«Түсініксіз жай — Украинадағы мектептерде неге украин тілі оқытылады?», «Севастополь — атам заманнан орыс қаласы. Ондағы маңдайшалар мен көрнектер неге және не үшін украин тілінде жа- зылған?». Бұл сөздер көрнекті мемлекет қайраткері, 1963–1972 жылдар ара- сында Украина Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы, КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі болған Петр Шелесттің «Да не судимы будете» деген мемуарлық кітабынан алынып отыр.
Айтқан адам кім деп ойлайсыз? Мұндай сөз кімнің аузынан шығуы мүмкін? Солженицынның бе? Жириновскийдің бе? Ұлыдержава- лық шовинизм ауруымен ауырған әлдебір әумесердің бе? Кімнің? Қиналмай-ақ қойыңыз, бәрібір таба алмайсыз. Өйткені бұл сөзді айтқан адам — Алексей Николаевич Косыгин. Иә, кәдімгі Косыгин — сонау 1939 жылдың өзінде одақтық нарком (министр) болған, КСРО Үкіметін талай жыл (1964–1980) басқарған, ең бір күрделі кезеңде қиын экономикалық реформаларды жүзеге асыра алған аса көрнекті мемлекет қайраткері. Ауызекі әңгімеде, пікір алысу ретінде айтып қалған ба? Жоқ. 1972 жылғы 30 наурызда КОКП Орталық Комитеті Саяси бюросының дұшпандық насихат және оның ықпалы, таптық және идеологиялық күрестің шиеленісуі мәселелерін талқылаған отырысында сөйлеген сөзінде айтқан. Мемлекет қауіпсіздігі коми- тетінің төрағасы Ю. В. Андропов баяндама жасап, күн тәртібіндегі мәселе бойынша Саяси бюро мүшелерінің бәрі пікір білдірген екен. «Коммунизмге баратындардың бәрі орысша сөйлеуі тиіс» дейтін белден басқыш, кеудемсоқ Хрущев тақтан тайдырылғаннан кейін он шақты жыл өткенде, ел үкіметі басшысының аузымен айтылған сөз әлгіндей. Міне, біз осындай қоғамнан шыққан едік. Абдурахман Авторханов — белгілі советолог, танымал диссидент, тіпті коллаборационист. Оның аузынан кеңестік кезеңге қатысты жылы сөз шығуы оңай емес. Алайда сол атышулы А. Авторханов өзінің («Империя Кремля») атты кітабында «Кеңес өкіметі тұсында одақтас республикалар арасында тіл үшін бірінші болып қазақтар күресті» деп жазған. Бұл арада 1986 жылы Алматының бас алаңына шыққан жастардың биліктің алдына қойған талаптарының бірі қа- зақ тілінде сабақ беретін мектептер мен жоғары оқу орындарының көбейтілуі екені ғана айтылып тұрған жоқ. Ұлт интеллигенциясының алдыңғы қатарлы өкілдері, әсіресе тың игеру жылдарындағы әсіреңкіліктен кейін, қазақ тілінің құрдымға кету қатері төніп тұрғанын сергек сезініп, дабыл қаққан еді. Бір ғасыр- дың ішінде үш түрлі жазуды қолдануға мәжбүр болған қазақ сияқты халық мына жердің бетінде сирек. Ғасырлар бойғы араб әліпбиін әуелі латынға, кейін кириллицаға ауыстыру арқылы кеңестік тота- литаризм елдегі түркі халықтарын және елдерін бірінің жазғанын басқасы оқи алмайтындай күйге түсіріп тынды деу — мәселенің бір жағын ғана айту. Бұл арқылы дүниенің төрт тарабындағы қазақтар да бір-бірін оқудан қалған еді — бүгінде әлем қазақтары үш түрлі жазуды пайдалануға мәжбүр: бұрынғы Кеңес одағы мен Моңғолия қазақтары кириллицаны, Қытай қазақтары араб әліпбиінің төте жазуын, Еуропа қазақтары латынды ұстанады.
Қазақ халқының басты байлығы, аса қастерлі қазынасы — ана тілі. Қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған — оның ғажайып тілі. Дауға салса — алмастай қиған, сезімге салса — қырандай қалқыған, ойға салса — қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат ештеңе жоқ.
Бұрынғы Одақ кезінде біздің үлес салмағымыз өз жерімізде бүкіл тұрғындардың үштен бірін әзер құрай алған кезеңдер болған. Міне, осындай жағдайдың өзінде қазақтардың басым көпшілігі өзінің ұл- тына берілген сезіміне қылау түсірген емес. Неге? Өйткені халық өзінің ана тілінің қуатына сенді, сондай тіл жасай алған ата-бабаларын орынды мақтаныш етті. Амал не, кешегі кеңестік кезеңде қазақтың сол басты байлығы да теперішті көрудей көрді. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарындағы Қазақстанға тән өзіндік ерекшеліктердің бірі — оның байырғы тұрғындары жалпы халықтың көпшілігін құрай алмайтын бірден-бір республика болғандығы. То- талитарлық тәртіптің қатыгездікпен қанағанына, бір кездегі көсем- дердің шамшылдықпен басынып, кемсіте қарағанына барынша төзіп келген қазақ халқының қайғы-қасіретке толы тарихындағы сойқанды іс-әрекеттердің зардабы, міне, осындай. Бүгінгі оқырман сол кездегі Қазақстанның астанасы Алматыда жалғыз ғана қазақ мектебі (№ 12) болған еді, оған қоса негізінен шопандар балаларына арналған тағы бір мектеп-интернат қана бар еді дегенге сене ме? Оңайлықпен сене қоймайды. Шындығында дәл солай еді. Қазақ тілі мемлекеттік мекемелерден түгелдей дерлік ысырылып, күнделікті тұрмыстағы, от басы, ошақ қасындағы тілге айналған-ды. Әрбір үшінші қазақ өзінің ана тілін білмейтін немесе өте нашар білетін. Ата мен немере бір тілде сөйлесе алмайтын халге жеткен-ді. Ал мұның өзі жас ұрпақ ежелгі ата тегіне жат бола түсті, рухани дәстүрлер жалғастығы үзіле бастады, халықтың толыққанды мәдениетінің түп-тамыры қиылуға бет алды дегенді білдіретін сұмдықтың нақ өзі ғой.
Туған тілімізді түлету жолындағы тартысымыз тәуелсіздікке де- йін-ақ басталған.
Қайта құрудың сәуір самалы ескеннен-ақ бүкіл Кеңес одағында әр халық өзінің ана тілін қорғаудың қамына кірісті. Республика басшысы болып сайланғаннан кейін небәрі бес күн өткенде, яғни 1989 жылғы 27 маусымда шығармашыл және ғылыми интеллигенция өкілдерімен кездескенімде қозғаған мәселемнің бірі тіл тағдыры еді. Сонда сөйлеген сөзімде былай деппін: «Тоқыраудың қысылтаяң шағындағы ұлт мүддесін бүркемелеу мен басып-жаншу жүйесі, өзара қарым-қатынастың толық үйлесімі туралы бірбеткей ләппай-тақсырлық ұрандар бұрын адамдардың ұлттық мәдениеті, әсіресе тілі туралы алаңдаушылығын барынша тұқыртумен келді. Қоғамымызды демократияландыру жағдайында бұл сезім қосымша серпін алды. Сөйтіп, сіздер мен біздің бәріміз өзімізді, белгілі орыс мақалында айтылатындай, «жеті атасын білмейтін жетесіздерге», отаны мен тарихи жады жоқ
мәңгүрттерге айналдырмаққа ұмтылған ескі пиғылға қарсы осынау өрлеудің куәсі болып отырмыз. Бірақ сонымен бірге, өз мәдениеті мен тілінен, халқының ұлттық кейпі- нен айрылудың сананы сансыратқан қаупі кейде адамдарды басқа бір шекке шығарып, өзін әдейі немесе түйсіксіз түрде өзге ұлттарға қарсы қойғызады. Әрі мұндай шекке шығу әдетте рухани дүниесі жұтаң адамдардан табылады. Мұндай «солшылдық» ауруынан арылу неғұрлым тез болса, біздің қоғамымыздағы парасаттану үдерісінің ұтысы соғұрлым көп болмақшы». Сонда мені республика басшысы ретінде, ана тілін ардақтайтын
азамат ретінде нақты қандай жағдайлар алаңдатқан еді? Қазақ тілінің қоғамдық қызмет ету аясы тарылып бара жатты. Осы үдерісті тоқтату керек еді, неге десеңіз, қажеттілігі кеміген үстіне кеми беретін тілдің болашағы жоқтығы жас балаға да белгілі. Сол кездесуді дайындау барысында тілші ғалымдардың бізге берген мәліметтері бойынша, қазақ тілі қоғамдық өмірдің тек 10 саласында ғана белсенді қызмет атқарады екен. Тілін кемсіту мен ығыстыру — тарихи тұрғыдан да, аумақтық жағынан да заңды түрде республикаға атын берген ұлтты қадірлемеудің ең қорлық түрі. Тіпті кейбіреулер ұлт тіліндегі мектептер сол ұлттардың өзіне зиян келтіреді-міс деген теория соғудан, соны notice:492" class="notice-pjax">Лениннің еңбегіне сүйеніп айтудан да тайынбады. 1987 жылы 11 сәуірде өткен республи- калық идеологиялық кеңесте осы жөнінде тағы да сөз етілді. Сонда заңғар заңгеріміз, академик
Салық Зиманов аяқастынан сөз сұрап, мінберге көтеріліп, Ленин түбелікті ұлттардың мектептеріне де, ол мектептерде ана тілінде оқытуға да қарсы болмағанын бұлтартпай- тын уәждермен дәлелдеп шыққан. Лениннің әркім сілтеме жасап жүрген әлгі сөзі мәтіндегі мәнінен суырылып алынғанын, ол
мақала революцияға дейін, 1913–1914 жылдары жазылған, бундшылардың (
РСДРП-ның құрамында бола жүріп, ұлт мәселесінде
большевик-термен көп айтысып-тартысқан еврей социалистік партиясының өкілдері) «ұлттық-мәдени автономия» жөніндегі ұрандарына қарсы жазылғанын, сондағы сөздің кеңестік мектепке де, кеңестік кезеңдегі большевиктік тіл саясатына да ешқандай қатысы жоқтығын қолмен қойғандай көрсеткен. Республикалық кеңесті ұйымдастыруға жауапты адам ретінде Орталық комитеттің идеология мәселелеріне жауапты хатшысы
Закаш Камалиденовті «Сіз мұның бәрін білмеуіңіз мүмкін емес, сіз мұның бәрін білесіз, сіз тек аппараттағылардың жазғанына сеніп қалғансыз, сізді аппаратыңыз ұятқа қалдырып тұр» деп, тап бір қорғаштағандай сөйлеп, мақтамен бауыздағаны да есімізде. Менің алдымда республиканы басқарып тұрған
Г. Колбин қазақ тілінің мәселесі қозғала қалса болды, ілеспе аударма деген бар ғой, соны пайдалану керек қой дегенінен танбайтын. Ал шын мәнінде ол кезде біздің ірі қоғамдық шаралардағы ілеспе аударма жасау әре- кетіміз бос әурешілік еді: қазақтар орыс тілін білетіндіктен, аударма- ны тыңдамайтын, ал басқалардың құлақ қоймайтыны — оларда қазақ тілін білуге деген алып бара жатқан қажеттілік жоқ. Алматыдағы екі залда ғана (Орталық комитеттің пленум залында, Жоғарғы Кеңестің отырыс залында) ілеспе аудармаға қажетті техникалық жарақтанды- ру жасалғанын, басқа жерде ондай мүмкіндік болмағанын да айта кетейін. Облыстарда, аудандарда ілеспе аударма деген сөздің өзін жаңа естіп жатқан кез. Бұған кім кінәлі? Тоқырау кезеңі мен оның алдындағы жылдар- дың түйсіксіз саясаты ғана емес, қазақтілді жұртшылықтың өзі де кінәлі. Біз орыстілді тұрғындарды қазақтың мәдениеті мен халықтық дәстүрлеріне тартуға талпынып жарытпадық.
Айтыс та өтіп жатады,
Наурыз да тойланады, ал орыстілді жұртшылық көлденең қала береді де, кілең қазақы шаралар тек қазақтар үшін жасалады. Сондықтан, кейін анықталғанындай, көпке танымал
«Тамаша» концерт бағдарламасы өткен Целиноградтағы Тыңгерлер сарайынан шығып келе жатқан қалың қазақты көрген облыстық партия комитеті кезекшісінің милиция жасағын шақырта қойған масқарасына таңдануға бола ма?! Қазақ тілінің өскелең ұрпаққа білім берудегі қолданыс аясы да тым мардымсыз күйінде қалып отырған-ды. Қазақ орта мектептерінің көптеген түлегі орыс тілін жеткілікті дәрежеде меңгеріп кете алмайтынынан қиыншылық көргені жасырын емес еді. Көп мәселе өзімізге, қазақтарға келіп тірелетін. Ол кезде қазақтар- дың талайы ана тілін білмейтін. Өзің сөйлемей тұрған тілді басқадан қалай талап етерсің? Өзге жақтан келсең, қазақ тілі жоқ жерде өссең бір жөн. Айтқандай, осындай бір жағдай есіме түсіп отыр. Ресейдің Кемеров облысын жиырма жылдан артық басқарған
Аман Төлеев біздің қандасымыз. Арғы түбі Маңғыстаудан. Өмір бойы дерлік Ре- сейде тұрған, сонда жұмыс істеген. Оған қандай сын тағарсың? Соның өзінде де ол
Дүниежүзі қазақтарының бірінші құрылтайында сөз сөйлегенінде әдейі айтқаным бар: «Аман, сенің мынауың не! Қазақшаны қашан үйренесің?» деп. «Келісемін, — дейді ол, — ана тіліңді білмеу — ұят, Нұрсұлтан Әбішұлы! Түзелуге уәде беремін! Тек маған жап-жас әрі сұлу мұғалиманы бекітіп берсеңіз болды». Сөз тауып кетті. Ол бұл жайында өзінің
«С моих слов записано верно» деген атпен шыққан өмірбаяндық сұхбат кітабында әңгімелепті. Бірақ қа- зақша білмейтін қазақтардың бәріне жап-жас әрі сұлу мұғалиманы қайдан тауып бере берерсің!..
Тіл — қолданыста болғанда ғана тірі, ұлт — қоғамдық қатынастарда белсенді түрде пайдаланылатын кемел тілі бар болғанда ғана тірі. Бұл — күллі адамзат тарихындағы айна-қатесіз ақиқат.
Сонда біздің тіліміз қандай тіл? Сонда біздің ұлтымыз қандай ұлт? Міне, мәселе қайда! Колбиннің тұсында мемлекеттік тіл мәртебесі жөніндегі әңгіме қайта-қайта көтерілді. Орталық комитеттің бюро мүшелерінің ба- сым бөлігі мемлекеттік қазақ-орыс қос тілділігін бекітуді жақтауға ойысып тұрды. Мемлекеттік тіл мәртебесін екі тілге қатар берейік дегендердің арасында тіпті тілші ғалымдар да табылғаны өте өкінішті еді. Өзінің ана тілін меңгермеген, меңгеруге мойыны жар бермейтін нигилистердің осы ұстанымды құлай жақтағаны түсінікті. Олардың қатары да едәуір қалың болатын. Сол кезде біз ұлттық интеллигенция тарапынан қатты қолдау көрдік. Әсіресе Тіл білімі институтының директоры, академик
Әбдуәли Қайдаровтың азаматтық ерлігі, зия- лылық табандылығы ерекше тәнті еткенін атап айтқым келеді. Ол кісі Қазақстанда мемлекеттік тіл бір ғана тіл — қазақ тілі болуы керек деген ұстанымынан еш қайтпады. Тіпті Колбиннің алдына екі рет шақырылғанда да өзінің темірдей берік уәждерін алға тартып, көнбей қойды. Орталық комитеттің идеологиялық бөлімінің меңгерушісі
Мырзатай Жолдасбеков академик ағасын алға тұтып, барған сайын белең алып бара жатқан қоғамдық пікірге сүйеніп, қос мемлекеттік тіл жөнінде бюро шешімін қабылдатуға шамасы келгенінше кедергі жасап бақты. Сөйтіп жүргенде Колбин Мәскеуге кетіп, қолымыз ұзарып сала берді. Мемлекеттік тілді екі тіл етудің тиімсіздігін дәлелдеудің қа- мына кірістік. Мен алғашқы бюро отырысында-ақ мұндай жағдайда азаматтардың бәрі екі мемлекеттік тілді бірдей білуге міндетті болып шығады, ал бұл қазіргі таңда мүмкін емес, тіпті осының салдарынан шиеленістер мен қақтығыстар туып кетуі ықтимал деген ойды көлде- нең тарттым. Бюро мүшелерінің біразы сол сәтте-ақ қатты ойланып қалды… Енді осы ұстанымды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жайлап насихаттап, қоғамдық пікірді қалыптастыруға ықпал ете бастадық. Тілдер туралы заңның жобасы жасалды. Түрлі ықтимал нұсқалар қаралды. Талай рет жүргізілген әлеуметтік сауалнамалар мен ұзақ айтыстардан соң қазақ тілі жалғыз мемлекеттік тіл болып қалдырылсын деген бір тұжырымға келдік, оған мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында мемлекеттік тілмен қатар орыс тілі ресми түрде қолданылады деген мазмұндағы маңызды ере- же қосылды. Сол кез үшін бұл проблеманың ең оңтайлы шешімі еді. Бұған қоса белгілі бір тілді білмегені үшін азаматтардың құқығын кемсітуге тыйым салынатыны жазылды. Жаңа заң жобасында бас- шылыққа алынған негізгі өлшем республикаға аты берілген халықтың шынайы игілігіне басқа ұлт адамдарының құқықтары мен бостан- дықтарын шектеу арқылы жету мүмкін емес дейтін терең ой болды. Түбелікті ұлттың тілін шынайы қорғау сындарлы шарадан — оның мемлекеттік мәртебесін заң жүзінде бекітуден көрінгенін қалың жұртшылық әділ мойындады. Дегенмен, осы қадамды жасай оты- рып, барлық тілдердің де еркін дамуына дәл осындай заң жолымен кепілдік берілді. Бұл орайда орыс тілі әрбір ұлттың, әр адамның қуатты зияткерлік әлеуеті рөлін сақтап қалды. Орыс тілі біздің мәдениет байлығымыздың ажырамас бөлігі, ол әлемдік білімнің қалың қатпарларын танудың қуатты құралы бола береді делінді. Жоғарыда айтып кеткендей, тәуелсіздік жариялайтын жылы республикадағы орыс ұлты, орыстілді азаматтардың ел халқындағы үлесі 60 пайыздан астам еді. Осыны қалай ескермеуге болады? Ендігі қалған шаруа, түпкілікті міндет — заңды қабылдау. Әрине, болашақ заңда көзделген басты мақсат — қазақ тілін ел өміріндегі өзіне лайықты тұғырына қондыру. Оны бірден-бір мем- лекеттік тіл ету. Бірақ… бұл кезде партияның беделі де төмендей бастаған. Бұрынғыдай
Жоғарғы Кеңеске тапсырма бере салатын кез келмеске кеткен. Тек түсіндіру, ұғындыру, насихаттау жолымен ғана нәтижеге жете алатын едік. Кез келген тілді тек декретпен мемлекеттік тіл етуге болмайды. Мәселенің мәнісі қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде нақты қалыптасуына қаржылық, ұйымдастырушылық, ғылыми- әдістемелік тұрғыда жан-жақты жәрдемдесуге тіреліп тұрған еді, ал бұл үшін жылдар бойғы табанды жұмыс талап етіледі. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі ең алдымен қазақтардың өздеріне керек. Бұрын оның әдейі аз қажет етілуі салдарынан көптеген қазақтардың өз ана тілін нашар білгеніне немесе талайының мүлдем білмегеніне олар кінәлі емес. Екінші мемлекеттік тілді енгізу қазақ тілін тұйықтап, іс жүзіндегі теңсіз жағдайын тереңдете түсер еді, ал бұл қазақтарға жасалған тарихи әділетсіздік болар еді. Мұның өзі бұрынғы империялық саясаттың салдарын жоюдағы біздің дәрмен- сіздігімізді де көрсететіні даусыз. Тағы бір мәселе бар — қазақ тілін елдегі басты тіл етпеу қазақтарды Орталық Азиядағы көрші халықтардың алдында кемшін жағдайға қояды. Бұл ұдайы тұрақсыздандыру факторына айналып, ұлтшыл- дықты қолдаушы топтардың оны пайдаланып кетуіне мүмкіндік туғызады. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі — орыс тілінің қолда- нылу аясын тарылтуға емес, қайта қазақтардың тілі жоғалып кетуін болдырмауға және оны Қазақстандағы орыс тілінің деңгейіне дейін көтеруге деген ұмтылыс екенін баршаның түсінуіне қол жеткізгеніміз айта қаларлықтай нәтижеге айналды. Тіл төңірегіндегі айтыс-тартыс кезінде орыс тілінің шектес жатқан Ресей тәрізді қуатты да мәңгілік бесігі тұрғаны тәрізді маңызды жайт назардан тыс қалмады, мұндай жағдайда осы ұлы тілге төніп тұрған қауіп бар деудің өзі қисынсыз. Ал қазақ тіліне төнген қауіп аса зор еді. Сол қауіпті ерте бастан бол- жаған
Ахмет Байтұрсынұлы «Сөзі жоғалған елдің өзі де жоғалады» деп ескертіп кеткен.
Тіл тағдыры — ел тағдыры. Тіл барда ел де бар.
Қазақ сөзінің зер- гері
Ғабит Мүсірепов: «Ана тілі дегеніміз — сол тілді жасаған, жа- сап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі» деген. Халықтың мәңгілігінің мәселесі… Қандай терең сөз!
Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз.
Егер ертеңгі келер ұрпақ мына сайын дала төсінде бойыңды балқытып, жан дүниеңді шымырлата- тын ана тілінде сөйлемесе, онда ол күнге ұмтылудың да мәні шамалы шығар деп ойлаған кездеріміз есімізде. Шүкір, енді ондай қауіптің беті аулақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне есті жұрттың бәрінің көзі жетті. Нақты жұмыс «Ана тілі» аталатын қоғам құрудан басталды. Бірінші құрылтай жиналысы
М. О. Әуезов атындағы драма театрында өтті. Оның жұмысына республиканың бірінші басшысының қаты- суы біздің тіл мәселесіне қандайлық көңіл бөліп отырғанымызды бадырайтып көрсете түсті. Қоғамды «Ана тілі» деп атауға келісім берудегі ойымыз (ол кезде бар мәселе Орталық Комитетпен алдын ала ақылдасылатын) Қазақстандағы барлық ұлттардың ана тілдерін сақтауына, дамытуына септесетін ұйым құру еді. Өмірдің қай сала- сына да дендеп ене бастаған демократия бұл жолы да дегенін істетті. Түстен кейінгі отырыстан-ақ қоғамды
«Қазақ тілі» деп атау, қазақ тілін өркендетуге ықыласты барша ұлт өкілдерін біріктіретін ұйымға айналдыру жөнінде әңгіме көтеріліп кетті. Бұл ұсынысты жиналған халық қызу қолдай жөнелді. Микрофонға жұлқына ұмтылатындар көбейді. Қатты-қатты сөздер де шыға бастады. Мен пікірталасқа ара- ласпадым. Жұрттың айтқанының түйінін жазып алып қана отырдым. Ақтөбеден келген бір жігіт (ұмытпасам, мамандығы дәрігер еді) қы- за-қыза келіп, айқайға да ауысты. Сол кезде ғана қолыма микрофон алдым. «Дұрыс айтасың… Сенің орныңда, залда отырсам, мен сенен де қатты айқайлар едім…» дедім. Театр толы халық жым-жырт бола қалды. Дәл сол сәтте құрылтай делегаттары тіл мәселесінің қандайлық нәзіктігін, оның жолы Қазақстандай республикада қыздың жолынан да жіңішкелігін сезінді де, түсінді де, жаңа басшының туған тілінің тағдырына осы елдің бір перзенті ретінде алаңдайтынына, бұл қиын түйінді түбінде тарқата алатынына сенді де. Тіл туралы тартыстың тағы бір тұсын келтіре кетейін. Жоғарғы Кеңестің отырысында тіл туралы заңның мемлекеттік тіл мәртебесіне қатысты баптары қаралып жатқан. Екі тілді тең ұстайық, екеуін бірдей дамытайық, елдегі тыныштықты сақтайық деген сияқ- ты уәждермен сөйлеушілер көбейе бастаған кез еді. Дауыс беретін уақыт жақындап қалған. Осы кезде жазушы
Әбіш Кекілбаевқа сөз беру ұсынылды. Әбіш онда әлі депутат емес. Сессияға шақырылған қаламгер. Регламент бойынша отырыста заң жобаларын талқылау барысында депутаттар ғана сөйлей алады. Сессияны жүргізіп отыр- ған академик
Қилыбай Медеубековке ымдап, Әбіш Кекілбаевтың сөйлегені дұрыс дегенді аңғарттым. Әбішке сөз берілді. Жиналған жұртшылық бұл қалай болғаны деп таңданып үлгергенше, көмейін қызыл тілі күйдірген шешен жазушы төгілдіріп ала жөнелді. Логика- сы мен эмоциясы тең шықты. Айтып-айтып келіп, назарын залдағы ұлты өзге депутаттарға тіктеп, былай деді: «Немене, кеше ел басына күн туғанда, тар үйімізден орын ығысып, төрімізді ұсынғанда, тар- тыңқы дастарқанымызды алдарыңызға жайып, жарты күлшемізді ауыздарыңызға ұстағанда, біз күндердің күнінде, бүгінгідей демо- кратия орнатып кемелденеміз деп жатқан заманда, өз үйімізде өз тілімізде сөйлеу үшін мына сіздерден бүйтіп жылап тұрып рұқсат сұраймыз ғой деп ойлап па едік?!». Бұндай сөзге тебіренбеу, мұндай ой қисынына тоқтамау қиын еді. Дереу үзіліс жариялаттырып жіберу керектігін білдірдім. Үзілістен кейін сөйлеген депутаттар жаңаша пікір айта бастады. Мемлекеттік тіл бір тіл — қазақ тілі болсын дегенді көпшілігі қол- дап сөйлеуге көшті. Таласты бапты дауысқа салғанда мемлекеттік тіл тек қазақ тілі болып белгіленетін шешім қабылданды. Кейін ол анықтама
1993 жылғы Конституцияға да солай ауысты. Ақыр аяғын- да депутаттардың көпшілігі мынадай конституциялық қағиданы қолдады: «Қазақстан Республикасында қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылады. Орыс тілі ұлтаралық қатынастар тілі болып сана- лады. Мемлекет ұлтаралық тілдің және тағы да басқа тілдердің қол- дану аясының сақталуына кепілдік береді, олардың еркін дамуына жағдай жасайды». Кейінірек бұл мәселе
1995 жылғы Конституцияда басқаша шешілді. Жаңа Конституцияның сөзсіз үлкен жетістігі — тіл мәселесінде ұлттық мүдделердің келісімді көптүрлілігін мүлтіксіз қанағаттандыруы. Негізгі заңда: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жер- гілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды» деп атап көрсетілді. Бұл ереже ел халқының бір бөлігінің өздерінің де, ұрпақтарының да болашағы үшін алаңдауын қойғызды. Сонымен бірге, шын мәнінде кең тараған орыс тілі заңды түрде ешқандай мағына бермейтін «ұлтаралық қатынастар тілі» деген анықтамамен аталуын тоқтатып, мемлекеттік тілмен бірдей қызмет атқаратын конституциялық кепілдік алды. Әйтсе де, тілге байланысты таласты жайлар әлі жеткілікті еді. Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізу жөнінде кезінде жан-жақты ойлас- тырылмай қабылданып кеткен кесте бар-ды. Қайта құру кезінде бекітілген әлгі кесте бойынша, оңтүстіктегі облыстарды былай қой- ғанда, солтүстіктегі аудандардың біразында да іс қағаздарын қазақша жүргізуге ауысу тоқсаныншы жылдардың орта шенінде-ақ жүзеге асып қалуы тиіс еді… Соны алға тартып, кейбір төрешілдер қазақ тілін білмейтіндерге қысым көрсетуден де кетәрі еместігін танытты. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу жөніндегі уақыттан оза шапқан шалағай шешімдердің зардабы көп болды, белгілі бір дәрежеде қоғамдық шиеленіс туғызды. Біз бірлесе отырып, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі республика жұртшылығының едәуір бөлігін қоғамдық-саяси өмірден қағажу етпейтіндей оңтайлы жолын таба алдық. 1993 жылғы Конституцияның жобасына келіп түскен ұсыныстар бойынша мемлекеттік тілді білмегені бойынша азаматтар- дың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге тыйым салынатыны жөніндегі қағидат қолдау тапты. Сол арқылы ел халқының белгілі бір бөлігінің өздерінің, балаларының болашағына алаңдаушылығы тыйылды. Олардың ертеңгі күнге деген сенімі арта түсті, ал мұның өзі азаматтарды қазақстандық отаншылдық сезіміне тәрбиелеу үшін қолайлы жағдай туғызды. Иә, тіл — саясат. Саясатта кез келген әрекет қарсы әрекетті қозға- май қоймайтынын дәйім ескеру керек. Ал сол тұста кей жерлердегі жиын-жиналыстарда жаңағыдай пікірлерге жауап ретінде тілдер туралы заңның
күшін жою талабы да қойылды. Әкімшілік басшылары мен жергілікті кеңестер төрағаларының 1992 жылғы 11–12 қарашада өткен республикалық кеңесінде осы мәселеге қатты қадалғаным, «Тіл мәселесі ешбір жағдайда арзанқол популизмнің, көпірме сөзді алыпсатарлықтың өзегіне айналмауы керек. Қабылданған заңды тоқтатып қоюмен елде тыныштық орнатуға болады деп шынымен біреулер ойлай ма екен? Қазақ тілінің мүшкіл жағдайда тұрғаны, әңгіме осы тілді құтқару туралы болып отырғаны ниеті дұрыс адамға қалайша түсініксіз? Біздің ата-бабаларымыздың көптеген ұрпақта- рының тілі жойылып кетуге тиіс емес. Кім өз еркімен мылқау күйде қалғысы келеді? » деп атап айтқаным есімде. Шынында да, қолданыс- тағы заңды қайта қарау дегеніңіз қазақ ұлтын тәуелсіздікке қолын қатар жеткізген ұлттардың жанында қорлаумен тең болып шығатын еді. Ақыр аяғында біздің тіл саясатымыз қазақ және орыс тілдерінің, басқа да тілдердің дамуы үшін тиісті жағдай жасауы керек деген ұстанымға жұрттың бәрі тоқтады. «Қазақ тілі» қоғамы құрылған беттен-ақ тілге деген пікірдің түбе- гейлі өзгеруіне қозғау салып берді, халқымыздың баланы ана тілінде тәрбиелеуге, оқытуға ынта-ықыласын арттырды. Қоғамның қозғау салуымен ашылған
«Ана тілі» газетінің таралымы аз жылдың аясын- да 100 мың данадан асып кетті. Алғашқы жылдардағы серпілістің нақты мысалдарына қарайықшы. 1990 жылмен салыстырғанда, 1992 жылдың аяғында қазақ тілінде тәрбиеленетін мектепке дейінгі бала- лар мекемелерінің саны 291-ге, аралас тілдегі балабақшаның саны 364-ке өскен, жаңадан 292 қазақ мектебі ашылған. 1990 жылы 105 мың бала қазақ мектебінің табалдырығынан аттаса, 1992 жылғы оқу жылында ондай мектептерге 145 мың балдырған барған. Үш жылда бір жарым есе өсіп шыға келген! Жалпы, тәуелсіздіктің алғашқы алты жылында ел мектептерінде қазақша оқитын балалардың үлесі 60 пайызға дейін көтерілген. Бұл шын мәнінде ұлт тарихындағы бетбұрыстың басталғанының, халқымыздың келешекке деген сенімі нығая түскенінің даусыз дәлелі еді. Мемлекеттік органдарда іс жүргізу негізінен қазақ тіліне көшіріл- ді. Тәуелсіздік табалдырығында тұрғанда қазақ мектептерінде оқи- тын шәкірттердің жалпы саны 32 пайыз ғана болатын. Бүгінде екі миллионнан астам бала, яғни оқушылардың 65 пайызы қазақша оқиды. Қазақ тіліндегі газет-журналдардың беделі биіктеп, таралымы көбейді. Мысалы,
«Егемен Қазақстан» газетінің таралымы 200 мың данадан асып түсті. Нағыз ел газетіне айналды. Еліміздегі кітаптардың 80 пайыздан астамы қазақ тілінде жарық көруде. Әлемдік ақыл-ой- дың ең озық үлгілері, дүниежүзі әдебиетінің інжу-маржандары қа- зақ тіліне аударылуда. «Қазақстан» телеарнасы 2010 жылдан бастап бірыңғай мемлекеттік тілде хабар таратуға ауысты. Маманданды- рылған
«Балапан»,
«Абай» телеарналары ашылды. Орталық Азиядағы тарихы ортақ, тілі туыс өзбек, түрікмен ағайын- дарымыз егемендігін жариялағаннан кейін көп ұзатпай-ақ өздерінің жазуын латын әліпбиіне ауыстыру туралы шешім шығарған болатын. Содан бергі отыз жылдай уақыт ішінде ол елдерде қабылданған әліп- билер бірнеше рет өзгеріске түсті. Мұның өзі жазуды жаңартудың қиын міндет екенін көрсетеді.
Бірақ қиын міндет деген орындалмайтын міндет деген сөз емес қой. Латынға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы тех- нологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Онсыз да балаларымыз мектепте ағылшын тілін оқып, сол арқылы латын әріптерін үйреніп жатыр. Демек, жас буын үшін латынға кө- шуге ешқандай қиындық, кедергі болмайды. Біз ең алдымен болашақ ұрпағымыз үшін осындай шешім қабылдадық. Латын жазуындағы қазақ әліпбиін қалыптастыру оңай шаруа емес. Оның сан түрлі нұсқалары талқылауға түскені, түпкілікті шешім қабылдау қиынға соғып тұрғаны түсінікті. Бұл істе асығыстыққа са- лынудың жөні жоқ, бірақ оны тым кейінге ысыра беруге де болмай- ды, өйткені мұның өзі ұлттық өмірлік мүддесіне сай келеді. Келер күндерге керекті әліпбиді кемелдендіру үшін жеті рет өлшеп, бір рет кескен жөн. Тілімізді түлетудің төңірегінде басқа да түйткілді мәселелер бар. Орыстілді мектептерде қазақ тілінің оқытылуы сын көтермейді. Сон- дықтан да қазақ тілі пәнін он жыл оқыған баланың қазақша еркін сөйлей алмай шығуы таңданарлық жай болудан қалып тұр. Бұл ара- дағы кілтипан сол мектептердегі оқыту сапасының төмендігі, қазақ тілін оқытудың мемлекеттік жүйесін елегісі келмейтіндер қатарының қазірше қалыңдығы ғана емес. Негізгі кілтипан қазақ тілін өрістету ісін алдымен қазақтардың өзі бастауы керектігін ескермейтінімізде. Кезінде «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деп айтқаным бар еді. Қазақтардың өз ана тіліне құрметі барша отандастарымыздың мем- лекеттік тілге деген құрметін арттыра түседі. Бүгінгі және келер ұрпақтың міндеті — бабадан қалған басты байлықты болашаққа жарқыратып жеткізу. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін шын мәнінде баянды ете білсек, қазақ тілінің тағдыры да баянды болады. Мемлекеттің өзі нағыз, кемел мемлекет болмай тұрып, оның мемлекеттік тілі де өзіне лайықты тұғырына қона ал- майды. Тіл мәселесі — уақыттың еншісі. Санның артуымен, сапаның орнығуымен бірте-бірте бәрі де орнына келетініне күмән жоқ. Солай боларына өз басым кәміл сенемін.