Басты бетке қайту

Сағындық Кенжебаев (1924-2018)


Сағындық Кенжебаев
Дереккөз: Kazgazeta.kz

Сағындық Кенжебаев Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Бесоба ауылында дүниеге келген. 1942 жылы ВЛКСМ қатарына қосылды. 1942 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық училищесін бітірді. 1950 ж. - М. В. Ломоносов атындағы ММУ-ін,  ВЛКСМ ОК  жанындағы Орталық комсомол мектебінде оқып, білім алды.

1942 жылы  Бесоба ауылының еңбекшілер депутаттары ауылдық кеңесінің хатшысы болып жұмыс істеді.

1942-1945 жылдары - Ұлы Отан соғысының қатысушысы.

1945-1946 жылдары - М. В. Фрунзе атындағы Қызыл Ту әскери-саяси училищесінің курсанты.

1946 жылы - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық партия комитетінің нұсқаушысы.

1946-1948 жылдары - Қарағанды облысы Қазақстан ЛКЖО Қарқаралы аудандық комитетінің бірінші хатшысы.

1948-1950 жылдары – Комсомол ОК жанындағы Орталық комсомол мектебінің тыңдаушысы.

1950-1951 жылдары-Қазақстан ЛКЖО Қарағанды облыстық комитетінің хатшысы.

1951-1960 жылдары-Қазақстан ЛКЖО ОК хатшысы, екінші, бірінші хатшысы. 1960 жылы - Қазақстан Компартиясы ОК Солтүстік облыстар бойынша бюро төрағасының орынбасары.

1960-1962 жылдары - Ақтөбе облыстық партия комитетінің хатшысы.

1962-1965 жылдары - КОКП ОК жанындағы АОН (қоғамдық ғылымдар академиясы) аспиранты.

1965-1967 жылдары - АПИИЯ проректоры (Қазіргі уақытта - Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті).

1967-1976 жылдары-ҚазКСР Жоғары және орта арнаулы білім министрінің орынбасары. 1976 жылдан-АПИИЯ философия кафедрасының меңгерушісі (КазГУМЯ). Комсомол обкомының, Қазақстан Комсомол ОК, ВЛКСМ, Қазақстан Компартиясы ОК мүшесі.

Бірінші дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет» ордендерімен, медальдармен, ВЛКСМ ОК, Қазақстан ЛКЖО ОК Құрмет грамоталарымен марапатталған. 5 шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.

1976 жылдан — оқытушылық жұмыста. Алматы педагогикалық шет тілдер институтында жұмыс істеді.

1985 жылдан - философия ғылымдарының докторы, зерттеу тақырыбы: «Дамыған социализм жағдайындағы бұқараның әлеуметтік шығармашылығы». 1987 жылдан — профессор. 150 ғылыми, ғылыми-әдістемелік және публицистикалық жұмыстардың авторы.

1960 жылдары Сағындық Кенжебаев КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар Академиясының аспирантурасын бітірді. 10 жылға жуық ҚазКСР Жоғары және орта кәсіптік білім министрінің орынбасары болып жұмыс істеді. Содан кейін оқытушылық қызметке ауысты. Алматы педагогикалық шет тілдер институтында қызмет етті. Философия ғылымдарының докторы, 150-ден астам ғылыми, ғылыми-әдістемелік және публицистикалық жұмыстар басып шығарды.

2018 жылдың 25 желтоқсанында қайтыс болды.

 

Дереккөздер:

Біздің тағдырымыздағы Комсомол ()

Almaty TV

 

Zakon.kz

Википедия

 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу