Басты бетке қайту

Дариға Назарбаева (1963 жылы туған)


Дариға Назарбаева
Дереккөз: ТАСС

Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева — мемлекет және саяси қайраткері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы. 1963 жылы 7 мамырда Қарағанды облысы Теміртау қаласында дүниеге келді.

С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (қазіргі - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті). Саясаттану ғылымдарының докторы. Қазақ, орыс, ағылшын, итальян және неміс тілдерін меңгерген.

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты (2006—2007, 2012—2015, 2021—2022).

Қазақстан Республикасы премьер-Министрінің орынбасары (2015-2016).

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (2016-2020), Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комитетінің төрағасы (2016-2019).

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы (2019-2020).

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының директоры.

.

Дереккөздер:

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты

Википедия

Sputnik

 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу