
Otis компаниясының логотип
Дереккөз: Otis Worldwide Corporation компанисының сайты
Otis Worldwide Corporation – әлемдегі тарихы тереңд және ең ірі көтергіш жабдықтарды (лифттер, эскалаторлар, гидравликалық жүйелер, жылжымалы жолдар және т.б.) өндіруші компаниялардың бірі. Оны 1853 жылы Нью-Йоркте Элиша Отис негізін қалаған.
1902 жылдан бастап компания шетелдегі қызметін кеңейте бастады, атап айтқанда – компания филиалдары Канадада, Германияда, Италияда, Бельгияда пайда болды. 1970 жылдарға қарай компания әлемнің 17 еліндежұмыс істеді және кеңеюін жалғастырды. 2022 жылғы табыс мөлшері бойынша АҚШ-тың ең ірі компанияларының қатарында (Fortune 500 тізімі) Otis Worldwide 254-орынды иеленді. 2022 жылғы әлемдегі ең ірі қоғамдық компаниялардың Forbes Global 2000 тізімінде Otis Worldwide 815-орынды алды. Otis компаниясының көтергіш жабдықтары Эйфель мұнарасын, Эмпайр-стейт-билдингті, Петронас мұнараларын, Си-Эн Тауэрді қоса алғанда, көптеген биік ғимараттарға орнатылған. 2009 жылғы жағдай бойынша, Otis лифттері мен эскалаторлары әлемдегі ең көп тараған көтергіш құрылғылар болып саналады. Otis гидравликалық жабдығы - қысыммен құбырларды түсіруге арналған қондырғы - Қазақстандағы Теңіз мұнай-газ кен орнында 1985 жылы болған апатты жою кезінде пайдаланылды. Жерден атқылап жанып жатқан мұнай бұрқағын басу үшін құбырларды ұңғымаға жіберіп, қысыммен ұңғыманы бітейтін ауыр ерітіндіні айдау керек еді.

Техникалық маман-фонтаншы (мұнай ұңғымаларындағы апаттарды жоюшы) Теңіз кен орнында ОТИС фирмасының қондырғысын қолданар алдында зерттеу үстінде
Дереккөз: Геннадий Мельниковтың блогы
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу