
Қадыр Мырзалиев
Дереккөз: Әдебиет порталы
Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев 1935 жылы 5 қаңтарда Жамбейті кентінде (қазіргі – Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауылы) дүниеге келген.
Бала кезінен әдебиетке құштарлық танытып, алғашқы өлеңін 11 жасында жазады, ал 1954 жылдан бастап республикалық «Пионер» журналына шығармалары жариялана бастайды.
1958 жылы Сергей Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) филология факультетін, кейін аспирантурасын бітіреді. «Балдырған» балалар журналының әдеби қызметкері, «Жұлдыз» журналының поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі әрі жауапты хатшысы, «Жазушы» баспасы поэзия редакциясының меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағының поэзия секциясының меңгерушісі болып жұмыс істейді.
1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Ұлттық саясат, мәдениет және тілді дамыту жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары болды, ал 1994 жылы халық депутаты болып сайланды.
Ол 200-ден астам өлең мен ән мәтінінің, 50-ге жуық поэзиялық жинақтың, соның ішінде танымал «Күндер-ай» әндер жинағының және әдеби-сыни мақалалардың авторы. Өлеңдері әлемнің көптеген тілдеріне, соның ішінде орыс, неміс, ағылшын, француз және т.б. тілдерге аударылған. Қазақ балалар әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосып, балаларға арналған жаңылтпаштар, жұмбақтар, ертегілер мен есептер жазды. Шығармашылығы терең азаматтық пафоспен және туған жерге деген сүйіспеншілікпен ерекшеленеді, өлеңдері орта мектеп бағдарламасына енген.
Қазақстанның тұңғыш Мемлекеттік әнұраны мәтінінің (1992 жылы қабылданған) авторларының бірі. Әлемдік классика туындыларын қазақ тіліне шебер аударуымен танымал. Рим ақыны Овидийдің, парсы ақыны Жалаладдин Румидің, итальяндық балалар жазушысы Джанни Родаридің, литвалық ақын Эдуардас Межелайтистің, француз жазушысы Виктор Гюгоның, орыс ақыны Михаил Лермонтовтың шығармаларын аударды. Сергей Есенин лирикасының аударма жинағы ақынның ерекше шығармашылық табысына айналды.
1966 жылы «Ой орманы» өлеңдер жинағы үшін Қадыр Мырзалиев Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін ол Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 2001 жыл Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығына ие болды. 1993 жылы Қадыр Мырза Әлі өлемдік поэзияға қосқан аса зор еңбегі үшін Моңғолияның халықаралық «АВЬЯС» сыйлығын алды. 2001 жылы 2000-2008 жылдар аралығында әдебиет, музыка, театр, бейнелеу өнері, кинематограф, ғылым және ағартушылық салалары бойынша берілген «Қазақстан меценаттар клубының» жоғары тәуелсіз сыйлығы — «Платиналы Тарлан» лауреаты атанды.
Қадыр Мырзалиев 2011 жылы 24 қаңтарда Алматы қаласында дүниеден озды.
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу