
Оралбай Әбдікәрімов
Дереккөз: Qazaqstan Tarihy
Оралбай Әбдікәрімұлы Әбдікәрімов 1944 жылы 18 желтоқсанда Қарағанды облысы Нұра ауданы Киевка кентінде дүниеге келген.
Қарағанды индустриалды-педагогикалық техникумын, Қарағанды мемлекеттік университетін, Алматы жоғары партия мектебін бітірді.
Өз қызметін «Шахтинскжилстрой» тресінің комсомол комитетінің хатшысы, нұсқаушы, Қазақстан жастарының Ленин Коммунистік одағы Қарағанды облыстық комитетінің бөлім меңгерушісі қызметінен бастады (1969-1975 жж)
1975 жылдан 1985 жылға дейін-Қарағанды облысында басқарушы партиялық және кеңестік лауазымдарда болды.
1985 – 1989-Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің сектор меңгерушісі, инспекторы, ұйымдастыру-партиялық және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
1989-1991-Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ұйымдастыру-партиялық және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, ҚазКСР халық депутаттарын сайлау және кері қайтарып алу жөніндегі Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары;
1991-1994- Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының және Министрлер Кабинетінің Ұйымдастыру-инспекторлық және аумақтық даму бөлімінің, ұйымдастыру жұмысы және жергілікті әкімшіліктер бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті өкілдері тобы басшысының өңірлердегі орынбасары;
1994-1995 – Қазақстан Республикасы Президенті аппараты басшысының орынбасары-өңірлердегі Президент өкілдері тобының басшысы;
1995-1997 - Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі аппараты басшысының орынбасары-ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының Басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы;
1997-1999-Қазақстан Республикасы Жоғары тәртіптік кеңесінің төрағасы; Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының төрағасы;
2004 - 2007-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы; Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының төрағасы.
Қазақтың таза тұқымды ит тұқымдары — тазы мен төбетті сақтау және жаңғырту жөніндегі қызметті жүргізеді.
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу