Бүгінгі Республика сарайы — түрлі концерттер, фестивальдер, форумдар, мәдени және салтанатты іс-шаралар өтетін Қазақстанның негізгі әрі ең ірі концерт залдарының бірі.

Республика сарайы (Алматы)
Дереккөз: Туристер
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының астанасы болған Алматы қаласындағы Республика сарайы 1970 жылы салынды. Оның ашылуы кеңес мемлекетінің негізін қалаушы Владимир Лениннің туғанына жүз жыл толуына орайластырылды. 1971 жылы сарайдың сәулетшілері КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Сол уақытта ғимарат Владимир Ленин атындағы Мәдениет сарайы деп аталды. Сол кездің өзінде-ақ бұл жер қала тұрғындары мен қонақтары арасында үлкен танымалдылыққа ие болды және астананың ең әдемі сәулеттік нысандарының бірі болып саналды. Республика сарайының жанында Абай алаңы орналасқан. Онда 1960 жылы қазақтың ұлы ақыны әрі ағартушысы Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылған болатын.

Республика сарайы жанындағы Абай ескерткіші (Алматы)
Дереккөз: Карталар – Республика сарайы
1991 жылдың желтоқсанында Қазақ КСР Мемлекеттік мәдениет комитетінің ұсынысымен ғимарат атауы Республика сарайы болып өзгертілді. Нысанның кең залы қалалық және республикалық маңызы бар түрлі іс-шараларды өткізу үшін пайдаланылды. 1991 жылдың желтоқсанында Республика сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми қызметіне кірісу (ұлықтау) рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне ресми кірісуі. 1991 жылғы 10 желтоқсан, Республика сарайы, Алматы
Дереккөз: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қызметінің хроникасы
2008 жылғы 21 наурыздан бастап Республика сарайы республикалық маңызы бар тарих, мәдениет, қала құрылысы және сәулет ескерткіші болып саналады. 2010–2011 жылдары ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіліп, оның сыртқы келбеті жаңартылды.

Республика сарайы (Алматы)
Дереккөз: Visit Almaty
Сарайдың 2567 адамға арналған көрермендер залының сахнасында мұнда отандық өнерпаздармен қатар әлемдік деңгейдегі жұлдыздар да өз өнерін көрсетеді.

Республика сарайындағы көрермендер залы (Алматы)
Дереккөз: Visit Almaty
Мұнда ғылыми конференциялар мен фестивальдер де өткізіледі. Алматыдағы Республика сарайы - бүкіл Қазақстан бойынша ең үздік көрме және көрсетілім алаңдарының бірі

Республика сарайы (Алматы)
Дереккөз: Карталар – Республика сарайы
Сонымен қатар, Сарай алдындағы алаң жылдың кез келген уақытында ауқымды концерттік шоулар мен мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу үшін пайдаланылады. Бұл оны қаланың басты әрі ең көрікті алаңдарының біріне айналдырады.

Республика сарайы (Алматы)
Дереккөз: Карталар – Республика сарайы
Дереккөз:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу