Ұлы жібек жолы - біздің дәуірге дейінгі II ғасырдан бастап Қытайдан Еуропаға дейін қазіргі Қырғызстан, Қазақстан, Моңғолия, Үндістан, Түркия, Иран және Грекия аумақтары арқылы жүріп өткен керуен бағыттары. Жібек пен қола тиелген алғашқы түйе керуенін Ферғана алқабына б.з.д. 121 жылы жөнелтілген.

Ұлы Жібек жолы
Дереккөз: Дилетант
«Ұлы Жібек Жолы» атауының негізгі себебі – Қытайдан экспортталған ең басты тауар, Батыс үшін құнды және сирек өнім – жібек болды. Терминді 1877 жылы неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен енгізген, ол осы сауда бағыттарын Seidenstrasse (жібек жолы) деп белгілеген.
Кейінірек керуендер өз сапарын (кейде 6 мың түйеге дейін) Қытайдың сол кездегі астанасы Чанъаньнан (қазіргі Сиань) Ланьчжоу арқылы Дуньхуанға (империяға қақпа) дейінгі 10 мың шақырым жолдан бастайды. Солтүстік бөлігі Памирді кесіп өтіп, Ферғанаға алып барды, ал оңтүстігі Парфия, Үндістан және Таяу Шығысқа Жерорта теңізіне дейін жетті. Саяхат жылдар бойы созылды: мысалы Сианьнан Каспийге өту үшін аялдауды есептемегенде бір жылдан астам уақыт қажет болды.
Ұлы Жібек жолы бағыты бойынша Қытай маталарды, майларды, дәмдеуіштерді, қола және күміс бұйымдарды, фарфор, фаянс, сүйек және эмаль бұйымдарын экспорттады, ал оның орнына тері, жүн, жеміс-жидектер, сирек кездесетін жануарлар, асыл тастар, иіс пен косметика, сүректің бағалы сұрыптарын алды.
Ұлы Жібек жолы бойында тауарлардан басқа, мәдени жетістіктер, көркемдік дәстүрлер, сәулет өнері (архитектура), музыка және билер де тарады. Бағыттар бойында түрлі халықтардың стильдері мен дәстүрлері араласқан ірі сауда қалалары пайда болды. Керуендердің ізімен жүрген ғалымдар мен зерттеушілер де саяхаттап, білім мен идеялар алмасуға ықпал етті. Ұлы Жібек жолы көптеген діндердің таралуына септігін тигізді, сондықтан буддизм Үндістаннан Орталық Азия мен Қытайға өтіп, онда буддистік монастырьлар мен ескерткіштер пайда болды.
Жолдың гүлденіп дамыған кезеңі біздің дәуіріміздің IV-VIII ғасырларына келеді. VI-VII ғасырлардағы Иран-Византия соғыстары нәтижесінде жол бағыттарының бірі Солтүстік Кавказ аумағы бойынша салынды. VIII ғасырдың бірінші жартысында жолдың барлық батыс бағыттары Араб халифатының бақылауына түсті. Ұлы Жібек жолы ХІІІ-ХІV ғасырларда монғолдардың бақылауында болған. XV ғасырда теңіз саудасының белсенді дамуына байланысты жол құлдырады.
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу