Басты бетке қайту

Астананың жасыл белдеуі


«Жасыл белдеу» участогы 
Дереккөз: «Қазақпарат» ХАА

Астананың жасыл белдеуі – 1997 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен басталған, Қазақстан астанасының айналасында орман алқаптарын құру бойынша ауқымды экологиялық жоба.

Жобаның негізгі идеясы – ауа сапасын жақсарту, қолайсыз климаттық жағдайларды жұмсарту, қаланы шаңды желдер мен борандардан қорғайтын табиғи тосқауыл жасауды қоса алғанда, елорда тұрғындары үшін жайлы жағдайларды қамтамасыз ету.

«Жасыл белдеудің» ауданы 100 мың гектардан асады, оның ішінде 14,8 мың гектары елорда ішінде орналасқан. Отырғызылған ағаштар мен бұталардың саны 14,6 млн құрайды, оның ішінде: 68,3% – жапырақты түрлер (емен, қарағаш, жиде, қайың, шаған, үйеңкі, қарақат). Ал 31,7% – қылқан жапырақты түрлер (шырша, қарағай, балқарағай). 2024 жылы Астанада 1 миллионнан астам жасыл желек отырғызылды, оның ішінде қала ішінде – 833 мың, ал «жасыл белдеуде» – 200 мың.

«Жасыл белдеу» аумағында түлкі, қоян, қарсақ, ақ және сұр шіл, елік, қабан және т.б. мекендейді. Биоәртүрлілікті сақтауда құстарды, әсіресе қырғауылдарды өсіруге бірінші кезектегі маңыз беріледі.


Нұрсұлтан Назарбаев жастармен бірге 2018 жылдың маусымында ағаш отырғызуға және 150 қырғауылды табиғи ортаға жіберуге қатысты
Дереккөз: Казахстанская правда


150 қырғауылды табиғи ортаға жіберілді, 2018 жылдың маусымы
Дереккөз: Tengri News

«Жасыл белдеудің» арқасында ауа температурасы 0∘C-тан төмен аязды күндер мен қатаң қыстардың қайталануы, суық толқындарының ұзақтығын азаяды, түндер жылырақ болады.

Біртіндеп желдің орташа жылдамдығы да төмендейді. 1998 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда, 2020 жылға қарай мынадай өзгерістер тіркелді. Шаңды дауылдардың қайталануы үш есеге (жылына 15-тен 5 жағдайға дейін) қысқарды. Борандар (38-ден 22 күнге дейін) және тұмандар (35-тен 21-ге дейін) бір жарым есеге азайды. Сонымен қатар, елорда ауданындағы жылдық жауын-шашын мөлшері біртіндеп ұлғаюда, ал жаңбырсыз кезеңдердің ұзақтығы төмендеуде. Осы өзгерістердің барлығы Астананың климатын тұрғындар үшін жұмсақ әрі қолайлы ете түседі.

Астана тұрғындары мен қонақтары «жасыл белдеу» аумағында еркін демала алады: оның бір учаскесінде веложол төселген, сондай-ақ атпен серуендейтін жол және жаяу жүргіншілер жолдары бар.


«Жасыл белдеу» аумағындағы веложол
Дереккөз: «Қазақпарат» ХАА


«Жасыл белдеу» аумағындағы атпен серуендейтін жол
Дереккөз: «Қазақпарат» ХАА

 

Дереккөздер:

GOV.KZ (Қазақстанның мемлекеттік органдарының интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы)

GOV.KZ (Қазақстанның мемлекеттік органдарының интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы)

«Қазақпарат» ХАА  

Urban Nature Atlas сайты

Ақтөбе хабаршысы

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу