Басты бетке қайту

«Алатау» спорт кешені

Астанадағы «Алатау» спорт сарайы 2000 жылғы 16 қазанда пайдалануға берілді. Ол Қазақстанның жаңа астанасында салынған алғашқы көпфункционалды спорт кешені және алғашқы үлкен спорт аренасы болды.


«Алатау» спорт сарайы
Дереккөздер: «Алатау» спорт сарайы сайты

Спорт кешені жаңа елордаға сыйлық ретінде мұнай саласы инвесторларының грантына салынған. Оның ауданы 25 000 шаршы метрді құрайды. Бұл кәсіпқойларға да, әуесқойларға да қызмет көрсететін көпфункционалды кешен.


«Алатау» спорт сарайы
Дереккөздер: «Алатау» спорт сарайы сайты

«Алатау» кешенінде жеңіл атлетикалық манеж жұмыс істейді, оның ішінде футбол, волейбол алаңдары және жүгіру жолдары бар. Сонымен қатар, әмбебап зал, жаттығу залдары, мына спорт түрлері бойынша күрес залдары бар: жекпе-жек, қазақ күресі, дзюдо, самбо, ашихара каратэ, кикбоксинг, грепплинг, қол күресі (рукопашный бой), айкидо, бразилиялық джиу-джитсу, таэквондо. Сондай-ақ кешенде шахмат, спорттық және көркем гимнастика, акробатика, спорттық-бал билері, ұлттық – халықтық билер, хореография, фитнес, зумба, стретчинг, джампинг, фитнес, йога, бессайыстан (пятиборье) сабақтар жүреді.


«Алатау» спорт сарайы
Дереккөздер: «Алатау» спорт сарайы сайты


«Алатау» спорт сарайы
Дереккөздер: «Алатау» спорт сарайы сайты


«Алатау» спорт сарайы
Дереккөздер: «Алатау» спорт сарайы сайты

Спорт кешенінде бассейндер ерекше сұранысқа ие. Олардың үшеуі бар. Ересектерге арналған үлкен жүзу бассейнінің өлшемі 25х50 метр. Орташасы - балалар - балалар мен жасөспірімдерге арналған көлемі 11х20 шаршы метр эллипс түріндегі бассейн. Ұзындығы 8 шаршы метр болатын кішкентай бассейн - 1,5 жас шамасындағы ең кішкентай балалар үшін.


«Алатау» спорт сарайы, бассейн
Дереккөздер: «Алатау» спорт сарайы сайты


«Алатау» спорт сарайы, бассейн
Дереккөздер: «Алатау» спорт сарайы сайты

Сондай-ақ кешенде олимпиада чемпионы, бес дүркін әлем чемпионы және бес дүркін Еуропа чемпионы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Анатолий Михайлович Храпатый атындағы мамандандырылған ауыр атлетика залы бар. Спорт сарайына күніне 2500-ге жуық адам келеді. Спорт кешенінде кәсіби спортшылар да, әуесқойлар да шұғылданады. Әлем чемпиондары, халықаралық және республикалық жарыстардың жүлдегерлері атанған көптеген спортшылардың спорттық жетістіктеріне апарар жолы «Алатаудан» басталған.


«Алатау» спорт сарайы
Дереккөздер: «Алатау» спорт сарайы сайты

 

Дереккөздер:

«Алатау» спорт сарайы сайты

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу