Басты бетке қайту

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы («ҚТЖ»ҰК» АҚ) — Қазақстандық мемлекеттік көлік-логистикалық холдингі, жүк және жолаушылар тасымалдаушы теміржол операторы, Қазақстанның магистральдық теміржол желісінің ең ірі операторы.


«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының логотипі
Дереккөздер: «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының сайты

«Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1997 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес үш өңірлік теміржолды, атап айтқанда Алматы, Целина және Батыс Қазақстан теміржолдарын біріктіру арқылы құрылды. 2002 жылы компания 100 пайыз мемлекеттің қатысуы бар акционерлік қоғамға айналды.

2011 жылдан бастап ҚТЖ елдің транзиттік әлеуетін дамытуға және жаһандық инфрақұрылымға интеграциялануға басымдық беретін көлік-логистикалық холдинг болып қайта құрылды.

«ҚТЖ» ұлттық компаниясының компаниялар тобы елдегі локомотивтердің, жүк және жолаушылар вагондарының ең ірі иесі. Теміржолдардың ұзындығы бойынша Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) және Балтық жағалауы елдері арасында 1520 мм табанды теміржолдар бойынша 3-орынды иеленеді.

ҚТЖ Қазақстан Республикасының 17 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласы арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді, сондай-ақ 16 түйісу пункті арқылы көршілес бес елмен: Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркменстанмен байланыстырады.

 

Дереккөздер:

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының сайты

Википедия

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу