EPG

«Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа»

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты кітабы – қазақ халқының ғасырлар бойы тәуелсіздікке ұмтылған арманын жүзеге асырған қазіргі Қазақстанның негізін қалаушының естеліктері. Бұрынғы президент өзінің жастық шағын, Кеңес дәуіріндегі және егеменді Қазақстан кезеңіндегі саяси қызметін және биліктің мұрагеріне ауысуын еске алады. Ол жеке өзі қатысқан тарихи оқиғаларды егжей-тегжейлі баяндайды. Бұл мемлекеттің жойылуы мен құрылуы, көпұлтты елде тәуелсіз саясат жүргізу және оның бірлігін сақтау туралы шынайы әңгіме. Автор билікті кім және не үшін алатынын және миллиондаған адамдардың тағдыры үшін жауапты екенін түсіндіреді. Сонымен қатар, ол алғаш рет отбасылық өмірінің қыр-сырын ашық айтады.

Онлайн оқу

ЕРТЕҢІ ЕҢСЕЛІ ЕЛ

Алынған асулар

Мемуар кітабымды түйіндейтін тұста Қазақстанның бағындырған белестері, алған асулары жайындағы ақиқатты айна-қатесіз мысал- дарды арқау ете айтуға бекініп отырмын.
«Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты — толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың басында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай тәуекелге де барамын» — көп жыл бұрын, егемен- дік сапарымыздың бастауында үлкен бір жиында осылай дегенім бар. Халық артқан жауапкершілік жүгін арқалай аламын ба деп уайымдадым. Қазақстандықтар бастаған ісімді қостай ма деп қобалжыдым. Қобалжу демекші… Белгілі кино қайраткері Дариға Тналина бір сұхбатында былай депті: «Тәуелсіздік жаңа қолға тиген тұста қатты қобалжығандардың бірі едім. Сол кезде біздің студиямызға Прези- дент келген. Нұрсұлтан Әбішұлымен қол алысып, амандасқан сәтте:
«Қазағы 40 процентке зорға жететін, тілінен айырылған, дінінен айырылған, ділінен айырылған елің бар. Сол елмен мемлекет құра аласың ба?» дедім. «Тырысайын, апа» деді. «Қатырамын, оған сөз бар ма» деп жеңіл сөйлеген жоқ. Сонысына риза болдым».
Қатырамын деп қалай айтайын? Елдің жайы алақандағыдай ал- дымда тұр. Сондықтан да мен өзімді нағыз қиындыққа қайрап салдым.

Мен осы халықтың жаны мен қанының бір бөлшегімін, сондықтан тарихтың тар тұсында дәл мені таңдаған елдің сенімінен қалайда шығуым керек дедім. Нені де болса елмен бірге көремін, неге де болса елмен бірге төземін, алдан шығар бар қиындықты елмен бірге жеңемін деп, тәуекелдің қалтылдаған қайығына міндім. Қамшының сабындай қысқа ғұмырда азаматқа халқының көшінің басында жүруден, ұлтының ұлы істеріне аянбай атсалысудан артық қандай мәртебе керек?! Маған осы бақыт бұйырды.
Мен басыма қонған сол бақыттың бағасын білдім дей аламын. Елдік ісінде жүрген адамға сынақ көп болатынын сол кезде-ақ сезінгенмін.
Тарихтың бетбұрысты кездерінде мемлекет басшысы жұрттың бәріне бірдей жаға бермейтін, бірақ өміршең маңызы бар шешім- дерді қабылдауға тиіс. Солай етуге мен де мәжбүр едім.
Ең бастысы — біз әлемдік қоғамдастық таныған, тәуелсіз мемлекет құрдық. Біздің дербес дамуымыз осыдан кейін ғана басталды.
Тәуелсіздіктің алғашқы белесінің жетістіктері ретінде мыналар- ды атауға болады: мемлекеттік рәміздеріміздің белгіленуі, билік жүйесінің қалыптасуы, төл теңгеміздің айналымға қосылуы, өз ар- миямыздың құрылуы, Конституцияның қабылдануы, ана тіліміз- ге мемлекеттік тіл мәртебесінің берілуі, ұлттық мәдениетіміздің, дініміздің жаңғыруы, Қазақстан халқы Ассамблеясының тағайындалуы, шет елдермен дипломатиялық қатынастардың орнығуы, елдің стратегиялық даму бағдарының айқындалуы, туған жеріміздің атом қаруынан тазартылуы, елордамыздың Есілдің бойына көшірілуі, ауқымды экономикалық реформалардың қолға алынуы, Ұлттық қордың құрылуы, шетте жүрген қандастарымыздың атамекенге қайтарылуының қолға алынуы.
Талай істі тұтастай жаңадан бастадық. Кейбіреуін ғана таратайын. Мемлекет басшысы ретінде тындырған шаруаларымның ішінде шекараны толық бекітуді ерекше атай аламын. Бұл — тарихи жеңіс.
Мемлекеттік шекарамыздың тиісті түрде ресімделуі ел Тәуелсіздігінің сенімді заңды және саяси кепіліне айналды.
Бабаларымыз бізге ұлы мұра етіп ұлан-ғайыр жер қалдырды. Бірақ ол кешегі патша заманында да, Кеңес Одағы тұсында да ха- лықаралық құжаттармен ресімделмеді. Жалпы ұзындығы 14 мың шақырымдық біздің шекарамыздың барлық ендігі мен бойлығына қатысты сындарлы келіссөздер ұйымдастыру оңай міндет болған жоқ. Бұған басшылығы алғашқы күндерден-ақ біздің тәуелсіздігіміз- ге, сондай-ақ шекарамызды нақтылау ісіне қолдау білдірген екі ұлы көршіміздің — Ресей мен Қытайдың арқасында қол жеткізілгенін айта кетуім керек. Біз Ресейдің және оның Президенті В. В. Путиннің, Цзян Цзэминь жетекшілік еткен Қытай басшылығының тарихымыздағы сол маңызды сәтте көрсеткен қолдауының әрдайым қадірін біліп, ризашылықпен есте ұстауға тиіспіз. Мемлекеттік шекараны белгілеу жолында біз жұмсаған күш-жігердің маңыздылығын түсіну үшін кеңес- тен кейінгі тәуелсіз мемлекеттердің басым бөлігі мұндай шаруаны атқара алмағанын, олардың талайының әлі де өзара бекітілген мем- лекеттік шекарасы жоқ екенін есте ұстаған жөн. Мысалы, Ресей мен Украина шекарасы да бекітілмеген, Қырғызстан мен Тәжікстан ше- карасы да бекітілмеген. Шекарасы бекітілмеген елдердің қандай шатақтарға ұрынып жатқанын, кейбіреуінің шат-шәлекейі шыққанын көріп отырмыз. Құдай сондайдан сақтасын.
Елдіктің қай шаруасы жеңіл болып еді?
Заманның рухына сай келетін Конституция қабылдау, қос палаталы кәсіби парламент құру оңайға түспегенін кім білмейді? Екі рет парла- мент дағдарысы қатері төнген жоқ па? Сол қиындықтар да еңсерілді.
Демократиялық қоғам құру жолында тындырған шаруамыз аз ба? Аз емес. Кейбіреуін ғана атап өтейін.
Біз конфессияаралық келісім орнату арқылы діни наным-сенім бостандығын қамтамасыз еттік.
Біз еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету арқылы адамдарды үрейден арылттық.
Біз баспасөз еркіндігін қалыптастыру арқылы сөз бостандығын баянды еттік.
Біз ашық та еркін қоғам құрдық.
Осының бәрі қазақстандық демократияның жетістіктері. Бірпартиялық жүйеден көппартиялық жүйеге ауысу, тоталита-
ризмнен демократияға өту қандай азапты сапар болды десеңізші. Біздегі демократия көңілдегідей емес деген сөзді талай естігенбіз. Басқалардың тәжірибесіне көз салайықшы. Айталық, бүгінгі Син- гапурды жасап берген Ли Куан Юдің бұл жөнінде мынандай пікір- лері бар: «Демократия мен сөз бостандығын орнатуға бағытталған кез келген эволюциялық қадам бірте-бірте жасалуы тиіс», «Демократия адамдар бір-біріне кеңдікпен қарайтындай, көпшіліктің құқын мо- йындайтындай мәдениетке ие болғанда ғана ойдағыдай шығады. Бұған қажымай-талмай үйрету керек». Тағы бірде былай деген: «Азиялық және батыстық қоғамдар мыңдаған жылдар бойы әртүрлі жолмен да- мып келді, сондықтан олардың ұстанатын мұраттары мен басшылыққа алатын өлшемдер әрқилы. Солай болғандықтан да адам құқығы саласындағы батыстық стандарттар әмбебап болып табылмайды». Қай мәселеде де қатаң ұстануға тырысатын қағидамыз: бассыздыққа ұрындырып, қантөгіске апаратын демократияны біз қабылдай ал- маймыз. Біздің демократиямыздың негізі — саяси, әлеуметтік және ұлтаралық тұрақтылық. Әлдебір елдер бізге «тыз етпе» демократияны шұғыл орната салғанымыз үшін қол соқсын деп тілемедік. Ол үшін өз халқымызға өзіміз тәжірибе жасағымыз келмеді. Демократиялану про- цесіне шектен шығушылық, бейберекеттік, бетімен лағушылық салда- рынан туатын ұрыс-жанжалдың өте қауіпті екенін ескермей болмайды.
Демократия мен әсіре демократия — екі басқа ұғымдар.
Тарих либералдық демократия дамуының шарты экономикалық өсудің деңгейі, халықтың сауаттылығы, өмір сүру қалпы екенін үйретеді. Ал аш-жалаңаштықты, кедейлікті жою үшін байлықтың негізгі бөлігін жасайтын орта тап қалыптасуы тиіс. Жеке меншік қол тигізілмейтіндей киелі күйге келуі керек. Міне, сондықтан да Ұлыбритания мен Франция тәуелсіздік пен конституцияны қолына ұстатып берген елдер (тиісінше 40 ел және 25 ел) солардың үлгісі бойынша демократиялық болып шықпады. Иракта да, Ауғанстан- да да солай. 50 жылдай АҚШ-тың отарына айналған Филиппин де демократия орната қоймады.
Жоспардан нарыққа, ұжымдық меншіктен жеке меншікке көшу де ауыр да ауқымды іс еді.
Төл теңгені енгізудің жолы қиын болмады ма? Өз валютамызды иеленген соң ғана шын мәніндегі экономикалық егемендікке қадам бастық емес пе?
Жаңа экономиканың жемісін көргенше қанша жылымыз кетті!
Енді, міне, нақты нәтижесіне қол жеткізіп отырмыз.
Кеңес империясы құлаған сәтте бізде ішкі жалпы өнім екі есе қысқарды, азық-түлік пен халық тұтынатын тауарлардың тапшылығы айқын сезілді.
Біздің үштұғырлы міндетіміз — нарықтық экономика құру, то- талитарлық идеологиялық жүйені бұзу және қоғамның барлық ин- ституттарын жаңғырту болды.
Біз әлсіз экономикамен және жағдайы жоқ азаматтармен демо- кратиялық институттар қалыптастыру мүмкін болмайтынын түсініп, экономиканы дамыту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру ісіне баса мән бердік. Соның нәтижесінде экономикамызды 15 есе, ал ха- лықтың табысын 9 есе (доллармен есептегенде) арттырып, кедейшілік деңгейін 10 есеге жуық қысқарта алдық.
Осы жылдар ішінде біз салмақты шетелдік инвестицияларды тарта алдық, Ұлы Жібек жолының бойында ірі инфрақұрылымдық жоба- ларды іске асырдық, жаңадан көптеген тауар түрлерін шығаратын осы заманғы өндірістер құрдық, халықтың әл-ауқатын арттырдық. Қазақстан саяси тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да халықа- ралық процестердің толыққанды қатысушысына айналды. Тәуелсіздік жылдарында елге шамамен 400 миллиард АҚШ доллары тікелей шетел инвестициялары тартылды. Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) мәліметі бойынша, Қазақстанның ІЖӨ-сі 1993 жылғы 5,15 мил- лиард доллардан 2020 жылғы 164,79 миллиард долларға жетіп, 32 есе өсті. Жан басына шаққандағы ІЖӨ 1993 жылғы 304,85 доллардан 2020 жылғы 8,7 мың долларға жетіп, 28 есе артты. Қазақстан әлемдегі дамыған 50 елдің қатарына қосылды.
Қазіргі биігімізге қарайық. 1991 жылы, тәуелсіздік бастауында біз шамамен 26 миллион тонна мұнай өндіретінбіз. 2021 жылы Қазақстанда өндірілген мұнай көлемі 85,7 миллион тонна болып, қайта өңдеудің көлемі 17,1 миллион тоннаны құрады. Біз бүгінде мұнайымызды қырыққа жуық елге жеткізіп отырмыз. Сол жылы газ өндіру көлемі 54 миллиард текше метрге жетіп, газ экспортының көлемі 7,7 миллиард текше метрге, сұйытылған газ мөлшері 3,1 миллион тоннаға барды.
Инфрақұрылымдық бағдарламаны орындау барысында 14 мың шақырым автожол салынды. Бұл бұрын-соңды болмаған, ұрпақтарға кететін рекордтық іс. Осы заманғы жолдардың экономика үшін ерек- ше маңыздылығын атап айту керек. Қазір қазақстандықтар тамаша төселген автобандармен жүріп жатыр. Өңірлердің байланысы ыңғай- лы, жылдам болып алды.
«Батыс Қытай — Батыс Еуропа» автокөлік белдеуінің Қазақстан арқылы өтетін, ұзындығы 2800 шақырымдық бөлігін тез арада салып шығу оңайға түсіп пе екен? Бүгінде еуропалық стандарттарға сай сапамен, кең-мол етіп төселген, тақтайдай тегіс сол жолмен артар жүгімізді тезірек жеткізіп, барар жерімізге уақтылы үлгеріп жатыр- мыз. Облыс пен облыстың арасын жалғап тұрған жаңа автокөлік жолдарымыз қаншама?
Болашақ ұрпақтар бүгінгі буынның осы тартуын есте ұстасын және қызығын көрсін.
Ал теміржолдар салуда біз нағыз сілкініс жасадық. 1200 шақы- рымдық «Бейнеу — Жезқазған», 540 шақырымдық «Сексеуіл — Бей- неу», 403 шақырымдық «Хромтау — Алтынсарин», 149 шақырымдық «Шар — Өскемен», 184 шақырымдық «Ақсу — Дегелең» сияқты болат магистральдарды салу деген айтуға ғана оңай. Жалпы, тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда жаңадан 2500 шақырымдық теміржол төселгені — кеңестен кейінгі кеңістіктің рекордтық көрсеткіші. Біздің буынның адамдары Байкал-Амур магистралінің (БАМ) құрылысы қандай қарқынмен жүргізілгенін ұмыта қойған жоқ. Ол Бүкілодақтық комсомол құрылысы болып жарияланған еді. Бұрын бидайдан миллиард пұт астық жинасақ, бөркімізді аспанға ататынбыз. Бұл — 16 миллион тонна деген сөз. Оған диқандарға қосылып, студенттер, солдаттар, одақтас республикалардан келген ком- байншылар жабылып жататын. Қазір 20, тіпті 25 миллион тоннадан астам бидайды қамбаға қиналмай құямыз. Оның жартысы экспортқа шығарылады. Бар жұмысты шаруа қожалықтарының өзі-ақ тындырып тастайды. Өйткені, қосымша жұмыскерді тартқаны үшін кететін шығынды есептейтін қожайын пайда болды. Ауылшаруашылық техни- касы да қазір басқаша. Ауыл шаруашылығы — біздің экономикамыз- дың маңызды саласы. Бұл салада ауыл шаруашылығының барлық түр- лерінің өнімдерін молайта түсу үшін әлі де көп іс атқаруға тура келеді. Алғашқы кезде күрт кеміп кеткен мал басы бірте-бірте өсіп келеді.
2012 жылы ірі қара 5,7 миллион бас болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 8,2 миллионға жеткен, яғни он жылда өсім 44 пайызды құраған.
Белгілі публицист Дмитрий Валовой 1993 жылы шыққан «Кремлевский тупик и Назарбаев» атты кітабында: «Қазақстан Үкіметі бас- шысының пәтері шағын — шамамен 70 шаршы метрдей» деп жазған еді. Қазір ондай пәтерде тұратындар жүз мыңдап саналады. Бір кезде премьер-министр місе тұтқан 70 шаршы метрлік пәтерді тарсынатын жағдайға жеттік. Шүкір. Отыз жылдың ішінде жалпы көлемі 169 мил- лион шаршы метр пәтер салынып, 1,5 миллион отандасымыз тұрғын үй жағдайын жақсарта алды. Тұрғын үй құрылысына 3,6 триллион теңге инвестиция жұмсалған. Ал статистика есепке ала бермейтін игіліктер қаншама! Біз жеке құрылысқа жағдай жасай алдық. Ауылды жерде ескі үйін кеңейтіп алғандар да, жаңадан үй салғандар да, ұлдары мен келіндерін отау үй етіп шығарғандар да, қалалық жерде саяжайлы, коттеджді, виллалы болып қалғандар да тұрғын үй жағдайын жақсартқандар қатарында қарастырылуы тиіс. Біздің қалаларымыз бен ірі елді мекендерімізді, әсіресе Астана мен Алматыны алып қарайықшы. Қай-қайсысында да жекешенің үйі салынған ірі массивтерді көресіз. Қазіргі заманғы қалаларға бұл қалыпты жай. Кезінде тұрғын үйге жұмсалған қаржыны заңдастыру жөнінде шешім қабылданған еді. Біз халықтың өмір сүру деңгейі жоғары болатын елді құрып жатыр- мыз. Үйлер неғұрлым көп салынса, қаржы неғұрлым көп жұмсалса, бюджетке түсетін салық та көбейе береді.
Елордамыз ұлттық мақтанышымызға айналды. Біз оны байтақ даланың шын иесі кім екенін алыстың да, жақынның да есіне салу үшін де жасадық. Бұл арқылы біз қазақтың осы бір құйқалы өңіріндегі ұлттық дәстүрді, тілді, өнерді, әдетті, әдепті шайылудан, жойылудан сақтап қалдық. Осы идеяны егемендіктің елең-алаңынан-ақ жеке-дара қолға алып, талай-талай күмән келтірілгеніне қарамастан, соншама қиындықты еңсере жүріп, жеріне жеткізгенім — өмір бойы айтып өтер мақтанышым.
Астананың 25 жылдығына орай 2023 жылғы 5 шілдеде өткен бауыр- лас қалалардың форумында Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тәуелсіз Қазақ- станның тарихы елдің бес қаласының тарихымен тығыз байланысты. Астананы ауыстыру дұрыс геосаяси қадам болды. Бұл — халқымыз- дың болашақ тағдырын айқындаған аса маңызды және дер кезінде қабылданған тарихи шешім. Тұңғыш Президенттің осы бастамасы жаңа ұлттық идеяға айналды. Бұл шешім еліміздің, халқымыздың ұлттық мүддесіне сай келгеніне ешқандай күмән жоқ. Сондықтан бәріміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл саладағы еңбегіне лайықты, әділетті баға беруіміз керек» деп атап айтты.
Осы кітапты аяқтар кезде, 2023 жылғы 6 ақпанда Түркия мен Си- рияның шекарасы түйісетін тұста қатты жер сілкінісі болды. Зілзала кіндігінде сілкініс күші 7,8 баллға жетті. Мыңдаған үйлер қирады, ондаған мың адам көз жұмды. Хатай провинциясында тіпті қара жер қақ айырылып кеткенін, ені 300 метрге, тереңдігі 30 метрге жететін ұзыннан-ұзын алып жыра пайда болғанын интернеттен көрдік. Түр- киялық, сириялық бауырларымыздың қасіретіне жан-жүрегімізбен ортақтаса отырып, сол күндері біздегі талай адамның кезінде ел аста- насын Арқа жеріне ауыстыру жөніндегі шешімді қабылдайтын тұста Алматының аса қауіпті жер сілкінісі болуы мүмкін аймақта тұрға- нын ескергенімізді де ойға алғанына сенімдімін. Иә, астананы жер сілкінісінің қатері жоқ жерге алып келу стратегиялық дұрыс қадам екені бұл аса маңызды мемлекеттік мәселеге осы жағынан қарағанда да айқын көріне түседі. Екінші жағынан, мынандай сұмдық табиғат апаты біздің бәрімізге елдің оңтүстік, шығыс өңірінде, яғни жер сіл- кінісі қаупі айқын жерлерде, әсіресе 1910 жылы жойқын зілзала орын алған Алматыда қала құрылысын жүргізуде тиісті талаптарды қатаң сақтауды міндеттейді. «Сақтансаң — сақтаймын» деген сөз бар. Біздің Астанамыз — тамаша қала, оның халқы өзінің елордасы үшін де, өзінің елі үшін де лайықты мақтанады. Біз оны салуды мемлекет қалыптасуының ең бір күрделі кезеңінде бастадық. Бірақ біз алған беттен қайтқан жоқпыз. Сөйтіп мақсатқа жеттік. Кезінде Колумбтың матростары жүзе беруден қажып, оны кері қайтуға үгіттеп баққан екен. Бірақ капитан көнбей тұрып алған. Сөйтіп экипаж Америка жағалауына жеткен, Колумб еуропалықтарға Жаңа Әлемді ашып берген. Сол сияқты біз үшін де жаңа мемлекеттің жаңа астанасын салу сондай маңызды белеске айналды.
Астананың жайын әңгімелегенде кезінде қаланың атын ауыстыру жөнінде неше түрлі сөз айтылғанына назар салғым келеді. Осыған байланысты түсініктеме бере кетпекпін.
1998 жылғы 6 мамырда жаңа елордамыздың тұсаукесері алдында мен Ақмола қаласының атын Астана деп өзгерту туралы ұсыныс жасадым. Бұл орайда жергілікті билік орындарының, жұртшылықтың тілегі және Үкімет жанындағы Мемлекеттік ономастикалық комиссияның қорытындысы еске алынды.
2010 жылдың желтоқсанында Астананың атын өзгерту, қаланы Тұңғыш Президенттің атымен атау жөнінде «Желтоқсан жаңғырығы» қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелері бастама көтерді, оның төрағасы Төлеген Әлжан болатын.
2016 жылдың қарашасында Парламент Мәжілісінің депутаты Қ. Сұлтанов Тұңғыш Президенттің құрметіне қаланың атын өзгер- туді ұсынды. Мен ол ұсынысқа қарсылық білдірдім.
2019 жылдың 20 наурызында Президент Қ. К. Тоқаев Астананы Нұр-Сұлтан деп атауды ұсынды. Ұсынысты қалалық мәслихаттың депутаттары, кейіннен Парламент бірауыздан қолдады. 23 наурызда «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен елорданың атын өзгерту жөніндегі тиісті жарлыққа қол қойылды.
2022 жылдың 17 қыркүйегінде дәл сол депутаттар қалаға Астана атын қайтаруды жақтап дауыс берді.
Алайда, ең бастысы — біздің Астанамыздың елорда ретінде орныққаны, қарқынды дамып келе жатқаны, қазақстандықтардың асқақ азаматтығының айғағындай болып өркендеп өскені.
«Американы Америка еткен — автомобиль» деген сөз бар. Автомо- биль Қазақстанның да өмірін өзгертті. Жеке көлікке тек қалталылар- дың қолы жететін кез келмеске кетті. Елдегі халық саны 20 миллион- дай ғана екенін, әр үйде орташа алғанда бес адам болатынын ескерсек, бізде шамамен 4 миллионның төңірегінде отбасы бар деуге келеді. 2021 жылдың 1 қазанына дейінгі мәлімет бойынша, Қазақстандағы жеке көліктің саны 3,8 миллионнан астам екен. Бұдан бүгінде бізде жеке көліксіз отбасы қалмаған деген қорытынды шықпайды, әрине. Талайлардың көлік ала алмай жүргені белгілі. Сонымен бірге, қазір ауылдық жердің өзінде бір үйден екі адамның жеке көлік мініп жүруі онша таң емес. Ауласынан үш көлік шығып жататын үйлер де табы- лады. Қаланы айтпай-ақ қояйын. Соның өзінде де жеке автокөлік міну қазақстандықтардың кәдуілгі өмір салтына айналғанын анық көреміз. Бұл ненің белгісі? Барлықтың белгісі. Автомобиль молшылықтың да мөлшері және жүріп-тұрудың құралы дегеннің өзінде де, біздегідей халқы аз елде мұнша көліктің болуын жақсылыққа жатқызған жөн. Айтқандай, сол көліктердің біразы қазір өзімізде құрастырылады. Тарихта бірінші рет өзіміз автомобиль шығара бастадық. Бір кезде мұны тек армандаушы едік. 2020 жылы еліміз 77 471 көлік шығарған. Сол көрсеткіш 2019 жылы 50 541 болғанына назар аударсақ, автоө- неркәсіп саласының соңғы жылдарда дүр сілкініске түскенін көреміз. Қазірдің өзінде автокөлік өнеркәсібі Қазақстандағы мәшине құрылы- сы көлемінің 33 пайызына жетіп қалған.
«Қазақтың тойы бітпейді» деп кінәлаймыз. Бітпесін. Тойымыз тарқамасын. Бұлай дегенде мен сол тойлардың кейбіріндегі шашпа- төкпелікті ақтағалы отырған жоқпын. Астамшылық, ысырап керек емес. Бірақ кейінгі кезге дейінгі таусылмайтын тойлар нені білдіретін еді? Қалай дегенде де, барлықты білдіретін еді.
Тәуелсіздіктің үшінші онжылдығын мемлекетіміздің кемелдену кезеңі дегенде осы кезеңде қол жеткендердің арасынан 2050 жылға дейінгі дамудың стратегиялық бағдарламасын қабылдағанымызды, бірнеше бағыт бойынша ауқымды жоспарларды жүзеге асырғаны- мызды, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұлттың рухын көтергенімізді, көне Түркістанды түлеткенімізді, саяси реформаларды жалғастырғанымызды, халықтың саны 20 миллионға жуық адамға өскенін айтуға болады.
Ана тілімізді төрге оздырып, тұғырға қондыру тарихи жеңіске жатпайды деп кім айта алады? Саны елдегі халықтың жартысына да жетпей тұрған жұрттың тілін елдегі жалғыз мемлекеттік тілге айналдырдық емес пе? Мыңға жуық қазақ мектебін аштық. Бір кезде 600-ге жуық қазақ мектебін жапқан республика едік қой.
Тәуелсіздік жылдарында елімізде 1800-ден астам мектеп салынды, 1999 жылдан бері балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 10 есе өсті. 1800-ден астам аурухана мен емхана тұрғызылды, адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы 71,4 жасқа жетті. Ұлт денсаулығын нығай- туға, спортпен, дене тәрбиесімен айналысуға жағдай жасалды. Ел бойынша 38 спорт нысаны бой көтерді, шамамен 8 мыңдай спорт алаңдары бой көтерді.
Ұлт мәдениеті де жаңаша өрлей бастады. «Мәдени мұра» бағдарламасы қолға алынып, соның арқасында көптеген артефакттер сақталып қалды. 9 мемлекеттік қорық-музей құрылды, елде 20 театр ашылды. Ұлттық кино әлемде танылып, мойындалды, қазақ мәдениетінің жас шеберлері өз өнерін атақты сахналарда көрсетіп жүр.
Бар қазақ — бір қазақ.
Тарихтың тауқыметімен дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашырап кеткен қандастарымызды елге оралтудың орайын келтіру, миллионнан астам бауырларымыздың атамекенге жетіп, ағайын арасына сіңісуіне жағдай жасау қандай жауапты әрі сауапты іс болғанын айтудың өзі артық. «Тоталитаризмнен азаттыққа көшу ешқашан жеңілге түспеген… Президент Назарбаев Қазақстанды бүгінгі шыққан биігіне жеткізу үшін батылдық пен сақтықтың үйлесімін пайдаланды. Коммунизм бұғауларын быт-шыт қылған ел өзінің ерекше қазақы қасиеттерін сақтап қалды» — Маргарет Тэтчер осылай деген. Қандастарымыз сол қазақы қасиеттерді қастерлі ете түсуге септеседі, ал өздері ортақ отаншылдық сезімдерін серпілте береді деп сенемін.
Бауырларыма, олармен жұмыс істейтін билік орындарына қатысты айтар жайдың тағы бірі мынау. Тарихи Отанға оралуды міндетсудің керегі жоқ. Ол — азамат парызы. Ол — мемлекеттің орындалған қарызы. Джон Кеннедидің сөзін пайданалар болсақ, ең алдымен «Қазақстаным маған не береді?» деп емес, «Мен Қазақстаныма не беремін?» деп ойланған жөн. Ал Қазақстанға бере алатын көмектің көкесі — халық азырақ орналасқан, жұмыс күшін көбірек керек ететін өңірлерге көшіп бару, сол жерлерде өсіп-өну, еңбек ету, халқымыздың қатарын қалыңдату, елге ие, жерге кие болу.
Жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыны уақтылы бере алмай жатқанда құрыққа сырық жалғап жүріп, мемлекеттік «Болашақ» стипендиясын белгіледік, сол бойынша бүгінге дейін он бес мыңға жуық жас шет елдердің таңдаулы оқу орындарында білім алды. Солардың бірінің Facebook әлеуметтік желісіндегі пікірін келтірейін: «Болашақ» бойынша оқығаным менің өмірімдегі ең бір тамаша тәжірибем деп айта аламын, бұл бағдарлама — қазақстандық жастар үшін әлемнің ең таңдаулы жоғары оқу орындарында білім алуға, өздерінің танымын тереңдетіп, келешекте елдің дамуына пайдалануға кең мүмкіндік аша- тын алып терезе сынды бірегей жоба. Менің шетелдік достарымның бәрі дерлік «Шынында да, Қазақстанда осындай бағдарлама бар ма? Сонда қалай, Қазақстанда мемлекет өздерінің студенттері үшін ақы төлейтіні рас па?!» деп сұрайтын және ««You are probably kidding man!» деп қосып қоятын. Әлемдегі елдердің барлығының дерлік аза- маттары осындай бағдарлама бойынша оқуды тек арман ете алады деп айтсам, еш артығы жоқ». Бұған не қосып-аларсыз? Дәл солай. Түркілер төрі — Түркістанды түлеттік. Түркістан шаһары екі жыл- да бой көтеріп, сәнді қалаға айналды. Менің тапсырмам бойынша Түркістан облысының құрылуы қазақ елінің шын мәнінде бүкіл түркі жұртының қасиетті қара шаңырағы екенін айшықтай түсті. Шымкент шаһары миллиондық мегаполиске айналды.
Көпвекторлы халықаралық қарым-қатынасты ойдағыдай орнатып, Батыспен де, Шығыспен де тіл табыса білгеніміз, Тәуелсіз Мемле- кеттер Достастығын құрудың басында тұрғанымыз, Еуразиялық экономикалық одақты, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесін құрудың бастамашысы болғанымыз, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына, Ислам ынтымақтастығы ұйымына төрағалық еткеніміз, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайланғанымыз, Түркі кеңесін ұйымдастырғанымыз, ЭКСПО — 2017 көрмесін, қысқы Азия ойындарын өткізгеніміз, өзімізді білікті халықаралық медиатор ретінде таны- тып, бірқатар бітімгерлік миссиясын сәтті атқарғанымыз… Осының бәрі әлемде Қазақстанның жақсы атын шығарып, дүние дидарына танымал етті, қомақты инвестиция тарта алуымызға септесті.
Өркенді өзгерістерді осылай тізе берсек, таусылар ма? Мен санамалап қана өткен осы жақсылықтың, жетістіктің бәрі өзіміздің қолы- мызбен жасалды, өзіміздің игілігіміз үшін жасалды. Бұлар — біздің еркін ел ретінде алған абыройлы асуларымыз.

Пікір қалдыру үшін сізге логин қажет немесе өтіңіз
Синопсис
1/9

Листайте главы с удобством

Можете переключаться между главами книги в любое время. Насладитесь плавным переходом к интересующим вас частям текста!
Далее Завершить обучение
2/9

Настройте шрифт под себя

Изменяйте размер шрифта, чтобы чтение было комфортным для ваших глаз. Настройте отображение текста так, как вам удобно.
Далее Завершить обучение
3/9

Читайте синопсис

Не знаете, с чего начать? Ознакомьтесь с кратким содержанием книги, чтобы быстро понять основные идеи.
Далее Завершить обучение
4/9

Исследуйте содержание книги

Посмотрите все главы и подглавы в удобном навигационном меню. Найдите интересующие вас разделы одним кликом.
Далее Завершить обучение
5/9

Сохраняйте закладки

Добавляйте закладки, чтобы не потерять важные моменты. Вернитесь к нужному месту в книге в любой момент.
Далее Завершить обучение
6/9

Открывайте мини-справочник

Кликайте на «Мини-справочник» для доступа к дополнительной информации. Нажмите на текст, и модальное окно откроет полезные материалы.
Далее Завершить обучение
7/9

Просматривайте таймлайн событий

Интерактивный таймлайн поможет вам увидеть ключевые события книги. Кликните, чтобы открыть окно с подробной информацией.
Далее Завершить обучение
8/9

Наслаждайтесь цитатами

Ищите вдохновение? В разделе цитат собраны самые яркие мысли и высказывания.
Далее Завершить обучение
9/9

Делайте записи в блокноте

Зарегистрируйтесь и получите доступ к личному блокноту. Записывайте свои идеи, заметки и важные мысли прямо во время чтения
Завершить обучение
AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу