Басты бетке қайту

Кузнецкстрой

Кузнецкстрой – Ресейдің Кемерово облысындағы Новокузнецк (бұрынғы Кузнецк, Ново-Кузнецк, кейін Сталинск) қаласында Кузнецк металлургия комбинатын (КМК) салуға байланысты Социалистік Кеңес Республикалары Одағының (КСРО) ең ірі индустриялық құрылыстарының бірінің тарихи атауы.


XX ғасырдың 30-шы жылдарының соңындағы Кузнецк металлургия комбинаты
Дереккөз: «Историк» журналы

1920-шы жылдардың соңында КСРО-ның Азия бөлігінде Оралдың темір кендері мен Сібірдің кокстелетін көмірлерімен жұмыс істейтін екінші қуатты көмір-металлургия базасын құру туралы шешім қабылданды. 1927 жылдың күзінде ең ірі металлургия зауытының құрылысын жүргізуге тиіс жұмысшыларды қабылдау басталды. Зауыт құрылысы 1929 жылдың желтоқсанында басталды. 1929 жыл ішінде «Кузнецкстрой» құрылыс алаңын тазалап, уақытша жолдар мен коммуникациялар салды, кірпіш зауытын, қойма үй-жайын, ондаған барактар мен 2 тас үйді салып, сондай-ақ дүкен, асхана мен мектеп ашты. 1930 жылы 2 домна пешінің, мартен, коксохимиялық, прокат цехтарының және электр станциясының құрылысы басталды. 1931 жылы механикалық, қазандық, ұсталық, құю және шамот-динас цехтары іске қосылды. 1932 жылдың басында кокстеу батареясы және жылу электр станциясы (ЖЭС) іске қосылды. 1932 жылғы 3 сәуірде бірінші шойынды берген бірінші домна пеші іске қосылды. Кузнецк металлургия комбинаты рекордтық қысқа мерзімде – 1000 күнде (шамамен үш жылда) салынды.

Құрылыс қарқыны тәулік бойы және демалыссыз жүрді. Адамдар электр жарығы мен жылуы жоқ суық барактар мен жер үйлерде тұрды. Бұл ауданда дүкендер, ауруханалар, асханалар, моншалар жетіспеді. Құрылысшылар зауыттың жанындағы арнайы колонияларда тұрды.Кузнецк металлургия комбинатының құрылысы кезінде қаза тапқандардың нақты саны туралы мәліметтер жоқ. Құрылыстағы еңбек және тұрмыс жағдайлары өте ауыр болғаны, бұл айтарлықтай адам шығынына әкелгені белгілі.

 

Дереккөздер:

Википедия

Новости Кемеровской области 

Урбанвилль

Livejournal

 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу