
Мұса Пайғамбар
Дереккөз: Википедия
Мұсаның болуы, сондай-ақ оның Киелі кітаптағы өмірбаянының дұрыстығы библияшылар мен тарихшылар арасында даулы мәселе болып табылады.
Киелі кітап дәстүрі бойынша Мұса біздің дәуірімізге дейінгі 1392-1593 жылдары Египетте Леви руынан Амрам мен Жохабедтің отбасында дүниеге келген. Перғауынның билік еткен уақыты Имранның ұлы Мұса пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) дәуіріне сәйкес келеді. Мұса деген есім екі сөзден тұрады. «Мұ» - су және «са» - ағаш, демек, «Мұса» сөзі жалпы алғанда, мынадай мағынаны білдіреді: «су мен ағаштың арасында келген». Хадиске сай, бір күні Перғауын түс көреді, түсінде Иерусалимнен келген от бүкіл Мысырды жалмайды, сол өртте күллі иман келтірмеген кәпірлер жанып кетеді. Ал Исраил ұрпақтарына (еврейлер) ештеңе болмайды. Ұйқысынан тұра сала, Перғауын түс жорығыштарға жүгінеді. Сонда олар оған:
«Исраил ұлдарының ішінде жуырда бір ұл дүниеге келеді, ал сенің өмірің сол ұлдың қолында болады» дейді.
Осыдан кейін Перғауын Исраилдан тараған жаңа туған ұлдардың бәрінің көзін құртуды талап етеді.
Бір деректерде, тоқсан мыңнан артық бала өлтірілгені айтылған. Сонда Перғауынға Мысырдың танымал адамдары келіп, бір жылы балалар өлтірілсе, келесі жылы балалардың өлтірілмеуін сұрайды. «Әйтпесе бірде-бір бала қалмайды», - деп өтінеді. Бірақ Мұса құтқарылды: анасы оны себетке салып, Нілге жіберді, оның жағасында оны перғауынның қызы тауып алып асырап алады.
Перғауын сарайында тәрбиеленді, білім алды және Египеттің мемлекеттік істеріне араласа бастады. Алайда, еврей халқына зорлық-зомбылық көрсетіп жатқанын көріп, ашуланшақтық пен кекшілікпен мысырлық бақылаушыны өлтіріп, қашып кетуге мәжбүр болды Мадиам (Киелі кітапта айтылған Ежелгі жер мен халық, негізінен Синай түбегінде және Араб түбегінің солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан), онда ол бақташы болып қалады.
Синай тауында қой бағып жүргенде, Мұса оны еврей халқын азат етуге шақырған Құдайдың дауысын естиді. Мысырға оралған кезде, Мұса ағасы Ааронмен бірге перғауыннан Израиль халқын Израиль жеріне шығаруын сұрайды. Перғауын еврейлерге Мысырдан кетуіне рұқсат бергенде, еврейлердің Қызыл теңіз арқылы жаппай өтуі - Мысырдан шығуы басталады. Мұса халықты 40 жыл бойы шөл далада басқарды, Құдай оларға су мен тамақ жіберіп отырды («манну небесную»).
Синай тауына жеткенде, Мұса Құдайдан он өсиеті бар– Таураттың және бүкіл еврей заңдарының негізін қалаған және еврей халқын біртұтас еткен яһудилердің өмір сүру ережелері бар тас тақтайшаларды алды.
Уәде етілген (израильдік) жерге Мұса жеткен жоқ – ол оған кірер алдында біздің эрамызға дейінгі 1272 жылы Нево тауында қайтыс болды, Киелі кітапқа сәйкес, Мұса 120 жыл өмір сүрді, Синай түбегінің аңғарында жерленген.
Мұса - иудаизмдегі басты пайғамбар, барлық кейінгі пайғамбарлардың «әкесі» болып саналады, өйткені оның пайғамбарлық деңгейі мүмкін болатын ең жоғары деңгей. Христиандықта Мұса - Исраилдің ұлы Пайғамбары, аңыз бойынша, бесінші кітаптың авторы - ескі Өсиеттің бөлігі болып табылатын Киелі кітаптың алғашқы бес кітабы. Шіркеудің дәстүрлі түрде Ескі өсиет кейіпкерлерінің арасынан Мәсіхтің «ең керемет прототиптерінің бірі» ретінде қарастырылады. Мұсылман дәстүрінде Моисейдің есімі Мұса деп аталады, ол ең ұлы пайғамбарлардың бірі, Таурат (Тора) жіберілген Алланың сұхбаттасушысы.
Мұсаның болуы және оның Израильдің алғашқы тарихындағы рөлі тарихшылар мен библияшылардың бұрыннан келе жатқан дауларының тақырыбы болып табылады. Қазіргі уақытта ол аңызға айналған тұлға болып саналады. Мұса және оның істері – өнер мен иконографиядағы ең көп таралған тақырыптардың бірі.
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу