Басты бетке қайту

Қарасай және Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені

Жоңғар басқыншыларына қарсы күресте даңқы шыққан аты аңызға айналған батырлар – Қарасай мен Ағынтай батырлардың құрметіне арналған мемориалдық кешен. Мемориалдық кешен 1999 жылдың 15 қазанында ашылды. Оны белгілі қазақстандық сәулетшілер Бек Ибраев пен Садуақас Ағытаев жасаған. Кешен Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Мәдениет ауылында орналасқан. Дәл осы жерде, биік Құлшынбай төбесінде қазақ батырлары Қарасай мен Ағынтайдың сүйектері жерленген.


Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені
Дереккөз: El.Kz

XVII ғасырда Есім ханның туы астында шапырашты руынан шыққан Қарасай және арғын руынан шыққан Ағынтай деген атақты батырлар туған жерлерін бөтен жерлік басқыншылардан қорғаған.

Жоңғар жаулаушыларына қарсы ауыр шайқаста Есім ханның әскерлеріне он сегіз жастағы Қарасай батыр қолбасшылық етті, ал Арғын-Ағынтай оның көмекшісі және адал досы болған. Бұл ажырамас батырлар 48 жыл бойы қанаушыларға қарсы қанды соғыстарға қатысты.

Екеуі де Құлшынбай төбесі деп аталатын шоқыда жерленген.


Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені
Дереккөз: Қазақпарат ХАА

Олардың жерленген жерінде тұрғызылған кесене (мавзолей) – Қазақстан халықтарының бірлігінің, достығының және ынтымағының символы. Кешен визуалды және композициялық тұрғыдан ежелгі түрік қағандарының ордаларындағы шатырларға ұқсайды. Он алты метрлік екі мұнара (күмбез) – жауынгерлік дулығаға ұқсайтын, екі батыр-жауынгердің күш-қуатының символы. Мұнаралар олардың рухына арналған мешітпен біріктірілген. Бүкіл мемориалдық кешеннің басты осі Меккеге бағытталған. 

Кірпіш қоршаумен қоршалған шеңберге кіретін жол дұға оқуға және құрбандық шалуға арналған кесенелер алдындағы алаңға апарады. Алаңның бұрыштарында гранитті негіздерге қола жапсырмалары бар айқастырылған найзалар орнатылған – бұл батырлардың жауынгерлік даңқының символы. Күмбездердің айналасында тағы да бірнеше ежелгі жауынгерлердің қабірлері бар.


Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені
Дереккөз: Kazakhstan.Travel

Ортада, кесенелердің арасында шағын зал орналасқан, оның қабырғаларында батырлардың ерлік істері туралы баяндайтын үш тілдегі мәтіндер қашап жазылған. Кесенелердің есіктері металдан жасалған. Олардың бетіне Құран сүрелері ойып жазылған.


Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені
Дереккөз: Kazakhstan.Travel

Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені ашылған алғашқы күннен бастап зиярат ету және экскурсия жасау орнына айналды. Жыл сайын мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен мыңдаған адам, сондай-ақ көптеген шетелдік қонақтар келеді.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та бұл жерде бірнеше рет болды. Қалыптасқан дәстүр бойынша кесенеге жас жұбайлар келеді, осы жерден жастар әскерге және оқуға шығарып салынады. Сонымен қатар, атақты батырлардың құрметіне спорттық турнирлер мен ат спорты жарыстары өткізіліп тұрады.


Қарасай және Ағынтай батырлардың мемориалдық кешенінің ашылғанына 20 жыл - «Арқа шайқасы» тарихи шайқасын театрлық-поэтикалық қайта жаңарту
Дереккөз: Tengri News

 

Дереккөздер:

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» сайты   

Kazakhstan.Travel 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу