
Шанхай ынтымақтастық ұйымының эмблемасы Источник:Шанхай ынтымақтастық ұйымының сайты
Дереккөз: Шанхай ынтымақтастық ұйымының сайты
ШЫҰ 1996–1997 жылдары Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қол қойған әскери саладағы сенім шараларын нығайту және шекара маңындағы аудандарда қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісімдер негізінде пайда болды. Осы келісімдердің орындалуын бақылау үшін көшбасшылардың тұрақты кездесу тетігі құрылып, ол «Шанхай бестігі» деген атпен танымал болды.
2000 жылы «бестікке» Өзбекстан қосылды, ал 2001 жылғы 15 маусымда Шанхайда алты мемлекеттің басшылары Шанхай ынтымақтастық ұйымын ресми түрде құрды. ШЫҰ-ны құру туралы декларацияда ұйымның басқа мемлекеттерге қарсы бағытталмағаны және ашықтық принципін ұстанатыны, сондай-ақ басқа елдермен және халықаралық ұйымдармен диалогты дамытуға дайын екендігі атап өтілді.
2002 жылғы 7 маусымда Санкт-Петербургте ШЫҰ-ның Хартиясына қол қойылды. Бұл — ұйымның негізгі жарғылық құжаты. Ол 2003 жылы күшіне еніп, 2013 жылы БҰҰ Хатшылығында тіркелді.
ШЫҰ-ның негізгі міндеттері:
ШЫҰ қызметі егемендікті құрметтеу, аумақтық тұтастық, ішкі істерге араласпау, күш қолданудан бас тарту және біржақты әскери басымдыққа ие болмау принциптеріне негізделген. Бұл принциптер жиынтығы «Шанхай рухы» деген атауға ие болды.
ШЫҰ әскери альянс емес. Оның құрылымына 29 жарғылық орган кіреді, оның ішінде Мемлекет басшыларының кеңесі, Үкімет басшыларының кеңесі, Сыртқы істер министрлерінің кеңесі және т.б бар.
Сонымен қатар, түрлі салалардағы өзара іс-қимылдың 40-тан астам жұмыс механизмі бар.
Ұйымның тұрақты жұмыс істейтін органдары — Бейжіңдегі Хатшылық (2004 жылы жұмысын бастады) және Ташкенттегі Аймақтық антитеррорлық құрылым (ААТҚ/РАТС) (2004 жылдан бастап). Осы органдардың жанында мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдері институты жұмыс істейді. Бұдан бөлек, үкіметтік емес құрылымдар құрылған: Іскерлік кеңес, Банкаралық бірлестік, Жастар кеңесі және ШЫҰ форумы. Ұйымның өз нышандары — эмблемасы, туы және гимні бар. ШЫҰ-ның ресми тілдері — орыс және қытай тілдері.
2007 жылы Ұзақмерзімді тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды, кейіннен бұл шартқа Үндістан, Пәкістан, Иран және Беларусь қосылды. Үндістан мен Пәкістан 2017 жылы, Иран — 2023 жылы, ал Беларусь Республикасы — 2024 жылы толық құқылы мүше болды.
ШЫҰ құрамына 10 мүше мемлекеттен бөлек, бақылаушы мәртебесіне ие 2 ел (Ауғанстан мен Моңғолия) және 14 диалог бойынша серіктес кіреді, олардың қатарында Армения, Мысыр, Сауд Арабиясы, Түркия және басқа да елдер бар.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының картасы, 2025 жылғы қаңтар
Дереккөз: Википедия
Шанхай ынтымақтастық ұйымы жыл сайын мемлекет басшыларының саммиттерін өткізеді. Бұл — қатысушы елдер арасындағы қауіпсіздік, экономикалық және саяси іс-қимылдың стратегиялық мәселелері талқыланатын негізгі кездесулер. 2002 жылдан бері Қазақстанда мемлекет басшыларының төрт саммиті өтті, оның ішінде үшеуі — 2005, 2011 және 2017 жылдары Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ұйымдастырылды.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары Астанадағы Саммитте, 2017 жыл
Дереккөз: Sputnik
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу