EPG

«Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа»

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты кітабы – қазақ халқының ғасырлар бойы тәуелсіздікке ұмтылған арманын жүзеге асырған қазіргі Қазақстанның негізін қалаушының естеліктері. Бұрынғы президент өзінің жастық шағын, Кеңес дәуіріндегі және егеменді Қазақстан кезеңіндегі саяси қызметін және биліктің мұрагеріне ауысуын еске алады. Ол жеке өзі қатысқан тарихи оқиғаларды егжей-тегжейлі баяндайды. Бұл мемлекеттің жойылуы мен құрылуы, көпұлтты елде тәуелсіз саясат жүргізу және оның бірлігін сақтау туралы шынайы әңгіме. Автор билікті кім және не үшін алатынын және миллиондаған адамдардың тағдыры үшін жауапты екенін түсіндіреді. Сонымен қатар, ол алғаш рет отбасылық өмірінің қыр-сырын ашық айтады.

Онлайн оқу

МЕМУАР МҰРАТЫ

Үндеу

Ертеңінде, 2019 жылдың 19 наурызында мен телевидение арқылы Қазақстан халқына Үндеуімді жария еттім.
«Мемлекетіміздің аса маңызды тарихи сәттерінде халқыма үндеу жолдайтынымды білесіздер.
Бүгін де баршаңызға үндеу жариялағалы отырмын. Бірақ бүгінгі үндеудің маңызы зор.
Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілетті- гімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым. Бұл — оңай шешім емес.
Биыл еліміздің ең жоғары лауазымындағы қызметімді атқарып келе жатқаныма 30 жыл толады.
Халқым маған тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болу мүмкіндігін берді».
Сөзімді осылай бастадым да, өткен жылдардағы тындырылған істердің негізгілерін санамалай келіп, басты тақырыпқа ауыстым.
«Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы ретіндегі алда- ғы міндетім — басшылардың жаңа буынының билікке келуін қамта- масыз ету. Олар елімізді жаңғырту процестерін жалғастыратын болады.
Қазақстандағы билік сабақтастығы конституциялық тұрғыдан реттелген. Президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда оның өкілеттігі қалған мерзімі аяқталғанға дейін Сенат төрағасына беріледі. Содан кейін жаңа Президент сайлауы болады. Қазір Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Оны сіздер жақсы білесіздер. Ол Мәскеу мемлекеттік халықа- ралық қатынастар институтының түлегі, ғылым докторы. Ағылшын және қытай тілдерін еркін меңгерген. Басшылық лауазымдарда қыз- мет етіп, мол тәжірибе жинады. Еліміздің сыртқы саясатының қа- лыптасу жылдарында Сыртқы істер министрі, Премьер-министрдің орынбасары және Премьер-министр, Сенат Төрағасы болды. Елімізді,
оның экономикасы мен саясатын жетік біледі.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары болып жұ- мыс істеді. Бұл — оның дипломат ретінде сіңірген еңбегінің және Қазақстанға деген зор сенімнің жемісі.
Ол Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен дерлік менімен бірге жұмыс істеп келеді. Мен оны жақсы білемін. Ол — адал әрі жа- уапкершілігі жоғары азамат. Еліміздің ішкі және сыртқы саясатын жан-жақты сезінеді. Ол барлық бағдарламаларды әзірлеуге және қабылдауға атсалысты.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанды басқаруға нағыз лайықты азамат деп сенемін».
Үндеуімді былай аяқтадым.
«Құрметті қазақстандықтар! Менің отандастарым! Мен бүгінгі сөзімді сіздердің әрқайсыңызға арнаймын.
Еліміздің алдында ауқымды міндеттер тұр. Жетістікке жететінімізге сенемін.
Мен Қазақстанның болашағын қалай елестетемін?
Болашақ қазақстандықтар білімді, үш тілде — қазақша, орысша, ағылшынша сөйлейтін, еркін адамдардың қоғамын қалыптастыра- тынына нық сенімдімін.
Олар — әлемнің азаматтары. Олар дүниені шарлайды. Олар жаңа білім алуға құштар. Олар — еңбексүйгіш. Олар — өз елінің патри- оттары.

Қазақстан 2050 жылы Жалпыға ортақ еңбек қоғамына айналады деп сенемін. Бұл — бәрі де адам игілігі үшін жасалатын, экономикасы мықты мемлекет. Оның білім саласы да, денсаулық сақтау саласы да үздік болады. Онда бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрады. Азамат- тары еркін әрі тең құқылы, ал билігі әділетті болмақ. Мұндай елде заң үстемдік етеді. Мен дұрыс жолмен келе жатқанымызға сенімдімін. Бізді тура жолдан ештеңе де тайдыра алмайды
.
Егер біз күшті болсақ, бәрі де бізбен санасады.
Егер біз әлдеқандай күшке немесе басқа біреуге үміт артсақ, қол жеткізген жетістіктің бәрінен айрыламыз».
Осылай дедім де, бүкіл халықтың көз алдында өзімнің өкілеттігімді мерзімінен бұрын тоқтататыным, Конституцияға сәйкес Президент міндетін атқаруды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа тапсыратыным туралы Жарлыққа қол қойдым.
Жалпы, дүниеде отставканы және ізбасары кім болатынын ойламайтын ел басшысы жоқ шығар. Отставка — айтуға ғана оңай. Оған талайдың тәуекелі тұрмайды. Әсіресе өз еркімен отставкаға кетуге. Біреулер жылдар бойы үйренген билік бишігін қимайды, сөйтіп басы жерге жеткенше «тағына» жабысып, өзін де, елін де қинайды. Біреулер өзінің атқарған ісіне болашақта қандай баға берілеріне, орнына қандай адам келеріне, ең бастысы — елінің ертеңіне сенбейді. Біреулер билік эстафетасын демократиялық жолмен тапсырудың заңды тетігін таппағандықтан, дұрысырақ айтқанда — кезінде сол тетікті жасамағандықтан тығырыққа тіреледі. Шүкір, біздің Қазақстанда биліктің ауысуы Конституцияға сәйкес, тиісті заң ауқымында атқарылды
. 2019 жылғы 9 маусымда елде мерзімінен бұрын Президент сайла- уы өткізілді. Сайлауға қатысқан 9 274 110 адамның 6 539 715-і, яғни 70,96 пайызы Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдап дауыс берді. Мұның өзі менің шешімімнің дұрыстығын қуаттау болатын. Халық осындай таңдау жасау арқылы маған да қолдау көрсетті. Сөйтіп, мен «Билікті алғаннан да берген артық» деген сөздің мағынасына бойлай түстім. Өз шешіміме өкінген емеспін.

Пікір қалдыру үшін сізге логин қажет немесе өтіңіз
Синопсис
1/9

Листайте главы с удобством

Можете переключаться между главами книги в любое время. Насладитесь плавным переходом к интересующим вас частям текста!
Далее Завершить обучение
2/9

Настройте шрифт под себя

Изменяйте размер шрифта, чтобы чтение было комфортным для ваших глаз. Настройте отображение текста так, как вам удобно.
Далее Завершить обучение
3/9

Читайте синопсис

Не знаете, с чего начать? Ознакомьтесь с кратким содержанием книги, чтобы быстро понять основные идеи.
Далее Завершить обучение
4/9

Исследуйте содержание книги

Посмотрите все главы и подглавы в удобном навигационном меню. Найдите интересующие вас разделы одним кликом.
Далее Завершить обучение
5/9

Сохраняйте закладки

Добавляйте закладки, чтобы не потерять важные моменты. Вернитесь к нужному месту в книге в любой момент.
Далее Завершить обучение
6/9

Открывайте мини-справочник

Кликайте на «Мини-справочник» для доступа к дополнительной информации. Нажмите на текст, и модальное окно откроет полезные материалы.
Далее Завершить обучение
7/9

Просматривайте таймлайн событий

Интерактивный таймлайн поможет вам увидеть ключевые события книги. Кликните, чтобы открыть окно с подробной информацией.
Далее Завершить обучение
8/9

Наслаждайтесь цитатами

Ищите вдохновение? В разделе цитат собраны самые яркие мысли и высказывания.
Далее Завершить обучение
9/9

Делайте записи в блокноте

Зарегистрируйтесь и получите доступ к личному блокноту. Записывайте свои идеи, заметки и важные мысли прямо во время чтения
Завершить обучение
AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу