Басты бетке қайту

Дмитрий Оськин (1930–1998)


Дмитрий Оськин
Дереккөздер: Calameo

Дмитрий Васильевич Оськин 1930 жылы Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасының (РКФСР, қазіргі – Ресей Федерациясы) Рязань облысы Клепиков ауданы Траново ауылында дүниеге келген.

Ол орман кесуші, паровозда от жағушы, тас қалаушы және құрылысшы болып жұмыс істеді. 1959 жылы Қазақ КСР-іне, Қарағанды қаласына «Қазақстан Магниткасы» (қазіргі – Қарағанды металлургия комбинаты) құрылысына көшіп келді. Осы жерде Мұғалімдер институтының (кейіннен Қарағанды педагогикалық институты болып өзгертілді, 1996 жылы жабылды) кітапханасын басқарды.

1970 жылы Мәскеудегі Алексей Максимович Горький атындағы Әдебиет институтын бітірді. 1972 жылдан бастап «Қазметаллургқұрылыс» тресінің «Строитель» («Құрылысшы») газетінде тілші болып қызмет атқарды.

Дмитрий Оськиннің алғашқы кітабы «Күнді көріп тұрмын» («Вижу солнце») 1964 жылы жарық көрді. 1975 жылы екінші кітабы – «Қазақстан Магниткасы – менің бесігім» («Казахстанская Магнитка – колыбель моя») жарияланды. Кейіннен оның «Ағама бара жатырмын» («Еду к брату»), «Үкен атаның үйінде» («В доме дедушки Укена») повестері, өлеңдер жинағы және басқа да шығармалары жарыққа шықты.


Дмитрий Оськиннің кітаптары
Дереккөз: Calameo

«Жазушы» баспасынан оның «Екі өлім болмақ емес» («Двум смертям не бывать») атты кітабы жарық көрді. Бұл еңбегінде Дмитрий Оськин 1959 жылы Теміртауда орын алған оқиғалар туралы баяндайды (1959 жылғы 1-4 тамыз аралығында металлургия комбинаты құрылысындағы тұрмыс пен еңбек жағдайының нашарлығына байланысты жаппай тәртіпсіздіктер мен ереуілдер болған еді).

Дмитрий Оськин КСРО Жазушылар одағының мүшесі болды.

Ол 1998 жылы дүниеден өтті.

 

Дереккөздер:

Calameo

Гоголь атындағы кітапхананың блогы

Әдеби өмір

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу