Басты бетке қайту

Қалдарбек Найманбаев (1939-2004)


Қалдарбек Найманбаев
Дереккөз: Әдебиет порталы

Қалдарбек Найманбайұлы Найманбаев 1939 жылы 16 наурызда Шымкент облысы (қазіргі Түркістан облысы) Мақтаарал ауданы, Асықата ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Сергей Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген.

Шығармашылық жолын «Лениншіл жас» жастар газетінде бастаған. 1976-1984 жылдар аралығында «Жалын» баспасының бас редакторы және директоры болды. 1984–1986 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы қызметін атқарған.

1986–1987 жылдары Бүкілодақтық авторлық құқықтар жөніндегі агенттіктің Қазақ бөлімшесін басқарды. 1987–1988 жылдары «Ара-Шмель» сықақ журналының бас редакторы. 1988 жылдан 1992 жылға дейін «Жазушы» баспасының директоры болды.

1991–1996 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы болды. XII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1990–1993).

1992 жылдан бастап Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарды (ұйым басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болды). Кейіннен бұл ұйым Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы болып өзгертілді.

Қалдарбек Найманбаев прозалық жанрда жиырмадан астам кітап жариялады. Алғашқы кітабы — «Даңқ тұғырында» (1965). Ең танымал шығармалары — «Қоштасқым келмейді» (1969), «Бастау» (1970), «Сол бір түн» (1972), «Үміт өткелдері» (1975), «Шақырылмаған қонақ» (1978) повестер мен әңгімелер жинақтары. Бірқатар шығармалары орыс және украин тілдеріне аударылған.

«Еңбектегі ерлігі үшін» медалі, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы, «Астана» медалдарымен (1998) марапатталған. 2001 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағына ие болды.

2004 жылы 22 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеден өтті.

 

Дереккөздер:

Новое ТВ

Centr Asia

 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу