
Ailand отбасылық демалыс орталығы (бұрынғы «Думан»)
Дереккөз: Сайт центра Ailand
2003 жылғы 6 мамырда Астанада салтанатты түрде «Думан» ойын-сауық орталығы ашылды, оның құрылысы 2000 жылы басталды. Рәсімге қатысқан Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кешеннің басты көрікті жері ТМД аумағындағы алғашқы океанариум екенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Думан» ойын-сауық орталығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, 2003 жыл
Дереккөз: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қызметінің хроникасы
Океанариумның бас аквариумының түбімен жарықтандырылған, қозғалатын жолмен жабдықталған 70 метрлік тоннель өтеді. Акрил шыныдан жасалған қабырғалардың арқасында келушілерде мұхит түбінде жүргендей әсер қалыптасады. Океанариумда 2,5 мыңнан астам теңіз мекендеушілерінің түрлері жиналған. Олар 3,5 млн литрден астам су сыйымдылығында ұсталады. Теңіз суларына ұқсас су дайындау үшін 120 тонна тұз қажет болған. Ашылғанына 15 күн өткеннен кейін «Думан» ойын-сауық орталығы океанариумда 25 мыңыншы келушіні қарсы алды. 10 аптадан кейін оған 100 мың адам, 2003 жылғы 5 қарашада 200 мың адам келді.

Астанадағы Ailand орталығының океанариумы
Дереккөз: Ailand орталығы сайты

Астанадағы Ailand орталығының океанариумы
Дереккөз: Яндекс Карта
Океанариум теңіздер мен мұхиттардан ең алыс орналасқан (3000 км-ден астам) нысан ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енгізілген.
2008 жылы орталықта «Джунгли» аниматроникстер театры ашылды. Бұл – ТМД елдері аумағындағы алғашқы әрі жалғыз интерактивті саябақ.
Саябақта динозаврлар мен тарихқа дейінгі жануарлардың қозғалысы мен дыбыстарын нақты тірідей имитациялайтын аниматроникс-роботтар қолданылған. Бұл роботтардың арқасында келушілер көне дәуірдің атмосферасына еніп, интерактивті түрде таныса алады
Саябақ 3000 шаршы метрден астам аумақты алып жатыр. Ол тарихқа дейінгі жануарлармен, соның ішінде тираннозаврлармен, трицерапторлармен және алғашқы тайпалармен бірге ну орман, қалың джунглидің нағыз атмосферасын ұсынады.

«Джунгли» аниматроникстар театры
Дереккөз: WEproject
«Думан» отбасылық демалыс орталығы 2017 жылы Ailand (Айленд) деп өзгертілді. Бұл атауды өзгертудің себебі – кешеннің ауқымды жаңғыртылуы және кеңеюі болды: бұрыннан бар океанариум мен аниматроникстер театрына жаңа нысандар – аквапарк пен аспалы доңғалақ (көру дөңгелегі) қосылды. Бұл орталықтың бірегей қызметтер ауқымын айтарлықтай кеңейтті. Сондай-ақ, атаудың өзгеруі отбасылық демалыс пен жаңа ойын-сауыққа бағытталған орталықтың жаңартылған форматы мен тұжырымдамасын ұсынды.
«Ailand» аквапаркі – Астанадағы жалғыз жабық аквапарк. Оның аумағы 8,5 мың шаршы метрден асады және 1,5 мың адамға есептелген. Бірінші қабаттың периметрін бойлай өте баяу ағатын «жалқау» өзен орналасқан, ол демалғысы келетін және ақырын жүзгісі келетіндер үшін өте ыңғайлы. Екінші қабатта орыс моншасында, фин немесе түрік сауналарында демалып, сондай-ақ сауықтыру SPA-рәсімдерін қабылдауға болады. Әсерді ұнататындар үшін 7 түрлі сырғанақ және теңіз толқындарын имитациялайтын бассейн бар. Демалушылардың қауіпсіздігін құтқарушылар жіті қадағалайды.

Ailand аквапаркі
Дереккөз: Visitastana.kz
Ailand отбасылық демалыс орталығындағы көру дөңгелегі (аспалы доңғалақ) – бүкіл Орталық Азиядағы осы тектес ең биік құрылыс. Келушілерді 65 метрге дейінгі биіктікке көтерілетін 36 жайлы әрі кең кабина күтеді. 14 минут ішінде Қазақстан астанасын биіктен тамашалауға болады.

Ailand отбасылық демалыс орталығындағы шолу дөңгелегі
Дереккөз: Ailand орталығы сайты
Орталық аумағында экзотариум жұмыс істейді – бұл экзотикалық жануарлар түрлері бар Астанадағы ең үлкен хайуанаттар бағы. Мұнда сирек кездесетін альбинос патша питоны, әлемдегі ең кішкентай маймыл – қызыл қолды тамарин, мадагаскар тарақаны немесе экзотариумның басқа да қызықты мекендеушілерін кездестіруге болады.
«Aiduman» Балалар театры – ертегі кейіпкерлері тіріліп, балаларға арналған көңілді бағдарламалар өтетін сиқырлы орын.
Жазғы аттракциондар паркі Қазақстандағы ең биік Шолу дөңгелегінің қасында орналасқан. Карусельдер 3 жастан асқан балалар мен ересектерге арналған, Астанадағы жалғыз су аттракционы да бар. Әр жазда Паркте «Жазғы фестиваль» өтеді, онда балалар үшін көңілді бағдарламалар тегін өткізіледі, ал ересектер үшін кешкі уақытта музыкалық концерттер ұйымдастырылады. Карусельдердің жанында тұманды субұрқақтары (фонтандары) бар әдемі жасыл саябақ және балалар ойын алаңдары бар.

Ailand жазғы аттракциондар паркі
Дереккөз: Яндекс Карты
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу