
Целиноградтағы «Москва» қонақ үйі, 1971 жыл
Дереккөз: Жаңалықтар РАА фотобанкі
Ғимарат ХХ ғасырдың 60-жылдарында салынды және Целиноград (қазіргі Астана) қонақтарының демалатын әрі тұратын орны ретінде қызмет етті. Құрылысты салуға Мәскеуде әлемдегі алғашқы эксперименттік вибропрокатты панельдерден жасалған тоғыз қабатты үйді тұрғызған Михаил Новиковтың арнайы бригадасы қатысты. Олар сыйлық ретінде бригада Целиноградқа әкелінген вибропрокаттан қонақ үй құрастырып берді. Атауы Мәскеумен байланысты, Кеңес Одағы астанасының ерекше маңыздылығын айшықтап тұрды. Целиноградтағы «Мәскеу» қонақ үйінің суретін кеңестік пошта конверттері мен ашық хаттардан кездестіруге болады.

«Москва» қонақ үйі. КСРО ашық хаты, 1977 жыл
Дереккөз: КСРО ашық хаттар жинағы
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мұнда заманауи елорданың қалыптасуында шешуші рөл атқарған маңызды кездесулер, келіссөздер мен талқылаулар өткізілді. «Москва» қонақ үйінің ғимаратында кейін ұзақ жылдар бойы «ҚазАқпарат» қазақстандық халықаралық ақпарат агенттігі орналасты. Қазіргі уақытта ғимаратта ЮНИСЕФ (Бүкіл әлем бойынша балаларға көмек көрсетумен айналысатын Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы халықаралық ұйым), Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) және Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі орналасқан.

Астанадағы «Москва» қонақ үйі, қазіргі көрінісі
Дереккөз: Informburo.kz
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу