EPG

«Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа»

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты кітабы – қазақ халқының ғасырлар бойы тәуелсіздікке ұмтылған арманын жүзеге асырған қазіргі Қазақстанның негізін қалаушының естеліктері. Бұрынғы президент өзінің жастық шағын, Кеңес дәуіріндегі және егеменді Қазақстан кезеңіндегі саяси қызметін және биліктің мұрагеріне ауысуын еске алады. Ол жеке өзі қатысқан тарихи оқиғаларды егжей-тегжейлі баяндайды. Бұл мемлекеттің жойылуы мен құрылуы, көпұлтты елде тәуелсіз саясат жүргізу және оның бірлігін сақтау туралы шынайы әңгіме. Автор билікті кім және не үшін алатынын және миллиондаған адамдардың тағдыры үшін жауапты екенін түсіндіреді. Сонымен қатар, ол алғаш рет отбасылық өмірінің қыр-сырын ашық айтады.

Онлайн оқу

ӨМІР ӨРІМДЕРІ

Замандастар

Президенттің жұмысындағы күрделі тұстың бірі кадрларды іріктеу деп білемін. Қызметке тағайындалған адам сол орында табысқа жеткізуі тиіс, алайда әрдайым олай бола бермейді. Қызметтік саты бойынша жөнімен көтерілгені, сөйтіп жүріп тәжірибе жинақтағаны дұрыс. Мен осынау жылдарда талай азаматтарды жаныма тарттым, жақ- сы қызмет беріп, мәртебелерін өсірдім. Олардың елге танылуына жағдай жасадым. Осы жылдар ішінде біз талайды тағайындадық та, талайды орнынан босаттық та. Әрине, мұндай шешімге жұрттың бәрінің бірдей көңілі тола бермейді. «Бес саусақ бірдей емес» деген- дей, өкінішке қарай, солардың кейбіреулері тапсырылған қызметті ойдағыдай алып жүре алмай, әлсіздігі байқалған кезде жұмыстан алғанымда, орынсыз өкпе танытып, ортақ іске де, өз еліне де қарсы шығып жатты. Бізде қызметтен кеткенде ғана «білгір де іскер» болып көрінетіндер де бар. Істес болғандардың арасында маған реніштілері де аз емес екенін білемін. Олардың талайын қызметтен кетіруге тура келгені де рас. Өйтпеске тағы амал жоқ. Біреуді қызметке қойғанда сол жұмысты алып кетеді деп сеніп барып қоясың. Көбі алып кетеді. Кейбіреуі сүрініп жатады, кейбіреуі тіпті былығып, ұятқа қалдыра- ды. Ондайларды қалай орнында қалдырасың? Осындайдан реніш басталады. Сыртыңнан өкпе айтады. Тіпті жақын жандарыңның өзі сатқындарға айналады. Сол ауыр тиеді. Бірақ мен ондайларға ешқашан кектенген емеспін. Кезінде ежелгі Рим философы Сенека өзінің туысқанына «Өзіңе кімнің дос, кімнің дос емес екенін білуің үшін де қызметіңнен кетіп көрсең болады», «Сенің билігіңнен пайда табу үшін жаныңа жақындағандар жоламай қояды. Ал кейбіреулері сатып тынады» деп тағылым қалдырған екен. Бұған не айтарсың?
«Біреуді сатқан адамның өзін басқа біреу сатып кетеді» дейді ғой. Мен соған сенемін. Ар деген адаммен қала береді де, оны азапқа салады.

Өмір — бәрін алдыңа келтіретін бумеранг. Сондықтан кітаптың осы тұсында менімен бірге жұмыс істегендердің ешқайсысына ендігі жерде өкпе-ренішім жоқ екенін айтып алғым келеді. Ең бастысы — кадрлардың негізгі бөлігі артқан сенімді ақтағаны. Елдің табысын да сондай жандар еселейді.

Тәуелсіз күндердің жарқын жылнамасын жазуға атсалысқан жан- дардың ішінен мен Әбіш Кекілбайұлы есімін әркез риза көңіл, риясыз сезіммен айта жүремін.
Есіңде ерекше қалатын сөздер болады. Солардың бірі — 1991 жылғы желтоқсан айында Алматы қаласындағы Республика сарайында өткен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін ұлықтау салтанатындағы Әбіш Кекілбайұлының сөзі. Сонда жұртымыздың алдында тебірене сөз саптаған Әбекең: «Ойдағымыз болды. Орта- мыз толды. Төбедегі келді. Төрелескенде де ренжитін ретіміз жоқ. Тек ұзағынан сүйіндіргей. Ақ жолдың алдындамыз. Үлкен тілектің үстіндеміз», деп толғаған еді. Қуаныштан көкіректері атой салған салтанатты қауым бұл сөзді «бәрекелді» деп ақ тілек, аппақ батадай қабылдап, қостаған.
Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінде Әбекең қай қиырға сал- сам да, қиядан көрінді, қай тереңге салсам да бойлап та, ойлап та шыға білді. Ойымдағының орайын тапты, қай істе де қайраткерлік пен ерік-жігердің үлгісін көрсетті. Мемлекеттік-қоғамдық қызмет- тің аласапыранында жүріп, қаламын одан әрі ұштай білді. Қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ саяси ойлау жүйесінің жаңа белестерін қамтитын сындарлы толғаулар мен салдарлы мақалалар жазды, ел мен жердің бүгіні мен ертеңі туралы көсілген ой, көсем сөз тудырды. Тіл тағдырын, діл тағдырын, дін тағдырын ұштастырған ұлағатты пікірлері мен ұрымтал ойлары жұртының жүрегіне жетті.
Әбіш дәйім қасымнан табылды. Мемлекеттік кеңесші, ұлттық саясаттың ұраншысы болды. Кәсіби парламенттің төрағасы болды, ел парламентаризмінің қалыптасуына үлес қосты. Мемлекеттік хат- шы болды. Қай қызметтің тізгінін ұстаса да жоғары жауапкершілік, өз халқына деген перзенттік парыздан айныған жоқ. Ол басқарып тұрған Парламенттің сайлануында заң бұзылған деп танылғанда да, биіктен табылды. «Аттан түскен ақырет емес, тақтан түскен тақсырет емес. Өз басыңнан бақ ауса да халқыңның басынан бақ аумасын», деді сонда Әбіш Кекілбайұлы. Шіркін-ай, осындай қазақ көбірек болса екен деп тілейсің. Ақылды, көп оқыған кісі еді.
Олжас Сүлейменов те шығармашылық талантымен қатар қоғам- дық белсенділігімен де танылған тұлға. Біз бір буынның өкілдеріміз. Онымен комсомол жасындағы жылдарымыздан — жаңа-жаңа таны- мал бола бастаған кезінен бері достасып келдік. Мемлекет ыдырай- тын қиын жылдарда мен оны қолдап отырдым. Ана жылы Олжас 80 жасқа толғанда өз Жарлығыммен оған «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын бердім. Ғылымдағы қасаң қалыптарды қақыратып сындырып, «Аз и Я» кітабын жазғанда да, менің бастамамды қолдап, «Невада-Семей» қозғалысын құрып, ядролық полигонды жабуға үлкен көмек көрсеткенде де азаматтық ерлік танытқан еді. Рас, алқынып тұрған ақындығынан болар, Олжас Омарұлы кейде олай, кейде бұлай сөй- лей береді. «Arbat.media» сайты «Олжас Сүлейменов Қазақстанның Тәуелсіздігі туралы пікірін жеті жылда екі рет өзгертті» («Олжас Сулейменов за семь лет дважды поменял представление о Независимости Казахстана») деген мақала жариялапты. Қазақстанның Халық конгресі партиясын қайта жаңғырту жөніндегі мәжілісте «Біз тәуел- сіздіктің қолымызға өздігінен түсе қалғанын білеміз» («Мы знаем, независимость всем нам досталась автоматически») депті. Ал мен президент болып тұрған 2015 жылғы пікірі атымен басқаша екен. Мұны қазір көзқарастар эволюциясы деп атайтын көрінеді. Мейлі, кейбіреулердің пікірі өзгере беретін шығар. Әйтсе де, плюрализмді бетке тұтып алып, біздің ең қасиетті ұғымдарымызды тәлкек етуге тырысу кім-кімге де жараспайды.
Ел элитасы аталатындардың бұрынғы басшы қызметтен кеткенде жаңа басшыға жалпылдай қалатындары тарихтан жақсы белгілі. Зия- лы қауымның біразы осындай. Адам бойындағы пенделік қашанда болады. Онда өзіңе жасаған жақсылықты ұмытпа деген сөздің ұмыт қалғаны ма? Адам қателеседі, сөйтіп өзі жақсылық жасаған адамына сенеді, соған сүйенеді. Бірақ өзіне соны жасаған адамды есінде сақтамайды және құрмет те тұтпайды. Адам деген солай жаратылған. Тәуелсіздігімізді тұғырландырған әріптестер тобында Қаратай Тұрысовты атауға тиіспін. Бұл адамның табиғатын танытып тұратын бір ғана түйінді сөз іздер болсақ, біз қазақтың «азамат» деген асыл ұғы- мын алдымен ауызға алатынымыз анық. Ол шын мәнінде Азамат еді. Қаратай Тұрысұлы өзінің кәсіби биік өресімен, ұйымдастырушылық тамаша талантымен, елім деген, жерім деген перзенттік жүрегімен, қоғамдық белсенділігімен елдігімізді еңселенткен ерлердің ортасынан ойып тұрып өз орнын иеленді, мемлекетіміздің мығымдануына іскер басшы ретінде де, экономист-ғалым ретінде де, дара бітімді депутат ретінде де көп еңбек сіңірді. Біз Қарекеңді асыл адам, барша жұрт құрметтеген ардақты аға ретінде де биік бағалайтынбыз.
Вице-премьер қызметінде әлеуметтік салаға жауапты болған Мырзатай Жолдасбеков тәуелсіз сана қалыптастыруға үлкен үлес қосты. Білімге, ғылымға, мәдениетке, денсаулық сақтауға тиісті қаржы бөлуге жағдай жоқ кезде де қолда бар әлеуетті сақтап қалып қана қоймай, жаңа жағдайға сай жақсарта да білді.
Кейін бұл жолды комсомолдағы, партиядағы мағыналы мектеп- тен өткен Қуаныш Сұлтанов жемісті жалғастырды. Қуаныш тәуелсіз елдің тұңғыш Ақпарат министрі, Қытайдағы елшіміз қызметінде, Парламенттегі ұзақ жылдарғы жұмысында да ірі істер тындырды. Қандай күрделі міндет жүктелсе де, әрқашанда абыройлы атқарды, дәйім терең ойымен, салмақты сөзімен танылды. Қазақстан Компар- тиясының Орталық комитетінде бір кездегі бәріміздің комсомолдағы ұстазымыз, кейіннен ұлт ұстазы биігіне көтерілген ардақты Өзбекәлі Жәнібековтің өрелі өнегесін көрген бұл екі азамат тәуелсіздік та- рихында тағылымды із қалдырды.
Мемлекеттілік идеологиясын орнықтыруға көптеген жылдар бойы Президент Әкімшілігінде ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Әкімшілік басшысының орынбасары, Мемлекеттік хатшы қызмет- терін атқарған интеллектуал Марат Тәжиннің өзіндік орны бар.
Саясаттағы серіктерімнің қатарында Мұхтар Құл-Мұхаммедті де разылықпен атай аламын. Ол кәсіпкерлікпен жастай араласып, іскерлігімен көзге түсе білді. Мәдениет және ақпарат салаларын басқарды, Президенттің баспасөз хатшысы, облыс әкімі, Мемлекеттік хатшы болды. Қай қызметте де артылған сенімді ақтады.
Менімен бірге ең ұзақ жұмыс істеген адам ретінде Нұртай Әбіқаевты бөле атағым келеді. Нұртайдың ерекше харизмасы жоқ, суырылып тұрған шешен де емес. Бірақ оның бойында бөлекше жауаптылық, ортақ іске аса адал берілгендік бар. Ол менімен жұмысты Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметінде жүргенімде бастады. Кейіннен ОК бірінші хатшысының, Президенттің көмекшісі, Президент Әкімшілі- гінің басшысы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды. Осы қызметтердің бәрінде Нұртай тыңғылықтығымен, ұсынықтылығымен тамаша танылды. Мен оған қай істі де сеніп тапсыра алатынмын. Соңғы кездегі ірі жұмысы — Сенат Төрағалығы. Бұл лауазымды да сабырлы сарабдалдықпен атқарды. Ақыл-кеңесін жанашырлықпен жасайтын. Кадр мәселесі бойынша айтатын ұсыныстары нақтылы, дұрыс болып келетін. Ең бастысы, мен адамды берген сөзінен айны- майтыны, парызын ұмытпайтыны үшін қадірлеймін. Қазір демалыс- та. Кейде кездесіп, өткен-кеткенді еске алып қоямыз.
Үкімет басқарып тұрғанымда Материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы болған Ұзақбай Қараманов іскерлігімен көзге түскен-ді. Бірінші хатшы қызметіне кіріскеннен кейін оны өзімнің орныма — Министрлер Кеңесінің төрағалығына тағайындадым. Ұ. Қараманов қиын кезде жұмыс істеді. Одақ ыдырар- дың алдында ондаған жылдар бойы орныққан шаруашылықаралық байланыстар бырт-бырт үзіліп, экономикаға мемлекеттік басшылық әбден әлсіреген еді. Қазақ КСР-нің Премьер-министрі ретінде Ұзақ- бай Қараманов өзіне жүктелген ауыр міндеттің үдесінен шыға білді. Сол жылдардағы әріптестерімнің қатарында тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Премьер-министрі С. А. Терещенконы атап өтпей кете ал- маймын. Әр кезеңде үкімет басқарудың ауыр жүгін Н. Ө. Балғымбаев, Д. К. Ахметов, И. Н. Тасмағамбетов және басқалары көтеріп жүрді.
Олар Қазақстан Республикасының дамуына үлкен үлес қосты.
Қандай шаруаны да бастау қиын. Біздің қорғаныс саламыздың да аяққа тұруы оңайға түскен жоқ. Қазақстан Қарулы Күштері 1992 жыл- дың мамыр айында құрылды. Тұңғыш Қорғаныс министрі, кеңестік кезде генерал-лейтенант шеніне жеткен тұңғыш қазақ Сағадат Нұрмағамбетовке көп салмақ түсті. Басқару органдарын құру, қару-жа- рақтарды, әскери техника мен материалдық құралдарды қабылдау және олардың сақталуын қамтамасыз ету, әскерлерді тікелей басқару, офицерлердің елді-еліне кетіп, олардың жетіспеушілігі байқалуы- на байланысты әскери кадрлар әзірлеуді ұйымдастыру сияқты аса күрделі мәселелерді көптеп-көмектесіп шешуге тура келді. Соның бәрінде де кешегі соғыс майданынан Кеңес Одағының Батыры атанып оралған Сағадат Қожахметұлының мол тәжірибесі, айрықша қайра- ты үлкен рөл атқарды. Мықты кісі еді. Қажымайтын. Қалжыңнан да қайтпайтын. Бір жолы Талдықорған өңіріне барғанымыз еске түсіп тұр. Әскери бөлімшелерді аралап жүргенімізде бір кезде танкке отырып алдым да, оқулық нысаналарға оқ ата бастадым. Екі оғым- ның біреуі дәл ортаға тиіпті, екіншісі соған жақын соғылыпты. Кейін бақылаушы сержант соны мәлімдегенінде Сағадат Қожахметұлының:
«Олай деме. Президент екі рет атып, үш рет тигізді деу керек» деп, бәрімізді күлдіргені бар.
Тәуелсіздік тұсында тамаша танылған тұлғалардың тағы бірі — екінші қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери академиясын бітірген білікті маман, эскадрилья басқарған ұшқыш, авиаполк басқарған командир. Біз егемендік алған тұста Мұхтар Қапашұлы Түрікменстанда дивизия басқарып жүр екен. Кәсіби армиямызды жасақтау үшін біз ұлт кадрларын бүкіл кешегі кеңестік кеңістіктен шам алып іздегендей іздедік, талай азаматтарды таптық та. Әсіресе, генерал шеніне қол жеткізген қазақтар саусақпен санарлық еді. Осындай жолмен Қазақстанға оралған Мұхтар Алтынбаев алдымен корпус командирі, кейіннен Қорғаныс министрінің орынбасары, ал 1996–1999, 2001–2007 жылдарда министр болды. Әдетте қорғаныс министрлігін жаяу әскерден шыққандар басқа- ратын. Бірақ ол әскерді өте жақсы жетілдіре білді. Өзінің бойында армия көргендерде көп бола бермейтін интеллигенттілік көзге ұрып тұратын. Жұртпен жақсы тіл табысатын. Қарулы Күштерді қалыптас- тыруға, әскерлер орналасқан өңірлермен байланыс орнатуға, кадет корпусын ұйымдастыруға оның сіңірген еңбегі зор.
С. Нұрмағамбетов пен М. Алтынбаевқа мен «армия генералы», «Халық қаһарманы» атақтарын бердім.
Ұзақ жылдар қызметтес болған азаматтардың тағы бірі — Ахметжан Есімов. Мамандығы бойынша аграрлық саланың инженері. Ауыл шар- уашылығын жақсы біледі. Халқы көп, экономикасы күрделі Алматы облысын басқарғанда да, Ауыл шаруашылығы министрі болғанында да көп іс тындырды. Аграрлық саланы жүргізудің бүгінгі жүйесі сол жылдарда қалыптастырылған еді. Кеңестік кезеңдегі колхоз-совхоз жүйесінен осы заманғы жеке меншікті жүйесіне ауысу оңайға түспе- гені белгілі. Бұл өте күрделі шаруа. Ешкім де жаңа жағдайдағы жа- уапкершілікті өз мойнына алғысы келмейтін. Біз сол тұста бүкіл ел- ден 50 шаруашылықты іріктеп алдық та, оларды 15–20 жылдан бері басқарып келе жатқан директорларға: «Өз шаруашылықтарыңызды өз меншіктеріңізге алыңыздар, акционер болыңыздар» дедік. Тала- йының тәуекелі тұрған жоқ. Талайын кәдімгідей көндіруге тура келді. Солардың тәжірибесіне қарап, басқаларды үйрете бастадық. Бұл істе Ахметжан Смағұлұлы нақты жұмыс жүргізді. ЭКСПО-2017 халықа- ралық көрмесін ұйымдастыру барысында көп қиындыққа кездестік. Ұрлық-қарлыққа жол берген басшыны түрмеге тығуға да тура келді. Сондай сын сағатта көрме өткізудің бар шаруасын біз Ахметжан Есі- мовке тапсырдық. Бұл шешіміміз дұрыс болды. Құрылыс дер кезін- де аяқталды. Өте көп қаржы үнемделді. Көрме лайықты өткізілді. Түптің түбінде қиын сынақтан жүзіміз жарқын шықты. Ахметжан- ның кейінгі кездегі тындырған тағы бір ірі ісі — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқарып, нақты нәтижеге қол жеткізгені. Жарқын жанымен, жарқылдаған мінезімен жүрегіңді жылы- тып тұратын аяулы азаматтардың бірі Орал Мұхамеджанов еді. Әкімшіліктің ұйымдастыру бөлімінде, ішкі саясат бөлімінде ізгі ісімен көзге түскен ол депутаттық қызметті де абыроймен атқарды. Кейіннен Парламент Мәжілісінің Төрағасы болып екі рет сайланды. Оралдың бейресми отырыстарда қуатты да жағымды дауысымен асқақтата ән салатын өнері де айыз қандыратын. Амал не, арамыздан ерте кетіп қалды.
Парламент Мәжілісінің тізгінін ұстаған тағы бір талантты тұлға — Марат Оспанов. Ол Жоғарғы Кеңестің екі шақырылымында, Мәжі- лістің екі шақырылымында депутаттыққа сайланды. Мәскеуде Г. В. Плеханов атындағы халық шаруашылығы институтын бітірген, экономика ғылымдарының докторы. Оның салық инспекциясының жұмысын жолға қоюдағы, шетел капиталын ел экономикасына тартудағы тын- дырған ісі қомақты.
Кейінгі жылдарда Мәжіліс жұмысын Нұрлан Нығматулин іскер- лікпен үйлестіріп отырды. Бұл кезеңде бірқатар маңызды заңдар қабылданды, олардың арасында Парламент қызметін реформалауға бағытталғандары да бар.
Елін және халқын сүйген, сол үшін беріле қызмет еткен азаматтар- дың бірі — Сарыбай Сұлтанұлы Қалмырзаев. Тәуелсіздік жылдарын- да Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы, Президент Әкімшілігінің Басшысы және Іс басқарушысы, Жамбыл облысының әкімі, республикалық Қаржы полициясының жетекшісі сияқты жауапты да күрделі қызметтерді зор абыроймен атқара жүріп, өзінің мол білімі мен тәжірибесін еліміздің өсіп-өр- кендеуіне қалтқысыз жұмсады. Ол өзін әрдайым талантты ұйымдас- тырушы, жауапкершілік жүгін терең сезінетін, принципшіл азамат, айнала төңірегіне сыйлы, ақжарқын жолдас ретінде көрсетті.
Бес бірдей облысты білікті басқарған Бердібек Сапарбаевты да разылықпен атағым келеді. Өте жауапты, істің адамы еді. Бірнеше облысқа, Үкіметке жетекшілік еткен Даниал Ахметовті де, қай өңірге барғанында да табысты іс атқарған Сергей Кулагинді де жоғары баға- лаймын. Қай өңірге барғанында да, қай министрлікті басқарғанында да абыройлы ісімен ел құрметіне бөленген Бақтықожа Ізмұхамбетовті, Қырымбек Көшербаевты бөлек қадірлеймін. Менің жарлығым бойынша құрылған Түркістан облысын өркендету ісінде және әсіресе Түркістан қаласын жаңғыртуды басқаруда өзін тамаша танытқан Өмірзақ Шөкеевті атап айтқым келеді. Осы көне қаланы қайта түлету және оған жаңаша әр беру жөнінде шешім қабылдаған болатынмын. 2018 жылы тиісті жоспар бекітілген. Оны жүзеге асыруға елдегі облыс- тар мен қалалардың әкімдіктері, отандық және шетелдік құрылыс компаниялары, бизнес өкілдері жұмылдырылды. Жоспарды екі жылда орындаудың сәті түсті. Бұл істе Шөкеевтің астананы салуға қатысқан тәжірибесінің пайдасы тиді. Кезінде ол ең жас экономика министрі болған еді, 35 жасында Қостанай облысының әкімі, кейіннен Астана қаласының әкімі қызметтеріне тағайындалды.
Кешегі кеңестік кезеңде қыз-келіншектердің қызметте онша жолы ашыла бермейтін. Аудандық, әрі барса облыстық партия комитетінің әлеуметтік салаға жауапты хатшысы деңгейінен асқандары сирек бола- тын. Тәуелсіздік тұсында олар жарқырап көріне алды. Менімен бірге жұмыс істеген, сеніп тапсырылған қызметтерді абыроймен атқарып, министр биігіне көтерілген Зәуре Қадырованы, Бірғаным Әйтімованы, Гүлжан Қарағұсованы, Айткүл Самақованы, Зағипа Балиеваны, Наталья Коржованы, Гүлшара Әбдіқалықованы, Тамара Дүйсенованы бөле атағым келеді. Кейінгі кезде Гүлшара Наушақызы әйелдер арасынан шыққан тұңғыш Мемлекеттік хатшы, тұңғыш облыс әкімі бола алды. Президенттің қызметіне Әкімшілікте көмек көрсететін адамдар- дың атқаратын ісі де өте үлкен. Біраз жыл Астананың алғашқы әкімі болған, елорда ретінде қалыптасуына көп үлес қосқан Әділбек Жақсыбековке де разымын. Кейіннен Қорғаныс министрі, Әкімшілік басшысы болды. 2005 жылғы президенттік сайлауды жандырып өткізгеніміз де есімде.
Болат Өтемұратов көп жыл бойы менің көмекшім қызметін атқар- ды, оған дейін сыртқы экономикалық байланыстар министрінің орынбасары, Қазақстанның Швейцариядағы елшісі лауазымдарында істеген еді. Менің тапсырмаларымды орындауға жанын салатын. Өзін Президенттің іс басқарушысы қызметінде де жақсы танытты. Қазір ол ірі бизнесмен.
Әрине, қызметтес болғандардың бәрін бірдей атап шыға алмаймын, азаматтар маған ренжімесін. Олардың бәріне де айтарым тек алғыс. Жаныма жақын жандардың бірі — Махмұт Қасымбеков. Онымен бірге жұмыс істеуіміз тіпті тәуелсіздіктен де бұрын басталған. Қа- зақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, Қазақ КСР Президенті қызметтерінде жүргенімде де аппараттың Жалпы бөлімін ұршықтай үйіріп отырған азаматтың іскерлігін байқай- тынмын. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен Махмұт Базарқұлұлы аппарат жұмысын жақсы жолға қойып, құжаттар айналымын ретке келтірді, қабылданатын шешімдер жобасын сапалы дайындауға септесті. Соның бәрі сырт көзге көрінбейтіндей шаруа сияқты болға- нымен, мұның мәні үлкен. Хаттарды, арыз-шағымды сергек қарау, тиісті жеріне тиісті тапсырмамен жіберу, жауаптың дер кезінде қайтарылуын, шешімнің дұрыс шығуын қадағалау өте маңызды.
Мемлекет басшысы жұмысының сыртылдап тұрған сағаттай ұйым- дастырылуында Іс басқармасының атқарар рөлі үлкен. Күнделікті қызметтің сыртында шетелдік сапарларды ұйымдастырудың өзі көп күш-жігерді қажет етеді. Қонақтарды қабылдау, Президенттің көлігін, байланысын қамтамасыз ету, тұрмыстық қажеттерін өтеу де үлкен іс. Астана Ақмолаға ауысқаннан кейін Іс басқармасының рөлі бұрынғыдан да арта түсті. Президенттің ғана емес, Үкіметтің де,
 басқа да билік органдарының қызметін қамтамасыз ету оңай шаруа емес еді. Бәрі де — тұрғын үй де, көлік те, азық-түлік те, басқа қажетті нәрселер де жетіспейтін. Сол жылдарда Президенттің іс басқарушысы болып жұмыс істеген Темірхан Досмұхамбетовті, Сарыбай Қалмырзаевты алғыспен еске алып тұрамын. Қазір олар арамызда жоқ, тек жақсы істері жадымызда қалды.
Бұл істе 17 жыл бойы Президенттің Іс басқармасына жетекшілік еткен Абай Бисембаев менің ерекше есімде. Ол өз жұмысын асқан жауапкершілікпен, адал атқарды. Тұрғын үймен, көлікпен қамтама- сыз ету, шетелдік сапарларды ұйымдастыру, Президент аппаратына қажет нәрсенің бәрін тауып отыру оңай міндет емес, оған осының бәрі жүктелетін. Қаңтар оқиғасы күндерінде мен тіпті арнаулы күзеттің өзіне сене алмай қалған қиын шақтар болған еді. Сонда мені өзінің көлігіне отырғызып, Алматының әуежайына жеткізіп, сын сағатта елордада болуыма жағдай жасаған да осы Абай Айдарханұлы. Мұндай сәттер ұмытылмайды. Отставкаға шыққанымнан кейін де менің жанымда қалуға шешім қабылдағаны көп жайды аңғартады. Оның адамдық қасиетін танытады.

Пікір қалдыру үшін сізге логин қажет немесе өтіңіз
Синопсис
1/9

Листайте главы с удобством

Можете переключаться между главами книги в любое время. Насладитесь плавным переходом к интересующим вас частям текста!
Далее Завершить обучение
2/9

Настройте шрифт под себя

Изменяйте размер шрифта, чтобы чтение было комфортным для ваших глаз. Настройте отображение текста так, как вам удобно.
Далее Завершить обучение
3/9

Читайте синопсис

Не знаете, с чего начать? Ознакомьтесь с кратким содержанием книги, чтобы быстро понять основные идеи.
Далее Завершить обучение
4/9

Исследуйте содержание книги

Посмотрите все главы и подглавы в удобном навигационном меню. Найдите интересующие вас разделы одним кликом.
Далее Завершить обучение
5/9

Сохраняйте закладки

Добавляйте закладки, чтобы не потерять важные моменты. Вернитесь к нужному месту в книге в любой момент.
Далее Завершить обучение
6/9

Открывайте мини-справочник

Кликайте на «Мини-справочник» для доступа к дополнительной информации. Нажмите на текст, и модальное окно откроет полезные материалы.
Далее Завершить обучение
7/9

Просматривайте таймлайн событий

Интерактивный таймлайн поможет вам увидеть ключевые события книги. Кликните, чтобы открыть окно с подробной информацией.
Далее Завершить обучение
8/9

Наслаждайтесь цитатами

Ищите вдохновение? В разделе цитат собраны самые яркие мысли и высказывания.
Далее Завершить обучение
9/9

Делайте записи в блокноте

Зарегистрируйтесь и получите доступ к личному блокноту. Записывайте свои идеи, заметки и важные мысли прямо во время чтения
Завершить обучение
AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу