Алматы облысы Қаскелең ауылындағы Болашақ Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1958 жылы бітірген Абай атындағы қазақ мектебі 1999 жылдан бастап Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейі болып қайта құрылды.

Қаскелең қаласындағы бұрынғы Абай атындағы мектептің орнында орналасқан Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғимараты
Дереккөз: Матрица kz
Ғимараттың өзі 1899 жылы салынған және Қаскелеңдегі ең көне ғимарат болып саналады. Мұнда алғашқыда шіркеу-приход мектебі орналасқан, ол 1937 жылы қазақ мектеп-интернаты болып өзгерді. 1945 жылы ұлы ақын Абайдың 100 жылдық мерейтойына орай мектепке оның есімі берілді. Кейінірек мектеп жаңа ғимаратқа көшіріліп, ескі ғимаратта 90-жылдарға дейін оқушылар интернаты орналасты. Содан кейін бұл жер мұғалімдер мен жас отбасыларға арналған жатақхана болды.
Ескі ғимаратта музей ашу туралы идеяны 1997 жылдың қаңтарында Абай атындағы мектептің директоры Мария Мұқанова мен мұғалім Сейітхан Исаев ұсынды, олар Қазақстан Президентінің атына хат жазып, жеке қабылдауын сұрады. Нұрсұлтан Назарбаев бастамашылармен музей ашу мәселесі туралы кездесіп, өз көмегін беруге уәде етті.
Ғимаратта қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп, тарихи жәдігерлер мен көне бұйымдарды жинау басталды. Музей Алматы облысы әкімінің шешімімен 1999 жылдың 24 қыркүйегінде құрылды. Музейдің бағыты – тарихи, ал мақсаты – ауданның өткені мен бүгінгі тарихын зерттеу, жинақтау, сақтау және насихаттау. Музейде 2 мыңнан астам түрлі құнды материалдар, тарихи жәдігерлер мен фотоқұжаттар жинақталған.

Қаскелең қаласындағы бұрынғы Абай атындағы мектептің орнында орналасқан Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғимараты
Дереккөздер: Қазақпарат ХАА
Музей 9 залдан және фойеден тұрады. Фойеде Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған экспозиция орналасқан. 4 зал өлке тарихынан сыр шертеді: «Өлкенің көне тарихы», «Өлкенің орта ғасырлар тарихы», «Қаскелең қаласы мен Қарасай ауданының тарихы» және «Қарасай ауданы қазіргі кезеңде». Қалған залдар Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өміріне, оның балалық шағына, жастық шағына және еңбек жолының басталуына арналған.

Қаскелең қаласындағы бұрынғы Абай атындағы мектептің орнында орналасқан Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғимараты
Дереккөз: Қазақпарат ХАА
Музейге кейбір жәдігерлерді Тұңғыш Президенттің өзі тапсырды. Солардың ішінде Мемлекет басшысының инаугурация кезінде киген жұмыс костюмі және Қазақстан Республикасының астанасын Алматыдан Астанаға көшіру туралы құжатқа қол қойған қаламы бар.

Қаскелең қаласындағы бұрынғы Абай атындағы мектептің орнында орналасқан Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғимараты
Дереккөз: Inbusiness.kz АА
Тұңғыш Президент Абай атындағы мектепті 1958 жылы бітірді. Ол сол жылғы 42 түлектің бірі болған. Нұрсұлтан Назарбаев Қаскелеңде тек бітіруші сыныпта оқыды, оған дейін Шамалған ауылындағы мектепте (қазіргі Қарасай батыр атындағы мектеп) білім алған.

Қаскелеңдегі Абай атындағы мектептің 1958 жылғы түлектері
Дереккөз: Матрица.KZ

Қаскелеңдегі Абай атындағы қазақ орта мектебінің 1958 жылғы 10-сынып түлектерінің аттестаттық құжаты
Дереккөз: Qazaqstan Tarihy
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу