Басты бетке қайту

1991 жылғы 1 желтоқсандағы бүкілукраиндық референдум

1991 жылғы 1 желтоқсандағы бүкілукраиндық референдум Украина Жоғарғы Радасы (Украина парламенті) 1991 жылғы 24 тамызда қабылдаған Украинаның тәуелсіздігін жариялау актісін растау үшін өткізілді.

Референдумға жалғыз сұрақ шығарылды: «Сіз Украинаның тәуелсіздігін жариялау актісін растайсыз ба?»

Бұл ретте, бюллетеньде актінің толық мәтіні жазылды, онда дербес украин мемлекетінің құрылғаны жарияланды және Украина аумағында тек оның Конституциясы мен заңдары ғана күшіне ие болатыны бекітілді.


Дауыс беруге арналған бюллетень, 1991 жылғы бүкілукраиндық референдум
Дерекккөз: Рувики

Референдумға Украина сайлаушыларының 84%-дан астамы (шамамен 31,9 млн адам) қатысты, олардың ішінде 90,3%-ға жуығы тәуелсіздікті растауды жақтап дауыс берді. Тәуелсіздікті қолдау барлық аймақтарда жоғары болды, соның ішінде Донецк және Луганск облыстарында (шамамен 84% «жақтап») және басым көпшілігі орыстілді халық тұратын Қырымда да (54% «жақтап») жоғары болды.

Референдум нәтижелері тәуелсіздік бағытын түпкілікті бекітіп, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (КСРО) ыдырау процесіндегі маңызды кезең болды. Сондай-ақ, 1991 жылғы 1 желтоқсанда Украинаның тұңғыш президенті болып Леонид Кравчук сайланды.

2 желтоқсанда Украинаның тәуелсіздігін Польша мен Канада, 4 желтоқсанда – Литва мен Латвия мойындады.

1991 жылғы 5 желтоқсанда Жоғарғы Рада референдум нәтижелерін бекітті және «Әлем парламенттері мен халықтарына» атты үндеу қабылдады, онда ол «Украина 1922 жылғы КСРО құру туралы шартты өзіне қатысты жарамсыз және күші жойылған деп санайды» және «басқа мемлекеттермен дипломатиялық қатынастар орнатуға» дайын екенін мәлімдеді.

 

Дереккөздер:

BBC.com

NV.ua

Istorium

Википедия

 

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу