EPG

«Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа»

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты кітабы – қазақ халқының ғасырлар бойы тәуелсіздікке ұмтылған арманын жүзеге асырған қазіргі Қазақстанның негізін қалаушының естеліктері. Бұрынғы президент өзінің жастық шағын, Кеңес дәуіріндегі және егеменді Қазақстан кезеңіндегі саяси қызметін және биліктің мұрагеріне ауысуын еске алады. Ол жеке өзі қатысқан тарихи оқиғаларды егжей-тегжейлі баяндайды. Бұл мемлекеттің жойылуы мен құрылуы, көпұлтты елде тәуелсіз саясат жүргізу және оның бірлігін сақтау туралы шынайы әңгіме. Автор билікті кім және не үшін алатынын және миллиондаған адамдардың тағдыры үшін жауапты екенін түсіндіреді. Сонымен қатар, ол алғаш рет отбасылық өмірінің қыр-сырын ашық айтады.

Онлайн оқу

ҚАЙТА ҚҰРУ: ҚЫЗЫҒЫ МЕН ШЫЖЫҒЫ

Пленумнан - ереуілге

«Колбинге байланысты жасалған қателікті түзету талап етілді. Бұл біздің ұлтаралық қатынастар саласындағы алғашқы ірі қателігіміз болды, мен оны қайталамауға ұйғардым. Бәріміз де қазақтар өз рес- публикасын өздері басқаруы тиіс деген қорытындыға келдік те, жаңа басшыларының кім болуы керектігін өздерінің шешуіне қалдырдық». М. С. Горбачевтің мемуарындағы осы сөздер — заманның өзгергенінің даусыз дәлелі.
Республика басшысы ауысатыны анықталған кезде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметіне ұсынылатын кандидатуралардың біразы қаралғанын анық білемін. Республикадағы екінші лауазым иесі, шаруашылықты нақты жүр- гізіп отырған адам ретінде танылып қалғаным талассыз еді. Сөйтсе де, КОКП Орталық Комитеті менің бұл лауазымға сайлануыма онша құлықтылық танытқан жоқ.
Оны талай адамнан естіп-білдім. Солардың бірі — кейіннен көп- теген жылдар бойы менің кеңесшім, көмекшім лауазымында жұмыс істеген өз кәсібінің тамаша маманы, асыл азамат Игорь Романов. Оның естелігінен үзінді алумен шектелейін:
«Әйтсе де, КОКП Орталық Комитеті 1989 жылы басқа кандида- тураны іздеудей-ақ іздеп бақты, бұған менің өзімнің көз жеткізуіме тура келді. Сол жылдың көктемінде Кремльге «идеология активін» жинады, оған Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті идеология бөлімі жетекшісінің бірінші орынбасары ретінде мен де қатыстым. Отырыстардың бірі кезінде дәл залдың өзінен мені КОКП ОК-і ұйым- дық бөлімінің Қазақстан мен Орта Азия секторының меңгерушісі Н. Ф. Мищенкоға шақырып алып кетті. Ол салған беттен әңгімені егер Г. В. Колбин басқа қызметке тағайындалып жатса, оны партия активінің қатарынан кім алмастыра алар еді деген сұрақтан бастады. Сәл сасыңқырып қалдым, дегенмен бірден-ақ ең жақсы кандидатура Министрлер Кеңесінің төрағасы Н. Ә. Назарбаев болар еді деп жауап бердім. Сұхбаттасушым өз ойымды тиянақтауды сұрады. Мен ол кісі республикада шүбәсіз беделге ие, экономиканы, әсіресе Қазақстан- дағы істің жайын тамаша біледі, экономиканы реформалау жөнінде батыл ойлары бар, оларды ашық айтып жүреді дедім.
Одан кейін Н. Ф. Мищенко мені ұйымдық бөлім меңгерушісі орынбасарларының біріне, одан әрі қарай КОКП Орталық Коми- тетінің хатшысы әрі КОКП ОК-нің партия құрылысы және кадр саясаты жөніндегі комиссиясының төрағасы Г. П. Разумовскийге алып барды. Әңгімеміз қысқа қайырылды, алайда дәл сол адам маған менің пікірім республиканың қазіргі басшылығының ұсыны- мымен бір жерден шықпайтынын айтты. Оған қоса, менің З. К. Камалиденов, М. С. Меңдібаев, Е. Н. Әуелбековтің кандидатуралары жайында не ойлайтынымды сұрады. Әрине, мен ол адамдарды білетінмін, жасап жүрген еңбектеріне көлеңке келтірмей-ақ, олар мен Министрлер Кеңесі төрағасының Қазақстанның іс жүзіндегі бірінші басшысы қызметіне дайындығы тұрғысынан қарағандағы айырмасын негіздеуге тырыстым. Кейін анықталғанындай, менің айтқанымдай пікірді «собеседование» жасалған адамдардың бәрі дерлік айтыпты.
Әрі қарай оқиғалар құйындап ала жөнелді. Мәскеу талай жыл- дар бойы Кремль жүргізіп келген моноцентризм практикасының дәрменсіздігіне және жергілікті жердегі қоғамдық пікірді елемеуге болмайтынына анық көз жеткізді де, «артқа шегінді». Сөйтіп, 1989 жылдың маусымында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды».
2010 жылы шыққан «Өмір жолдары» деген кітабында кезінде Қа- зақстан Компартиясы Орталық Комитетінің идеологиялық жұмыс жөніндегі хатшысы қызметін атқарған Закаш Камалиденов КОКП Орталық комитетінің бірқатар жауапты қызметкерлерінің қабыл- дауында болғанын, ондағы әңгімелерде кадрлар мәселесі жөнінде тамыр басып көргенін растап жазған. Атап айтқанда, К. Н. Могиль- ниченко одан: «Республикада бұл жұмысты атқару, бірінші басшы болу кімнің қолынан келеді деп ойлайсыз?» деп сұрайды. Бұл: «Мен ол орынға лайық кісінің атын атай алам. Ол — Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы. Тәжірибесі мол, Министрлер Кеңесін басқарады. Эконо- миканы жақсы біледі», дейді.
Кейіннен баспасөзге берген сұхбатында Закаш Камалиденұлы осыған байланысты тіпті «Әр адам өз әлін білуі керек. «Әлін білме- ген — әлек» дейді халқымыз» деп те жіберіпті.
ОК басшылығының арасында тіпті кандидатурама қарсы пікір айтып барған адамдардың болғаны да белгілі. Себебін сұраса, «Назарбаев неудобный» дейтін көрінеді. Ыңғайсыз, қолайсыз, бағын- бай кететіні де бар дегендері ғой. Себебі мен елдің шешілмеген мәселелерін, экономика жағдайын мінберден де, БАҚ бетінде де айтып жүрдім. Сонда Горбачев оларды бір-ақ сөзбен тоқтатыпты:
«Лучше один неудобный Назарбаев, чем весь неудобный Казахстан» деп. Сөзінің жаны бар. Бұл мәселе, яғни республика басшылығын белден басып, тізеге салып ауыстыру Орталықтың беделін бес тиын еткен еді. Ол қадамын Мәскеу тағы қайталауға тырысса, онда абыройы тіпті айрандай төгілер еді. Соның өзінде де әлгілер біраз жерге дейін іштей қарсыласып бақты. Ақыр аяғында қоғамдық пікірді зерттеу дегенді шығарды. Алматы көшелерінде «Назарбаев ұлтшыл емес пе?» деген бір ғана сұрақтан тұратын сауалнама жүргізді, аяқастынан де- мократияны аңсай қалып, Орталық Комитеттің пленумында бірінші хатшыны сайлау ресімін жабық дауыс беру арқылы өткізді. Бұл — бұрын-соңды болмаған нәрсе. Қол көтеріп сайлай салатын. Кадрлар- ды таңдау мен іріктеуге мұндайлық ыждағатты көзқарасты, жетек- шілер сайлауын барынша демократияландыруды жақтаймын ғой, әрине. Алайда мынандай сұрақ туады: қазақстандық коммунистерге беймәлім Г. В. Колбин бірінші хатшылыққа сайланатын V пленумды дайындау кезінде мұндай принциптілік неге танытылмаған? Колбин демекші, 1989 жылдың 25 мамырында жұмысын бастаған КСРО халық депутаттарының I съезінде Қазақстан атынан сөздің бірінші хатшыға емес, Министрлер Кеңесінің төрағасына, яғни маған берілгенінің өзінен саясаттың самалын сезер жұрт біраз нәрсе сезген де болатын. Сол съездің алты томдық стенографиялық есебіне қарап, қызық үшін ерінбей санап отырсам, менің сөзіме сегіз рет қол соғылған екен. Әсіресе, «Жалпы өнімді тауармен емес, соммен есептеу он екінші бесжылдықта тіпті күшейіп кетті, өзінің шырқау шыңына шықты. Ведомстволардың көрсеткішін емес, адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру деген де жай ұран сөз күйінде қалды. Ал енді қазір ең бір көнерген көрсеткішке — өзіміз құрмет тұтатын төрт бірдей ведомство енгізген еңбек өнімділігі мен орташа жалақының арақа- тынасына қайта оралуға мәжбүр күйге түсіп отырмыз. Олар маған ренжімей-ақ қойсын, бірақ айтайын: бұл құжатқа кәсіпорындарда
«Төрттік банданың хаты» аты берілген» дегенімде бес мың адамдық залдағы жұрттың әбден айызы қанғаны есімде.
1989 жылғы 22 маусымда республика Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметіне сайландым. Пленумдағы жабық, құпия дауыс беру нәтижесінде менің кандидатурамды Ор- талық Комитеттің 158 мүшесінің 154-і қолдады. Төрт адам ғана қарсы шығыпты. Бұл өте жоғары көрсеткіш деп білемін. Жарыс- сөзде сөйлеушілер менің атыма көптеген жылы пікірлер айтты. Жергілікті өнеркәсіп министрі И. Б. Еділбаев, Лениногор полиметалл комбинатының директоры И. И. Думанов, Талдықорған облысын- дағы «Октябрьдің 40 жылдығы» аграрлық фирмасының төрағасы Н. Н. Головацкий, Қарағанды облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы В. И. Локотунин, Жамбыл облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы С. М. Байжанов, Қарағанды металлургия комбинатының жайма илем цехының аға біліктеушісі С. В. Дрожжин, Алматы жоғары партия мектебінің тыңдаушысы Н. Е. Руснак, Ал- маты облысындағы «Каменский» асыл тұқымды зауытының сауын- шысы В. А. Кузьменко, Павлодар облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Ю. А. Мещеряков, Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Е. Н. Әуелбеков кандидаттың қыз- метіне әр қырынан баға берді. Еркін Нұржанұлы Әуелбековтің сөзіне ғана аз-кем тоқталғым келеді. Мәселе мынада — ОК бірінші хатшылығына оның кандидатурасы да қаралған деп шамаланатын. Екеуміздің көзқарасымыз талай тұстарда тоғыспай қала беретінін біраз жұрт білетін. Ол кісінің бұл мәселенің басын аша кеткені орынды шыққан сияқты көрінді. «Естеріңізде бар шығар, талай рет сөйлегенмін, жасы үлкен адам ретінде сынға да алғанмын, алайда мен Нұрсұлтан Әбішұлы сыннан дұрыс қорытынды жасайтынын айтуға тиіспін. Кейінгі жылдарда біздің арамызда бірде-бір рет келіспеушілік болған жоқ, барлық мәселелерде тіл табысып жүрдік, ал қалған жайдың бәрі — жай сөз ғана» деу арқылы ол келіспеушілік- тер кездескенін айтып қана қойған жоқ, мені «көптеген мәселені: экономиканы да, мәдениетті де жан-жақты қамти қарастыратын», сөздерінен «кең ауқымдылық сезілетін» саяси жетекші ретінде си- паттады, Назарбаевты Орталық Комитеттің бірінші хатшысы етіп таңдау турашыл шешім болады дегенді атап өтті. Сондықтан да бұл сөз маған осындай күрделі тұлғаның әділдігін көрсететін, мойын- дауын білдіретін пікір ретінде әсер етті.
Пленумның соңындағы қорытынды сөзімде былай деген едім:
«Біздің партиямыз бен республикамыздың тарихындағы мұндай- лық бетбұрыс сәтте Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетіне және маған жүктелген күллі жауапкершілікті түсінемін.
Адамдар көптеген өмірлік маңызы зор әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси проблемалардың, соның ішінде тоқырау кезін- де көмескілендіріліп немесе айтылмай келген ұлтаралық қатынастар саласындағы проблемалардың шешілуін қайта құрумен байланыстырады. Олардың қаншалықты күрделі екенін соңғы жылдардың оқиғалары көрсетеді. Дегенмен, оларды шешу жолдары айқындал- ды. Енді тек белгіленгенді неғұрлым белсенді түрде жүзеге асыру қажет.
Бұл мәселелердегі менің ұстанымым барлығыңызға аян. Ол КСРО халық депутаттарының І съезінде сөйлеген сөзімде айқын тұжы- рымдалған-ды. Мен қазақстандықтардың мүдделерін білдіруге ты- рыстым және ол біздің республикамыздан сайланған бір топ депу- таттардың ортақ тұғырнамасы болатын. Сол бағдарламаны жүзеге асыру бағытын табандылықпен ұстанамын деп сіздерді сендіргім келеді. Республиканың бірінші басшысы үшін халық мүддесінен жоғары ештеңе жоқ деп есептеймін». Пленум аяқталысымен, Алматы ауыр мәшине жасау зауытына бардым. Өзіме етене жақын жұмысшылар, инженерлер ұжымының пікірін білгім келді. Зауыт цехтарын аралап, қабылданған шешімді айттым. Ішінде пленум өткенін білетіндері де, әлі біле қоймағанда- ры да бар екен. Ең бастысы — бәрі пленум болатынын біледі және онда менің бірінші хатшылыққа сайланатынымды біледі. «Неге олай ойлайсыздар?» деп сұрадым. «Енді қайтадан сырттан адам әкелу мүмкін емес екенін білеміз. Ал біздің республикада бұл қызметке Назарбаевтан басқа лайықты адам жоқ» деп сөйлейді. Бұл сөз маған пленумның шешімінен де артық сезім ұялатты. Жұмысшылар айтса, тек ойындағысын айтады ғой. Маған баяғыдан белгілі.
Өмірімнің жаңа белесі, аса жауапты белесі басталып кетті. Ұйымдастыру пленумына арнайы келген Саяси бюро мүшесі, ОК хатшысы В. М. Чебриковті шығарып салып, жұмысыма кірістім. Донбасс, Кузбасс көмір орталықтарында басталған шахтерлер ереуілі сол күндері Қарағандыда бұрқ ете қалды. Дереу сонда бардым. Горбачев маған Қарағандыға бармасаң болмайды деді. Мен көмір өндірісі түгелдей Мәскеудегі министрге бағынады, министр менімен
бірге барсын деп айттым. Осыған келістік.
Ұшақ Қарағандыға қонысымен әуежайдан тіке орталық алаңға тарттым. Жаз кезі. Шахталардан шыққан бойы, киімдерін ауыстыр- май, қап-қара, май-май күйінде алаңға келген екі мыңға жуық адам- ның түрлері ызалы еді. Кімге қарсы сөйлейді? Басшылыққа. Жалақы аз. Дүкендерде тамақ тапшы. Қаптаған сұрақ. Шешімі жоқ. Мені әуежайда қарсы алған облыс басшысы қамқорлық жасағандай болып, «Мыналар ашулы, қазір бармай-ақ қояйық» деді. Шешінген судан тайынбас. Тура солардың ортасына тарттым. Шыжыған ыстық күннің астында сағаттар бойы бетпе-бет сөйлестік. Қарағандыдағы ереуіл белгілі бір дәрежеде Кузбасс пен Донбасстағы кеншілер бел- сенділерімен жақын байланыс орнатудан да шыққанын анықтадық. Ондағы да, мұндағы да проблемалар ұқсас. Мәскеуден журналиспіз деп келгендердің арасында арандатушылар бар екені байқалды. Одақтық Үкіметтің орынбасары және екі министр сол күні-ақ біздің өтінішімізбен Мәскеуден келіп, оларға кеншілер алдында жауап бергіздік, қордаланған мәселелерді шешу жөніндегі уәделерін алдық. Көмір өндірушілер мен өнім алушылардың арасындағы байланыс үзілгендіктен, көмір жеткізілмей, еңбекке жалақы төленбей жатқан еді. Шахтерлер түптің түбінде менің уәждеріммен келісті. Обкомда, Орталық комитетте істеп жүргенде шахтаға талай түсіп, олармен тілдескенім, мәселелерін шешіп қайтып жүргенім ұмытылмапты. Араларында мені жақсы танитын адамдар да бар екен. Кейіннен республикадағы барлық қоғамдық бірлестіктердің басшыларымен кездесіп, осындай қиын жағдайда экономиканы түзеп алу үшін бір жыл мерзімге ереуілдерге мораторий жариялау жөнінде уағдалас- тық жасалды. Мораторий шарты сақталды. Оның мерзімін ұзарту қажеттігі болған жоқ. Республикадағы жағдай тұрақты қалыпқа түсе бастады.
Шахтерлер ереуілінен біз көп тағылым алдық. Ең бастысы, ере- уіл жұмысшылар экономикалық тетіктерді жаңғырту жөніндегі жоғарыдан түсіп жатқан нұсқау-тапсырмаларды қабылдай алмай- тынын көрсетіп берді. Мұның өзі кәдімгі бір қоңырау сияқты еді, біз Қарағандыдағы жағдайды реттемесек, ол ертең Павлодарда, бүрсігүні Өскеменде деген сияқты жалғасып кете баруы әбден мүм- кін болатын. Сол тұста республика Жоғарғы Кеңесінің сессиясында сөйлеген сөзімде мен мұндай ереуілдердің тағы бір толқынына ел экономикасы шыдас бере алмайды дегенді ашық айтқанмын. Он- дай оқиғалар жалғасын тапқанда, экономикалық көрсеткіштердің төмендейтінін былай қойғанда, адамдардың әл-ауқатын жақсарту бағытында жаңа ғана қолға алынып жатқан шаруаларымыз жүзе- ге аспай қалатын еді. Бір жақсысы, шахтерлерге осыны түсіндіре білдік. Олардың біраз талаптары қанағаттандырылысымен, ереуіл комитетінің жұмысқа шығу жөніндегі шешімі бірден-ақ орындалды. Қарағандыдағы ереуілден кейін халықпен етене болу, жұрт- шылықпен ашық сөйлесу, өзіміздің мүмкіндікпен-ақ шешіп тастауға болатын мәселелерді кейінге қалдырмау қажеттігі әркімге де анық көрінді. Шахтерлер ереуілі еш кеткен жоқ. Айлар бойы Орталықпен жүргізілген әңгіменің, келіссөздің арқасында 1991 жылдың жазын- да, яғни Тәуелсіздікке дейін-ақ менің Көмір өнеркәсібі министр Щадовпен, Металлургия министрі Сосковецпен, Радиоөнеркәсіп министрі Шимкомен кездесуімнің нәтижесі бойынша коммюникеге қол қойылды. Ол коммюнике кәсіпорындардың Қазақстан юрис- дикциясына көшуін тиімді әрі қажетті деп таныды.
Бұл тәуелсіздікке жасалған нақты қадам еді.
Иә, жаңа қызметке кірісер-кіріспесте осындай жайсыз жағдаймен бетпе-бет келгенбіз. Қарағандының «Тентек» (сол арадағы өзеннің атымен қойылған, кезінде буырқанып ақса керек) шахтасы бастап, басқалары қостап, бірнеше күн бойы көмір өндірілмей қалу қаупі төнді. Жалпы, ереуіл атаулы қай кезде де қауіпті. Ал сол кезде тіпті қатерлі болатын. Экономика ереуілдерді көтере алатындай жағдайда емес еді.
Бұл ереуіл біздегі бар мәселенің түпкі мәні адамның кәсіпорын- ның да, жердің де қожайыны еместігі, содан да оның қазынаның меншігіне қалай болса солай қарайтындығы екенін тағы да көрсетіп берді. КСРО-дағы еңбек өнімділігінің төмендігі, мысалы, америкалық жұмысшының бір күн ішінде біздегі жұмысшыдан үш есе көп өнім шығаратыны адамдарымыздың соншама жалқаулығынан, соншама біліксіздігінен емес. Бар бәле өміріміздің де, өніміміздің де түпкі нәтижемен байланысты болмауында. Өндіріп істесең де, алатының — сол айлық, таңертеңнен кешке дейін жай сенделіп жүрсең де, ала- тының — сол айлық. Жақсы жұмыс істеудегі мақсат не сонда? Озат атану ма? Құрмет тақтасына жазылу ма? Грамота алу ма? Әрине, олардың да өзінің рөлі бар, әйтсе де тек моральдық көтермелеумен алысқа бара алмайтынымыз анық.
Президент лауазымын тағайындау мәселесін қараған халық депутаттарының ІІІ съезінде республика Жоғарғы Кеңесі жерді, оның қазыналарын, суды, орманды, басқа да табиғат ресурстарын респуб- лика меншігі деп жариялау құқын өзінде қалдырады дегенді ашық айттым. Бұл мәлімдемемді ешкім ультиматум түрінде қабыл алмауы қажеттігін де ескерттім.
КСРО-ның федералды мемлекет екені, Конституция бойынша әрбір одақтық республика дербес мемлекеттік құрылым деп сана- латыны атымен ұмыт қалдырылды. Расында да, өзінің жеріне, өзінің байлығына иелік ете алмайтын дербес мемлекеттік құрылым бола ма екен? Экономикаға егелік ету жоқ жерде саяси егемендік жөнінде айтудың да артық екені бесенеден белгілі.
Халық депутаттарының съездері сол кездегі кеңестік қоғамның санасында терең із қалдырғаны талассыз. Коммунистік партияның күні өтіп бара жатқанын, оны реформалау жөнінде нақты қадамдар жасалмаса, жағдайдың күн өткен сайын қиындай түсетінін де сол съездер көрсетіп берді. Бір депутаттың: «Партияның қадірін өзінің іс-әрекетімен партияның өзі ғана кетіре алады» деп айтқаны есімде. Ауыр әрі әділ осы сөз партия басшылығын ойландыруы тиіс еді. Олай болмады.
Қайта құру деген қоғам өмірін демократияландыруға, сол арқылы адамдар бойында бұғып жатқан бастамашылдық қуатты оятуға бағыт- талған, о баста жап-жақсы мақсаттарды көздеген шаруа еді. Сол шаруа құр сөзге айналып кетті. Барлық деңгейде жауапкершілік төмендеді. Тәртіп нашарлады. Тәртіптің кез келген жұмыстың мін- детті шарты екені, тәртіп болмаған жерде демократия, ерте ме, кеш пе, қоғамды хаос пен бейберекеттікке ұрындырмай қоймайтыны ескерілмеді. Екінің бірі еді: не біз осыны жасайтынбыз, не біз ха- лықтың сенімінен айырылатынбыз. Соның екіншісі болды. Горбачев билігі халықтың сенімінен айырылды. Қоғамдық меншік дегенді бетке тұту арқылы орталық ведомстволар негізінен өз мүдделерін көздеген-ді. Олар республикалардың саясатында егемендік көбейе түскен сайын өздерінің құзыреті кеми беретінін ойлаудан аса алмады. Бір кезде қатарында 20 миллион коммунист тұрған Компартияның қатары селдірей түскені де сондықтан. Кандидаттардың мүшелікке өтуден бас тартуы жиіледі, партиядан шығуға өтініш жазатындар көбейді. Партияның лайықты тың күштермен толығуы іс жүзінде тоқтады деуге де келеді. Сол тұста бірқатар комитеттерде партиялық стажы бір жылға да толмаған адамдарды нұсқаушылық жұмысқа алу фактілері де кездескен. Бұрын ондай қызметке біраз жыл стажы бар, тәжірибелі адамды ғана алушы еді. Оны айтамыз, бір ауданда жас коммунист аупарткомның нұсқаушысы қызметіне партиялық билетті алған күні тағайындалған екен. Әрине, мұның бәрі партияның беделін төмендете түсті. Кейбір облыстық партия конференцияларында, мысалы, бізде Қарағанды, Көкшетау, Шымкент, Талдықорған облыс- тарында, обкомның бірінші хатшылары қайтадан сайланбай қалды. Компартияның күнделікті жұмысын көбік сөз көміп кеткені сол партияның өзі жариялаған демократияның да қадірін түсіре берді.

Демократия — мемлекеттің өмір сүру пішіні. Оны адамның аузына не келсе соны айтуы, ойына не келсе соны істеуі, жауапсыздықпен ұштасып жататын жүгенсіздік деп ұғуға тіпті де болмайды. Халық бәрінен бұрын екі нәрседен — анархия мен деспотиядан қорқады. Демократия осы екеуінің ортасынан табылуы тиіс.
Қайта құруды бастаушылар осыны ескермеді.
Партияның дағдарысы қайта құрудың дағдарысына айналды.

Пікір қалдыру үшін сізге логин қажет немесе өтіңіз
Синопсис
1/9

Листайте главы с удобством

Можете переключаться между главами книги в любое время. Насладитесь плавным переходом к интересующим вас частям текста!
Далее Завершить обучение
2/9

Настройте шрифт под себя

Изменяйте размер шрифта, чтобы чтение было комфортным для ваших глаз. Настройте отображение текста так, как вам удобно.
Далее Завершить обучение
3/9

Читайте синопсис

Не знаете, с чего начать? Ознакомьтесь с кратким содержанием книги, чтобы быстро понять основные идеи.
Далее Завершить обучение
4/9

Исследуйте содержание книги

Посмотрите все главы и подглавы в удобном навигационном меню. Найдите интересующие вас разделы одним кликом.
Далее Завершить обучение
5/9

Сохраняйте закладки

Добавляйте закладки, чтобы не потерять важные моменты. Вернитесь к нужному месту в книге в любой момент.
Далее Завершить обучение
6/9

Открывайте мини-справочник

Кликайте на «Мини-справочник» для доступа к дополнительной информации. Нажмите на текст, и модальное окно откроет полезные материалы.
Далее Завершить обучение
7/9

Просматривайте таймлайн событий

Интерактивный таймлайн поможет вам увидеть ключевые события книги. Кликните, чтобы открыть окно с подробной информацией.
Далее Завершить обучение
8/9

Наслаждайтесь цитатами

Ищите вдохновение? В разделе цитат собраны самые яркие мысли и высказывания.
Далее Завершить обучение
9/9

Делайте записи в блокноте

Зарегистрируйтесь и получите доступ к личному блокноту. Записывайте свои идеи, заметки и важные мысли прямо во время чтения
Завершить обучение
AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу