Экстенсивті даму – өндіріс көлемін экономикалық өсудің сандық факторлары: қосымша жұмыс күшін тарту, егістік алқаптарды кеңейту, шикізат өндіруді ұлғайту, жаңа нысандар салу есебінен арттыру тәсілі.
Экстенсивті шаруашылық жаңа құрылыс жүргізу, жаңа жерлерді игеру, қол тимеген табиғи ресурстарды пайдалану, технологияларды өзгертпестен жұмысшылар санын немесе капитал салымдарын көбейту арқылы дамиды.
Экстенсивті даму жолының артықшылықтарына әлеуетті кеңейтуге арналған бастаулар болған жағдайда өндірілетін өнім көлемінің тез өсуі, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейінің артуы, жұмыссыздықтың қысқаруы жатады.
Экстенсивті даму жолының мүмкіндіктері әрқашан табиғи және еңбек ресурстарының болуымен шектеледі. Ғылыми жұмыстарда экстенсивті өсудің проблемасы ретінде сарқылу қаупі аталады – егер қандай да бір факторды пайдалану ұлғайса, сәйкесінше, ол тезірек аяқталады. Ал ол аяқталса, экономиканың құлдырауы да орын алады.
Дереккөздер:
«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу