Басты бетке қайту

Бейжің халықаралық кинофестивалі

Бейжің халықаралық кинофестивалі (Beijing International Film Festival, BJIFF) – Қытай мен Азиядағы ең ірі және маңызды кинофестивальдардың бірі. Ол 2011 жылдан бастап Пекин (Қытай Халық Республикасының астанасы) қаласы үкіметінің және Қытайдың Ұлттық кинематография басқармасының қолдауымен өткізіледі. BJIFF-тің басты тақырыбы – «Экранмен бөліс, болашақты қалыптастыр», ал негізгі құндылық тұжырымдамасы -«Әртүрліліктегі сұлулық, көптүрліліктегі үйлесім» .

Фестиваль Қытай мен әлемдік киноиндустрия арасындағы диалог алаңы ретінде қызмет етеді, мәдени алмасуға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

BJIFF байқау және байқаудан тыс бағдарламаларды, шеберлік сабақтарын, дәрістерді және сала мамандары мен кең аудиторияға арналған арнайы іс-шараларды қамтиды. Жыл сайын фестиваль аясында ондаған елдерден әкелінген 240-тан астам фильм көрсетіледі, ал қатысуға жүздеген, тіпті мыңдаған жобалар өтінім береді.

2017 жылы Қытай мен Қазақстан үкіметтері кино өндірісі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Осы келісім аясында 2019 жылы IX Бейжің халықаралық кинофестивалінде қытайлық композитор Сянь Синхай туралы Сеэрцзати Яхэфу режиссерлығымен түсірілген өмірбаяндық драма, «Композитор» (түпнұсқа атауы Yin yue jia) атты тұңғыш қазақстандық-қытайлық көркем фильм көрермендер назарына ұсынылды. Сонымен қатар, 2017 жылы Пекин кинофестиваліне екі қазақстандық картина – «Құнанбай» және «Жаңғақ тал» қатысты. Олар «Жібек жолындағы үздік картина» және «Панорама» бағдарламалары аясында көрсетілді.

 

Дереккөздер:

Бейжің халықаралық кинофестивалі сайты

Nur.kz

Mail.kz

AI ассистент

Тілді таңдаңыз / Выберите язык

«Менің өмірім. Тәуелсіздікке» кітабы бойынша іздеу