Астананың басты көрікті жерлерінің бірі – Бейбітшілік және Келісім сарайы Қазақстан астанасында 2006 жылы пайда болды. Пирамида пішіндес монументалды құрылыс Президент саябағында бой көтеріп, діни төзімділікті және бүкіл Қазақстанның мәдениеттер бірлігін бейнелейді.

Астанадағы Бейбітшілік пен Келісім сарайы («Пирамида»)
Дереккөз: Astana Venue Management
Бейбітшілік және Келісім сарайы 2006 жылдың 1 қыркүйегінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ Съезінің басталуы қарсаңында ашылды. Құрылыс идеясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі, ол әлемдік діндердің: иудаизм, ислам, христиандық, буддизм, индуизм, даосизм және басқа да конфессиялардың өкілдерінің жиындары мен съездерін ұйымдастыруға арналған арнайы ғимарат салуды ұсынды.

Астанадағы Бейбітшілік пен Келісім сарайы («Пирамида»)
Дереккөз: Astana Venue Management
Бейбітшілік және Келісім сарайының ең үздік жобасын анықтау үшін Астана қаласының қала құрылысы кеңесі екі халықаралық конкурс өткізді. Бірінші конкурсқа 48 шығармашылық ұжым қатысқанымен, ешкімге басымдық берілмеді. Екінші конкурсқа Италия, Болгария, Франция, Англия, Германия және Түркияның танымал сәулетшілері қатысты. Конкурс төрт кезеңнен өтті және 2004 жылдың күзінде әлемнің үздік он сәулетшісінің қатарына кіретін атақты британдық сәулетші Норман Фостердің жеңісімен аяқталды. Құрылысқа тапсырыс беруші - Қазақстан Президентінің Іс Басқармасы, ал бас мердігер - «Сембол Иншаат» түрік компаниясы. Норман Фостердің эскиздерін және «Пирамида» құрылысы процесі туралы фотосуреттерді кіреберістегі көрмеден бірден көруге болады.

Астанадағы Бейбітшілік пен Келісім сарайы жобасының эскизі
Дереккөз: Novate.Ru
Тапсырмалардан бастап аяқтауға дейінгі бүкіл құрылыс процесі жиырма бір айға созылды. Бейбітшілік және Келісім сарайы – биіктігі 25 қабатты ғимаратқа тең, дұрыс пирамида пішініне ие. Пирамиданың негізіндегі қырының ұзындығы – 62 метр, негіз ауданы 62×62 метр. Ғимараттың жалпы ауданы – 28 791 шаршы метр. Металл конструкцияның жалпы салмағы – 5100 тонна. Бұл кешеннің басты ерекшелігі – ғимараттың Фибоначчидің алтын қимасы (золотое сечение) принципі бойынша салынғандығы. Сарай 60 градус бұрышпен көтеріліп-түсетін лифтілерімен де танымал. Дәл осындай лифт конструкциялары әлемде Париждегі Эйфель мұнарасы мен Лас-Вегастағы Luxor қонақ үйінде ғана бар, бұл оның өзіндік бірегей екенін көрсетеді.

Астанадағы Бейбітшілік пен Келісім сарайының төменгі қабаты
Дереккөз: Novate.Ru
Пирамида көрнекі түрде екі бөлікке – қараңғы және жарық бөліктерге бөлінген. Үшінші қабаттан төмен орналасқан барлық үй-жайлар жер асты әлемін (подземный мир) бейнелейді. Бұл кеңістіктің интерьерінде қараңғы реңктер басым.

Астанадағы Бейбітшілік пен Келісім сарайының жоғарғы кеңстігі (Атриум)
Дереккөз: Туристер
Ғимараттың жоғарғы бөлігі ашық (жарық) реңктермен безендірілген және аспан тазалығымен байланыстырылады. Айналардың оптикалық жүйесі пирамиданың әйнекті төбесінен өтетін күн сәулесіне барлық ішкі үй-жайларды жарықтандыруға көмектеседі.

Астанадағы Бейбітшілік және Келісім сарайындағы ұлттық киімдердің көрмесі
Дереккөз: Novate.Ru
Пирамидаға кіреберіс жер астында орналасқан. Кіреберісте Ұлттық мәдениет мұражайының көрме кеңістігі бар, онда Қазақстанды мекендейтін халықтардың ұлттық киімдері кигізілген манекендер қойылған. Олардың қатарында дәстүрлі қазақ, өзбек, грузин, әзірбайжан, украин, неміс, татар, болгар, түрік, румын, орыс, корей және басқа да ұлттық киімдері бар. Көрме Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 жылдығына орай ашылды.

Опера залы
Дереккөз: Астанадағы Бейбітшілік және Келісім сарайы сайты
Төменгі қабаттың орталық бөлігі Опера залына берілген. Оның жобасын жасау Sound Space Design компаниясынан келген перформанс (қойылым) бойынша кеңесшілермен ақылдасылды.
Бірегей сәулетті, 1302 орынға арналған бұл зал әлемдік стандарттардың барлық талаптарына сай келеді және ең күрделі интерпретациялар мен ең ерекше қойылымдарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

«Бесік» залы
Дереккөз: Астанадағы Бейбітшілік және Келісім сарайы сайты
Пирамиданың төбесін Қазақстанның ұлттық туының түстерімен безендірілген витраждармен әшекейленген, 100 орындық дөңгелек зал алып жатыр. Бұл залда 2006 жылдан бастап әртүрлі діндер мен конфессиялар жетекшілерінің жиындары өткізіледі, ол «Бесік» залы деп аталады. Залдан Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы «Ақ Орда», Үкімет, Жоғарғы Сот ғимараттары, қала символы – «Астана — Бәйтерек» монументі, «Қазақ елі» монументі және қаланың оң және сол жағалауын қосатын Астананың әсем көпірлері көрінеді. Бұл қабат – ағылшын суретшісі Брайн Кларк (Bryan Clarke) жобалаған әйнекті күмбез. Пирамиданың төбесіндегі витражда Қазақстанда тұратын және Қазақстанның біртұтас халқын білдіретін 130 көгершін бейнеленген.

Қысқы бақ
Дереккөз: Astana Venue Management
Сарайдың ең төбесінде орналасқан Қысқы бақ Пирамиданың әйгілі Атриумы мен «Бесік» залының арасында, ауада ілулі тұрғандай орналасқан.
Қысқы бақ бұл монументалды ғимаратқа тазалық пен экологиялық тазалық сезімін береді.

Бейбітшілік және Келісім сарайы
Дереккөз: Астана қаласы бойынша қалалық жол көрсеткіш
Ғимарат үйінді төбешіктің үстіне салынған, бұл оны ерекше салтанатты етеді.
Мұнда қоғамдық орындардан, опера театрынан, мәдени іс-шаралар мен жиналыстар өткізуге арналған залдардан басқа келесі нысандар орналасқан. Олардың қатарында Ұлттық мәдениет мұражайы, жаңа «Өркениет университеті» (Университет цивилизации), Қазақстанның этникалық және географиялық топтарына арналған зерттеу орталығы (Қазақстан халқы Ассамблеясы), белгілі түркологтардың ондаған мың кітаптары мен қолжазбалары бар түркі кітапханасы бар. Әртүрлі залдардан бөлек, сарайда «Құланшы» заманауи өнер орталығы мен «Шежіре» галереясы бар, онда жергілікті және шетелдік суретшілер көрмелер мен шығармашылық кештер ұйымдастырады.
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу