
Порт Курык
Дереккөз: Kazakh Invest
Құрық порты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын орындау, атап айтқанда, Қазақстанды өңірдегі ең ірі іскерлік транзиттік хаб ретінде қалыптастыру, сондай-ақ «Жаңа Жібек жолы» жобасын жүзеге асыру аясында құрылды. Құрық портындағы алғашқы нысан — паром кешенінің құрылысы 2015 жылғы 6 сәуірде басталды. Ал 2016 жылғы 6 желтоқсанда Индустрияландыру күні аясында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Жалпыұлттық телемөңір барысында порттың алғашқы іске қосу кешенінің нысандары пайдалануға берілді. Құрық портында паромға вагондарды тиеуге рұқсат бере отырып, Нұрсұлтан Назарбаев: «Құрық — бұл біздің Кавказ бен Еуропаға шығар жолымыз. Бұл біздің көптен күткен, жаңғыруды дамыту үшін өте қажет жобамыз», — деп атап өтті.

Индустрияландыру картасы жобаларының тұсаукесері аясындағы бейнекөпір (оның ішінде - Құрық порты). 2016 жылғы 6 желтоқсан
Дереккөз: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қызметінің хроникасы
2018 жылғы 17 қаңтарда «Құрық порты» ЖШС «Транскаспий халықаралық көлік бағыты» халықаралық қауымдастығының қауымдасқан мүшесі болды. 2019 жылғы 11 тамызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Құрық порты мультимодальды хабының ресми таныстырылымы өтті.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Құрық портының мультимодальдық хабының ресми тұсаукесері. 2018 жылғы 11 тамыз
Дереккөз: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қызметінің хроникасы
Порт Каспий теңізінің шығыс жағалауында, облыс орталығы Ақтау қаласынан 90 шақырым жерде (Ақтау портынан оңтүстікке қарай) және Қазақстанның Маңғыстау облысындағы Құрық ауылынан 17 шақырым қашықтықта орналасқан. Порт аумағының ауданы 67,4 гектарды құрайды. Ол Александрбай шығанағындағы табиғи қатпайтын қойнауда орналасқан, бұл жұмыс үшін қолайлы ауа райы жағдайын қамтамасыз етеді — порт жыл бойы автомобиль және теміржол паромдарын қабылдай алады.

картадағы Құрық порты
Дереккөз: Құрық портының сайты
Паром кешені су айдынын, теміржол айлақтарын, жағалаудағы ғимараттар мен құрылыстар кешенін, темір және автомобиль жолдарын, навигация және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету нысандарын қамтиды. 2024 жылғы қарашада астық терминалы пайдалануға берілді, ал алдағы уақытта май құю терминалы мен жасыл сутегі терминалын салу жоспарлануда.

Құрық порт кешенінің схемасы
Дереккөз: Құрық портының сайты
Порт астық, мұнай өнімдері, тыңайтқыштар, химикаттар және жүктің басқа да түрлерін қайта тиеуге бағытталған. Теміржол-паром және автомобиль кешенінің өткізу қабілеті жылына 7 миллион тоннадан асады.

Құрық порты
Дереккөз: Kazakh Invest

Құрық портындағы модульдерді тиеу
Дереккөз: Спутник Казахстан
Шығыс Азияны Еуропамен және Түркиямен байланыстыратын контейнерлік тасымалдардың мультимодальды құрлықтық бағыттарының ішінде Қазақстан арқылы өтетін жол - уақыт пен құн тұрғысынан ең тиімдісі. Құрық порты — Қытай, Қазақстан, Каспий теңізі акваториясы, Әзірбайжан, Грузия және әрі қарай Түркия мен Еуропа елдері арқылы өтетін жаңа Жібек жолы — Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) жүйесіндегі негізгі нысандардың бірі. Порт жүктерді теңіз арқылы тасымалдау мерзімін қысқартуға және жақын және алыс шет елдерге тасымалдау көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Құрық портынан көлік бағыттарының схемасы
Дереккөз: Құрық портының сайты
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу