Басты бетке қайту

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай


Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай эмблемасы   
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай сайты

Ұлттық құрылтай - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган, оның негізгі мақсаты қоғамдық шоғырландыруды одан әрі дамыту жөніндегі идеялар мен қадамдарды әзірлеу болып табылады. 2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған.

Құрылтай халық пен мемлекет арасындағы байланыстырушы буын болуға арналған. Ол ұлттық сенім кеңестерінің қызметін жалғастырады, олардың ауқымын кеңейтеді және жалпыұлттық деңгейде қоғамдық диалогтың бірыңғай институционалды моделін жасайды.

«Құрылтай» - съезд, жиналыс дегенді  білдіреді. Бұл ұғым орта ғасырларда, шашыраңқы көшпелі тайпалар біріктірілген кезде кең таралды. Біртіндеп құрылтайлар қазақтар мен басқа да түркі халықтарының қоғамдық-саяси өмірінде маңызды орынға ие болды.

Ұлттық құрылтай құрамы белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектордың, бизнес-қауымдастықтардың, сараптамалық қоғамдастықтың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Қоғамдық кеңестерінің өкілдерінен құралады. Қазақстан Республикасының Президенті  - Ұлттық құрылтайдың төрағасы болып табылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары болып табылады, оның отырыстарының күн тәртібін бекітеді және төрағаның тапсырмалары бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Бірінші Ұлттық құрылтай 2022 жылы Ұлытауда өтті. Негізгі тақырыптар ұлттық бірегейлікке, мәдениетке және руханиятқа қатысты болды. Отырыста Қазақ тілі мен мәдениетті  қолдау, тарихи мұраны сақтау және Өңірлерді дамыту мәселелері талқыланды. Білім беру бағдарламаларын жаңғырту және жастар арасында қазақ дәстүрлерін дәріптеу бойынша шаралар ұсынылды. Ұлытаудағы құрылтайдан кейін қабылданған ең маңызды шешімдердің бірі - Республика күнін ұлттық мереке мәртебесіне қайтару.   


Бірінші Ұлттық құрылтай отырысы, 2022 жыл  
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Екінші Ұлттық құрылтай «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» 2023 жылы Түркістанда өтті. Отырыстың басты бағыты қоғамдағы әділдік, адалдық және ашықтық қағидаттары болды. Ұлттық құрылтай жұмысының нәтижесінде Мемлекет басшысы республиканың үш шекаралас ауданын: Катонқарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандарын қалпына келтіру туралы шешім қабылдады.

Үшінші Ұлттық құрылтай «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс»  2024 жылы Атырауда өтті. Ұлттық құрылтай бастамаларын іске асыру аясында 2024 жылы 9 заң қабылданды. Олардың қатарында әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, лудомания іс-қимылына және вандализмге қарсы күреске бағытталған заңдары бар.


Касым-Жомарт Токаев выступает на заседании Национального курултая, 2024 год
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

2025 жылғы 13-14 наурызда Бурабайда өткен Ұлттық Құрылтайдың IV отырысының негізгі тақырыбы ұлттық бірегейлік пен инновацияға баса назар аудара отырып, білім, мәдениет, ғылым және экономика арқылы қоғамның кешенді дамуы болды. Екі сессияның қорытындысы бойынша Ұлттық құрылтай мүшелері 120 ұсыныс білдірді. Құрылтайда айтылған барлық ұсыныстар мен бастамалар мұқият зерделеніп, қаралатын болады, олардың бір бөлігі заңнамалық бастамалар мен Мемлекеттік бағдарламалар арқылы іске асырылуы мүмкін.

 

Дереккөздер:

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты 

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты  

Zakon.kz 

Ұлттық құрылтай сайты

«ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі

24.kz

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу