Басты бетке қайту

Қосай Егізбаев (1928-1995)

Қосай Алекулұлы Егізбаев 1928 жылы 15 желтоқсанда Қазақ АССР Гродеково ауылында дүниеге келді.

1953 жылдан КОКП мүшесі. 1949 жылы Ташкент теміржол көлігі инженерлері институтын бітірді.

1949-1955 жылдары - КСРО мемлекеттік бақылау министрлігінің жол шебері, аға инженері, бақылаушысы; Түркістан темір жолының саяси бөлімінің инженері.

нұсқаушысы,

1955-1959 жылдары-Қазақстан ЛКЖО ОК хатшысы,

1959-1960 жылдары-Қазақстан КП ОК Құрылыс және құрылыс материалдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары,

1960—1961 жылдары-Қазақстан КП Алматы облыстық комитетінің хатшысы,

1961-1962 жылдары-Қазақстан ЛКЖО ОК бірінші хатшысы,

1962 жылы — Қазақстан КП ОК жауапты ұйымдастырушысы

1962-1963 жылдары-Қазақстан КП Гурьев облыстық комитетінің бірінші хатшысы,

1963 ж. қаңтар-қазан-Қазақстан КП Гурьев ауылдық облыстық комитетінің бірінші хатшысы,

1963-1964 жылдары-Қазақстан КП Шығыс Қазақстан өнеркәсіптік облыстық комитетінің екінші хатшысы,

1964-1966 жж-хатшы,

1966-1968 жылдары-Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің екінші хатшысы,

1968-1977 жылдары-Қазақ республикалық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы,

1972-1977 жылдары-Бүкілодақтық кәсіптік одақтар Орталық Кеңесі (ВЦСПС)Төралқасының мүшесі

1977-1984 жылдары-Қазақ КСР ауылдық құрылыс Министрінің орынбасары

1984-1988 жылдары-Қазақ КСР халықтық бақылау комитеті төрағасының орынбасары.

8 және 9-шы сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

1988 жылдан бастап зейнеткерлікке шықты.

 

Дереккөздер:

Википедия 

Д. Р. Әшімбаев  Қазақстанда кімде  кім. Өмірбаяндық энциклопедия. — Алматы, 2008.

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу