
Динара Құлыбаева
Дереккөз: Nur.kz
Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаева – кәсіпкер және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы. 1967 жылы 19 тамызда Қарағанды облысы Теміртау қаласында дүниеге келді.
1989 жылы А. В. Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнер институтын бітірді (қазіргі - Ресей театр өнер институты — ГИТИС)
1998 жылы Қазақстандық менеджмент, Экономика және болжау институтында іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алды. 2007 жылы докторлық диссертациясын қорғады. Қазақ, орыс, ағылшын және итальян тілдерін меңгерген.
Қоғамдық қорды басқарады, қайырымдылықпен айналысады.
Дереккөздер:
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу