«Салтанат Сарайы» салтанатты шаралар сарайы Астанадағы ең әдемі ғимараттардың қатарына жатады. 2000 жылы Есіл өзенінің оңтүстік жағалауында салынған бұл құрылыс тіктөртбұрыш пішінінде салынған, одан төрт жаққа сәулелер таралады. Бұл – дәстүрлі қазақстандық мәдениеттің символын көрсетеді. Ғимарат жас Қазақстан Республикасының жаңа астанасына берілген Оман әмірінің сыйлығы.

«Салтанат сарайы» салтанат және неке қию сарайы, Астана
Дереккөз: Komandirovka.ru
Ақ мәрмәр мен граниттен жасалған ғимараттың қасбетін 14 бағанға тірелген портик безендіреді, олардың арасындағы жабындар аркалармен біріктірілген. Ғимараттың орталық бөлігінде көк күмбезбен көмкерілген мезонин орналасқан. Сарайдың іші өте бай безендірілген. Мұнда салтанатты іс-шаралар, балдар өтеді, сондай-ақ некелер тіркеледі (үйлену тойлары өткізіледі).

«Салтанат сарайы» салтанат және неке қию сарайы, Астана
Дереккөз: Wikimapia
Салтанат сарайы Астананың орталығындағы көрікті жерде, сарайдың оңашалығын қоршаған ландшафт атмосферасымен ұштастыра отырып орналасқан. Аумақтың жалпы ауданы 32500 шаршы метр, ғимараттың ауданы - 6420 шаршы метр. Салтанат сарайы сыртқы жағынан да, ішкі жағынан да сәулеттің ауқымдылығымен және табиғи сұлулықтардың молшылығымен таң қалдырады: ұлттық сәндік элементтері бар үлкен холл, антикалық көне бағаналар, сарай люстралары және күмбезді төбесі бар мұражай бөлмесін еске түсіретін қабылдау залы.

«Салтанат сарайы» салтанат және неке қию сарайы, Астана
Дереккөз: «Салтанат сарайы» салтанатты шаралар сарайы сайты

«Салтанат сарайы» салтанат және неке қию сарайы, Астана
Дереккөз: «Салтанат сарайы» салтанатты шаралар сарайы сайты
Жылы мезгілде қабылдаулар өткізу үшін 150 орынға есептелген терраса бар, ол қала сыртындағы демалыс сезімін тудырады.

«Салтанат сарайы» салтанат және неке қию сарайы, Астана
Дереккөз: «Салтанат сарайы» салтанатты шаралар сарайы сайты
Салтанат сарайының қабылдау сарайы жылдың кез келген мезгілінде әдемі. Бұл елорданың ең танымал және сұранысқа ие мерекелік алаңдарының бірі. Мұнда салтанатты некелер, жастар мен жаңа жылдық балдар, Президент шыршасы, сондай-ақ форумдар, бизнес-конференциялар және басқа да шаралар өткізіледі.

«Салтанат сарайы» салтанат және неке қию сарайы, Астана
Дереккөз: «Салтанат сарайы» салтанатты шаралар сарайы сайты
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу