
Пётр Своик
Дереккөз: ҚазАқпарат ХАА
Пётр Владимирович Своик 1947 жылы 13 желтоқсанда Ленинградтың Сестрорецкий ауданының Териоки қаласында дүниеге келді.
Алматы энергетика институтын және Мәскеу энергетика институтының аспирантурасын (қазіргі – «МЭИ» Ұлттық зерттеу университеті) бітіріп, техника ғылымдарының кандидаты атағын алды.
Әр түрлі мемлекеттік және саяси лауазымдарда еңбек етті. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетінің (1993-1994), одан кейін - ҚР Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетінің (1994-1996) төрағасы болды. Ол тең төрағалық лауазымын (1994-1996), содан кейін Қазақстан социалистік партиясының төрағасы (1996 жылғы қаңтардан бастап) қызметтерін атқарды.
2002 жылы «Қазақстанның демократиялық таңдауы» демократиялық халықтық оппозициялық партиясының Саяси кеңесінің құрамына кірді (ДВК, «Қазақстанда түбегейлі демократиялық өзгерістер жүргізу үшін қазақстандық қоғамдағы барлық салауатты күштерді шоғырландыру» мақсатын алға қойған қоғамдық-саяси қозғалыс).
2005-2006 жылдары «Әділ Қазақстан үшін» қозғалысын (Қазақстандағы оппозициялық саяси коалиция) басқарды.
2006 жылы Алматы Қоғамдық монополияға қарсы комиссиясын құрды және басшылық етті. (мақсаты – тұрғын үй-коммуналдық сектордағы проблемаларды шешу).
2007 жылдан – «Азат» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары (2005 жылғы 29 сәуірден 2009 жылғы 24 қазанға дейін жұмыс істеген Қазақстандағы оппозициялық партия. 2009 жылғы 24 қазанда «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясын құра отырып, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиямен бірікті. Өзін орта таптың партиясы ретінде көрсетті).
2014 жылдан – «Мөлдір тариф» (Прозрачный тариф) қазақстандық коммуналдық қызметтерді тұтынушылар қауымдастығы төралқасының төрағасы.
«Қазақстанның мемлекет ретіндегі тағдыры. Тұңғиықтан алғашқы қадамдар» (бірлескен авторлық), «Монополияның бағасы», «Қазақстандағы билік пен оппозиция тарихының өз өміріне енген үзінділері» кітаптарының авторы.
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу