«Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы 2010 жылғы 6 шілдеде Астана күнін мерекелеу аясында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылды, оның құрылысы 4 жылға созылды. Ғимарат алып шатыр пішінінде жасалған. Биіктігі шатырымен қоса 150 метрге жуық. 188 тонна бетоннан салынған. Жалпы ауданы 127 мың шаршы метрді құрайды.

«Хан Шатыр» СОО
Дереккөз: Управление Профтур
«Хан Шатыр» атауы «Шатырлардың ханы» деп аударылады. «Хан Шатыр» СОО (сауда-ойын-сауық орталығын) салу идеясы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Бұл идеяны әйгілі британдық сәулетші Норман Фостер жүзеге асырды.

«Хан Шатыр», Астана.
Дереккөз: Астана қаласы бойынша жол көрсеткіш
Құрылым болат арқандар (ванттар) желісінен жасалған, оның ішінде жайлы микроклимат тудыратын және температураның күрт ауытқуларынан қорғайтын мөлдір полимерлі ETFE жабыны бекітілген.

«Хан Шатыр» ғимаратының болат ванттары желісінен жасалған конструкциясы
Дереккөз: Аrchitime.ru
«Хан Шатыр» СОО-ның 5 қабатында бөлшек сауда, қоғамдық тамақтану және ойын-сауық мекемелері орналасқан. «Хан Шатырдың» басты қызықты жері - жыл бойы +35 градус температураны ұстап тұратын климат-бақылау жүйесімен жабдықталған жасанды құмды жағажайы бар жабық курорт.

«Хан Шатыр» СОО жағажай курорты
Дереккөз: Pinterest
«Хан Шатыр» ішкі жағынан қолдан жасалған экологиялық ғажайыпқа ұқсайды, себебі ғимаратта оранжерея бар. Мұнда күмбез арқылы түсетін табиғи күн сәулесінің әсерінен қаулап өсетін және гүлдейтін қалың жасыл желек көп.

«Хан Шатыр» СОО
Дереккөз: Nur.kz
«Хан Шатыр» - Forbes Style журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік он экоғимараттың қатарына кірген Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы (ТМД) жалғыз ғимарат. 2010 жылы «Хан Шатыр» Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын cапа» сыйлығын «Шағын және орта бизнес саласында қызмет көрсету бойынша үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша жеңіп алды. 2014 жылы National Geographic арнасында «Суперқұрылыстар» айдарымен «Хан Шатыр» туралы материал жарық көрді.

«Хан Шатыр» СОО туралы видео-материал
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу