«Шөл гүлі» деп те аталатын «Қазақстан» Орталық концерт залын италиялық сәулетші Манфреди Николетти жобалаған. Жобаны таныстыру кезінде сәулетшінің баспасөз хатшысы: «Сәулет туындысы алып жатқан орасан зор кеңістік пен жердің шөлділігі аумақтың шексіздігі сезімін тудырады. Қазақстанның құрғақ даласы үстінен ұшып бара жатып, біз бұл жерге гүлдер жетіспейді деп шештік, сондықтан біздің туындымыз шөл гүлі деп аталды», – деді.

«Қазақстан» орталық концерт залы
Дереккөз: E-history.kz
Авангард стилінде жасалған ғимарат музыкалық және табиғи үйлесімділікті біріктіреді – «гүлдің» күлтелеріндегі бетон қабырғалар көлбеу етіп жасалған, ал көк түске боялған шыны қабырғалар оны ауаға толтырады. «Қазақстан» ОКЗ – елдегі ең үлкен концерт залы. Мұнда әлемдік, отандық жұлдыздардың концерттері, салтанатты жиындар мен ресми кездесулер, көрмелер, конференциялар, тұсаукесерлер өтеді. Оның құрылыс идеясы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Президент концерт залын 2009 жылдың желтоқсанында салтанатты жағдайда ашты.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан» жаңа орталық концерт залында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 18 жылдығына арналған салтанатты жиналыста. 2009 жылғы желтоқсан, Астана
Дереккөз: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қызметінің хроникасы
Бас холл «Пьяцца-фойе» деп аталады, бұл италиян тілінен аударғанда «алаң» деген мағынаны білдіреді. Оның ауданы 3000 шаршы метрді құрайды. Келушінің көзіне алдымен домбыраның корпусы, шанақ түседі. Концерт залы сыртынан осылай көрінеді.

«Қазақстан» орталық концерт залы. Пьяцца-фойе
Дереккөз: «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерт ұйымының сайты
Көрермен залы аренаға ұқсайды. Ол 3500 орынға есептелген. Зал симфониялық концерт, опера немесе кино көрсетілімі сияқты кез келген шоуға «бейімделе» алады. Атриум сыртынан да, ішінен де таңғажайып акустикалық әсерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін арнайы ағашпен – америкалық шиемен (вишня) әрленген. Бұл ағаш жоғары сапалы жиһаз, музыкалық аспаптар жасау үшін кеңінен қолданылады және өзінің қанық қызыл түсімен белгілі. Концерт залының едені де тозуға төзімділігі жоғары арнайы паркеттен жасалған және акустикалық еңіспен ерекше тәсілмен төселген.

«Қазақстан» орталық концерт залы. Үлкен концерт залы
Дереккөз: «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерт ұйымының сайты
Залда 274 шаршы метр аумақты алып жатқан және 2 бөлікке бөлінген сахна ерекше орын алады. Алдыңғы бөлігі оркестрге арналған, оркестранттарға арналған жеке шығу жолдары бар. Сахнаның артқы бөлігі хорға арналған және 7 хор ярусынан тұрады. Атриумның визуалды түрде кішірею қабілеті бар – аспалы перделер залдың жоғарғы деңгейін – галерея мен балконды бөліп тастай алады. Осылайша, 3500 орынға есептелген зал 2000 орындық залға айналады. Акустикалық жүйенің ерекшелігі – арнайы италиялық технология бойынша жасалған 22 таратушы күлте (лепестки). Олардың міндеті – әр түрлі еңіс бұрыштарын қабылдай отырып, концерттің акустикалық дыбысын мінсіздікке жеткізу.

«Қазақстан» орталық концерт залы. Үлкен концерт залы
Дереккөз: «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерт ұйымының сайты
«Қазақстан» ОКЗ-да заманауи 250 орындық камералық зал бар. Ол өзінің керемет акустикалық сипаттамаларының арқасында елордадағы ең үздік камералық алаңдардың бірі болып саналады. Сондай-ақ мұнда 200 орындық конференц-зал, музыкалық қойылымдарды дайындауға арналған студиялар, дыбыс жазу студиялары, дайындық залы бар.

«Қазақстан» орталық концерт залы. Камера залы
Дереккөз: «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерт ұйымының сайты
«Қазақстан» ОКЗ өзінің көпфункционалдығымен және мінсіз акустикасымен таң қалдырады. Жыл сайын мұнда 100-ге жуық концерт өтеді. Оған 200 мыңнан астам адам қатысады. 2016 жылдан бастап концерт залының базасында елдегі ең ірі концерттік ұйым – «Қазақконцерт» өз қызметін бастады.

«Қазақстан» орталық концерт залы. Дайындық залы
Дереккөз: «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерт ұйымының сайты
Дереккөз:
«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйым» РМҚК
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу