EPG

«Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа»

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты кітабы – қазақ халқының ғасырлар бойы тәуелсіздікке ұмтылған арманын жүзеге асырған қазіргі Қазақстанның негізін қалаушының естеліктері. Бұрынғы президент өзінің жастық шағын, Кеңес дәуіріндегі және егеменді Қазақстан кезеңіндегі саяси қызметін және биліктің мұрагеріне ауысуын еске алады. Ол жеке өзі қатысқан тарихи оқиғаларды егжей-тегжейлі баяндайды. Бұл мемлекеттің жойылуы мен құрылуы, көпұлтты елде тәуелсіз саясат жүргізу және оның бірлігін сақтау туралы шынайы әңгіме. Автор билікті кім және не үшін алатынын және миллиондаған адамдардың тағдыры үшін жауапты екенін түсіндіреді. Сонымен қатар, ол алғаш рет отбасылық өмірінің қыр-сырын ашық айтады.

Онлайн оқу

ЕРТЕҢІ ЕҢСЕЛІ ЕЛ

Тайғақ кешулі тәуелсіздік

«Адамзат тарихындағы ең айтулы оқиғаларға толы ғасырлар тоғы- сында елімізді басқару маған үлкен сеніммен қатар зор жауапкер- шілік жүктеді. Мен өзім басшылық еткен отыз жылға жуық уақыт бойына туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым» — 2021 жылдың желтоқсанында, Тәуелсіздіктің отыз жылдығы қарсаңында жариялаған «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаламда осылай дегенмін.
Ол күш-жігер текке кеткен жоқ!
Мен бұл сөзді нық сеніммен айта аламын. Аянбағаным анық. Аян- бағанымның арқасында азат елдің айбыны асқаны да анық.
Дәлелдейін.
Біз тәуелсіздік туын отыз жыл бойы орнықты ұстап келдік. Отыз жыл бойы таңымыз тыныш атып, күніміз тыныш батты.
Отыз жыл бойы өстік, өркендедік. Қандай қарқынмен өстік, қаншама өркендедік, бұдан көбірек өсе алар ма едік, өркендей алар ма едік деген әңгіме — басқа әңгіме. Оған да келеміз.
Мемлекет құрылды. Тәуелсіздік тұғырланды. Ел бола алдық. Дүние тағы да екі дай болып тіресуге айналған, күштілердің әл-
сіздерге тізесін батыруы жиілей түскен қазіргідей күрделі кезеңде бостандықты баянды ету бұрынғыдан да қиындап барады.

Ерлік пен елдікті ту еткен, жасампаздықты жалау еткен халқымыздың дербес мемлекеттілікті сан ғасырдан кейін ғана қалпына келтіре алғаны біз үшін тәуелсіздіктің қадір-қасиеті алабөтен екенін айрықша айғақтайды.

Арғыдағы бабаларымыз, бергідегі аталарымыз аласапыран замандардағы алақұйын дауылдарға төтеп беріп, елді, жерді сақтап қалды, ұлық ұлыс құрды. Талай жұрт алапат соғыстар мен арпалысқан айқастарда үдере көшіп, бордай тозып, тастай үгіліп, құмдай шайылып кеткен замандарда қазақтар түркі жұртының ата қонысын, қара шаңырағын сақтап қалды. Дана бабаларымыз өзін ғана емес, адал ғұрпын, дарқан көңілін, таза тілін, әсем әні мен қоңыр күйін, мәйекті мәдениеті мен бай әдебиетін қоса сақтап, ұрпағына аманаттай білді.
Тамырын да, тарихын да, күш-қуатын да Ұлы даладан алатын, көптеген этнос өкілдері татулық пен келісімде, береке-бірлікте бірге өмір сүріп жатқан дәл осындай елдің ұлы мен қызы болу — әр қазақстандықтың маңдайына жазылған бақыт.
Мен бұл сөзді қай- талаудан танбаймын.
Тәуелсіздіктің мән-мағынасы туралы түрлі ғылым өкілдері өзінше тұжырым жасайтыны анық. Бірақ бір нәрсе ақиқат, ол — ата-бабала- рымыздың азаттық жолындағы жан алысып, жан беріскен сан ғасыр- лық күресінің заңды жемісі. Осы ауыр жолдағы сансыз шайқастар мен көтерілістерде қаншама қаһармандарымыз шейіт кетті. Оларды еске алу, құрметтеу — біздің парызымыз. Сондықтан біз жаңа заманда қантөгіске жол бермей, тәу етер жалғыз киеміз — тәуелсіздікке сабыр мен төзімділік, ақыл мен парасат арқылы қол жеткіздік.
Мұның бәрін өзімнің өмірімнен де көремін. Арғы дәуірлердегі отаршылдыққа қарсы қиқаласқан күресті былай қойғанда, жаңа за- ман алдындағы, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске Қарқара, Қастек, Самсы деген өңірлерде менің батыр бабаларым да қатысқан. Бізді талай ғасыр езген патша билігі құлап, большевиктер жарылқай ма дегенде халқымыз бұрын-соңды болып көрмеген алапат ашаршылыққа ұрынды. Мұның сұмдық сипатын аңғарту үшін аз уақыт аясындағы — 1921–1922 және 1930–1932 жылдардағы зорлап ұжымдастырудың қиянатынан қазақтың тең жартысы қырылғанын айтудың өзі жетіп жатыр. Осындай екі-үш жылдық сүргіндерде тең жартысынан айы- рылған басқа халық бар ма екен мына жердің бетінде?!
Патшалық Ресейдегі 1913 жылғы ресми санақ бойынша, сол кез- де Дала өлкесінде, Түркістан өлкесіндегі қазақтарды қоспағанда, 5 миллион 597 мың халық тұрған. Түркістан өлкесінде де қазақтар аз болмағаны белгілі. Ал арада жарты ғасырдай уақыт өткенде, КСРО- да 1959 жылғы санақта Қазақстандағы қазақтардың саны 2 миллион 787 мыңға дейін кеміп, республика халқының 30 пайызын ғана құраған. Бұл сұмдық сойқанда соғыс алдындағы сталиндік қанды репрессияның ұлтымыздың сүт бетіне шығар қаймақтарын жалмап кеткенінің де әсері үлкен. Оның сыртында тың игеру деген науқанның тұсында елге бәрінен бұрын нан керек деп трактор бара алатын жердің бәрін дерлік жыртып тастап, негізінен мал шаруашылығымен айналысатын қа- зақтарды жайылымсыз қалдырғаны, сөйтіп малдан айырғаны тағы бар. Әрине, мен бұл оқиғалардың бәрін көзіммен көрмесем де, әкем мен анамның өзегін мұң мен зар өртеп, жанарын жасқа шылап отырып айтқан сөздерінен, азаттық жолында шейіт болған аруақтарға арнап, күбірлеп оқыған дұғаларынан естіп-біліп, көкірегіме түйіп өстім.
Қазақтың төзімділігіне кейде таңғаламын. Көнбеске көніп, шыда- масқа шыдаған, болашағы бұлдыр деген күннің өзінде сағын сындыр- май, келешектен үмітін үзбеген, қиындық атаулыға қасқая қарсы тұрып, үздіксіз алға жылжыған, неткен мықты халық бұл! Осындай халықтың бақытты болашағына қалай сенбейсің!
Мына ойды қайталай айтқым келеді.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, Тәуелсіздікті ұстап қалу әлдеқайда қиын. Бұл әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткерген тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа жөнсіз тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тәуелсіздікті қолда берік ұстап тұрудың қиындығынан қаймықпайық.
Тәуекелі тұратындардың ғана қолы жетпесе, Тәуелсіздік бола ма? Азаппен, арпалыспен келмесе, Азаттық бола ма? Оңайлықпен келсе, оның қадірі бола ма? Қадірі жоқ нәрсе қолда ұзақ тұра ма? Алдан шығар сын белестерден білекке — білек, жүрекке — жүрек,
тілекке — тілек қоса білсек қана абыройлы өте аламыз.
Өтеміз де!
Батыр бабалар қорғап қалған кең-байтақ өлкемізді түгел құлпыр- тып, түгел көркейту — біз бен ертеңгі жеткіншектердің үлесіне тиіп тұр. Азат еліміздің жастары тәуелсіздікке барар жолдың қандай азапты болғанын, оған қандай құрбандықтар мен сынақтар — 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, азамат соғысы, ашаршылықтың алапат екі толқыны, саяси қуғын-сүргін мен репрессиялар, Ұлы Отан соғысы, тың игеру жылдарындағы жаппай қоныс аударудың зардабы арқылы жеткенімізді білуі керек. Мұның өзі өткен тарихты қастерлеп, одан сабақ алу үшін қажет. Қазақта «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасырын білмейтін ел жетесіз» деген мақал бар.
Кеңес Одағы сынды алып империя өткен ғасырдың 70-жылдары тарихшылар қауымы «тоқырау» деп айдар таққан күрделі кезеңге аяқ басты. Тек жоғары билік бекіткен жоспар мен қосып жазуға негізделген кеңестік экономика, жалаң ой, жадағай пікірлі коммунистік идеология қоғам дамуын тығырыққа тіреді. Тоқырау кезінде ел экономикасында орын алған мүшкіл халді металлургия комбинатында істеген, Қараған- ды облыстық партия комитетінде хатшы, екінші хатшы қызметтерін атқарған 70-жылдардың соңында айқын аңғара бастадым. Ал маған Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы ретінде экономика жағын басқару сеніп тапсырылған, кейіннен Қазақ КСР Үкіметінің басшылығына тағайындалған 80-жылдары жағдай тіпті асқынып кетті. Сол он жылда мен кеңестік экономиканы толық тани алдым. М. С. Горбачевтің «қайта құруы» тоқырауға тіреліп тұрған қоғамға серпіліс әкеле алмады, керісінше, көпсөзділікке, жаппай жарнамалық ұрандарға жол берілді. Экономикалық базис жасалмай, асығыс басталған «бетбұрыс» жылдар бойы қордаланған проблемаларды одан әрі өршітіп, шарықтау шегіне жеткізді.
КСРО-дағы алғашқы демократиялық сайлаудың нәтижесінде іріктелген халық депутаттарының І съезі 1989 жылдың мамыр-маусым айларында өтті. Қазақстан Министрлер Кеңесінің төрағасы ретінде алып Одақтың экономикасында орын алған мүшкіл жағдайды ашық айтуға тура келді. Кремльдің Съездер сарайының мінберінен сөйлеген сөзімді қаз-қалпында келтірер болсам, былай деген екенмін: «…Қызметтік міндетім бойынша практикалық экономика мәселелерімен айналысып жүрген менің айтарым: біз бүгінде ел экономикасындағы шынайы жағдайды нақты білмейміз. Өздеріңіз ойлап көріңіздер: КСРО Мемлекеттік статистика комитетінің деректері бойынша, елдегі азық-түлік өндірісі артқан, бірақ сөрелер бос. Жоспарлар орындалуда, ал экономиканың ахуалы нашарлап барады. Неге? Мұндай «негелер» тым көбейіп кетті. Түптің түбінде экономикадағы дағдарыстың қан- шалықты тереңдеп кеткенін анықтап, оны еңсерудің айқын жолын табуымыз керек-ақ.
Он екінші бесжылдық жоспары тоқыраудың ең тозған дәстүрлері негізінде жасалды».
Әрине, екі күннің бірінде «қайта құру», «бетбұрыс», тіпті «жедел- дету» деп ұрандатып жатқан М. Горбачевке «он екінші бесжылдық тоқыраудың ең нашар дәстүрі негізінде жасалды» деген сөз ұнай қойған жоқ. Тіпті регламентпен шектегісі келгендей сыңай танытты. Бірақ залдың дүркірете қол соққаны оның мені тоқтатуына мүмкін- дік бермеді. Сөзімді аяқтап, залға қарасам, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Г. В. Колбиннің өңі сұрланып кеткен екен. Бірақ ел мүддесі, халық тағдыры талқыға түскен мұндай сәттерде аянып қалуға болмайтын еді.
Одақтың кетеуі кетіп, іргесі сөгіле бастаған кейінгі екі жыл ішінде қалыптасқан нақты жағдай тіпті ушыға түсті.
Кейін зерттеушілер «егемендік шеруі» деп айдар таққан үдерісті 1989 жылы алдымен Балтық елдері бастап, Кавказ республикалары жалғастырды да, артынан бүкіл Кеңес Одағын қамтыды. 1990 жылдың аяғына дейін Одақ құрамындағы 15 республика түгелдей өз егемен- дігін жариялап үлгергенімен, Эстония, Литва және Латвиядан басқа 12 республика әлі Одақ құрамында болатын. Бірақ М. С. Горбачев қаншалықты жанталаса қимылдап, Одақты сақтап қалуға әрекет еткенімен, КСРО-ның одан әрі ыдырауын тоқтату мүмкін емес еді.
Ыдырай бастаған нәрсені қалай сақтап қаларсың? Мен сол кездегі оқиғалардың дәл ортасында жүрдім, ол кезең жайында әлі күнге дейін ойланып қоямын. Дәл сол кезде елде нан жетпей жатқан. Бұрын сыртқа бидай шығаратын ел енді өзі бидайсыз қалды. Тапсырыс берілген бидай кемелерге тиелген күйі Балтық бойындағы порт- тарда тұр. Алайда оған төлейтін ақша жоқ, содан Михаил Горбачев америкалықтардан ақша сұрады. Басқа салалардағы шаруасы да осыған ұқсас болатын. Горбачев олардың айтқанын істеді, ал Батыс оның айтқанын істемеді. Ельциннің тұсында да солай болды. Менің осы сөзіммен келіспейтіндер табылатынын білемін. Бұл жөнінде неше түрлі пікірлер бар. Иә, әлем өзгеріп кетті, қырғи қабақ соғыс аяқталды, тағы басқа дейді. Ал қазір немене, дәл сондай текетірес болып тұрған жоқ па?
Алып ел неліктен мұндай күйге түсті, неге күйреді? Көптеген шет елдердің басшылары кездесулер кезінде менен осы жайында сұрай- тын. М. Горбачев КОКП Орталық комитеті Бас хатшысының барша жұрт бағынатын мықты билігіне ие болып қалған еді ғой.
Осы жағдай Қытай Халық Республикасының басшыларын қатты қайран қалдыратын. Біз мұны ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен талай талқылағанбыз. Кездескен сайын менен сол жайдың қалай болғанын, себебі неде екенін сұрайтын. Өзінің елін сондайдан сақтауды ойлай- тын болар, бәлкім. Мен қолымнан келгенше сақтандыратынмын, Горбачевтің қателіктері жөнінде айтатынмын.
Горбачевпен бір сөйлескенімде мен абайлап, былай дедім: «Михаил Сергеевич, осы өтпелі кезеңде біз Қытайдың тәжірибесін зерттеп көрсек қалай болар еді?». Оның талағы тарс айырылды. «Не айтып тұрсың, Нұрсұлтан? Артта қалған елден үйренетін не бар? Қарасай- шы, Батыс бізге көмектескелі жатыр ғой», деді. Егер батыс елдері КСРО экономикасына қолдау көрсетсе, ақша берсе, қазір Украи- наға көмектескендей етсе, онда ел өйтіп-бүйтіп сақталып та қалар еді. Бірақ Батыс мұны қалаған жоқ. Олар елдің ыдырап жатқанына айыздары қанды. Батыс елдерінің лидерлері, өздерінің алыстан ой- ластырған жоспарларын көздей отырып, осындай нәрсеге ұрындыру үшін Қытайды да айналдырып бақты. Әйтсе де көздегендері болмады. Тарихтың жолы да, дәстүрлер де, өзге жағы да басқаша еді.
АҚШ президентінен бастап, Еуропа елдерінің басшыларына дейін М. С. Горбачевті «Михаил досым» деп, арқасынан қағып қойып, оны батыстық демократияға тезірек көше қоюға үгіттеп жатты. Сон- да ауқымды инвестиция құйылады, халық еуропалықтардай өмір сүретін болады, даму басталады, тағы басқа деп сендірді. Тек демо- кратиялық қоғам құрсаң, сөз бостандығын берсең болды деді. Ол соған сенді. Оны алдап соқты. Мұны кейін өзі де мойындады.
Қытай Халық Республикасының, Малайзияның, Сингапурдың көшбасшылары білім болмайынша, жеке меншігі қол сұғылмастай қорғалған дамыған орта тап болмайынша, демократия өмір сүре алмайды деді. Англияда, еуропалық елдерде, АҚШ-та демократия ғасырлар бойы қалыптасқан ғой.
Келесі 1991 жылдың 18–21 тамызында әйгілі «тамыз бүлігі» жасалды. Ол Кеңес Одағы басшылығының дәрменсіздігін күллі әлемге танытты. Соның нәтижесінде 1991 жылдың тамыз-желтоқсан айла- рында қалған республикалар түгелдей өз тәуелсіздігін жария етті. Сол жылдардағы жағдай, біз атқарған жұмыс жөнінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың былай деп айтқаны бар:
«30 жыл бұрынғы қиын-қыстау күндерді қысқаша еске салғым келеді.
Сол кезді Нұрсұлтан Әбішұлынан артық білетін ешкім жоқ. Өндіріс орындары жаппай тоқтап, жұмыссыздық белең алды. Дүкен сөрелері бос қалып, жұрт әбден күйзелді.
Кешегі алып мемлекет ыдырап, дүние төңкеріліп жатты. Ел тығырыққа тіреліп, болашағына алаңдаумен күн кешті.
Оның үстіне көптеген белгілі саясаткерлер мен саясаттанушылар Қазақстан ешқашан егемен ел бола алмайды деп, түрлі болжам айт- қан еді.
Осындай өте ауыр ахуал Тұңғыш Президент үшін нағыз сынақ болды.
Соған қарамастан, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев шынайы лидер ретінде тарихымызда бұрын болмаған аса күрделі реформаларды жүзеге асырды.
«Бұл — тарихи ерлік» деп айтсақ, артық емес».
Біз бүгінде Қазақстан мемлекеттілігін қалыптастырудың ең сын кезеңдері артта қалды деп айта алатынымыз анық. Шекаралардың шегенделгені, жерасты қазба байлықтарын игеруге қол жеткізілгені, төл армиямыздың қуаттанғаны, бір кездегі Орталықтың шикізат шылауы болудан құтылып, экономиканың түпкілікті өнім өндіруге бейімделгені, индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық даму жолына түскеніміз осының айғағы.
Тәуелсіздікті жариялау оңайға түскен жоқ, оны бүкіл әлемге та- ныту одан да қиын еді. Мен Қазақстан тәуелсіздігінің осындай биік деңгейде танылуын да алдын ала ойластырып қойған болатынмын. Бірнеше ай бұрын дипломатиялық арналар арқылы келісудің нәтижесінде Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күннің ертеңінде елімізге ресми сапармен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Дж. Бейкердің өзі келді. Тәуелсіздіктің хабарын ести салысымен сол күні түнделетіп Алматы, қайдасың деп жолға шықпайтыны белгілі ғой. Бұл оның Қазақстанға екінші сапары. Осы уақыт ішінде екеуміз өзара сенімге негізделген достық қатынас орнатып үлгерген едік. АҚШ-тың сыртқы саясатына жауапты тұлға Қазақстанды тұңғыш Президент сайлауымен, тәуелсіздік жариялауымен шын жүректен құттықтады. Бұл ақпаратты онымен бірге келген шетелдік журналистер қауымы АҚШ пен Батыс елдеріне сол сәтте-ақ таратып жіберді.
Оқиғалар ағыны қарқын ала түсті. Экономикалық ынтымақтастықты сақтау үшін 21 желтоқсан күні Ресей, Украина, Беларусь, Өзбек- стан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Армения, Молдова және Қазақстан президенттері бас қосқан кездесуде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру жөнінде декларацияға қол қойылды. Саммит Қазақстан тарапының бастамасымен Алматыда өтті. Бұл бір кездері «КСРО құрамына енген республикалардың ендігі тағдыры қалай болады, кімнің жетегінде кетуі мүмкін?» деген әлем мемле- кеттерінің алаңдаушылығын сап тыйып, Достастық мемлекеттерінің бірлестігі дүниеге келді.
Біз тәуелсіздікті қолда ұстап тұра аламыз ба, әлде берекесіздікке жол беріп, бұрынғы күйімізге де зар болып қаламыз ба деген қауіп алғашқы жылдарда аз айтылмағанын жасырып-жабудың жөні жоқ. Қазақстан бұрынғы Одақ республикаларының арасында этносаралық қақтығыстар тәуекеліне барынша бейім деп саналғанын еш ұмытпауға тиіспіз. Не шықса да алдымен осылардан шығады деп болжалданған дәл сол Қазақстан кейіннен сан түрлі ұлттар мен алуан-алуан дін- дердің жарасымды үйлесімінің үйренетін үлгісіне айналды. Тәуел- сіздіктің алғашқы күндерінен бастап біз береке-бірлікке, ынтымаққа, ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімге негізделген саясатты жүзеге асырдық. Бұл елімізді үздіксіз өсу мен өркендеуге бастады.
Біз егемендік жолына түскенде өзіміз сияқты тәуелсіздігін жариялаған Грузия, Әзербайжан, Армения мемлекеттерінде, өкініш- ке қарай, соғыс өрті тұтанып, Приднестровье Молдовадан бөлініп кетті. Тәжікстанда азамат соғысы өршіп, бауырлас қырғыз елінде дүркін-дүркін дүмпулер мен қақтығыстар орын алып, сол жылдары басталған келіспеушіліктер көпке дейін жалғасып, елдің берекесін алып қана қойған жоқ, экономикасын да тұралатып, жылдар бойы дамуын тежеді. Украинаның оңтүстік-шығысындағы осы күнгі жан- жалдың төркіні де тоқсаныншы жылдардан келе жатқан алауыздықтарда. Киевтің жаңа билігі салған беттен-ақ орыс тілін тұқыртуға бағыт ұстады да, мұның өзі елдің Ресей жақ бетіндегі, негізінен орыс- тар тұратын облыстарындағы жұртшылықтың орынды наразылығын туғызды. Ел азаматтарын алалаудың аяғы неге апарып соқтырғаны белгілі. Әлін білмеген әлек деген сол.
Иә, кейінгі жылдарда қиындық аз болмады.
2019 жылдың аяғында басталған коронавирус дерті барша адам- затқа қауіп-қатер төндірді. Кітапты баспаға дайындарда Интернет мәліметтеріне тағы бір қарап, мына жайларды жазып алдым. 2022 жылдың 6 қарашасына дейін бүкіл әлемде осы дертпен 637 миллион 678 мыңнан астам ауру тіркеліп, 6 миллион 605 мыңнан астам адам көз жұмыпты. Бұл COVID-19 тарихтағы қатерлі пандемиялардың бірі деген сөз. Вирус экономикасы мықты, денсаулық сақтау саласы қуатты саналатын мемлекеттердің өзін шайқалақтатып жіберді. Мысалы, сол 6 қарашадағы мәлімет бойынша АҚШ-та 99 миллионнан астам адам (336 миллиондық ел халқының ширек бөлігінен артық) дерт жұқты- рып, олардың 1 миллион 98 мыңнан астамы көз жұмды. Ресейде 21 миллионнан астам адам коронавируспен ауырып, 390 мыңнан астамы өмірден өтті. Қазақстан қауіпті дерттің алдын алуға әлем елдерінің ең алғашқыларының бірі болып кірісті. Тиісті сақтандыру шаралары жасалды. Шекаралар дер кезінде жабылды. Дәрі-дәрмектің қажетті қоры жасалды. Тез арада арнаулы ауруханалар жабдықталды. Нәти- жесінде, індеттің етек алып кетуіне мүмкіндігінше жол берілмей, ахуал тұрақты назарда ұсталды. Ақыры біз ажалды дертті негізінен ауыздықтай алдық. Қазақстан — коронавирусқа қарсы өз вакцинасын шығарған әлемдегі алты елдің біреуі.
Пандемияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары да аса ауыр соқты. Айларға созылып кеткен карантиндер кесірінен көптеген орта және шағын бизнес орындары кәсібін тоқтатуға, адамдарды босатуға мәжбүр болды. Жұмыссыздық көбейді. Мұнайдың бағасы құлдырап, елдің экспорттан түсетін табысы азайды. Осы тұста біз кезінде ерте бастан қамдаған Ұлттық қор көмекке келді. Мұны айтып тұрған се- бебім — 2008–2009 жылдардағы әлемдік қаржы-экономикалық дағда- рыс кезінде де дәл осы қор жәрдемдескен болатын. Түрлі әлеуметтік топтарға, кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы саласына көмек көр- сетілді. Егер Қазақстан ұлттық экономикада қомақты табыстарға қол жеткізбесе, кезінде осы қор құрылмаса, мұның бірі де болмас еді. Бел- гілі ұйғыр қаламгері Ахметжан Ашири сол тұста: «Менің есімде, осы- дан бірнеше жыл бұрын әлдебір оппозициялық топ өкілдері: «Ұлттық қорды неге жамбасқа басып тығып отырмыз? Егер оны дәл қазір халыққа таратып берсек, әр адамға 17000 теңгеден айналар еді!» деп, оны биліктің кемшілігі ретінде атап, ұрандаған болатын. Сол ұранның тар өрістіліктен, алысты көре алмаушылықтан туғанына көзіміз жетіп отыр. Егер сонда 17 мың теңгені үлестіріп тастағанда, ол таландыдан түскен малдай құмға сіңіп жоқ болар еді. Сол қорымыз одан беріде қосылып отырып, мол қазынаға айналды. Ел үйден шыға алмай, жұмыс орындары жабылып, халық қарап қалғанда Ұлттық қор іске қосылды. 17 мың теңге емес, одан да көп болып халықтың қолына тиіп жатыр. Одан өзге азық-түлікке, медициналық құрал-жабдықтарға, өзге де құтқару жолына жұмсалуда» деп жазыпты. Солай. Өткен жылдар ішінде жүйелі жүргізілген жұмыстың бірі — жем- қорлықпен күрес. Бұл жолда неше түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға да тура келді. Бір рет Ішкі істер министрі Қайырбек Сүлейменовті шақырып алдым да, «МАИ қызметкерлері пара алады. Осыны еш- кімге білдірмей, тексеріп көр» дедім. Министр: «Олардың пара алатынын білемін. Алайда біз тиісті шаралар қабылдап, күресіп жатырмыз» дейді. Бәрібір тікелей өзі тексеруін тапсырдым. Ақыры Қайырбек Шошанұлы сол операцияны жүзеге асырды. Шымкенттен Астанаға қарбыз артып шыққан көліктің жүргізушісінің жанына отырып, жол бойындағы былықтың бәрін өз көзімен көріп шықты. Министр құрған торға Астанаға жеткенше кеден қызметінің тоғыз адамы, көлік инспекциясының жеті адамы, жиырма бір полиция қызметкері түсіпті. Кейіннен жол полициясының барлық бекеттерін алып тастау жөнінде шешім қабылданды.
Мемлекет қолға алған шаралардың арқасында елдегі коррупциялық қылмыстардың саны 2009–2019 жылдарда 1775-тен 1210-ға азайды. 2012–2016 жылдарда 1900-ден астам шенеунік сотқа тартылды. Мы- салы, «ЭКСПО-2017» көрмесінің нысандарын тұрғызу барысында мемлекетке орасан нұқсан келтірілді. «ЭКСПО-2017» акционерлік қоғамының қолы былыққа батқан басшылары тендер үшін «откат» алуды әдетке айналдырған, оның сан миллиондық сомасы орындаушы- фирмалардың қызмет көрсету құнына қосылатын болып шықты. Бұл жылдар ішінде елді шулатқандай талай сыбайластық қылмыс ашылды, олар — мемлекеттік сатып алу кезіндегі жолсыздықтар, пара беру, бюджет қаржысын жымқыру, тағы басқалар. Ақыр аяғында
қылмысқа қатыстылардың бәрі әділ соттың алдына тартылды.
Өкінішке қарай, біздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы аяусыз май- дан ашқанымызға қарамастан, бұл індетті толық жоюдың сәті түспеді. Бұл күрес көптеген елдерде жүріп жатыр, ешкім оның түбіне жеткен емес. Жұмысты жалғастыра беру керек. Әйтпесе, соңғы он шақты жылда бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізілгенін жоққа шығару мүм- кін емес. Жемқорлық фактілері үшін жүздеген лауазым иелері, он- даған департамент директорлары, комитет төрағалары, жекелеген министрлер, облыс әкімдері, тіпті бір премьер-министр қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Миллиардтаған қаржы мемлекетке қайтарылды. Алайда осының бәрі жеткіліксіз болып шықты. Оның үстіне атқарылған жұмыс жұртшылыққа тиісінше түсіндірілмеді. Содан барып, мемлекет жемқорлықпен нашар күресіп отырғандай теріс пікір орнықтырыла бастады. Атқарылып жатқан жұмысты көрсетіп, әр жағдайды айтып отыру керек еді.
Біздің ел өз тәуелсіздігінің отыз жылдық белесіне әлсіз күйде кел- ген мемлекет пе? Осынша уақыт ішіндегі халықтың еңбегі еш кет- кені ме? Солай болуы мүмкін бе өзі? Мүмкін емес. Әсіресе жерінің қойнауынан минералдық қазба байлықтарының барлығы дерлік табылатын, ал тәуелсіздік жылдарында мұнай мен газдың жаңа, ірі кен орындары ашылған Қазақстандай елдің жағдайында бұл тіпті де мүмкін емес. Ең бастысы, біз бай тәжірибесі бар, әлемге танымал инвесторларды тарта алдық. Олар біздің адамдарымызды қазба бай- лықтарды ұсынықтылықпен пайдалануға үйретті. Әлемдік нарықтарға шығатын жолдарымыз болмаса да, мұнай және газ құбырларын жүргізе білдік. Осы салалар үшін білікті мамандарды дайындадық. Қазақстанның болашақ мемлекеттілігінің негізгі сипаттары 1991 жылға жетпей тұрып-ақ қалыптаса бастағанын да ескеру керек. Біздің республикамыз сол кездің өзінде одақтың ірі шикізат базасы ретінде қадірленетін, тек солардың түпкілікті өнімге айналуы өзге өңірлерде жүзеге асатын да, бізге мол түсімнің тиын-тебені тиетін. Кейін бәрі өз қолымызға көшті. Біз елімізді шетелдік инвестиция үшін тартымды мекенге айналдыра алдық. Соның арқасында Қазақстанға осы жыл- дарда 400 миллиардқа жуық АҚШ долларынан астам тіке шетел ин- вестициясы салынды. Мұның қандайлық мол қаржы екенін шамалау үшін бүкіл Орталық Азия елдеріне түскен барлық инвестицияның 70 пайызына тең екенін айтудың өзі жеткілікті. Мен жеке өзім жылына бір рет, ал кейде екі рет Шетелдік инвесторлар кеңесін өткізіп отырдым, оларда қордаланып қалған мәселелердің бәрі шешілетін, кедергілер алынып тасталатын. Мұнымыз біздің инвесторларымыздың тарапынан қолдау табатын. Олар бізге, біздің заңдарымызға сенетін.
Баспасөзде жазылып жүрген мына бір фактіге назар салайық.
Халқының саны шамамен 20 миллион адам Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің көлемі халықтың жалпы жиынтығы 55 миллионнан асатын төрт елдің — Өзбекстанның, Қырғызстанның, Түрікменстан- ның, Тәжікстанның ішкі жалпы өнім көлемін қоса есептегендегіден екі есеге жуық артық. Ал әр адамға шаққанда бұл көрсеткіш анағұрлым өсе түседі. Бұған түсініктеме беріп жатудың қажеті жоқ.
Егемендік жолына өзімізбен қатар түскен елдердің кеуде тұсында тұрмыз. Осындай қысқа уақыттың ішінде Америкадай арындап кету, Жапониядай жайқалып тұру деген болмайтын нәрсе. Әр нәрсе жөнімен. Әрине, алда қыруар жұмыс тұр. Ол жұмысты қазақстан- дықтардың келешек буынының атқаруына тура келеді.
Бір сұхбатымда: «Мен Қазақстанды кеңес заманынан бері басқар- дым, 1984 жылы Қазақстан Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып сайландым. Міне, 35 жыл өтті, КСРО ыдырағаннан кейінгі және соңғы 30 жыл аса ауыр жылдар болды. Бұрынғы КСРО республикаларын- дағы, соның ішінде Қазақстандағы да жағдай сынған ыдысты еске түсіретін. Кәсіпорындардың барлық байланысы үзілді, 2 миллион адам жұмыссыз, электр жоқ, дүкендерде нан жоқ, сүт жоқ, шұжық жоқ. Міне, мен кезінде осындай Қазақстанды қабылдап алдым», деген екенмін.
Сол Қазақстан тәуелсіздік тұсында экономикалық қуатын 15 есеге арттыра алды. 15 есеге! Мұны жоққа шығару мүмкін емес.

Пікір қалдыру үшін сізге логин қажет немесе өтіңіз
Синопсис
1/9

Листайте главы с удобством

Можете переключаться между главами книги в любое время. Насладитесь плавным переходом к интересующим вас частям текста!
Далее Завершить обучение
2/9

Настройте шрифт под себя

Изменяйте размер шрифта, чтобы чтение было комфортным для ваших глаз. Настройте отображение текста так, как вам удобно.
Далее Завершить обучение
3/9

Читайте синопсис

Не знаете, с чего начать? Ознакомьтесь с кратким содержанием книги, чтобы быстро понять основные идеи.
Далее Завершить обучение
4/9

Исследуйте содержание книги

Посмотрите все главы и подглавы в удобном навигационном меню. Найдите интересующие вас разделы одним кликом.
Далее Завершить обучение
5/9

Сохраняйте закладки

Добавляйте закладки, чтобы не потерять важные моменты. Вернитесь к нужному месту в книге в любой момент.
Далее Завершить обучение
6/9

Открывайте мини-справочник

Кликайте на «Мини-справочник» для доступа к дополнительной информации. Нажмите на текст, и модальное окно откроет полезные материалы.
Далее Завершить обучение
7/9

Просматривайте таймлайн событий

Интерактивный таймлайн поможет вам увидеть ключевые события книги. Кликните, чтобы открыть окно с подробной информацией.
Далее Завершить обучение
8/9

Наслаждайтесь цитатами

Ищите вдохновение? В разделе цитат собраны самые яркие мысли и высказывания.
Далее Завершить обучение
9/9

Делайте записи в блокноте

Зарегистрируйтесь и получите доступ к личному блокноту. Записывайте свои идеи, заметки и важные мысли прямо во время чтения
Завершить обучение
AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу