Басты бетке қайту

Ахмет Байтұрсынов (1872–1937)

 


Ахмет Байтұрсынов
Дереккөз: Gov.kz

Ахмет Байтұрсынов 1872 жылы 8 қыркүйекте Ақкөл (Торғай облысы) ауылында дүниеге келді. Торғайдағы екі сыныпты училищесінде және Орынбор қырғыз мұғалімдер мектебінде оқып, білім алды. Торғай облысының мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеді.

1905 жылы саяси қызметке белсенді қатысады. «Қарқаралы петициясының» авторларының бірі болды, онда қазақтардан жерді экспроприациялауды тоқтату, қоныс аударушылар ағынын тоқтату, халықтық земстволарды құру талаптары жарияланды.

1907 жылы ол бірінші  рет патша әкімшілігін сынағаны үшін түрмеге жабылды, ал 1909 жылы Семей түрмесінде 8 айға екінші рет қамалды. 1910 жылы босатылды.

1913 жылы Ахмет Байтұрсынов қазақ зиялыларының бастамасымен құрылған «Қазақ» газетінің алғашқы редакторы қызметін атқарды. Газет бағдарламасының басты мақсаты қазақ тілін, мәдениетін, мектепте білім беруді дамыту мәселелерін жариялау еді.

1917 жылдан бастап «Алаш» партиясын ұйымдастыруға (қазақ және қырғыз зиялыларын біріктірген қазақ қоғамдық-саяси ұлт-азаттық қозғалысы, кейінірек — Алаш автономиясын құруға белсенді қатысты. Алаш Орда үкіметінің мүшесі (Алаш Ордадағы мемлекеттік биліктің жоғары өңірлік атқарушы - өкімдік және заң шығарушы органы) болды, онда білім мен мәдениетке байланысты мәселелер блогына  жауаптылықты өзіне жүктеді.

1919 жылы большевиктер жағына өтіп, Қазақ революциялық комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды (Қазревком— азаматтық соғыс жылдарында құрылған Кеңес өкіметінің уақытша органы). 1920 жылы большевиктер партиясына қосылды.

1919-1921 жылдары Қазақ АССР-нің алғашқы халық ағарту комиссары еді. 1921 жылы отырыстарға қатыспағаны және Алаш Орда үкіметіне қатысқаны үшін партиядан шығарылып тасталды.

1921-1928 жылдары Қазақ халыққа білім беру институтында жұмыс істеді, қазақ тілі мен әдебиеті, тарихы мен мәдениеті бойынша дәрістер оқыды. Қазақ мемлекеттік университетінің профессоры атанған.

Жаңа қазақ жазба әдебиетін қалыптастыруға үлес қосты. Қазақ тілінде алғашқы әріп және қазақ тілінде алғашқы оқу құралын жазып шығарды. Тіл білімінің негіздерін және қазақ тілін оқыту әдістемесін зерделеумен айналысты. 1926 жылы қазақ тілінде «Әдебиет танытқыш» атты алғашқы ірі зерттеуді  басып шығарды. Бакудегі І түркологиялық съезге және Қазандағы халық ағарту қызметкерлерінің съезіне қатысты.

1929 жылы Қызылордаға шығармашылық сапары кезінде Ахмет Байтұрсынов қамауға алынды. 1931 жылы-Архангельск облысына жер аударылып, үш жылдан кейін Алматыға оралды. 1937 жылы ол қайтадан қамауға алынып, 8 желтоқсанда «халық жауы» ретінде атылды.

1988 жылы Ахмет Байтұрсынов ақталды. Қазір оның құрметіне көшелер, мектептер, институттар мен университеттер аталған. «Байтұрсынов оқулары» өткізіліп отырады.

 

Дереккөздер:

 

E-history.kz

Википедия

Әдебиет порталы

А.Исмакова, Ұлт мұғалімі:  Ахмет Байтұрсыновтың  мұрасы және қазіргі заман / А. Исмакова // Простор. - 2022. - № 7. - С. 164-183.

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу