Басты бетке қайту

Сара Назарбаева (1941 жылы 12 ақпанда дүниеге келген)


Сара Алпысқызы Назарбаева
Дереккөз: Nur.kz

Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы Қызылжар ауылында дүниеге келген.

1962 жылы Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шықты. Олар Қарағанды металлургия зауытында бірлесіп жұмыс істеген кезде кездесті. Некеде үш бала дүниеге келді - Дариға, Динара және Әлия.

Сара Алпысқызы 1992 жылы Бөбек қайырымдылық қорының негізін қалады да, оның президенті атанды. Қор көмекке зәру панасыз балаларды өз қамқорлығына алып, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тұрғысына білім алып, тәрбиеленуіне мән береді.

Сара Алпысқызы елде тұңғыш «SOS Киндердорф» балалар ауылының өмірге келуіне мұрындық болды. Мұнымен қатар, елде бірінші болып жетім балаларды қорғайтын заң шығару туралы бастама көтерді.
Қазақстан Республикасында қайырымдылық шаралар ұйымдастырып, сапалы қызметкерлер жұмыс істейтін емханалар ашқаны үшін Сара Алпысқызы халықаралық қауымдастықтардың назарына ілігіп, олардан медаль мен жүлде алды. 1999 жылы «SOS Киндердорф» халқыаралық қорының алтын медалімен, 2002 жылы ЮНИСЕФ арнайы сыйлығымен, «Өзін-өзі тану философиясы мен оқу мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» Шыңғыс Айтматов атындағы алтын медальмен және бірінші дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.
Бұдан өзге бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының Ихсан Дограмачи атындағы халықаралық жүлдесіне, «Құрманжан Датқа» және Unity халықаралық жүлдесіне ие болды. Мұнымен қатар, Софи Лореннің қолынан Ресей қызыл крест қоғамы тағайындаған және өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған көпжылдық қызметі үшін берілетін «Алтын жүрек» халықаралық жүлдесін алды.

«Өзін-өзі тану» деп аталатын адамгершілік — рухани құндылықтарды жаңғырту бойынша білім беру жобасының авторы: оның басты мақсаты - баланың жалпы дамуы, рухани әлем мен жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, балаларды өзімен және қоршаған әлеммен үйлесімді өмір сүруге үйрету.

Дереккөздер: 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты

InBusiness.kz

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу