалар мен адамдар хақында айтпай тұра алмайсың. «Өткен заман әлдеқайда алыста, өз уақытының аясында емес, осында, менің ішімде. Өткен заман — мен өзім, ол — менің өмірім.
Өткен заманның қазіргі күндегі алар орны оның біздің өмірімізге жасай алатын ықпалымен өлшенеді» деп Х. Ортега-и-Гассет өте орынды айтқан. Егер біз қуатты мемлекет болғымыз келсе, Мәңгілік Ел құрғымыз келсе, онда халық тарихының қайнар бастауларын бойға да, ойға да сіңіруге тиіспіз
. Сондықтан кітапта халықтың өткен өмірінде өзінің өшпес ізін қалдырған тұлға- лар туралы толғаныстарды тұздықтап отырумен қатар, қазақтың тағдырында айрықша орын алатын жиырмасыншы ғасырдың орасан мәнді оқиғалары жөніндегі ойларым да орын алатын болады. Қазан төңкерісі, азамат соғысы, алапат аштық, жаппай жазалау, соғыс, ұлт ұстындарын қирату, көлденең көк аттыға билетіп, сағымызды сын- дыруға тырысу, ақ қар, көк мұзға намыс жалауын жаққан желтоқсан, тайғанақ тұста жарияланған тәуелсіздік, ел егемендігін еңселенту жолындағы ерен еңбегіміз, осы бел-белестердегі бастан кешкеніміз жөніндегі әр кез-әр кезде үзік-үзік күйде жазып тастап отырған толға- ныстарым кітап барысында таратыла түседі. Ол әдетімнің пайдасын бұрын да көргенмін. Мысалы, 1991 жылғы тамыз бүлігі кезінде ТЖМК басшылығымен — Янаевпен, Крючковпен, Шейнинмен, Павловпен, Лукьяновпен, Язовпен, соларға қарсы Мәскеу халқын көтеріп шыққан Ельцинмен сөйлескендерім сағат-сағатымен, минут-минутымен күнделікке түсіп қалған еді. Кейін оларды менің өмірім, қызметім жөнінде көп әрі жүйелі жазған, отыз жылдан бері жанымда келе жатқан мемлекеттік қайраткер, әріптес азамат Махмұт Қасымбеков өз кітабының бір тарауында пайдаланды.
Мемлекет басшысының ғұмырбаяны ел азаматтарының қай-қайсы- сына да қызықты десек те, өмір айдынына жаңа құлаш жайып жатқан жастардың орны бөлек екені түсінікті. Біздің жастарымызға осының бәрінің қалай басталғаны, оқиғалардың қалай өрістегені, ел үшін сондайлық күрделі кезеңде қабылданған қандай да бір шешімдердің негізгі ой қисыны неде екені жөнінде нақты фактілер мен әділ талдау- дың болғаны маңызды. Бүгінде тәуелсіздіктің таңсәрісінде дүниеге келген балалардың өзі университет, институт бітіріп, үлкен өмірге аяқ басты. Адамның жаратылысы сондай, ол өткенді тез ұмытуға бейім тұрады. Еліміздегі бейбіт өмір мен игілікті тірлік, біз бастан кешіп жатқан экономикалық өзгерістер, азаматтарымыздың өмірге құштарлығы, өз күшіне және ертеңгі күнге деген сенімділігі біз үшін кәдуілгі жайға айналуда.
Әрине, қол жеткендерімізді айта отырып, мен орын алған олқылықтарды да айналып өтпекші емеспін. Мұның бәріне хал-қа- дерімше талдау жасауға тырысамын.
Қазақстан тәуелсіздігінің таңсәрі шағында елімізге келген, бізге көп кеңесін берген асыл адам — Сингапур кереметін жасаушы көш- басшы Ли Куан Ю өзінің «Үшінші әлемнен — бірінші әлемге» атты кітабының кіріспесінде былай дейді: «Мен бұл кітапты Сингапурдың біздегі қоғамдық тұрақтылықты, экономикалық өсуді және өркендеуді тап бір өзінен-өзі болғандай көретін жас тұрғындары үшін жаздым. Жастарымыз ауқымы 640 шаршы километр жерді ғана құрайтын, қандай да бір табиғат ресурсынан ада-күде, таяуда ғана тәуелсіздігін ала сала ұлтшылдық саясатын жүргізе бастаған үлкен мемлекеттердің қоршауында тұрған шап-шағын елдің тіршілік кешіп кетуі қандайлық қиынға түскенін білсе дедім. 1942 жылғы соғыс өртіне шарпылғандар, Сингапурды жапондардың жаулап алғанын көргендер, Сингапур- дың жаңа экономикасын жасауға қатысқандар қай нәрсеге де нақты шындық тұрғысынан қарайды. Біз қоғамдық тәртіп, жеке қауіпсіздік, экономикалық және әлеуметтік ілгерілеу мен өркендеу аяқастынан орнай салмайтынын, мұның бәрі тынбай жұмсалған күш-жігер мен халық сайлаған адал да тиімді үкіметтің тарапынан ұдайы назар салу- дың нәтижесі екенін ұмыта алмаймыз». Бұл сөзге мен де толығымен қосылар едім. Мысалы, бізге де жаппай жұмыссыздықты жою оңайға түспегені белгілі. Жастарымыз Орталыққа шикізат жөнелтуге ғана бейімделген экономиканың әртараптандырылуы, түгелімен мемлекет меншігі болып, шын мәнінде иесіздікке ұшырап тұрған мүліктің жекешелендірілуі , бір нәрсеге қожайындық ету сезімінің орнығуы, шекараларымыздың шегенделуі, өз әскеріміздің құрылуы, астана- мыздың ауыстырылып, туымыздың еліміздің қақ ортасына тігілуі, сөйтіп біздің жерімізге көз алартқандардың көмейіне құм құйылуы, сан түрлі этностың бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай тату тірлігін, мықты бірлігін сақтап қалуы, Қазақстанымыздың ішкі саясаты тұрақты, сыртқы саясаты орнықты, алысқа да, жақынға да абыройлы мемлекетке айналуы оңайға түспегенін білсе дейміз.
Қазақстанның қаз басуы да, қалыптасуы да 1991 жылы бастал- мағанын басын аша айту керек. Сан ғасырлық алуан тағдырлы та- рих, азаттық жолындағы айқас, жасампаздыққа бастаған жанкешті жұмыс, елдікке жеткізген ерен еңбек — Тәуелсіздік таңын аттырған ұлан асулар. Оның бәрін білу, соның бәрінің бағасына жету — ұлттық мақтаныштың және баянды болашақтың кепілі.
Тарих қазіргі күнге де, келешекке де қызмет етуі тиіс. Өткендегі саяси тәжірибеден бүгінде сабақ ала білудің маңызы да бөлек. Ақырғы ақиқатты айтамын дейтін адам — адасатын адам немесе айналасын алдайтын адам
. Оның үстіне қандай оқиғаға, қандай тұлғаға да баға беру қай қырынан қарауға тікелей байланысты. Ал бір адам ештеңеге де, ешкімге де барлық қырынан бірдей қарай алмайды. Алайда өзің көргенді, өзің сезгенді ашық айту, әлің жеткен жерге дейін әділ болу — адамдық парызы, адалдық қарызы. Мен мұны әрдайым жадымнан шығармаймын.
Мен туралы жазылған кітаптардың арасында назар аударарлық еңбектердің бірі — Бейбіт Сапаралының «Тұңғыш Президенттің бала- лық шағы» деген кітабы. Автор кіріспе тұста былай дейді: «Естелікна- ма дегенде жек көру, жақсы көру, жағымпаздану, жанын жай таптыру мақсатында жалған куәлік беру, біле тұра өтірікті қосып жіберу, не болмаса әдейілеп емес болмағанды жады жаңылыстырып болғандай етіп әсіре боямалап суреттеу жағдайлары да күнделікті тұрмыста кездесіп жатады. Санасы жарқ етіп, баяғы бір оқиғаны қаз-қалпында көз алдында келтіретін тағдыр талқылары да аз емес. Көзімен көр- месе де естіген, жанама куәгер болған сәттерді қартайған шағында аңызға айналдырып, қарапайым тіршілік көрінісін әфсаналық миф- терге ұластырып жіберетін замандастар да өмірде сирек болсын ұшырасып жатады. Тасқұрсау тәртіптен әбден теперіш көріп, «Сен тимесең, мен тимен, бадыраң көз» деген қағиданы бекем ұстанып, барлығы болды-ау деген кезде, барлық мәселе талқыланып бітті-ау деген кезде білек түріп белсеніп шығып, барлығынан басқаша әңгіме айта бастайтын сайыпқырандар да мынау жарық жалғанда төбе көрсетіп қалып жатады. Жазғанын, жадына түйгенін жылдар бойы-на жариялай алмай, булығып, қыстығып, терісіне сыймай жүретін құрбы-құрдастар да ортамызда жоқ емес, баршылық. Осылайша, кез келген адам баласының өмір жолына қарасаңыз, тағдыр-талайына зер салсаңыз, қарама-қайшылықты көрініске толы ғұмыр белестері көз алдыңызда буалдырланып тұра қалады».
Өз кітабымда мен осы жайды да дәйім есте ұстап отырмақпын. ХХ ғасырда жаһанды шарпыған орасан оқиғалардың ешқайсысы да Қазақстанды айналып өткен жоқ, қазақты шарпымай кеткен жоқ. Әкелеріміз оның бас жағындағы сүргелеңдерді көрсе, тұстастарымыз соғыстан кейінгі сілкіністерді көрді, балаларымыздың маңдайына тәуелсіздік таңының қалай атқанын тамашалау, жаңа мемлекетті құруға, қалыптастыруға қатынасу жазылды, ал немерелеріміздің үлесіне азаттықты жаңа жағдайда, әлдеқайда күрделі кезеңде баянды ету жұмысы тиіп тұр.
Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәттерде бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынта-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды.
Тарихтың тоғысуы мен тағдырдың табысуы қатар үйлесіп, мені Қазақ елінің сын сағаттағы көшбасшысына айналдырды — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атанып, тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешулі сапарының тізгінін ұстадым. Мен жеткен жеңістерім мен алған асуларымды ең әуелі туған халқыммен байланыстыруға дағдыланған адаммын. Сондықтан қиналсам да, қуансам да бар-жоғымның сыншысы, ар-намысымның өлшемі тек халқым деп ойлаймын.

Бұл жол оңай жол болған жоқ. Бұл жолда мен талай асудан астым, талай белді бастым. Ойға алғанымның бәрін бірдей орындай алған жоқпын. Тегінде, саясатта бұлай жасау мүмкін де емес. «Саясат — қолдан келетінді жасай алу өнері» деп содан айтылған. Жолсызбен жүргендіктен жаңылыс басқан кездеріміз де болды. Оның объективті себептері де, субъективті себептері де бар. Мұның өзі әбден табиғи нәрсе. Кемістіктердің кейде жетістіктерден де көбірек пайда келтіруі мүмкін, өйткені сәтсіздіктен сабақ алу жеңілірек. Бірақ, қалай дегенде де, мына жай анық: Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде орнықты. Әлемде мойындалды. Бұл — басы ашық ақиқат.
Саясат жолы — сайыс жолы. Бүгінгі күнге жеткенше талай кедергі- ге де кездестім. Олардың кейбірін заман қойды, кейбірін қоғам қойды, кейбірін адам қойды. Бұл кітаптағы әңгіме біреулермен есеп айырысу емес, оқиғаларға, адамдарға бағасын беру тұрғысынан ғана қозғалады. Адамдар шындықты білмеген кезде неше түрлі долбарлар туатыны белгілі. Қазақстанның жаңа тарихының өзінің «ақтаңдақтары» да жетіп жатыр. Шүкіршілік, алдымнан тосылған асулардың бәрінен де өттім. Жер шарының басқа бөліктеріндей емес, КСРО-ның ыдырауы тарихи негізі атымен жоқ жаңа мемлекеттердің пайда болуына емес, тарихи тамыры тереңде жатқан, кейін күшпен жойыла жаздаған мемлекеттіліктердің қайтадан қалпына келтірілуіне ұласты.
Мемлекеттіліктердің жаңадан жандандырылуының жан-жақты күрделі процестері бізден өзіміздің дара жолымызды — Қазақстан жолын табуды талап етті. Кітапта осы жолдың қалай басталғаны, қалай қалыптасқаны, қалай жалғасқаны жайында жазылады. Еліміз туралы бірқатар шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында қалыптасып кеткен қасаң қалыпты түсініктерден арылтуға ұмтылу да мемуардың бір мақсаты.

Мемуаршы — романист емес. Ол жұрттың бәріне бірдей ұнауға ұмтылмауы тиіс.
Бұл кітапты оқыған адамның оны жақтыруы-жақтырмауы өз алдына бөлек әңгіме, ең бастысы — осы туынды арқылы елдің тағдыры, елдің болашағы туралы ойға қалуы. Әр адамның өзінің ел тағдырына тікелей жауаптылығы туралы толғануы.
Халық пен билік деп сөйлеудің өзі шартты. Өйткені билікті де халық қалыптастырады. Сайлау арқылы, қоғамдық пікір арқылы. Билік — халықтың бір бөлігі.
Ненің де негізгі бағасын уақыт пен тарих береді. Замандастарыңның әрқайсысы өзін зор санайды, өзін жоғары қояды.
Мен өз тарапымнан халыққа бүкіл әлем таныған, мойындаған тәуелсіз мемлекетті, мықты экономикасы, бекітілген шекарасы бар елді, тәуелсіздік жылдарында тәрбиеленген жастарды қалдырып барамын деп мақтанышпен, ауыз толтыра айта аламын.

Тарих дегеніміз ең алдымен сол елдің адамдарының тағдыры. Ел адамдарының тағдырынан ел тағдыры, яғни мемлекет тарихы құра- лады. Мемлекет тарихына сол елдің билік тізгіні қолға тиген адамның басқалардан көбірек ықпал ете алатыны өзінен-өзі түсінікті жай. Жалпы, ел басқарған адамның сол елдегі халыққа жүз пайыз жағуы қиямет-қайым міндет сияқты. Мен де өз алдыма дәл мұндай мақсат қойған емеспін. Бірақ бүкіл өмір жолымда дәйім ортақ істі ойлап жүргенімді, хал-қадерімше халықтың қамы үшін еңбек еткенімді, алашым дегенде аянып қалмағанымды анық айта аламын. Бұған өмір өткелдеріме менімен бірге сапар шегіп шыққаныңызда өзіңіздің де көзіңіз жетеді деп сенемін, қадірменді оқырман.
Мен жайында бірнеше өмірбаяндық кітап пен тарихи зерттеулер жазылғанын айтуға тиіспін. Қ.К. Тоқаевтың кітаптарында біздің сыртқы саяси бағытымыздың қалыптасуы және бірқатар тарихи тұлғалар туралы терең толғаныстар бар. Ол еңбектерде менің қызметіме де баға берілген. Басқа шығармалардың арасынан кезінде қазақстандық танымал журналист, публицист С. Абдрахмановтың менен кең-мол етіп алған, кейіннен «Өмір өткелдері» атты кітапқа басылған сұх- баттар жинағын (осы мемуарға сол кітаптың мәтіні арқау болғалы отыр), британиялық жазушы Дж. Айткеннің, ресейлік қаламгерлер Н. Зеньковичтің, Р. Медведевтің, Л. Млечиннің, С. Плехановтың, О. Видованың, сондай-ақ басқа да авторлардың кітаптарын атаудың жөні келеді. Саясаттанушы, публицист М. Қасымбеков мен туралы көп жазды. Олардың бәріне де разымын. Әйтсе де, мен өз мемуа- рымды жазып жатырмын.

Пікір қалдыру үшін сізге логин қажет немесе өтіңіз
Синопсис
1/9

Листайте главы с удобством

Можете переключаться между главами книги в любое время. Насладитесь плавным переходом к интересующим вас частям текста!
Далее Завершить обучение
2/9

Настройте шрифт под себя

Изменяйте размер шрифта, чтобы чтение было комфортным для ваших глаз. Настройте отображение текста так, как вам удобно.
Далее Завершить обучение
3/9

Читайте синопсис

Не знаете, с чего начать? Ознакомьтесь с кратким содержанием книги, чтобы быстро понять основные идеи.
Далее Завершить обучение
4/9

Исследуйте содержание книги

Посмотрите все главы и подглавы в удобном навигационном меню. Найдите интересующие вас разделы одним кликом.
Далее Завершить обучение
5/9

Сохраняйте закладки

Добавляйте закладки, чтобы не потерять важные моменты. Вернитесь к нужному месту в книге в любой момент.
Далее Завершить обучение
6/9

Открывайте мини-справочник

Кликайте на «Мини-справочник» для доступа к дополнительной информации. Нажмите на текст, и модальное окно откроет полезные материалы.
Далее Завершить обучение
7/9

Просматривайте таймлайн событий

Интерактивный таймлайн поможет вам увидеть ключевые события книги. Кликните, чтобы открыть окно с подробной информацией.
Далее Завершить обучение
8/9

Наслаждайтесь цитатами

Ищите вдохновение? В разделе цитат собраны самые яркие мысли и высказывания.
Далее Завершить обучение
9/9

Делайте записи в блокноте

Зарегистрируйтесь и получите доступ к личному блокноту. Записывайте свои идеи, заметки и важные мысли прямо во время чтения
Завершить обучение
AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу